Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Молярлық концентрация немесе молярлық — еріген зат шамасының ерітінді көлеміне қатынасына тең шама, яғни
Мұндағы с(Х)Х бөлшектердің молярлық концентрациясы, n (х)—ерітіндідегі зат бөлшектерінің шамасы, V — ерітіндініңкөлемі. Молярлық концентрацияның негізгі бірлігі болып моль/л саналады. Молярлық концентрацияны жазудың мысалдары: С(НС1) =0,1 моль/л, С(Н3РО4) =0,5 моль/л, C(NH4) = 10 моль/л, С(Н+)1.10-5моль/л. Ертіндінің 1 литрінде 1 моль еріген зат болса ондай ерітіндіні молярлық ертінді деп атайды. Егер 1л ерітіндіде 0,1 моль зат болса, онда оны децимолярлық, 0,01 моль болса — сантимолярлық, 0,001 моль болса — миллимолярлық деп атайды. Әдетте, ерітіндінің молярлығы М әрпімен белгіленеді. Заттардың суда ерігіштігі Ерігіштік — бұл заттың суда немесе басқа еріткіште еру қасиеті. Суда қатты, сұйық және газ күйіндегі заттар еруі мүмкін. Суда ерігіштік қасиетіне байланысты барлық заттар: 1) жақсы еритін, 2) аз еритін және 3) іс жүзінде ерімейтін болып үш топқа бөлінеді. Соңғысын көбінесе ерімейтін заттар деп атайды. Дегенмен мүлде ерімейтін заттар жоқ. Егер суға шыны таяқшасын немесе алтын, я болмаса күміс кесегін салсақ олар тым аз мөлшерде болса да суда ериді. Күміс немесе алтынның судағы ерітіндісі микробтарды өлтіретіндігі белгілі. Заттардың көпшілігі суда өте жақсы ериді. Ондай заттарға кант, бал, тотяйын, натрий гидроксиді (қатты заттар),спирт ацетон (сұйық заттар), хлорсутек, аммиак (газ күйіндегі заттар) мысал бола алады. Бұл мысалдардан заттардың ерігіштігі ең алдымен олардың табиғатына, сонымен бірге ол температура мен қысымға да тәуелді болады. Еру процессінің өзі еріген зат пен ерітінді бөлшектерінің әрекеттесуінен туады, бұл өз еркімен жүретін процесс. Қатты заттардың сұйықтардағы еру процесін былайша қа-растыруға болады: ерітіндінің әсерінен қатты заттың бетінен кейбір иондар немесе молекулалар біртіндеп үзіліп ерітіндінің барлық көлемінде біркелкі таралады. Егер ерітінді заттың көп мөлшермен беттесетін болса, онда ерітінді біраз уақыт өткен соң қанығады. Date: 2015-11-13; view: 4101; Нарушение авторских прав |