Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тәжірибелік сабақ. Жанартаулар





Сабақтың мақсаты: Жер қойнауында жүретін эффузивтімагматизмнің мәнін, жанартаулардың құрылысын, атқылау үрдісін, түрлері мен таралған аймақтарын, жанартаулардан кейінгі үрдістерді анықтау.

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: жанартаудың түрлері мен құрылысының сызба-нұсқалары, оқулықтар, көрсеету құралдары.

Пйдаланатын әдебиеттер тізімі:

1. Карлович И.А. Основы геологии с элементами минералогии и петрографии: Учеб-ное пособие для вузов – М.: Акад. Проект, 2002 – 536 с.

2. Ананьев, В.П. Основы геологии, минералогии и петрографии: Учеб. для вузов [текст] / В.П.Ананьев, А.Д. Потапов. – 2-изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк., 2005. – 398 с.

3. Короновский, Н.В. Геология: учебник [текст] / Н.В. Короновский, Н.А. Ясаманов. - 3-е изд., стер. - М.: ACADEMIA, 2006. – 448 с.

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Эффузивтік магматизмнің мәнін, табиғаттағы маңызы мен оларды оқып-үйренудің маңызын түсіндіріңдер.

2. Жанартау үрдісінің пайда болу себептерін, таралған аймақтарын анықтаңдар

3. Жанартаулар атқылау өнімдерін атаңдар

4. Гейзерлердің пайдаболу себептерін, таралған аймақтарын анықтаңдар.

Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1-тапсырма: А)Оқулықтың мәтінін, қосымша дерек көздерін пайдаланыпэффузивті магматизмнің мәнін, интрузивті магматизмнен айырмашылығын, түзілу себептерін анықтап, жанартаудың құрылысының сызбасын салыңдар.

Ә) Магма ошағы, жанартаудың өзегі, кратер, жанартаулық бомба, лава, туф, пемза түсініктеріннің мәнін, негізгі жанартаулық өнімдерді анықтап сөздік жасаңдар. эффузивті обсидианның құрылысымен танысып оның түзілу жолдарын сипаттаңдар.

2-тапсырма: Дүниежүзінің тектоникалық және физикалық карталарына талдау жамасп жанартаулардың литосфералық тақталардың ажырау және жанасу аймақтарында таралу себептерін түсіндіріп, кескін картаға дүниежүзіндегі ірі жанартауларды арнай шартты белгілермен түсіріңдер.

3-тапсырма: А) Оқулықтың мәтінін, қосымша дерек көздерін пайдаланып жанартаулардың негізгі тұрпаттарын (түрлерін) анықтаңдар. Оларға тән негіузгі ерекшеліктерді кестеге жазыңдар.

Жанартаулардың негізгі тұрпаттары (түрлері) Таралған аймақтары Жанартауларың аттары Негізгі ерекшеліктрі
Стромболи      
Везувий      
Пеле      
Кракатау      
Маар      
Бандайсан      
Гавай      
Этна      

Ә) Везувий, Исланд және Каракатау тұрпатты жанартауларға салыстырмалы сипаттама беріп олардың ұқсастықтары мен бір-бірінен айырмашылықтарын анықтаңдар

Жанартаулардың тұрпаттарының негізгі ерекшеліктері
Везувий Исланд Каракатау
     
Құсастықтары:
Айырмашылықтары:

4-тапсырма: Оқулықтың мәтінін, қосымша дерек көздерін пайдаланып шалшықты жанартаулардың (ұйықтардың) пайда болу себептерін, түзілетін негізгі тау жыныстарын анықтап, жанартаулардан айырмашылығын табыңдар.

5-тапсырма: Фумаро, гейзерлер, арасантүсініктерінің мәнін анықтап, жанартаудан

кейінгі үрдістердің пайда толу заңдылвықтарын анықтаңдар.

6-тапсырма: Географиялфық атласты, кескін картаны пайдаланып кестеде көрсетілген географиялық координатттары көрсетілген жанартаулардың аттары мен абсолбт биіктіктерін анықтаңдар. Оларды кескін картада белгідеңдер.

Координаттары Жанартаудың аты Абсолют биіктігі, м Жанартау орналасқан материк (арал)
55˚ с.е.160˚ ш.б.      
2˚ о.е. 78˚ б.б.      
37˚ с.е 15˚ ш.б.      
66˚ с.е.18˚ б.б.      
3˚ о.е.38˚ ш.б.      

Date: 2015-11-13; view: 1208; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию