Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс № 5. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде





Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы. Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы – отбасы тәрбиесі. Өйткені бала құрсақта пайда болғаннан бастап ата-ананың жылы жүрегінен, мейірімді жүзінен, аялы алақанынан, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылып, оның дүниетанымы қалыптасады. Осы отбасында бала еңбек етуге, өмір сүруге үйреніп, мінезінің негізі қаланып, адами қасиеттері мен әдептілігі қалыптасады. Ол біртіндеп өмір тануға кіріседі, кең әлемді санамен және жүрекпен ұға бастайды. Демек, баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.

Осы орайда отбасындағы ата-ананың үлгі өнегесінің, тәлім-тәрбиесінің деңгейі, өмірлік мұрат-мақсаттарының мәні өте зор.

Осы тұрғыда ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде: «Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі» және де отбасы проблемасын зерттеуші ғалымдар: «Қоғамның маңызды буынының бірі – отбасы» деген.

Ал отбасы тәрбиесі туралы сөз етсек: «Отбасы тәрбиесі туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш» /Қазақша педагогикалық энциклопедиялық сөздік/

«Отбасы тәрбиесі – нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туысқандарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие мен білім беру жүйесі» /Л.Д.Столяренко/

Отбсаы тәрбиесі бала дүниеге келген алғашқы күнінен басталады. Бала – отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі. Сондықтан да отбасы тәрбиесінің көздеген мақсаты – баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету. Ал баланың үйлесімді дамуы дегеніміз – оның ақыл-ой, адамгершілік, рухани және дене дамуының бірлігі. Яғни, жан мен тәннің бірлігін тұлғаның үйлесімді дамуының негізі және адам бақыты деп толығымен айта аламыз.

Баланың үйлесімді дамуын жүзеге асыру үшін отбасының мынадай маңызды міндеттерін ашып көрсетуге болады:

· баланы жарқын сезімдерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу;

· баланың өсіп жетілуіне қалай да жағдай жасау;

· балаға әлеуметтік-экономикалық, психологиялық қамқор жасау;

· отбасындағы тәрбиелік тәжірибені сақтап, болашақ отбасылық өмірге даярлау, үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға үйрету;

· өзін-өзі тануға, өзін-өзі саналы бағалауға, өзіндік өмірлік бағытын қалыптастыруға жағдай жасау;

Ғалымдардың пайымдауынша отбасы тәрбиесінің міндеттерін шешу үшін келесі принциптерді басшылыққа алып жұмыс істеген жөн:

· тәрбиені мәденилік принципі жеке тұлғаны өсіріп, жетілдіретін әлеуметтік ортаны есепке алу. Бұл тәрбие мазмұнының өзегі жалпы адами, ұлттық және аймақтық мәдени құндылықтарды қамту қажет, ал балаға деген көзқарас оның құнды нәрсені өзінің мәдени даму қабілетіне қарай таңдай білудегі, өмірде өзінің орнын табудағы және өзін шығармашылықта көрсете білудегі түсініктері ескеріле отырып айқындалуы керек дегенді білдіреді. Сондықтан да тәрбие үрдісі қашанда жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделіп, өзінің ұлттық мәдени құндылықтарын есепке алып жүргізілуі тиіс.

· тәрбиенің табиғилық принципі адам баласын табиғаттың бір бөлігі ретінде білдіреді. Яғни бала тәрбиесінің табиғатпен үйлесімділікте және оның таза экологиялық табиғи ортада дамуын болжайды. Табиғилық принципіне сәйкес тәрбие бала ағзасының даму заңдылықтарына сәйкес жүзега асады, дене дамуының ерекшеліктерін, баланың денсаулығын ескереді. Табиғилық принципі тәрбиеде балалардың жыныстық еркешеліктерін ескеруді талап етеді. Яғни қыз бала мен ер баланы тәрбиелеудегі ерекшеліктер. Мысалы: қазақ отбасында қызды – болашақ ана деп оған әрдайым ерекше көзқараспен қарап, зекіп ұрыспаған, ауыр жұмыс істетпеген, керісінше, әртүрлі істер түрлерін игеруне жол ашқан. Ал ұл баланы - болашақ әке, азамат деп ұл бала тәрбиесіне әке мен ата, ауылдағы ағайындар мен қарттар жауап берген.

· балаларды отбасы өміріне араластыру, қарым-қатынастағы ашықтылық пен сенімділік;

· талап қоюда бірізділік пен жүйелілікті сақтау;

· балаға лайықты көмек көрсете білу, сұрақтарын жауапсыз қалдырмау және т.б.

· бала ерте балалық шақтан этноәлеуметтік рольдерді орындауға бейімдеу;

Осы жоғарыдағы айтылған принциптерді ұстана отырып, отбасы тәрбиесін тиімді әрі нәтижелі болуын қамтамасыз етуге болады.

Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі мұрасына көз жіберсек отбасына байланысты тұнып тұрған қаймағы бұзылмаған дәстүрдің бар екенін көреміз. Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың заманға сай ұрпақтарымызды өркендетер өрнектерін халық жоғары бағалайды.

Тәрбиенің тамыры отбасында бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп өнеді. Мектептің педагогикалық даналығы да отбасындағы осы тәлім тазалығына негізделіп қалыптасады. Сондықтан да мектеп тәрбиесі отбасы тәрбиесімен ұштас деп айтуға болады.

Отбасы жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Ол жеке тұлғаны қалыптастыруға игі ықпалын тигізетін халықтық педагогиканың алуан түрлі формалары мен құралдарын ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухани мәдениеттің, мінез-құлық пен әдептіліктің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың т.б. мұралық қазынлардың, ой мен тілдің, ауыз әдебиеті үлгілерінің тәлім-тәрбиелік мәні бар озық түрлерін кеңінен пайдаланады.

Осы жерде проф. Қожахметова К.Ж. –ның тәрбиедегі этноәлеуметтік рольдік бағытының маңыздылығын айтып өту өте орынды. Оның маңыздылығы ерте балалық шақтан бастап этноәлеуметтік рольдерді орындауға бейімделу және оны адам өмірінің барлық кезеңінде жалғастыру.

Тәрбиеге этноәлеуметтік рольдік тұрғыдан келу қазақ этникалық тәрбиесінің, оның ішіндегі отбасы тәрбиесінің негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Сондықтан да осы отбасы тәрбиесінде баланың жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай этноәлеуметтік ролдерді меңгеру дәрежесі оның үйлесімді дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуін армандаған халықтың бала тәрбиесіне байланысты: құрсақ ой, шілде күзет, балаға ат қою, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа міңгізу, сүндетке отырғызу, тілашар тойлары, үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, ұрын келу, келін түсіру тойлары, қалың мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде - ырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Бәрінің де өзіне жүктелген тәрбиелік мәні болады. Сондықтан да олар дәстүрге айналған.

Жалпы тәрбие үрдісінде қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері арқылы бала бойында шынайы адамгершілікті, имандылықты, адамдар арасында парасатты мінез-құлық қасиеттерді отбасынан бастап тәрбиелеудің мүмкіншілігі көп.

Осы жоғарыда айтылған салт-дәстүрлердің барлығы бесік жырынан басталатын түрлі өлең жырлар бала психикасына сәйкес жас ерекшеліктеріне лайықты айтылады. Өйткені біз тәрбиедегі табиғилық принципін ұстана отырып отбасындағы тәрбие процессін баланың жас және жыныс ерекшеліктерін ескере отырып жүргіземіз. Соған байланысты біз белгілі психолог Д.Б. Эльконин адамның жасына байланысты кезеңге бөлінуіне сүйене отырып салт-дәстүрлерді былайша топтастырамыз:

Салт-дәстүрлердің баланың жас ерекшеліктеріне лайықты түрлерінің құрылымы:

 

Нәресте /0-1жас/ балаға ат қою шілдехана қырқынан шығару(қыз баланы 40 күннен кейін шығарса, ұл баланы 38 күннен кейін шығара беруге болады) бесікке салу бесік той
Ерте балалық кезең /1-3/ тұсау кесу
Мектепке дейінгі шақ /4-7/   атқа мінгізу тойы(ер бала) сырға салу (қыз бала) сүндет той тілашар  
Кіші мектеп жасы /8-12/   шежіре үйрету
Жасөспірім мүшел той
Ерте жас кезеңі торқалы той құда түсу есік-төр көрсету келін түсіру ұрын келу ілу той жасау беру

 

Осы келтіріліп отырылған салт-дәстүрлер отбасында болып жатқан әртүрлі қуаныш-думандармен тығыз байланысты туады. Осы барлық салт-дәстүрлердің мақсаты – орынды тілек, жақсы ырым, жақсылық нышаны саналып, болашақ өмірге белсенділікпен, жауапкершілікпен қарауларын көздеу. Барлық салт-дәстүрлердің негізі әрине – отбасы. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар отбасындағы тәрбиенің негізгі құралы болып саналады. Расында нәрестенің «шыр» етіп дүниеге келген күнінен бастап, шілдехана тойын жасау, сәбиге азан шақырып ат қою, бесікке салу, тұсауын кесу – осының бәрі өміршең ұлттық тәрбие.

Қазақ халқында тәрбие толық бір дәуірді қамтиды. Тәрбие баланың әр жасында өзіне тән ерекшелікте өтеді. Олай болатын болса отбасындағы баланың үйлесімді дамуын жүзеге асырушы – озық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың маңыздылығын ерекше.

 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14,

Date: 2015-10-18; view: 3829; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию