Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстандағы этнопедагогика ғылымының қазіргі жағдайы және дамуының болашағы





Педагогика ғылымы саласында халықтық педагогикаға 50-ші жылдардың екінші жартысынан бастап назар аударылып, оның ішінара арнайы зерттеу объектісі бола бастағанын бұрынғы Одақ көлемінде орындалған ғылыми еңбектер айғақтайды. Бұл еңбектерде халықтық педагогика проблемасының зерттелу бағыттарын С.А. Ұзақбаева 5 топтамаға бөліп қарастырады:

1.Тарихи – этнографиялық аспектіде орындалған халықтың фольклор ескерткіштеріндегі педагогикалық көзқарастарын талдауға арналған зерттеулер (А.Ф. Хинтибидзе, А.Ш. Гашимов, В.Х. Арутюнян, К.К. Қыдыралиев, Г. Ормонов, И. Оршибеков, С.М. Саипбаев, Р.М. Пашаева, И.А. Шоров, М. Сайфуллаева және т.б.). Мұнда авторлар халық ертегілері, мақал-мәтелдер, эпостар арқылы тәрбие беру идеяларын қарастырып, жеткіншек ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесін беру қажеттілігін ашып береді.

2. Халықтың педагогикалық тәжірибесін оның тәрбие дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары негізінде қазіргі педагогикалық міндеттер тұрғысынан талдауға арналған зерттеулер. Бұлар – Ж. Бешімовтың, Б. Қадыровтың, Ж.Д. Доржиеваның, А.Х. Мұхамбаеваның, К. Пирлиевтің, Х. Рахимовтың, С. Темуровтың және т.б. еңбектері. Олардың арасында К.Пирлиев халықтық педагогиканың прогресшіл дәстүрлерін ќазіргі тәрбиенің барлық бөлігінде, мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай дамытудың барлық кезеңдерде пайдалануға біртұтас көзқарас тұжырымдамасын жасады.

3. Халықтың тәрбие туралы педагогикалық ой-пікірлері мен идеяларын талдауға арналған зерттеулер (И. Ханбиков, К.Б. Жарықбаев, А. Көбесов және т.б.). Оларда халықтардың педагогикалық ой-пікірлері, қайнар көздері баяндалып, халықтың педагогикасы және ойшылдар мұраларында көрініс тапқан тәрбие туралы негізі идеялар талданып, революцияға дейінгі ағартушылардың педагогикалық көзқарастары мен халықтық тәрбие беру мұраттарының диалектикалық байланысы көрсетіледі.

4. Халықтық педагогиканы тұтас пайдаланудың, фольклордағы халық дәстүрлерінің жекелеген түрлерін музыкалық шығармашылықта, сәндік-қолданбалы өнерде, ұлттық ойындарда және т.б. қазіргі таңның жекелеген міндеттерін шешуде пайдалану (Ш. Залялиев, И. Киргизов, Р.А. Юлдашева, Т.Т., А.Ш. Хасанов, Н.С. Меликмамбетов, А.М. Муминов, М.Х. Балтабаев, С. Сағындыков, Т. Қышқашбаев, Р. Дюсембінова, Ю. Мандрик, Б. Әлмұхамбетов, Х.Н. Жұмабаев, Ә.О. Қамақов, Г.В. Похолкин, Л.Г. Саненкова. А.Ю. Юцевич, Ғ. Убайдуллаев және т.б.) әдістемелерін жасауға арналған зерттеулер.

5. Халықтық педагогиканы зерттеудің теориялық, әдіснамалық, тарихнамалық проблемаларына арналған зерттеулер. Бұлар – Г.Н. Волковтың, Ю.А. Рудьтың, Е.Л. Христованың және т.б. еңбектері.

Өзінің «Чуваш халықтық педагогикасы» және «Этнопедагогика» атты еңбектерінде Г.Н. Волков халықтық педагогика проблемасын неғұрлым толық қарастырып, тәрбие пәніне, педагогикалық негіздеріне, әдістеріне, құралдарына аңықтама береді. Педагогикалық әдебиетте тұңғыш рет «этнопедагогика» терминін қолдана отырып, оған «жеткіншек ұрпакты тәрбиелеу жөніндегі халық бұкарасының тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым, тұрмыс педагогикасы туралы, отбасы, ру, тайпа, ұлыс және ұлт педагогикасы туралы ғылым этникалық тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық сипаттағы ерекшеліктерді зерттейді…» - деген анықтама береді. «Этнопедагогиканың» «халықтық педагогикадан» айырмашылығын көрсетіп, «егер халықтық педагогика тәжірибеге және оның сипатына қатысты болса, этнопедагогика – теориялық ой саласы, ғылым саласы».

Ал енді қазақтың халық педагогикасын мектеп практикасына ендіру проблемасына келетін болсақ, тарихи деректерге қарағанда, Қазақстан егемендігін алғанға дейін бұл мәселе педагогика ғылымының аясынан қалыс қалып отырған. Бұған таңдануға болмайды, өйткені мұның бәрі сол кездегі кеңестік идеологияның талаптарынан туындаған жайт еді, әйтсе де бұдан зерттеліп отырған проблемаға мүлдем назар аударылмаған екен деген ой тумауы тиіс. Бұл мәселе бойынша бірқатар тәжірибелер жинақталды, өнеге тұтар құнды идеялар, көзқарастар сарапталып, оны дамытуға, жеткіншіктер тәрбиесінде пайдалануға байланысты ұсыныс-нұсқаулар берілді.

Қазақ халық педагогикасы педагогика ғылымында алғаш рет 70-ші жылдардың басынан бастап зерттеліп (А. Мұхамбаева, И. Оршыбеков) оған назар аударылды. Нәтижесінде түрлі ғылыми-педагогикалық еңбектер (іргелі, қолданбалы зерттеулер, өңдемелер) ғылыми мақалалар, кітаптар мен қолжазбалар, т.б. жарық көрді.

Іргелі педагогикалық зерттеулерде авторлар (С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, Ж. Наурызбай, С. Ұзақбаева, М. Балтабаев, К. Қожахметова, Ш. Құлманова, т.б.) өз көзқарастарын дәлелді негіздеуге талпынады, қарастырылып отырған проблеманы теориялық-әдіснамалық тұрғыда көлемді негіздейді.

Қолданбалы зерттеулердің көкейкестілігі проблеманың практикадағы қажеттілігімен, маңыздылығымен сипатталады. Олардың басым көпшілігінде халық педагогикасын адамгершілік (И. Оршыбеков, Р. Төлеубекова, т.б.) музыкалык-эстетикалық (С.Ұзақбаева, Р. Дүйсембінова, Т. Қышқашбаев, Ш. Құлманова, т.б.) қасиеттерді қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылады.

 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14,

 

Date: 2015-10-18; view: 1880; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию