Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Балаларды білімге, ой-өрісті кеңейту икемділіктерімен дағдыларына тартудың халықтық құралдары





Халық баланың тілін ширату үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Балбөбектің тілі шығып балдырған жасында сөздік қоры молайа басталған кезде кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.

Жаңылтпаштар тек жас балалардың тілін ширату үшін ғана қолданылмайды, сонымени қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды үлкендерде салтқа айналдырағн болатын.

Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауымен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді.

Отбасында санамақтың әрбір түрін балаға жинатып, олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту – ата-ананың борышы. ересек балаларға неғұрлым күрделі санамақтарды айтқызып, ол санамақтардың шешімін мүмкіндігінше, өлең ұйқасымдарымен айтуды талап ету керек. Балалар бақшасында балдырғандарға санамақтардың сан алуан түрлерін үйретіп, оны айтқызу, санамақ шешімдерін дұрыс шешкендердің білімін бағалап, оларды мадақтай білу керек. Кейбір санамақтарды және олардың ұйқасты шешімдерін әнге қосып айтуға болады.

Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдармен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.

Жұмбақтар, көбінесе үйлесімді ұйқасы әсемде, ырғақты өлеңмен құралады. Қара сөзбен жасалған жұмбақтар да бар. «Отқа жанбас, суға батпас» (мұз) айтыс түрінде құрылған, яғни жұмбақ айтыстарын екі ақын шығарып бірі өлеңмен жұмбақ айтса, екіншісі солжұмбақтың шешуін өлеңмен айтады. Авторы белгісіз ел аузында жатталып қалған жұмбақ айтыстарда кездеседі.

Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой-дамытарлық мәнімен қатар, тәрбиелік мәні де ерекше. Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде тәрбеленуші өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп өнерге талпынушылығы артады.

Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой-түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар көбінесе өлеңдік-өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен (екі тармақтан) құралады. Бірнеше бөлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші бөлімде ой қортындысы айтылады («Еңбек етсең, емерсің»), тура мағынада(«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»), ауыспалы мағынада («Оқ жақпаған үй -қорамен тең, адам кірмеген үй – моламен тең») қолданылатын мақалдарды көбінесе халық шағарған. Жыраулар мен ақындар, ел басылары мен батырлар, зиялы адамдар шығарған (авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдерде өте көп.

Мәтелдер, негізінен, тұжырым –тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады. «Өлең- сөздің патшасы», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», т.б. мәтелдерде тура мағынада «Қадірін білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада «тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.

Шешендік сөздер – ел құралып, халық қалыптаса бастағаннан бері халықтың өнеге тұтып, өмір тәжірбиесіне пайдаланып келе жатқан, билер мен хандардың, ақындар мен шешендердің ел ағасы болған данышпандардың жастайынан жалындап өскен өткір ойшылдарың аузынан шыққан дуалы, өнегелі, қисынды, қасиетті сөздер.

Отбасында ата-ана бала тәрбиесіне үлгі етіп шешендік сөздермен мысал келтіріп, баланы әңгімеге тартып, ойын оятып отыруға міндетті, шешендік сөздерді таңдап отбасында оқуды әдетке айналдырып, әдеттен дағды, дағдыдан дәстүрді қалыптастыру ләзім.

Қазақтың халық педагогикасында ақыл ой-тәрбиесі термелер, ертегілер мен аңыз-әңгімелер арқылы да іске асырылады.

Жырдың үлгі өнеге, өсиет, насихат ретінде айтылатын түрі – терме деп аталынады. термеде жырау өмір тәжірибесінен алынған философиялық ой-шешімдерін айтады: адамгершілік қарым-қатынасты, өмірдің философиялық мәнін түсінуді адамгершілік пен әділетті, әсемдік пен әуезділікті уағыздайды. Терме жыраудың, жыршының өз әуенімен (сарынымен), мақалымен айтылады. Терме айтушы оның әуенін көбінесе домбыраға, гармонға қосып айтады.

Термеші адамгершілік пен зұлымдылықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, жаман мінез бен жақсы мінезді салыстыра жырлап, тыңдаушыны адамгершілікке, достыққа, бірлікке, еңбекке, өнерпаздыққа тәрбиелейді.

Алғашы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері төрт мыңға жуық және сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер, қияли-ғажайып ертегілері, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.

Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыл, батыр, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болып өсуі үшін оған үлгі-өнеге етіп, аңыз-әңгімелерді бардан құрып, сары алтындай сақтап келеді.

Аңыз-әңгімелер келер ұрпақтың наным-сенімін, арман-қиялын арттырады. Онда көбінесе өмірде болған нақты оқиғалар алынады да, оған қызық-ғажайып сюжеттер қосылып, тыңдаушыны баурап алатындай әңгіме жүйесі ерекше әсерлі құралады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.16, 17, 19, 20, 21, 22, 26.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.

 

 

Date: 2015-10-18; view: 1704; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию