Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақтың зергерлік қолөнері





Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан әрі халыққа көп тараған сәнді және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән-салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдары мен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрманды зерлеу өнері болған. Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары сияқты материалдар кең түрде пайдаланылады. Заттарға зергерлік бейне жасау, сондай-ақ бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, қақтау, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу, т.б. әдістері жетерлік.

Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, каптырма, шашбау, т.б.), ұсталары - батырлардың қару­жарактарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісө, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері - үй іші мүліктөрін (көбөже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ, т. б.), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдан, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбы­ра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай, т.б.) әсем жасай білген. қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарлар­ға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек турлері (қошқар муйіз, туйе табан, таңдай), көкөріс өрнектер (жапырақ­ша, гул, сабақша), ұласымды өрнек тер (ырғақ, сағақтау, айқас, т.б.), геометриялық өрнектер кездеседі.

Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле. Қазақ әйелдерінің көп тұтынатын бұйымы – білезік. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. қазақ әйелдеріне арналған бұйымның тағы бір түрі – сырға. Қазақ әйелдерінің ең әсем бұйымдарының бірі – алқа. Мойынға тағатын әшекей заттың бірі – бойтұмар. Әйелдер мен еркектер үшін істеліп, көп тұтынатын заттың бірі – түйме (қаптырма). Оймақ көбінесе күміс пен мыстан өрнектеліп, ине тоқтар жері көп шұқырланып бейнеленген.

Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей заты – түйреуіш.

Қазақ ерлері мен әйелдері бірдей тұтынған асыл бұйымның бірі – белбеу. Шалдардың белбеуі – «кісе» деп аталады.

Еркектердің тағы да бір асыл заты - насыбай шақша. Қазақтың ерекетері мен әйелдеріне ортақ бағалы бұйымның бірі - ер-тұрман. Ұлдар атқа мінер кезде, нағашы жұрты арнайы ер-тұрман істеп, сыйға тартатын болған. Оны ашамай ер деп атайды.

Date: 2015-10-18; view: 1220; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию