Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ы.Алтынсариннің, М. Жұмабевтың, Шоқан Уалихановтың, Абай және Шәкәрімнің этнопедагогикалық ой-пікірлері





Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуына белгілі қоғам қайраткері, педагогог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сіңірді. Ы. Алтынсарин патшалы Ресейдің орыстандыру, шоқындыру және балаларға байлардың мақсаттары үшін білім беруді көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерін ашу туралы мәселелерді насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалануды қуаттады. Осы принцип негізінде құрастырылған өзінің «Қазақ хрестоматиясын» (1879ж) жазып, ұсынды.

М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты шығармасы жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім қалыптастырудың бірден-бір көзі болды. Ол тұлғаны тәрбиелеудегі басты мақсаттарға назар аударды. Сондықтан да «әрбір тәрбиеші халықтық тәрбиемен танысуы шарт» деген. Сонымен қатар халықтық принцип идеялары Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, А. Байтұрсыновтың, Х. Досмұхамедовтың еңбектерінен де көрініс тапты.

Әдетте, философияны позитивтік мағынада – адамның әлемге, қоғамға, осы әлемдегі алатын орнына деген көзқарас жүйелері ретінде түсіндіреді. Адам дүниетанымды өз іс-әрекетін ретке келтіру және қоршаған ортада қалай бағытталу үшін қолданады. Дүниетаным өзіне бағалау мен қатынасты қосады, бірақ бұл бағалау мен қатынастар субъективті – олар субъектінің даралық ерекшеліктерімен, оның қоғамда алатын орнымен, қызығушылықтарымен анықталады, философияның әртүрлі көзқарастар сияқты өзінің жеке сипаты бар. Философия субъективті және жеке дара. Егер екі адам мінез-құлық ерекшеліктерімен, қоғамдағы алатын орнымен, тәрбиесімен, қызығушылықтарымен, қоғам мен әлемге деген қарым-қатынасымен ерекшеленсе, онда олардың философиялық көзқарастары әртүрлі болады. Сонымен әр философиялық жүйелер әр адамның әлемге деген қарым-қатынасын әртүрлі білдіреді.

Этнопедагогикалық дүниетанымда қазақ философиясының маңызын қарастыра отырып, біз келесі “дүниетану”, “дүниенісезіну”, “дүниеніқабылдау” түсініктерінің маңызын қарастырамыз. Дүниетанудың әртүрлі формаларында адамның интеллектуалды және эмоционалды тәжірибесі әрқилы көрінеді. Көңіл-күй, сезім деңгейіндегі дүниені танудың эмоционалды психологиялық қырын дүниені сезіну құрайды. Ал, дүниені танудың танымдық интеллектуалдық қырын дүниені түсіну құрайды. Дүниені танудың танымдық интеллектуалдық маңыздылығы этнофилософиялық білімнің этнопедагогикалық мәніне енуге мүмкіндік береді.

Қысқаша этнологиялық сөздікте мына анықтама берілген: этнофилософия (гректің Ethnos-халық + phileo – махаббат + sophia–даналық) термині жүйелендірілмегенді білдіреді, сол және басқа да халықтың қоғамда және бүкіл дүниедегі әлем, уақыт және кеңістік туралы стихиялы түрде жиналған білімдердің жиынтығы. Бұл білімдер халықтың санасында өзіне тән түсініктерін, айналадағы шындықтың өзгешелігінің нәтижесін көрсетеді. Мазмұны жағынан этнофилософия термині “әлемнің этникалық бейнесі” деген терминге жақын. Сонымен қатар, этнофилософия халықтың түрлі құбылыстарды және дүниеге деген көзқарастың спецификасын оқытатын мәдени антропологияның бағыты дегенді білдіреді. Сонымен, философия көптеген ғасырлар бойы халықтың рухани мәдениетінде болған, әрі кең таралған, халық ауыз әдебиетінен, халықтың әйгілі әрі сүйікті ақын-жырауларының, ерте кездегі мұсылмандарға дейінгі сенімінде көрініс тапқан.

Қазақ философиясы басқа да философиялық жүйелер сияқты мынадай дүниетанымдық сұрақтарға жауап іздейді: Адам деген кім? Әдем деген не? Өлім деген не? Адам бұл өмірге не үшін келеді? Ол қалай өмір сүру керек? Осындай сұрақтардың жиынтығы философияның пәнін, негізгі түсініктері мен проблемаларын анықтайды. Шындықты философиялық меңгерудің ұлттық спецификасына халықтың тіл ерекшеліктері, халықтың жеке өмірі, оның шаруашылық ерекшеліктері, сонымен қатар тұрмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелері өз әсерін тигізген.

А. Қасабеков., Ж. Алтаев сияқты ғалымдар қазақ философиясын әлемдік философия және қазақтың ұлттық мәдениетінің құрамдас бөлігі және қазақ халқының тарихын әдіснамалық жан-жақты зерттеу негізі ретінде анықтайды.

Ғалымдар қазақ философиясының спецификасын қарастыра отырып, онда қазақ халқының өмірінде көптеген өзіне тән ерекшеліктер бар екені, яғни ең негізгі ерекшелігі оның көшпенді халық екені, оның тұрмыс-салты, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары және де қазақ халқының бүкіл тарихи өмірі көрініс табады.

Қазақ тарихын зерттеушілер, соның ішінде Ш.Уәлиханов., Ы. Алтынсарин., Ш.Құдайбердиев., М.Дулатов., С. Аспандияров және т.б. қазақ халқының арғы тегі көшпенді өмір үлгісін жүргізген түркі тілдес тайпалар болғанын мойындайды.

Date: 2015-10-18; view: 2028; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию