Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сөйлеу кемістіктері бар балалардың танымдық сферасының дамуы





Баланың 3 жасқа дейінгі дамуында сөйлеу іс-әрекетін жетілдіру маңызды рольге ие. Алалиясы бар балаларда гулеу жоқ немесе өте төмен деңгейлі. Күрделі сөйлеу бұзылыстары бар балалар алғашқы сөздер мен сөз тіркестерін кеш айта бастайды. Алалиясы бар ерте даму кезеңіндегі балаларда, қалыпты дамудағыларға қарағанда, локомоторлық функцияның дамуы кеш басталатыны байқалады.

Фонематикалық қабылдау бұзылыстары сөйлеу бұзылыстары бар барлық балаларда байқалады. Фонематикалық естудің дамуы сөйлеу дамуының барлық жақтарымен тікелей байланыста, ал бұл жағдай баланың жалпы дамуымен сипатталады.

Сөйлеу жетіспеушілігі бар балалардың зейіндері бір қатар ерекшеліктермен мінезделенеді: тұрақсыздықпен, оның ырықсыз көрсеткіштер деңгейінің төмен болуымен, өз әрекеттерін жоспарлаудағы қиыншылықтармен. Балалар қиындықпен жағдайды талдауда, міндеттерді шешуде түрлі жолдар мен тәсілдерді іздеуде зейіндерін тұрақтандырады. Бұл категориядағы балалардың есту есі және нәтижелі есте сақтау қабілеттері қалыпты деңгейде сөйлей алатын балалармен салыстырғанда төмен екендігі анықталған.

Оқу іс-әрекетінің ерекшелігі анық көрініс табады. Тұтығатын балалардың оқу жұмысының сапалылығы оның өту жағдайына тәуелді. Бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысуды талап ететін тапсырмалар қиыншылықтар тудырады. Кейбіреулерінде өзіндік және басқалардың жұмысын бақылай алмаушылық байқалады. Оқу процесінде олар өздерінің және басқа балалардың қателерін байқамайды, диалогты рольдермен оқуда өз сөздерін кезегімен оқымайды, кейде басқалардың сөздерін оқиды. Олардың іс-әрекеттері тұрақсыз, ауыспаушылықтары әлсіз, өзіндік бақылау деңгейі төмен.

Әдетте сөйлеу дамуы кешеуілдеуінің себептері болып баланың қошағандармен тілдесу жеткіліксіздігі, жанұядағы екітілдік табылады. Жастық қалыппен салыстырғанда танымдық іс-әрекеттің және оның құрамына кіретін процестердің /материалды есте сақтау және қайталау көлемінің төмендеуі, зейін түрақсыздығы, психикалық процестердің әлсіздігі, жалпылау және түсіну деңгейінің төмендігі, байланысты сөйлеу қиындатылған/ төмен деңгейлігі анықталған. Мұндай балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарына бірқатар іс-шаралар кіреді, олардың мақсаты - әлеуметтік факторлардың жағымсыз әсерін жою, баланың жалпы психикалық қалпын жақсарту, баланың сөйлеу арқылы тілдесуге және қажетті іс-әрекет дағдыларына қызығушылығын қалыптастыру.

Ринолалиясы бар баланың сөйлеу ерекшелігі - мұрын қуысының сөйлеу процесінде орын алуы. Ашық ринолалиясы бар бала операциядан соң кезеңінде логопедтің көмегін қажет етеді.

Тәрбиеші логопедпен бірігіп сөйлеуде дұрыс тыныс алуды дамытуға бағытталған жұмыс жүргізеді. Тәрбиеші бала аузын жауып мұрынымен демалуын қадағалайды. Логопед пен психолог жағымды өзіндік қабылдау және нәтижелі тілдесу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған сабақтар жүргізеді.







Date: 2015-10-19; view: 2262; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию