Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын белгілеу қызметі
Алайда бұл қызмет тапшылықсыз өндіріс жағдайларында (сатып алушы таңдауы бар кезде, өндірісте монополиялық жағдай болмаған кезде, бірнеше өндірушінің және олардың арасында жарыстың болуы кезінде) жүзеге асады. Нарықтық экономиканың қызмет етуі нарықтық жүйені қалыптастыратын оның белгілі бір элементтерінің болуын түсіндіреді. нарықтың негізгі элементтері: Нарықтың ең бірінші және маңызды элементтеріне өндірушілер мен тұтынушылар жатады. Олар қоғамдық еңбек бөлінісі барысында, біреуі тауар өндіріп жатқан кезде, ал екіншісі тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке және өндірушілік деп бөлінеді. Жеке тұтыну кезінде тауарлар өндіріс саласынан шығып, тұрғындардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылады. Өндірушілік тұтыну өндіріс үрдісінің жалғасы ретінде тауар басқа өндурішілермен қайта өңделуге пайдаланған кезде көрініс табады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы байланыс қызмет нәтижесінің айырбасы ретінде белгіленеді. Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылықпен ерекшеленеді, мамандандыру негізінде қалыптасады және көтерме нарықтық келісім формасында туындайды. Нарықтық экономиканың екінші элементіне өндірістік бірліктерді корпоративтік басқару негізінде жеке және аралас меншік түрлерімен қамтамасыз етілген экономикалық оқшаулану жатады. Нарықтық экономиканың үшінші маңызды элементі – баға. Ол айрықша зерттеуді талап етеді. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің аумағын баға анықтайды. Бұл аумақтың шегі трансакциялық шығындармен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындарымен анықталады. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең үнемді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайда нормасының, пайыздың және т.б. мөлшерін анықтау болып табылады. Сондай-ақ нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Date: 2015-10-22; view: 906; Нарушение авторских прав |