Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тромбоз, тромб, стаз бұзылыстары. Олардың түрлерін, морфологиясын, ақырын түсіндіріңіз
Тромбоз (thrombosіs; гр. thrombos – ұйыған қан) – тірі организмнің қан тамыры қуыстарында қанның ұюы. Ұйыған қан (тромб) тамыр арқылы қанның қалыпты ағуын баяулатады немесе толық тоқтауына әкеледі. Тромбоздың пайда болуына: · қан тамырлары қабырғаларындағы (әсіресе оның ішкі қабатындағы) әр түрлі аурулардың салдарынан (атеросклероз, тромбофлевит, т.б.) болатын өзгерістер; · қан ағымының баяулауы, яғни қан тамырларының кеңеюінен болатын аурулар (аневризма, варикоз); қан ұю жүйесіндегі өзгерістер әсер етеді. Пайда болған тромбтың клиникасы әр түрлі. Ол жұмсарып, біртіндеп еруі мүмкін, ал екінші бір жағдайда іріңдейді. Тромб немесе оның бір бөлігі өзінің бастапқы пайда болған жерінен үзіліп, қанмен жылжи отырып, ол жерден алшақ орналасқан қан тамырларын бітеп тастауы (эмболия) мүмкін. Бұл жағдай, сол органды қанмен қамтамасыз ету қызметінің бұзылып, тіндердің өліеттенуіне (миокард инфарктысы, гангрена, ішек некрозы, т.б.) әкеледі. Кей жағдайда Тромбоздың пайдалы жағы да бар. Мысалы, әр түрлі себептермен организмнен қан кетудің тоқтауына әсер етіп, қан жоғалту доғарылады. Тромб- тамыр ішінде қан жасушаларынан тұратын қатпарлардың пайда болуы. Кемерлік қан қатпарлары тамырдың қабырғасына бекіп, оның саңлауын тарылтады, жүректе, ірі қан тамырларында жиі дамиды. Тығындық қан тамырлары ұсақ артериялар мен көктамырларда кездеседі және оларды бітеп қалады. Құрамына қарай ақ, қызыл және аралас тромбтар болады. Ақ тромб тромбоциттерден, лейкоциттерден тұрады. Қызыл тромб эритроциттерден, аралас тромб қызыл және ақ тромбтан тұрады. Тромб пайда болуының жағымды жағы- қан тамырларының жарақаттануында тромбтың дамуы қанның ұйып,организмді қансыраудан сақтайды. Егер тромб артерияны бітесе, сол артериямен қанмен қамтамасыз ететін аймақтың ишемиясы дамып инфарктыға әкеледі. Тромбтың бактериялық ыдырауында бүкіл организмде іріңді ошақтар пайда болады. Кейде тромб беріштеніп, кальций тұздарының жиналуынан қатайып қалуы ықтимал (кальцификация). Тромбтың ең ауыр асқынуы-тромбтың бөлшектеніп үзілуінен тромбоэмболияның дамуы. Стаз (грек.Stasis-тоқтау)- деп ұсақ артериялар мен көктамырларда және қылтамырларда қан ағымының мүлде тоқтап қалуын айтады. Ол нағыз (қылтамырлық), ишемиялық және веналық болып бөлінеді. Нағыз (қылтамырлық) стаз қанның аққыштық (реологиялық) қасиеті бұзылуынан немесе қылтамырлардың бүліністерінен дамиды.Ишемиялық стаз қылтамырларға артериялар арқылы қан келудің тоқтауынан болады. Веналық стаз- көктамырлармен қанның ағып кетуі бұзылудан, қанның қылтамырларында іркілуінен дамиды. Нағыз стаз: физикалық (суық, ыстық температура); химиялық (улар, ас тұзының артықшылығы, скипидтар, кротон майы т.б.) биологиялық (бактериялар) ықпалдардың әсерлерінен дамиды. Оның дамуында қылтамырлардың ішінде эротроциттердің шоғырланысы (агрегациясы) қан ағуды қиындатып, тоқтатуы маңызды.Эротроциттердің шоғырланысы қылтамырлар ішіне енген агрегация туындататын ықпалдардың тікелей әсерлерінен дамиды. Олар эротроциттердің сыртқы мембранасында физикалық-химиялық өзгерістерге ұшыратады. Нағыз стаздың патогенезінде қанның қоюлануынан қылтамырларда қан ағу жылдамдығы баяулауы маңызды орын алады. Бұл кезде қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуінің маңызы үлкен. Оған тіндердегі зат алмасуларының өнімдері (органикалық қышқылдар, төмен рН),биологиялық белсенді заттар (серотонин, брадикинин, гистамин т.б.) әкеледі. Осыдан тамыр қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуі, ұсақ тамырлардың кеңуі, қанның қоюлануы, оның ағу жылдамдығының баяулауы, эротроциттердің өзара жабысуына әкеліп, стаз дамытады. Қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуінен әлбуминнің тамыр сыртына шығуы артып, қан сұйығында әлбумин-глобулин арақатынасы төмендейді.Содан эроторциттердің сыртқы беттерінде электр дәрмені (заряды) азаюы олардың бір-біріне жабысуына мүмкіншілік жасайды. Стаздың нәтижесінде тіндерге қан келу тоөтап, олар қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етілмейді. Тін жасушалары тіршілігін жоғалтады.Бірақ стаздың бастапқы кезінде эроторциттердің гемолизі, қан ұю үрдістері қосылып, стаз қайтымсыз сатысына ауысады. Бұл саты «сладж» (ағылш.Sludge-кір, балдыр) деп аталады.Эротроциттер сыртқы қабықтарын жоғалтып, біркелкі массаға айналады. Мидың, жүректің, бүйректің майда тамырларында стаз дамуы организм үшін өте қауіпті.
Date: 2015-09-27; view: 2383; Нарушение авторских прав |