Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Молқандылық және қантапшылық туралы жазыңыз
Қан айналымының жалпы бұзылуы бүкiл дененi қамтиды, әдетте, жүрек қызметiн реттейтiн жүйе ақауларынан жэне жүректегi өзгерiстерден болады. Жергiлiктi қан айналымының бұзылуын 3 топқа бөледi: 1) молқандылық және қан тапшылыгы түрлерiнде байқалатын мүшедегi қан мөлшерiнiң өзrеруi; 2) қан тамырлары қабырға- өткiзгiштiгiнiң артуынан болатын қан кету мен қанталау және плазмаррагия деп атайды; 3) қанның ағуы мен қан күйiнiң (реологиясының) езгеруi (стаз, сладж-феномен, тромбоз, эмболия)деп атайды. Қан айналымы бүзылуларының арасында шоктың және тамырларiшiлiк қанның ұю синдромының болады. Молқандылық немесе гиперемия (полнокровие, грек, hуреr - әдеттен тыс мол, hаimа - қаң - белгiлi бiр мүшеде не өрмеде қанның шамадан тыс мол болуы. Процесс артериялық және веналық молқандылық деген түрлерде байқалады.Артериялық молқандылық - қанның мүшеге не өрмеге ағып келуiнiң молайып, ағып кетуiнiң әдетгегiдей болуымен сипатталады. Майда артериялар мен қылтамырлар қанмен кер- неледi де, мүшенiң (өрменiң) түсi алқызылданып, қызыметi күшейедi. Қысқа мерзiмдi тез өтетiн процесс, сондықтан өлекседе байқалмайды. Оның вазомоторлық, коллатералдық, вакатгық, қабынуға байланысты жэне ишемиядан кейiнгi деген түрлерi бар.Вазомоторлық молқандылық - ангиорецепторларга жылудың, химиялық заттардың (скипидар, қыша) тiкелей эсерiнен болады.Коллатералдық молқандылық - артерияның эмболмен не үйыспен бiтелуiне байланысты белгiлi бiр жерге қанның ағып келуi нашарлап, жанама тамырлар арнасының кеңейiп, шамадан тыс қанмен толуы.Вакаттық (латын. vассus - бос) - белгiлi бiр жерге атмо- сфералық қысымның азаюынан болады. Мысалы, адамда банка қойган жерде терiнiң қызаруы.Қабынуга байланысты молқандылық жiтi қабынудың алғашқы кезеңiнде байқалады.Ишемиядан кейiнгi молқандылық - артерияны жаншып мүшедегi қанның азаюына себеп болған эсер кенеттен жойыл- ғанда туады. Мысалы, тимпанияга ұшыраган сиырдың мес қарынына жиналган газды тез шығарса, құрсақ қуысындағы мүшелерге қан шектен тыс мол ағып келедi. Date: 2015-09-27; view: 1324; Нарушение авторских прав |