Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Альтеративтік қабынуға сипаттама беріңіз
Қабыну – патологиялық және физиологиялық процестерге негізделіп, филогенезде қалыптасқан қорғану – бейімделу реакциясы. Қабыну гистион аймағында дамып, бір-бірімен тығыз байланысты және біртіндеп өршитін үш фазадан: 1) альтерация; 2) экссудация; 3) гематогендік пен гистиогендік клеткалардың, кейде мүшелердің паренхимасының (эпителийінің) көбеюі - пролиферация фазаларынан қалыптасады Альтерация - тканьдердің зақымдалуы, - қабынудың алғашқы фазасы, - паренхима мен стромада дамыған түрлі дистрофиялармен, кейде оларға жалғаса дамыған некрозбен бейнеленеді. Қабынудың бұл фазасында биологиялық активті заттар - медиаторлар бөлінеді. Медиаторларды қабынуды бастап, дамытатын және оның болашақ көрініс бейнелерін айқындайтын механизм деп қараған жөн. Медиаторлар қабыну ошағында клеткалар мен плазма белоктары көбейетін, қабынудың басқа фазаларында да бөліне береді. Кининдер, калликреиндер, қанды ұйытатын жүйенің ХІІ факторы (Хагеман факторы), комплементінің компоненттер сияқты қан плазмасының кейбір элмементтері –медиаторлар өнетін кез. Медиаторлардың тағы бір көзі –эффекторлық клеткалар, оларға гистамин, серотонин т.б. медиаторларды бөліп шығаратын лаброциттер, базофилдер мен тромбоциттер, лейкокиндерді бөліп шығаратын нейтрофильдер, монокиндерді бөлетін макрофагтар және лимфокиндерді бөліп шығаратын лимфоциттер жатады. Альтеративтік қабыну тканьдердің, әсіресе мүшелердің паренхимасы зақымдалуының (дистрофия, некроз) басымырақ дамуымен сипатталады (паренхималық қабыну). Даму орны. Альтеративтік қабыну көбінесе құрамында паренхима басым мүшелерде. ми мен жұлынның тканьдерінде, перифериялық (шеттік) нервтерде дамиды. Морфологиялық көрінісіне паренхималық мүшелердің былжырап, түрі көмескіленіп, кесіндісінің беткейінің піскен етке ұқсуы тән. Даму себептері. Альтеративтік қабыну турлі химиялық заттардың және бактериялардың уының әсерінен дамиды. Кейде ол организмнің сезімталдығы артуының жедел типін бейнелеуі мүмкін. Ақыры тканьдердің зақымдалу дәрежесіне байланысты болады; некроздық өзгерістер склерозбен аяқталады. Әсері. Альтеративтік қабынудың организмге әсері зақымдалған мүшенің маңызы мен оның зақымдалуы дәрежесіне байланысты болатыны белгілі. Миокард пен нерв жүйесінде дамыған альтеративтік қабынудың организмге қатері ерекше.
Date: 2015-09-27; view: 1416; Нарушение авторских прав |