Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ан айналым жүйесінің бұзылуын түсіндіріңіз
Барлық қан тамырларын морфофункционалдық тұрғыдан бірнеше түрге бөлуге болады.Ірі артерия,вена қан тамырлары тек қана өткізгіш қызметін атқарса,майда қан тамырлары қан мен тін арасындағы зат алмасу үдерісін қамтамасыз етеді.Микроциркуляция арнасына артериолалар,капилляр алдындағы майда тамырлар,каппилляр,капиллярдан кейінгі майда тамырлар және венулалар кіреді.Айналымда жүрген қан барлық сұйық заттар тәрізді гидродинамика заңына бағынады:егер қанайналым тоқталып қалса ол өз салмағының әсерінен дененің төменгі жақтарына ығысады.Көптеген созылмалы аурулар ерте ма,кешпе қан және лимфа айналымының бұзылуына әкеліп соғады.Мысалы,миокард инфаркты,атеросклероздық кардиосклероз,ревматизм,жүректің тума ақаулары,перикард аурулары салдарынан қанның тіндерге,ағзаларға ағып келуі де,олардан қайта ағып кетуі де қиындайды.Қан тамырлары қабырғасындағы өзгерістер,әсіресе қолқадағы атеросклероз үдерісі немесе оның қалта тәрізді кеңейіп кетуі,қан ағымына кедергі жасап,қан айналымын бұзады.Қаңқа бұлшеқеттерінің,әсіресе көкет жұмысының әлсіздігі қанның жүрекке ағып келуін қиындатады.Қан құрамының өзгерістерінде,эритремия ауруында қанның жалпы мөлшері және ондағы эритроциттер саны өте көбейіп қан ағымы баяулайды.Тырысқақ ауруында қоюланып кеткен қан қанның тамырлар арқылы әрекетіне аса зор кедергі жасайды. Сонымен,әртүрлі сырқаттар жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын қиындатып,организмде қан және лимфа айналымының бұзылуына себеп болады.Қан айналымы мен лимфа айналымының бұзылуын шартты түрде жергілікті және жалпы деп екі топқа бөледі.Жалпы қан айналымының бұзылуы дененің барлық ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуін өзгертеді.Жергілікті қан айналымының бұзылуы жеке қан тамырларының немесе оның тармақтарының патологиясы ретінде белгілі бір жерде ғана байқалады.Қан және лимфа айналымының бұзылыстары төмендегі топтарға бөлінеді:1.Қан тамырларының қанмен толуының өзгеруіне байланысты бұзылыстар (артериялық және веналық толақандылық,қаназдық);2.Қан және лимфа тамрыларының қабырғасының бұзылуына және өткізгіштігінің артып кетуіне байланысты бұзылыстар (қан ағу,қан құйылу,плазморрагия);3.Гемостаздың және қанның реологиялық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты бұзылыстар(сладж,стаз,тромбоз,ҚШҰ синдромы және эмболия);4.Шок;5.Тіндегі сұйықтық мөлшерінің өзгерістеріне байланысты бұзылыстар (ісіну және дегидратация)деп бөлінеді. Date: 2015-09-27; view: 1614; Нарушение авторских прав |