Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Батыс Қазақстан





2. Құрылыс өнеркәсібінің орталықтарын анықтау және цемент өнеркәсібі жөнінде мағлұмат беру.--

1.Батыс Қазақстанға кіретін обылыстар:Ақтөбе,Атырау,Маңғыстау және Батыс Қаазақстан обылыстары.Аумағы-736,1 мың км°Халқы-2179,1 мың адам.Батыс Қазақстан республиканың халық сирек қоныстанған шөлді ауданы.Каспий маңы ойпатын,Жалпы Сырт,Орал тауларының оңтүстік бөлігін,Маңғыстау түбегін,Үстірт,Мұғалжар тауларын,Тұран ойпатының солтүстік-батысын алып жатыр.Батыс Қазақстан –республикамызда жер көлемі жөнінен бірінші орыналатын экономикалық аудан.Батыс Қазақстан-республика шаруашылығында ерекше орын алатын мұнай-газ өндіретін және өңдейтін, сонымен қатар газ,хром,никель,ферроқортпа,минералды тыңайтқыштар және мұнай өнеркәсібі үшін құрал- жабдықтар өндіретін аудан.

Аудан экономикасында ауылшаруашылық салаларынан мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы дамыған.Батыс Қазақстан еліміздегі негізгі балық аулау өңдеу орталығы.Еліміздің батысында орналасқан бұл экономикалық аудан Ресей Федерациясының Шығыс Еуропа жазығы мен Орта Азия шөлдерінің аралығында орналасқан.Осындай географиялық жағдайына байланыстыклиматы шұғыл континентті әрі құрғақ.Қысы суық,аумағының көпшілігін шөл мен шөлейт алып жатқандықтан,тұщы су тапшылығы байқалады.Өсімдігі өте сирек.Бұл ауданның жер қойнауында пайдалы қазбалар көп.Бірақ бүгінгі күнге дейін кең көлемде пайдаланылмай келеді. 60 жылдардан бастап мұнай мен газ ірі кен орындарының ашылуымен Батыс Қазақстан экономикасы дами бастады.Мұнай,газ кен орындарын игеруге байланысты Мақаттан Ақтауға және Жаңаөзенге теміржол тартылды.Сөйтіп,Маңғыстау обылысының аумағында Атырау-Ор теміржол жүйесі қалыптасты.

Батыс Қазақстанда өнеркәсіп салаларына қарай әр обылыстың өзіне тән мамандану бағыты бар.Мысалы,Атырау,Маңғыстау обылыстары балық,мұнай,газ өндіруге маманданған.Ал,Ақтөбе,Батыс Қазақстан обылыстары никель,хромит,феррохорытпа,минералды тыңайтқыш пен газ өндіруге,сондай-ақ жеңілжәне тамақ өнеркәсібіне маманданған.

Халқы. Батыс Қазақстан экономикалық ауданы республикада халық саны жөніненүшінші орында.Халқының жалпы саны-2082,4мың адам,орташа тығыздығы 1км-ге 2,9 адамнан келеді.Бұл ауданда халықтың тығыздығы солтүстіктен-оңтүстікке қарай кеми түседі.Себебі солтүстікте далалы алқаптар,Жайық өзенінің аңғарлары егін егуге өте қолайлы.Соңғы жылдарыМаңғыстау,Ембі,Орал халқының саны айтарлықтай артты.Себебі мұнай мен газдың игерілуіне байланысты көптегенжаңа елді мекендер бой көтерді.Республиканың басқа аудандарымен салыстырғанда Батыс Қазақстан халқының басым бөлігі-қазақтар.Ал басқа ұлт өкілдерінен украиндар,орыстар,татарлар,корейлер тұрады.

Өнеркәсібі. Батыс Қазақстан өнеркәсібінің дамыған салалары: мұнай, газ және химия өнеркәсіптері. Мұнда алдымен Доссор және Мақат мұнай кәсіпшіліктері пайда болды. Содан кейін ембі алабы Маңғыстау түбегіндегі Өзен, Жетібай және Бозащы түбегіндегі Қаламбас және Қаражамбас мұнай кен орындары игерілді. 90-шы жылдардың басында Теңіз мұнай кен орындары пайдаланылуға берілді. Қазіргі кезде Каспий теңізінің солтістік қайраңында мұнайдың мол қоры бар екендігі анықталды. Мұнай өнеркәсібінің дамуына байлпнысты Батыс Қазақстан аумақтық өндірістік кешені жақсы дамып келеді. Ембі алабымен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газды өндіру, Атырауда мұнай өңдеу полиетилен өндіру, ал Жаңаөзен мен Жаңажол және Тенізде газ өңдеу өнеркәсібіптері дамыған Атырау мұнай өңдеу зауытын кеңейтіп, бензол шығару көзделіп отыр. Бензолды одан әрі өңдеп, одан сирол мен одн полистрирол алады. Өнімнің бұл түрлері үлкен сұранысқа ие.


Ақтау қаласында мұнай, газ және химия өнімінің негізінде пластмасса жасап шығарады. Батыс Қазақстанда мұнайдан небары 20-30 % ғана өнім өндіріледі.

Атырау облысының Теңіз поселкасы маңында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы 2015 жылы аяқталуы тиіс.

Батыс Қазақстандағы хром мен никель кендерінің ірі қоры қара металлургия өнеркәсібінің орталығы –Кемпірсай алабы бар.Ақтөбе қаласындағы феррақортпа зауыты хром кен орындары шикізатын пайдаланып жұмыс істейді.

Машина жасау өнеркәсібіне:Атыраудағы машина жсау зауыты,Ақтөбедегі рентген аппаратурасы зауыты, сондай-ақ Орал қаласындағы механикалық арматура, аспап, құрылыс-монтаж құралдарын жасайтын және кеме жөндейтін зауыттар кіреді.

Химия өнеркәсібі мұнай ж әне мұнай-химия өндірістері негізінде дамыған.Ірі химия өнеркәсібіне: Атырау полиэтилен зауыты, Ақтөье хром қоспалары зауыты,Ақтөбе химия комбинаты кіреді.

Ақтөбе химия комбинаты жергілікті фосфориттер мен Каспий маңының тұздарын пайдаланады.

Батыс Қазақстан әктас, мергель, гипс сияқты құрылыс материалдарына бай.Маңғыстауда ұлутас өндіретін карьерлер материалдарына бай.Әктас,ұлутас-Ақтаудың негізгі құрылыс материалдары болып табылады.

Тамақ өнеркәсібінде балық өндеу саласы жақсы дамыған.Бұл ауданда балық зауыттары мен қоса балық өндейтін бірнеше кәсіпорындар да бар.Ең ірісі –Атырау балық өңдеукомбинаты.Одан басқа Ералиев және Баутина қалаларында орналасқан балық консерва зауыттары жұмыс істейді.Сонымен қатар Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде ұн терме,жарма кәсіп орындары бар.

Жеңіл өнеркәсіпте:тері-тон,киіз басу, былғары, аяқ-киім, тігін тігу слалары жақсы жамыған.


Орал қаласында киіз-байпақ фабрикасы орналасқан.Жеңіл өнеркәсіптен тағы бір өндіріс орны «кларацеткин» атындағы тігін фабрикасын атауға болады.

Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы ауылшаруашылығының жетекші саласы болып табылады.Өйткені аудан аумағының 92%ын жайылымдықтар мен шабындықтар алып жатыр.Бұл ауданда қылшық жөнді еділбай және қаракөл тұқымды қой өсіру, сотүстік дала белдеудерінде етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы жақсы дамыған.Сонымен бұл аудан ертеден жылқы және түйе өсірумен айналысады.

Егін шаруашылығының тыңайған жерлерді игеруге байланысты егістік жер көлемі 3,8 мин га –ға жетті.

Бұл ауданда, негізінен, дәнді дақылдардан жаздық бидай,тары, күздік қара бидай,ал техникалық дақылдардан қызылша күнбағыс егістігі басым орын алады.Техникалық дақылдар құрғақ ауа райына бейімделген.

Көлік кешені. Батыс Қазақстанның Орал мен Волга экономикалық аудандарымен көршілес жатуы,оның көлік жүйесінің дамуына елеулі әсер етеді.Орталық Азия республикаларымен транзиттік-экономикалық қатынас орнаған.Батыс Қазақстанның экономикасын жедел дамыту үшін,оның қазба байлықтарын толық пайдалануға және көлік құралдарын дамытуға көп көңіл бөлінген.Соған байланысты теміржолдар,автомобиль және құбыр жолдары салынды.

Қазіргі кезде Батыс Қазақстанда темір жол,автомобиль,әуе және су қ ұбыры жодар ыдамып келеді.Атыраудан батыста,Астаханға,оңтүстікте манғыстау түбегі мен Амударияның сағасына қарай темір жолар тараған.

Автомобиль көлігінің ауданының ішкі экономикалық қатынасында маңызы зор.Батыс Қазақстан аумағында мемлекет аралық маңызы бар транзиттік мұнай және газ құбырлары:Актау-Атырау Самара,Орталақ Азия-Орталық және Орталық Азия- Орал(Ресей) желілері өтеді.

Соңғы жылдары Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты ашылып,Қарашығанақтан Орынборға мұнай-газ құбыры таралды.

2. Құрылыс материалдары өнеркәсібі Сабақтың тақырыбы: Құрылыс материалдары өнеркәсібі Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның құрылыс материалдары өнеркәсібі жайлы түсінік беру Дамытушылығы: Сұрақтар мен тапсырмалар бере отырып, өз бетімен білім алу белсенділігін арттыру Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, іздемпаздыққа тәрбиелеу Сабақтың типі: Білім мен дағдыны жетілдіру Сабақтың түрі: Аралас Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндірме, кесте толтыру, әңгімелеу, тест, картамен жұмыс, эссе жазу. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, электрондық оқулық, атлас.


Республика шарушылығының жетекші салаларының бірі – құрылыс материалдары өнеркәсібі.Бұл барлық шарушылықтың салаларымен тығыз байланысты.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің ішіндегі ең негізгісі – бетон және темір-бетон бұйымдарын жасау.Олар – болат,арматура,цемент және бетон толықтырғыштарынан жасалады.Саз,гипс,асбест – Солтүстік Қазақстан,Оңтүстік Қазақстан,Орталық Қазақстан және Шығыс Қазақстаннан,ең жоғары сапалы ақ саз (каолинді саз) – Ақмола облысындағы Алексеев кенішінен,кварц құмы – Ақмола,Павлодар облыстарынан өндірілуде.Табиғи асфальт – Атырау облысында,гранит-Қаскеленде,асбест – Жетіқарада,керамзит және саз – Алматыда Шымкент маңында өндіріледі.

Жергілікті кварцитті пайдаланып жұмыс істейтін шыны зауыты Шортандыда және Атырау облысы Құрманғазы елді мекенінде орналасқан.

Жергілікті қамыс және қоға шикізаты негізінде Қызылорда қаласында қатырма қағаз (картон) шығару зауыты жұмыс істейді.

 

Билет №22

1. Солтүстік Қазақстан.

2. Картадан машина жасау орталықтарын тауып, шығаратын өнім түрлерін атау.

1. Солтүстік Қазақстан еліміздің қиыр солтүстігінде Есіл, Тобыл жіне Обаған өзендерінің алабында, шығыс бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысында орналасқан. Солтүстік Қазақстан аумағы жөнінен Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан аудандарынан кейін үшінші орынды алады.

Аудан аумағына Батыс Сібір жазығының оңтүстік, Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік бөлігі кіреді. Аудан Қазақстан жер көлемінің 22%-ын қамтиды. Солтүстік Қазақстан аумағында ел ордасы – еліміздің Астана қаласы орналасқан.

Солтүстік Қазақстан орманды дала және дала зоналарынан шөл зонасына өтпелі аумақта орналасқан. Қара және қоңыр қара топырақты жыртуға жарамды жерлері, жайылмалы шалғындары мен шабындықтары мол табиғат ресурстарымен ұштаса отырып, көп салалы шаруашылылықты дамытудың табиғи негізі болып табылады.

Табиғат ресурстары. Ауданның солтүстік батысында Қостанай темір кені, оның маңында Жітіқара асбест, Торғай қоңыр көмір бассейні, ал оңтүстігінде Арқалық боксит кен орындары бар.

Аудан аумағында әктас, шыны құмы, отқа төзімді саз, құрылыс материалдары кездеседі.

Аудан аумағының көп бөлігінде жылына 350-400 мм жауын – шашын түседі, ол суарылмайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді.

Солтүстік Қазақстан аумағы орманды дала, дала және шөлейт зоналарда орналасқан. Орманды дала зонасының ені 150-250км, ол ауданның солтүстік жиегін алып жатыр. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігіндегі өара топырақты аумақ бидай егуге мамандандырылған.

Ауданның топырақ – өсімдік жамылғысының сипаты егіншілікті кең көлемде дамытуға қолайлы.

Жер есурсы – ауданның өте маңызды табиғат байлығы. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі – 50 млн га, оның ішінде 24 млн га – жыртылған жер, ал 26 млн га – мал жайылымы, шалғындық және шабындықтар.

Климатының құрғақтығы мен жер бедерінің жазықтығына өарамастан, Солтүстік Қазақстан аумағында су қоры мол. Ертіс өзенінің Есіл, Тобыл сияқты сол жақ салалары мұхитқа құйса, қармен қоректенетін Торғай, Сілетітеңіз, Шідерті, Шағалалы сияқты ұсақ өзендері ағынсыз көлдерге құяды.

Солтүстік Қазақстанның жер бедері жоталы және жазықты болғандықтан, көлге бай. Мұнда 13 мыңдай көл бар. Ірі көлдері – Құсмұрын, Сарықопа, Ақмола облысындағы Теңіз, Қорғалжын, бұрынғы Көкшетау облысындағы – Шағалалы, Сілетітеңіз, Бурабай, Шучье т.б.

Халқы. Халқының жалпы саны мен оның орташа тығыздығынан Солтүстік Қазақстанға ғана жол беріп, 1 км кв-қа 7,2 адамнан келеді. Ауданның оңтүстік, оңтүстік батыс жіне оңтүстік шығыс бөліктерінде халық әркелкі, ал шөлейтті аудандарда халық өте сирек қоныстанған.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Торғай өңірінде, Павлодар, Ақмола облыстарының оңтүстік – батысында халық сирек қоныстанған. Мұнда 1 км кв-қа 0,1-0,5 адамнан, тіпті одан да аз келеді. Аудандағы қала халқының үлесі 50%.







Date: 2015-09-05; view: 12869; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию