Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Орталық Қазақстан
2. Астана- Қазақстан Республикасының астанасы. ------- 1. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары. Көлеміне Еуропаның Англия,Бенльгия,Голландия,Дания сияқты мемлекеттері қабат сыйып кететін бүтін бір облыста осыдан жарты ғасыр бұрын төрт мың адамы бар бір ғана қала-Қарқаралы болды. Қарағанды облысының алып жатқан орны Ұлытау қыраттарынан Қарқаралы,Қарағайлы,Қызыларай тауларына дейін 1000км-ге созылып,Қазақтың ұсақ шоқысы –Сарыарқаны түгелімен қамтиды. Орталық Қазақстан республикамыздың орталық бөлігінде орналасқан Жер бедері ұсақ шоқылы,қуаңшылық басым.Ауданның шығыс жағының жер бедері кейде көтеріңкі,аласа таулы,қыратты,адырлы болып келеді. Климаты тым континентті,жазы өте ыстық.Шаңды дауылдар жиі тұрады,суға тапшы. Табиғат ресурстарынан тас көмір,мыс,корунд,әктас,отқа төзімді саз,пирофилит және құрылыс материалдары кездеседі. Өлкенің негізгі байлығы жер қойнауындағы кен орындары-Қарағанды алабының кокстелетін тас көмірі мен Жезқазған, Қоңырат, Саяқ мыс кендері. Құрылыс материалы ауданның кез келген жерінде бар. Сонымен қатар темір, марганец кені, полиметалдар, сирек металдар бар. Экономикалық ауданда темір мен марганецтің 4-қа жуық орындары белгілі. Маңыздылары: Ақтау, Үшқатын, Қамыс, Қаражал, Қарсақпай, Балбырауын; Жезді; Найзатас. Полиметалдар құрамында қорғасын, мыс және түсті металдар болады. Ауданда маңызы бар полиметал кен орындары: Гұлшат, ҚызылАқшағыл, Алайғыр Қарағайлы, Жәйрем. Сирек металдардан аудан аумағынан вольфром, молибден, ванадий, висмут, сурьманың, т.б. мол қоры табылған. Вольфрам, молибден- Жоғарғы Қайрақты, Шығыс Қайрақты, Қоңырат, Қараоба кеніштерінде өңдіріледі. Табиғи сирек кездесетін күміс, рени, кадмий, висмут, кобальт, сынап, сурьма металдары Орталық Қазақстанның мыс кендерінде мол. Республикамыздағы ерекше кокстелетін көмірдің және шойын мен болаттың, марганец кенінің 100% Орталық Қазақстанда шығарылады. Еліміздегі вольфрам, молибден, мыс кендері түгел дерлік осы ауданда өндіріледі. Жезқазған, Балқаш зауыттарында дүниежүзінде теңдесі жоқ жоғары сапалы мыс кені өңделеді. Қарағанды облысы асбест қоры жөнінін республикада 2 орында. Халқы. Ауданның байырғы тұрғындары- қазақтар.Жалпы халқыныңсаны- 1339,4 мың адам. Басқа ұлттардан орыс, украин,неміс, татар, белорусь, корей, молдовандар тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-қа 3.1 адамнан келеді. Орталық Қазақстанда қала халқы басым (86%). Шаруашылық географиясы. Орталық Қазақстан – республикамыздағы ірі индустриялды аудандардың бірі. Жалпы аймақтық өнім шығарудағы ауданның үлесі 9%-дан астам. Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені қалыптасқан оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен қара және түсті металлургия кәсіпорындары және көмір өнеркәсібі жатады. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ын өндіреді. Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау қаласындағы толық циклді комбинатқа байланысты, комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында қуаттылығы жөнінен 7-ші орында. Түсті металлургияда қарқынды дамығаны мыс өндіру саласы, бірақ басқа да түсті металдардың қоры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда (Қазақстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру, байыту және рафинадталған мысты алу кешенді түрде жүреді. Мыстың бұндай түрін тек орталық Қазақстан шығарады. Мысалы: Орталық Қазақстанның тау –кен өндірісі мен өңдеу кешенінде 3 қайта өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл зауыттардың маңында ауданның 93 кәсіпорны өнеркәсіп қалдықтарын жеткізуде. Сонымен бірге жоғары деңгейдегі шикізат базасы және кәсіби мамандар бар. Орталық Қазақстанның өндіріс салалары. Көбінесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді, зиянды қалдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің қалдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт қышқылы өндірілсе, азот тыңайтқышы, азот тыңайтқышы, тас көмір смоласы, бензол Теміртау қаласында шығарылады. Қождарды құрылыс материалы ретінде және цементке пайдаланады. Күкірт қышқылын өндіруден Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында. Электр энергетика саласында Жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады. Қарағанды МАЭС-і және Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның кәсіпорындарын толығымен электр энергиясымен қамтамасыз етеді, сонымен бірге оңтүстік экономикалық ауданыныңда кейбір кәсіпорындарын қамтамасыз етуде. Машина жасау салалары көмекші салалардың рөлін атқарады. “Қаргормаш” зауыты – металлургия кәсіпорындарына арналған тау- кен шахта құрал жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие. Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл және тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, тоқыма, аяқ киім бұйымдарын шығырады. Өндеуші салалардың жалпы өндірістік өнім шығарудағы үлес салмағы 86%. Көлік түрлеріне келетін болсақ негізгі рөлді темір жол атқарады. Өткен ғасырдың 30-жылдары салынған Астана – Қарағанды –Мойынты- Шу темір жолы тек орталықтың емес солтүстік ауданында отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралынан бөлініп кенорындарына тартылған (Жезқазған, Қаражал, Теміртау, Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды. Темір жолмен қатар автомобиль жолдарыда жақсы дамыған. Автомагистальдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын байланыстырады. Қарағанды – Теміртау, Қарағанды –Балқаш – Алматы.
2. Қазақстан астанасы – Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы. 1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР ХКК “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. РКФСР БРОАК-тің 1920 жылы 22 қыркүйектегі жаңа Декретімен Орынбор губернаторлығы мен Орынбор қаласы ҚазАКСР құрамына қосылды. 1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды. 1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы Қазақ автономиялық республикасы құрамына енді, сөйтіп, ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді. Қазатком сессиясы (қыркүйек, 1924) ел астанасын Ташкентке ауыстыру, оған рұқсат етілмеген жағдайда Шымкентке көшіру жайында қаулы алды. Алайда, Мәскеудіңараласуымен, республика астанасы Ақмешітке ауыстырылады деп шешілді. 1925 жылы 9 ақпанда Қазақ АКСР-і ОАК төралқасы О.Исаевтіңбаяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15 – 19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезі халқымыздың орысша “киргиз” деп аталуын “қазақ”, “Киргиз АКСР-і” атауын “Қазақ АКСР-і” деп өзгерту, ал республика астанасы Ақмешіт қаласының атауын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады. Date: 2015-09-05; view: 11550; Нарушение авторских прав |