Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруымен күресудегі дәрілеуіштердің экономикалық тиімділігін негіздеу





 

 

Өсімдік қорғау шараларының тиімділігі, өсімдік қорғау шараларын ауыл шаруашылығы өндірісіне өндірудің негізгі көрсеткіші болып саналады.

Өсімдік қорғау шараларының экономикалық тиімділігі деп шаралар жүйесін атқаруға кеткен құралдардың шығындарын өтеуді айтады. Өсімдік қорғау шараларының тиімділігін экономикалық жүйелер көрсеткіші бойынша анықталып көрсетіледі.

Жаздық бидайды гельминтоспориоз ауруынан қорғау шараларының экономикалық тиімділігі төмендегідей реттеп анықтап ұсынылады:

-тәжірибелердің экономикалық тиімділігін есептеу жолдарын ұйымдастыру;

- тәжірибе және бақылау учаскелерін бөлу;

- өсімдік қорғау шараларын атқаруға кеткен шығындарды есептеу;

- қосымша немесе сақталған өнімді жинау және тасу шығындарын есептеу;

-тәжірибе және бақылау учаскелеріндегі өнімді бағалау немесе есептеу;

- жеке экономикалық көрсеткіштердің саны мен сапалық маңыздарын анықтау және оларды жылдық көрсеткіштерімен салыстыру.

Экономикалық тиімділікті анықтау жұмысының негізгі кезеңі, ол өсімдікті қорғау шараларын атқаруға кеткен шығындарды есептеу. Шығындарды есептеудің алғашқы бұлақтары орындалған жұмыс нарядтары, ауруларымен күресуге кеткен материалдық және ақшалай шығындардың бухгалтерлік кіріс пен шығыстың есепті жазулары. Қалыпты нормалық көрсеткіштерді қолдану ұсынылады. Бұл көрсеткіштердің ауылшаруашылық дақылдарын өндірудің технологиялық нормасын құрастыру кезінде анықталады.

Химиялық өсімдік қорғау құралдарын қолдануға кеткен шығындар төмендегі көрсеткіштерден: қолдану шығындары; улы заттардың құны, қосымша өнімді жинауға, тасымалдауға және өңдеуге кеткен шығындардан құралады.

Шығындар жиынтығын анықтап болған соң химиялық құралдарды қолдану нәтижесінде қосымша өнімнің сапасының артуын ескергендегі құны анықталады. Бұл үшін ауылшаруашылығы өнімдерін қабылдау бағаларымен пайдалану керек. Ауылшаруашылығы өнімдерін қабылдау бағалары аумақтардың ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады. Сондықтан өндірістік практика кезінде шаруашылықтағы нарықтық бағалармен таныс болу керек.

Керекті мәліметтерді болған соң төмендегі экономикалық көрсеткіштер анықталады:

1. Әр гектардан сақталған қосымша өнім, оның сандық және сапалық құны ц/тг есебімен анықталады.

2. Еңбек күшінің үнемділігі анықталады. Бұл әсіресе гербицид қолданылғанда арам шөпке кеткен қол күшін азайтуға маңызды.

3. Қосымша таза табыс. Жалпы шығындарға қосымша шығындар есептелінбесе, әдетте бұл шығындар жалпы шығындардың 12 - 15% құрайды, шартты түрде қосымша таза табыс анықталады. Бұл көрсеткішті қосымша өнім құны мен өсімдікті химиялық қорғау құралдарына кеткен қосымша шығын құндарының айырмасы ретінде анықталады.

4. Қосымша шығынның аяқталуы. Бұл қосымша өнім құнының қосымша шығындарға қатынасы. Ол қосымша өнімнің ақшалай есептелінген құнының өсімдік қорғау құралдарына кеткен шығынының әр теңгесіне кемтін мөлшерін көрсетеді.


5. Қорғау шараларының пайдалық дәрежесі (рентабельділік) ол көрсеткіш басына теңдеу арқылы анықталады:

 

Р = Тт/Ш*100 (8)

 

мұндағы: Р – рентабельділік дәрежесі, %

Тт – қосымша таза табыс

Ш – шығындар

Рентабельділік дәрежесі, өсімдік қорғауға кеткен әрбір теңге, шаруашылыққа қанша таза табыс әкелетіндігін көрсетеді (кесте 8).

 

кесте 8

Гельминтоспориозды тамыр шірігіне қарсы қолданылған дәрілеуіштердің экономикалық тиімділігін негіздеу

 

  Көрсеткіштер Бақылау Витацит Спектр
  Жалпы өнім, ц оның ішінде қосымша өнім, ц     15,5 0,5  
  1 ц жаздық бидай өнім бағасы тг      
  Жалпы өнім бағасы, тг қосымша өнім бағасы, тг      
  Бидай өндірудегі шығын, тг қосымша шығын, тг      
  Таза пайда, тг қосымша пайда, тг      
  Рентабельдік деңгейі 42,8 61,2  
  Қосымша шығын қайтарымы, есе   1,5 3,2

 

Біздің тәжірибеде алынған өнім бағасы жалпы өнімді бидайды сату бағасына көбейту арқылы шығарылады:

Бақылауда (15х2000)=30000

Эталонда (15,5х2000)=31000

Тәжірибеде (18х2000)=36000

Оның ішінде қосымша өнім құны:

Эталонда (0,5х2000)=1000

тәжірибеде (3х2000)=6000

Бидай өндірудегі шығынды жалпы өнім бағасын бақылауды 70%, эталонды 62%, тәжірибені 51% көбейтіп 100-ге бөлу арқылы табамыз:

Бақылауда (30000х70):100=21000

Эталонда (31000х62):100=19220

Тәжірибеде (36000х51):100=18360

Оның ішінде қосымша шығын:

Эталонда (21000– 19220)=1780

Тәжірибеде (14000–18360)=2640

Таза пайда:

Бақылауда (30000-21000)=9000

Эталонда (31000-19220)=11780

Тәжірибеде (36000-18360)=17640

Оның ішінде қосымша пайда:

Эталонда (11780-9000)=2780

Тәжірибеде (17640-9000)=8640

Рентабельділік деңгейі таза пайданы жалпы шығындар көлеміне бөлу арқылы анықталады, оны %-ға өткізу үшін 100-ге көбейтіледі.

Бақылау (9000:21000)х100=42,8

Эталон (11780:19220)х100=61,2

Тәжірибе (17640:18360)х100=96,0

Сонымен рентабельдігі осылай болды.

Қосымша пайданы қосымша өнім алуға жұмсалған шығындарға бөлген жағдайда, әрбір қосымша жұмсалған бір теңгеден қанша есе қайтарылғаны дәлелденді.

Эталонда (2780:1780)=1,5

Тәжірибеде (8640:2640)=3,2

Кестедегі жаздық бидайды өндіруге жұмсалған әрбір қосымша шығындар эталонда 1,5, ал тәжірибеде 3,2 есе өтелді.

 

 







Date: 2015-09-20; view: 1517; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию