Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Арнайы бөлім 5 page





Аурудың белгісі өсімдіктердің масақтану кезеңінде кейде ертерек білінеді. Өсімдік жапырағында майда қызыл-сары немесе ашық-сары ұнтақты бөртпелер қатарласып, ретпен, кейде тізбектелген сызықша тәрізді орналасады. Жапырақтан басқа өсімдіктің жапырақ қынабы, кейде сабағы, қылтанағы, масақ қабыршақтары және дәндері ауруға шалдығады. Залалданған ұлпалар түссізденіп, жапырақ қурап, кейін эпидермис астында қара бөртпелер (телий бөртпелер) пайда болады.

Септориоз ауруы бидайда 9% таралып, қоздырғышы Septorіa nodorum Berk. саңырауқұлағы екендігі анықталды (сурет 8).

 

Сурет 8.Septorіa nodorum.

Бидайдың жапырағы, собығы, масақ қаптары залалданды. Ауруға шалдыққан бөліктерде қоңыр жиекті дақтар пайда болып, үстінде пикнидалар түзілді. Олардың ішінде жіп, тәрізді тік немесе сәл иілген 2-3 перделі пикноспоралар болды. Пикнидалар өсімдік қалдығындақыстап,көктемде өскінді ерте залалдайды. Ескелді би ауданында жаздық бидай септориозбен ерте (түптену, тіктену кезеңдері) залалданады.

Бидайда ақ ұнтақ ауруы 12% таралды. Оның қоздырғышы Erysіphe gramіnіs саңырауқұлағы. Ауруға бидайдың сабағы, жапырағы, жапырақ қынабы шалдығып, аталған мүшелер ақ ұнтақты өңезбен жабылды. Өңез үстінде конидиятасушыларда конидиялар экзогенді түзіліп, вегетациялық кезеңде бірнеше ұрпақ түзіп ауруды таратты. Конидиялардың көлемі 16-30 х 8-14 мкм, яғни пішіні сопақша болып келеді.

Вегетация соңына таман өңез үстінде қара нүкте тәрізді жеміс денелер клейстотецийлер түзілді. Олардың сыртында қарапайым өскіндері болды. Клейстотеций ішінде бірнеше аскілер (қалталар) аскоспораларымен орналасқан. Жеміс денелер өсімдік қалдығында қыстап, аскоспоралары жетіліп, келесі жылы бидайды алғаш залалдайды (сурет 9).

 

 

Сурет 9.Erysіphe gramіnіs.

Бұл ауру өткінші жаңбырдан кейін және күн мен түн температуралары алшақ болып, таңертең өсімдік бетінде су тамшысы болғанда дамыды. Жамбыл облысының тау бөктеріндегі аймақта өсімдік қалдығында қалған клейстотецийлер көктемде ауаның орта тәуліктік температурасы 12-17°С жетіліп, қалтаспоралар өсімдікті қарқынды залалдайды да, конидиялар мамырдың екінші онкүндігінде түзіліп, 15-22 тәуліктен соң қалталы кезеңі пайда болады. Ақ ұнтақпен орта дәрежеде залалданған бидай дәнінің салмағы 17%, ал жоғары балда – 27% төмендейді.

Сонымен тәжірибе жүргізілген жылы күздік бидайда қатты, ергежейлі, сабақ қара күйелері, сары тат, ақ ұнтақ, септориоз, тамыр шіріктердің дамуына қолайлы жағдай туып, инфекция қорыда жеткілікті болды.

3.3.3 Гельминтоспориоз ауру қоздырғышының биологиялық ерекшеліктері

 

Гельминтоспориоз ауру ылғал жеткіліксіз және жаңбыр аз жауатын аудандарда кездеседі. Саңырауқұлақ өсімдіктің барлық мүшелерін вегетация бойы залалдайды. Колеоптильдің жас ұлпаларында сары, ашық-қоңыр түсті сызықшалар немесе дақтар пайда болады. Залалданған өскінде үш тамырдың орнына біреу ғана түзіледі. Сабақ айнала залалданып, ұлпалары шіріп, қисаяды. Бірінші пайда болған тамырлармен қатар екіншілері және жер асты буынаралықтары да залалданады. Екінші тамырларда ауру белгісі тамыр ұшынан басталып, кейде тамыр бұталанған бөліктен немесе тамыр негізінен білінеді. Өсімдік түптене бастағанда жер асты буынаралығы залалданып, оны бойлаған қоңыр жолақтар байқалады.


Кеселдің зиянды формасы - сабақ негізінің залалдануы, яғни өсімдіктің түптенуінен дәннің пісіп жетілу кезеңдеріндегі дамуы. Залалданған тамыр мойны мен сабақтың төменгі бөлігінде қара-қоңыр дақтар пайда болып, кейін олар сабақты орайды. Сабақтың төменгі буындары кейде шіріп, қара-сұр өңезбен жабылып, өсімдік жапырылады.

Жапырақ бетінде алғаш қоңыр, кейін қоңыр-сұр немесе ашық-қоңыр дақтар түзіледі, олардың ортасы ақшыл, қоңыр жиекті, сәл созылыңқы болып келеді. Дақ үстінде зәйтүн-қоңыр немесе қара-сұр өңез түзіледі. Масақ залалданғанда тұқым қауызы ашық-қоңыр түске боялып, оның бетінде қоңыр жиекті сопақша дақ пайда болады. Залалданған бөліктер кейін мол қара мақпал өңезбен жабылады. Пісіп жетілген дәннің ұрығы қараяды (қара ұрық).

Ауру қоздырғышы - Bipolaris sorokiniana Shoem. (= Drechslera sorokiniana Subram., Helminthosporium sativum P., K. et В.) саңырауқұлағы. Қоздырғыштың жіпшумақтары өсімдік ұлпасында клетка аралығымен тарап, устьица және эпидермис арқылы жеке немесе топталған конидия тасушалар мен конидиялар сыртқа шығады. Конидия тасушылардың жақсы дамыған, бунақты, ісінген түрлі бұлтықтары болады, олардың әрқайсысынан бір конидия түзіледі. Конидиялар сопақша, ұшы доғалданып, сәл иілген, 3-15 көлденең перделі, жас конидиялар ашық-зәйтүн, ал жетілгендері қара-зәйтүн, кейде қара түсті. Конидиялар шеткі клеткалардан дамиды. Өсімдік қалдықтарында саңырауқұлақтың қалталы кезеңі болуы мүмкін. Қалта мен қалтаспоралар псевдотеций ішінде түзіледі. Қалталы кезеңінде саңырауқұлақ Cochliobolus sativus Drechsl. деп аталады.

Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, өсімдік қалдықтары мен дәнде жіпшумақ және конидия түрінде қыстайды. Өсімдік қалдықтарында қоздырғыш бір жылдан артық сақталмайды. Сондықтан ауыспалы егістікті енгізгенде аурудың дамуы төмендейді.

10 сурет. Ескелді би ауданының егіс алқабында гельминтоспориоз ауруын анықтау мерзімі

 

3.3.4 Гельминтоспориоз ауруымен күресуде дәрілеуіштердің тиімділігі


 

Соңғы жылдары агротехникалық шаралардың дер мезгілінде, толық орындалмауынан дәнді дақылдар егісінің фитосанитарлық ахуалы нашарлағаны байқалуда. Сонымен қатар, кейбір бидай ауруларының таралуы мен дамуын шектеу тек қана химиялық әдістерді қолдану арқылы мүмкін болады.

Дәнді дақылдардың көптеген ауруларының инфекция ошағы тұқым болып табылады. Бидайдың тұқым арқылы таралатын зиянды ауруларына гельминтоспориозды тамыр шірігі мен жапырақтардың дақтары жатады.

Тұқымды дәрілеу – бұл ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін өндірісте арттырудағы маңызды кезеңнің бірі. Ол өсімдікті себілген кезден бастап өсімдіктің жетілуінің соңғы фазасына дейін қорғайды және дәннің өнгіштігін сақтайды.

 

кесте 5

Препараттардың жаздық бидай тұқымының өнгіштігі мен өсу энергиясына әсері (Ескелді би ауданының зертханалық көрсеткіштері, 2013-2014жж.)

 

Нұсқа Жұмсалу мөлшері, л/т Тұқымның зертханалық көрсеткіштері,%
өсу энергиясы өнгіштігі
Бақылау - 90,0 93,6
Витацит 1,5-2,0 с.к. (эталон) 1,5 91,0 92,4
Винцит форте 1,0-1,2 с.к. 1,0 92,1 93,6
Винцит экстра 0,5-0,75 с.к. 0,5 93,6 94,6
Спектр 0,5 л/т с.к. 0,5   96,7

 

Кестедегі мәліметтерге қарағанда, жаздық бидай тұқымының өнгіштігі мен өсу энергиясы зертханалық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижені көрсетіп тұр. Өсу энергиясы 90-95% құраса, ал өнгіштігі 93,6-96,7% аралығын қамтыды (5 кесте).

кесте 6

Гельминтоспориоз ауруына қарсы қолданылған дәрілеуіштердің тұқымның өнгіштігіне әсері, 2014ж.

 

Нұсқалар Препарат-тың жұмсалу мөлшері, л/т 1000 тұқым салмағы, г Өсімдік тығыздығы, дана/м Тамырдың залалдануы, %
Бақылау - 39,7    
Витацит 1,5-2,0 с.к. (эталон) 1,5 41,4     6,0
Винцит форте 1,0-1,2 с.к. 1,2 42,1   5,0
Винцит экстра 0,5-0,75 с.к. 0,5 44,3   4,0
Спектр 0,5 л/т с.к. 0,5 42,8   2,0

Жаздық бидай тұқымын жүйелі препараттармен баптағанда оның зертханалық өнгіштігі бақылаумен салыстырғанда артады. Сыналған препараттар бидайдың танаптық өнгіштігі мен биометриялық көрсеткіштеріне және 1000 дәннің салмағына оң әсер етіп, өсімдіктердің тамыр шірігіне шалдығуын біраз төмендеткен (6 кесте).


 

кесте 7

Жаздық бидайдың гельминтоспориоз ауруына қарсы қолданылған дәрілеуіштердің биологиялық және шаруашылық тиімділігі, 2014 ж.

 

Нұсқалар Биологиялық тиімділік, % Өнім, ц/га Бақылаудан ауытқуы, ц/га Шаруашылық тиімділік, %
Бақылау - 15,0 - -
Витацит 1,5-2,0 с.к. (эталон)   15,5   0,5 3,3
Винцит форте 1,0-1,2 с.к.     1,0 6,6
Винцит экстра 0,5-0,75 с.к.     2,0 13,3
Спектр 0,5 л/т с.к.     3,0 20,0

 

Бұл препараттар Ескелді би ауданында тәжірибе базасында 2013-2014 жылдар аралығында сынақтан өткізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей бақылаудағы өнім мөлшері 10,0 ц құрады, винцит фортемен өңдеген нұсқада өнімділік 1,0 ц ге, винцит экстрамен өңделген нұсқада өнімділік 2,0 ц, ал спектрмен өңдегенде 3,0 ц ге артқан, витацитпен өңделген нұсқадағы өнім жоғары болғанымен оған көп мөлшерде шығын жұмсалған, сонымен қатар препараттардың биологиялық тиімділіктері анықталды, винцит экстра мен гельминтоспориозды тамыр шірік ауруларына қарсы жоғары көрсеткіш көрсетіп биологиялық тиімділігі 80-84% құрады. Спектр препараты екі ауруға да қарсы ең жоғарғы көрсеткіш көрсетіп биологиялық тиімділігі 92% құрады (7 кесте).

Осыған орай, біздің алдымызға қойған мақсат – Ескелді би ауданының барлық ауыл округтері бидайдың тұқым арқылы таралатын ауруларына жаңа препараттардың тиімділігін анықтау мақсатында 2013-2014 жж. зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында винцит форте және винцит экстра препараттарының әртүрлі мөлшері сыналды. Эталон ретінде – витацит (1,2л/т), сонымен қатар әсері күшті спектр (0,5 л/т) препараттары қолданылды. Тұқым себер алдында осы препараттардың су қосылған (1 тоннаға 10 л) суспензиясымен дәріленді.

Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей ауруларға қарсы қолданылған препараттардың тиімділігі жоғары болды.

Препараттардың жобадағы экономикалық тиімділігін келесі тараудан көруге болады.








Date: 2015-09-20; view: 2080; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию