Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дебиеттерге шолу
Қазақстан Республикасының жер және ауа райы жағы егіншілік және мал шаруашылығын өркендетуге өте қолайлы. Ауыл шаруашылығы жалпы егістіктің көлемі 1678,0 мың гектар жерді құраса, ал астық тұқымдас дақылдардың егістік көлемі 1320,7 мың гектар жерді құрайды[8]. Өткен ғасырдың 60-70 жылдарына қарай Ж. Жиенбаев жәнеЛ.Д. Казенас жалпы дәнді дақылдардың қара күйе мен тат, тамыр шірігі мен тұқымның гельминтоспориозы және альтернариозы, ақ ұнтақ пен вирус ауруларының сыртқы белгілерін, олардың қоздырғыштарының түрлерін, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін, сонымен бірге, олармен қарсы күресу шараларының жүйесін ғылыми тұрғыда ұсынған[9,10]. Соңғы жылдарда біздің елімізде егіс құрылымының оңтайлауына қарамай жылда 15-17 млн.т астық өңдейді. Қазақстан Республикасының ауа – райы жағдайы дәнді дақылдардан жоғары сапалы өнім алуға өте қолайлы. ТМД және Орталық Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие. Сондықтанда Қазақстанда дәнді дақылдарды тек өз қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өндіріп қана қоймай, шет елдерге де экспорттыққа шығарылуда. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дақылдардың сау тұқымдарын сеуіп, оларды әр түрлі зиянды ағзалардан тиімді химиялық қорғаудан бастау алады. Өсімдік шаруашылығы саласында өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау маңызды болып саналады. Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, зиянды ағзалардың (аурулар, зиянкестер, арамшөптер) әрекеті салдарынан жыл сайын ауыл шаруашылық дақылдары өнімінің 1/3 көлемі жоғалады екен, ал бұл жүздеген миллиардттаған доллар шығынға әкеліп соғады [11]. Халықаралық орталығының астық дақылдары аурулары зертханасының меңгерушісі А. Яахиауи және оның әріптестері [11] Батыс Азияның Эритерия аймағында егілетін арпа дақылында жабық (covered smut) және тозаңды (loose smut) қаракүйе, гельминтоспориоз ауруларының екі түрі – сызықша (barley stripe) және торлы дақ (net blotch), ринхоспориоз немесе жиектелген дақ (scald) пен септориоз (septoria leaf blotch), ақ ұнтақ (powdery mildew) және жапырақ таты (leaf rust) кездесетіндігін анықтап көрсеткен. Ғалымдар осы аурулардың таралу ерекшеліктері мен зияндылықтарын, ауру қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктерін зерттей келе, сонымен қатар олардың таралуы мен дамуын шектейтін агротехникалық және фитосанитарлық шаралар жүйесін ұсынды. Туркияда арпаның аса көп таралған зиянды аурулар қатарына ринхоспориоз (Rhynchosporium secalis) бен жолақты гельминтоспориоз (Phyrenophora graminea) және Drechslera sorokiniana және Fusarium spp саңырауқұлақтары қоздыратын тамыр шірігі болып табылады. Соңғыларына арпа дақылымен қатар бидай дақылы да қатты шалдығады. Ауру қоздыратын вирустардан топырақ арқылы таралатын мозайка және арпаның сарғылт ергежейленуі кездесетіні анықталған [11]. Қазіргі уақытта республикамызда жалпы сақтау сыйымдылығы астық дайындау және астықты өңдеуге 15 млн/т және агроқалыптасуға 5 млн/т қажет. Қазақстан Республикасының алғы мақсаттарының бірі – ауыл шаруашылығы саласын кеңейту. Оның ішінде өсімдік шаруашылығының дәрежесін көтеру алғы орында.Бидай дақылы көптеген жұқпалызиянды аурулармен яғни топырақ, тұқым, және ауа арқылы жұғатын індеттермензалалданады. Жұқпалы аурулардың бірнеше түрлері кездеседі. Олардың қоздырғыштары – әр түрлі топқа жататын микроорганизмдер. Ауруларбидайегістігінде қатты дамып, таралған жылдары қоршаған ортаға теріс әсерін тигізіп, өнімді 5-10 пайыздан 20-30 пайызға дейін төмендетеді[12]. Кейбір ғалымдардың деректеріне қарағанда, жалпы жоғарыда аталған аурулардың ішінде аса кең таралған және зияндыларына қатты, тозаңды қара күйелер, тамыр шірігі мен сары тат, жолақты және торлы гельминтоспориоз бен сақиналы дақ аурулары жатады [13,14]. Саңырауқұлақтардың Deuteromycetes класының Helminthosporium Sensu lato деп аталатын туысына жататын саңырауқұлақтарды қоздыратын мәдени, оның ішінде астық дақылдардың, «гельминтоспориоз» деген жалпы атпен аталатын аурулары кең таралған және олардың зияндылығы өте үлкен болып табылады. Бұрыңғы Кеңес Одағында астық дақылдарының түрлері мен қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері,сонымен қатар олардың өсетін субстраттарына байланысты өзгергіштіктерін жете зерттеген ғалымдардың бірі М.К. Хохряков [15]. Арада 40-50 жылдай өткеннен соң Б.А. Хасанов [16] саңырауқұлақтардың биологиялық және морфологиялық тұрғыдан бір-біріне жақын, шартты түрде «гельминтоспориоз» деп аталатын бірнеше ботаникалық топтарына қайта қарастырды. Ол «Определитель грибов – возбудителей гельминтоспориозов растений из родов Bipolaris, Drechslera, Ehsrohilum» деген еңбегінде осы туыстарға жататын саңырауқұлақтар қоздыратын астық тұқымдас мәдени дақылдар мен жабайы шөптесін өсімдіктер ауруларының эпифитотиясы үлкен территорияны, кейде бірнеше мемлекеттерді қамтитынын анықтап көрсетті [17]. Алыс және жақын шетелде жарық көрген әдебиеттерді талдап, ғалым таксономиялық және өсімдіктер патологиясы тұрғысынан алғанда Bipolaris, Drechslera, Ehsrohilum, Curvularia, Helminthosporium атауларының қалғанын жөн деп қарастырды. Гельминтоспориоз ауруларының қоздырғышы ретінде Bipolaris туысына жататын саңырауқұлақтар ерекше орынға ие болып келеді. Олардың 66 түрі астық тұқымдас мәдени дақылдар мен шөптесін өсімдіктердің ауруларының қоздырғышы ретінде анықталып, ал арпа дақылында 11 түрі кездескен. Бүкіл жер шарында кең таралуы және аса зияндылығымен бидай мен арпа және басқа астық дақылдары мен бидайық туыстығына жататын шөптесін өсімдіктердің тамыр шірігі мен қара-қоңыр теңбілін қоздыратын Bipolaris sorokiniana ерекшелігімен сипатталады [17]. Әлемнің көптеген елдерінде гельминтоспориоз ауруы астық дақылдарының, оның ішінде негізгі азықтық дақыл жаздық және күздік арпаның аса кең таралған және өте зиянды ауруына жатады. Ауа райы тропикалық және субтропикалық келетін Оңтүстік Азияда арпаның аса кең таралған және өте зиянды ауруларына жапырақтың гельминтоспориозды дағы (қоздырғышы Bipolaris sorokiniana) мен сарғылт теңбіл (Pyrenophora tritici-repentis) жатады. Бірінші ауру ауа-райы өте жылы және ылғалды келетін аймақтарда, ал екіншісі Үндістанның солтүстігі мен Непалдың оңтүстігінде кеңінен таралған [18]. Жер шарының көптеген елдерінде дәнді дақылдардың тамыр шірігі аса зиянды аурулардың қатарына енеді. Кәдімгі тамыр шірігінің негізгі қоздырғышы Bipolaris sorokiniana саңырауқұлағы екенін көп ғалымдар анықтаған [19, 20]. Бұл патогеннің инфекциясы өсімдік қалдықтары мен топырақта және тұқымда сақталатындықтан, олармен күресу оңайға соқпайды [21, 22, 23]. Бұл аурудың эпифитотиясы бидай мен арпа өсіруге маманданған Канада, АҚШ, Аустралия, Англия, Германия, және ТМД елдерінде жиі байқалып тұрады [24, 25]. Сібірде жаздық бидай мен арпа B.sorokiniana саңырауқұлағының ие-өсімдіктері болып табылады. Ауру қоздырғыштары ретінде жабайы өсімдіктер түрлеріне қарағанда мәдени астық тұқымдастарда жақсырақ дамиды. Бұл ауруға біржылдық астықтұқымдастардан итқонақ, күрмек, қара сұлы берігірек келеді. Көпжылдық астық тұқымдастардың ішінде жатаған бидайық, қызылот арпабас, шалғындық атқонақ, субетеге, жима тарғақ, қоңырбас және т.б. тамыр шірігіне шалдығады [25]. Күздік және жаздық бидайда тамыр шірігі ауруларының бірнеше түрлері (гельминтоспориозды, фузариозды, офиоболезді, церкоспореллезді) кездеседі. Арпа дақылында көбінесе оның Bipolaris пен Fusarium туыстықтарына жататын саңырауқұлақтар қоздыратын алғашқы екі түрі жиі кездескен [26]. Соңғысының өкілдері алғашқы тамырлар мен жерасты органдарды жиі залалдайды. Өткен ғасырдың 55 жылдары Қазақстанның солтүстігі мен Ресейдің Батыс Сібір және Оңтүстік Орал, Еділдің төменгі жағалауындағы ауа-райы қуаңдау келетін далалы аймақтарда тың және тыңайған жерлер игеріліп, онда негізгі азықтық дақыл бидай мен арпа ғана егілуіне байланысты, оларда гельминтоспориозды тамыр шірігі кең түрде таралып, бұл аурулардың зияндылығы да арта түсті. Сонымен қатар, Bipolaris және Alternaria туыстықтарына жататын саңырауқұлақтары қоздыратын «дәннің қара ұрығы» деп аталып кеткен ауру да кең таралды. Осыған байланысты өткен ғасырдың 65 жылдары Ресей мен Қазақстанның ғалымдары жаздық бидайдың аталған ауруларымен күресу шараларын жетілдіруге көп көңіл бөлді [27, 28, 29, 30, 31]. Арпаның тамыр шірігі Ресейдің Алтай өлкесі мен Батыс Сібірде және Еділ жағалауында кең таралған және өте зиянды болып келеді [32, 33, 34]. Қостанай облысында жүргізілген ғалымдардың тәжірибелер нәтижесінде аталған саңырауқұлақ қоздыратын тамыр шірігіне дала шырмауығы мен күлгін қалуен және қара жусан да шалдығатынын анықтаған. Жүгері, қарақұмық, асбұршақ, жоңышқа, түйежоңышқа және таран шырмауығында бұл ауру кездеспеген [30]. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Бүкілодақтық және Қазақ өсімдіктер қорғау институттарының ғалымдары негізінен жаздық бидайдың тамыр шірігі ауруын жан-жақты зерттеген. Бірақта, олар күздік бидай мен арпа дақылдарының гельминтоспориоз ауруларына жете көңіл бөлмеген еді. Өткен ғасырдың 60 жылдарының аяғында республиканың оңтүстік-шығысында орналасқан тәлімі және суармалы жерлерде егілетін күздік бидай мен арпа егістерінде биіктік белдеулерге байланысты гельминтоспориозды және басқа да тамыр шірігі ауруларының таралу ерекшеліктері мен зияндылығын жете зерттеген. Алматы облысында арпа егістігінде тамыр шірігі ауруы өте кең түрде таралғаны және оның зияндылығы да жоғары екені анықталған. Ол ауа-райы аса қуаң келетін Алматы облысының шөлейт дала белдеуінде (Іле және Күрті аудандары) сұр топырақтарға егілген арпа егістерінде 90-100% таралған, даму қарқыны 40-50% жетеді. Алғы дақылдарға байланысты аурудан келетін шығын 7-10 нан 15-20% жетеді. Бұл аймақта аурудың кең түрде таралуы, қатты дамуының басты себебі – арпаның өсуі кезеңіндегі ауа райының өте қолайсыздығынан, атап айтқанда температураның 7-10 нан 35-400С ауытқуынан, топырақта ылғалдың жеткіліксіздігінен тундаған. Облыстың таулы аймағында Альпі шабындықтарына таяу орналасқан қарашіріндісі жоғары, қыртысы қалың қаратопыраққа үздіксіз егілген арпа егістерінде бұл ауру кездеспеді немесе оның таралуы 5-10% аспады. Өйткені, мұнда жаз қоңыржай, ең жоғарғы температура 20-250С аспайды және ылғал өте мол 400-600 мл түсетіндігі белгілі [35, 36, 37] Соңғы жылдары Алматы облысының тәлімі жерлерге егілген арпа егістерінде тамыр шірігі ауруының таралуы мен зияндылықтары зерттелген.Автордың пайымдауынша, осы аурудан аталған дақылдың өнімі жыл сайын 8,6%-20,7% дейін төмендесе, кей жылдары тұқым тығыз себілген танаптарда оның зияндылығы 25,6%-37,4% дейін жеткен екен. Өсімдіктердің тамыр шірігіне шалдығу дәрежесі алғы дақыл мен тұқымның себілу мөлшеріне, сонымен бірге өсімдіктің өсу кезеңіндегі ауа-райына тығыз байланысты болатындықтан аурудың зияндылық деңгейін реттеуге мүмкіндіктер туғызды. Казақстанның оңтүстік – шығысындағы тәлімі жерлерде масақты – дәнді дақылдар ауруларының ішіндегі ең көп таралғаныжәне өте зияндысына кәдімгі тамыр шірігі жатады. Тәжірибе деректеріне қарағанда, оның өршуі дақыл мен өскіндердің тығыздығына және сонымен бірге өсімдіктің өсу кезеңіндегі ауа–райы жағдайына байланысты [38].
80 жылдардың аяғында 90 жылдардың басында республикамыздың солтүстік аймақтарында жаздық бидаймен қатар, арпа дақылының гельминтоспориозды тамыр шірігін зерттеу бағытында біраз ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұрыңғы Торғай мен Қостанай облыстарында аурудың таралу ерекшеліктері мен зияндылығы жөнінде және оның дамуын шектеуде агротехникалық шаралардың атқаратын рөлі зерттелді. Аурудың зияндылығынтөмендетудеалғы дақылдар мен минералдық тыңайтқыштардың, тұқымды химиялық және биологиялық препараттармен дәрілеудің тиімділіктері анықталды [39, 40, 41]. Дәнді дақылдардың гельминтоспориоз ауруларының қоздырғышы ретінде Bipolaris туысына жататын саңырауқұлақтар ерекше орын алатынын, олардың 66 түрі астық тұқымдас өсімдіктердің ауруларының қоздырғышы ретінде белгілі, ал арпа дақылында 11 түрі кездесуі мүмкін екендігін атап көрсетілген [19]. Бүкіл әлемде кең таралуы және аса зияндылығы жөнінде дәнді дақылдардың қара-қоңыр теңбілі мен тамыр шірігін қоздыратын Bipolaris sorokiniana (Sacc., Sorok.) Shoem. саңырауқұлағы ерекше орынды алады. Drechslera туысына жататын 14 саңырауқұлақ түрлері арпа дақылының гельминтоспориоз ауруларын қоздыруы мүмкін. Олардың ішінде сызықша немесе жолақ дақтың қоздырғышы Drechslera graminea (Rab.) Ito, мен торлы дақты қоздыратын D.teres (Sacc), Shoem. ерекше орын алады. Автор бұл аурулардың бүкіл дүние жүзі бойынша таралуы мен зияндылығы жайлы біраз деректер бергенмен Орталық Азия жөнінде нақты мәліметтер берілмеген [42]. Арпа дақылында гельминтоспориоз ауруының үш түрі, яғни оларды атап айтатын болсақ, жолақты дақ (D. graminea), теңбіл дақ (D.teres) және қара-қоңыр дақ (Bipolaris sorokiniana) кездеседі. Соңғысы жапырақпен қатар бұл дақылдың тамыр шірігінің қоздырғыштары, ол Алматы облысының шөл-дала және тау бөктеріндегі далалы аймақтарында аса-кең таралған және өте зиянды болып келеді. Қазақстанда арпа егілетін барлық аймақтарда қара-қоңыр дақ кездеседі, ылғалды жылдары ауру біршама дамиды. Ылғал мол түскен 1979 жылы ол шөл-дала аймағының өзінде кең таралып, қатты дамыған. Сонымен қатар, кей жылдары арпа егісінде жолақты дақ ауруының белгілері 1-2 жапырақ жайылған кезден байқалып, біршама дамитыны анықталған. Басқа гельминтоспориоз ауруларының таралуы мен зияндылығы жайлы автор нақты деректер келтірмейді [43]. Дәнді дақылдардың көптеген ауруларының инфекция ошағы болып тұқым болып табылады. Бидайдың кең таралған, әрі зиянды ауруларына тасты және тозаңды қаракүйе, сонымен қатар гельминтоспориозды (Bipolaris sorokiniana) тамыр шірігі мен жапырақтардың дақтары жатады. Олар тұқым арқылы таралады [44, 45]. Алматы облысының тау бөктері және шөл-дала аймақтарында өсірілген арпа тұқымдарында дейтеромицеттер класына жататын саңырауқұлақтардызерттеуде кездескен ауру қоздырғыштары мен сапрофитті саңырақұлақтардың түр құрамын анықтау үшін қосымша зертханалықтәжірибежүргізген. 25 дәннен 4 рет қайталап, Петри шынысына жасалған ылғалды камерада термостатта 250С температурада ұстап, жеті күн өткеннен кейін талдау жүргізілген. Зерттеу нәтижелері Қарасай, Ілі және Жамбыл аудандарынан 2012 жылы жиналған арпа тұқымдарынан Alternaria туысына жататын саңырауқұлақтар 17,2-31,5%мөлшерде бөлінетінін, тамыр шірігінің қоздырғыштары Fusarium мен Bipolaris sorokiniana2,7-4,2%, Aspergilius, Penicillium және Mucor саңырауқұлақтарымен зеңденгендері 3,4-6,3% аралығында екені анықталды. Тұқымның бактериялы ауруларға шалдығуы 2,2-3,7% деңгейінде болған. Жоғарыда аталған сапрофиттіжәне паразитті тіршілік ететін микроорганиздермен қатар арпа тұқымында аскохитоз ауруын қоздыратын Ascochyta саңырауқұлағы 2,1 ден 11,3% дейін кездескені анықталған. Bipolaris sorokiniana саңырауқұлағы – арпа дақылының тамыр шірігі мен “дәннің қараюының” және жапырақтарда кездесетін дақ ауруларының қоздырғышы екені белгілі. М.В Рочевтің [46] маліметтеріне қарағанда, бұл аурулар көбінесе бірге кездесуі мүмкін, бірақ белгілері бойынша ерекшеленеді. Патоген өскіндердің апат болуына, өсімдіктің өсуі мен түптенуіне, дәннің толуына теріс әсер етеді. Осының салдарынан дәннің тұқымдық және технологиялық сапасы төмендейді. Жақынғы шет елдердің мәліметтеріне қарағанда гельминтоспориоз және фузариоз ауруларының салдарынан арпа өскіндері апат болып, өсімдіктердің өсуі кенжелейді, түптену коэффициенті, масақта байланған дәннің саны төмендеп сапасы нашарлайды екен. Өсімдіктерді қолдан залалдай отырып, арнайы жүргізілген тәжірибелер масақта байланған дән саны 44,9%, ал 1000 дәнді астықтар қоңырбастар тұқымдасына (Poaceae) жатады [47]. Дәнді астықтардың тамыр жүйесі шашақты болады. Дән өнгенде алдымен ұрықтық немесе біріншілік тамырлар пайда болады. Олардың саны түрлі астықтарда әртүрлі болады: күздік бидайда көбіне 3, жаздықтарда – 5, сұлыда 3-4, арпада 5-8, тары, жүгері, қонақжүгері және күріште -1. Жерасты сабақ буындардан, қосымша немесе буындық екіншілік тамырлар пайда болады да ылғал жеткілікті жағдайда тез өсе бастайды, бірақ ондағы біріншілік тамырлар өліп қалмайды [ 48,49]. Біріншілік және екіншілік тамырлардың да үлкен маңызы бар. Көптеген зерттеулерінде жаздық бидайдың тек біріншілік тамырлармен өсіп-жетілгеніндегі өнім мөлшері, жақсы жетілген біріншілік және екіншілік тамыр жүйесі өнімінің 65% ғана құраған. Биік сабақты астықтардың (жүгері, қонақжүгері) тамырлары топырақ бетіне жақын, жер үсті буындардан жиі өсіп жетіледі. Тірек немесе ауа тамырлары деп аталатын ол тамырлар өсімдіктердің жатып қалуға төзімділігін арттыруға ықпал етеді [50, 51]. Астық дақылдарының сабағы - сабақ буындары 5-7 буын аралықтарға бөлінген сабан. Жүгерінің биік сабақты сорттарында 25 дейін буынаралық болуы мүмкін. Олардың саны жапырақ санына сәйкес. Астық дақылдарының көбінің сабаны қуыс, жүгері мен қонақжүгеріде ол паренхимамен (негізгі ұлпамен) толтырылған. Сабақ өзінің барлық буын аралығымен өседі. Алдымен төменгі буынаралық өседі, сонан соң келесілері. Әр жаңа буынаралық алдыңғыны ұзындығы бойынша қуып жетіп отырады. Жоғарғы буынаралық, төменгіден көп есе ұзын болады және ең үлкен шамаға, арпада олар тіпті дәнекпен жабысып қалған. Ізденушілердің зерттеуі бойынша, жаздық бидай өсімдігі өсіп жетілу циклі сыртқы белгілеріне қарай мынадай кезеңдерге бөлінеді: тұқымның өсіп шығуы, түптену, гүлдеу, масақтану, қалыптасу және дәннің пісіп жетілуі. Жаздық бидай көгі өсіп шығу кезеңінде 50-60% суды талап етеді. Жаздық бидайдың тұқымдарының өсіп шығуы топырақ температурасы 1-2°С да басталады, бірақ баяу жүреді. Дәннің өсіп шығуына және бірқалыпты көктеуі топырақ температурасы 12-15°С, ал қажет ылғал мөлшері (60-70%) осындай қолайлы жағдайда көгі 7-8 күнде пайда болады. Жаздық бидай 5-6°С дейінгі суыққа төзімді болып келеді. Сепкеннен түптену фазасына дейінгі кезең тамыр жүйесін қалыптастыру үшін маңызды кезең. Тамырдың өсуін шешуші фактор – оларды өсіру аймағындағы ылғалдылық. Бидай тұқымының өсу кезінде бірінші басты ұрықтық түп қозғалады, көп ұзамай тәулік ішінде екі түп өсіп шығады, ал 2-3 күннең соң – екінші жұбы пайда болады. Ұрықтық түптер әрқашанда қалыптаса бермейді. Пайда болған өскіндерде үштен кем ұрықтық тамыр болады, олардың өсіп дамуына сыртқы орта факторлары әсер етеді. Бұндай құбылыс қуаңшылық аудандарда жиі байқалады. Тәжірибе көрсеткендей, егер бидай үш тамырмен қалса, болашақта оның дамуы баяулап, мол өнім бермейді. Бұндай егістер жауынның ұзақ болмауынан күйіп кетуі ықтимал. Түптенуді жағымсыз құбылыс ретінде қарастырады, әсіресе қуаң аудандарда. Екіншілік сабақтардың қалыптасуына көп мөлшерде су және қоректік заттар жұмсалады, бұлардың жеткіліксіз қамтылмауы салдарынан, екіншілік сабақтардың беретін өнімі азаяды. Жаздық дақылдардың жақсы түрлеріне 1-2 сабақты өсімдіктер жатады. Жақсы түптену кезінде жапырақтардың беткі ауданың көлемінің үлкендігінен көп мөлшерде органикалық заттар түзіледі, олар дән қалыптасуын тездетеді. Қолайлы жағдайда жанғы сабақтар өнімділігі 30-50% құрайды[52]. Ғалымның жазуынша, түтіктену фазасына шыққан кезде масақ толық қалыптасады. Сабақтың масақ байлау кезінде топырақ бетінен 34 см биіктікте болады. Олардың ұзындығы 0,8-1 см болады. Төртінші түйінаралығы ұзарған кезде масақ қалыптасады. Жарықтың жеткіліксіздігі, көлеңке, жоғары температура, яғни 24-25°С, ылғал және азотты заттардың көптігі түйінаралықтың ұзаруына себепкер болады да, өсімдіктің жатып қалуға бейімдігін арттырады. Сабақтыңдұрыс жетілмегені топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда және ауа температурасы 12-16°С төмен болғанда байқалады. Бұл жағдайда бидай аласа болып өседі, бірақ жатып қалуға төзімді келеді. Егер түптену, түтікке шығу және масақтану кезінде өсімдікке жылу мен жарық жеткілікті болған жағдайда,биік сабаққа ұзын масақ сай келеді. Түптену, бидайдың масақ қалыптастыру кезінде және масақ қалыптасқаннан кейінгі кезде ылғал жеткіліксіз болса, жаздық бидай биік бойлы болып өседі, бірақ орташа мөлшерлі масақ қалыптасады. Түптену кезінде қолайлы жағдай болғанда, ал масақ қалыптасқанға дейін ылғал жетіспесе, жаздық бидай аласа болып өседі, бірақ нашар масақ қалыптастырады Жаздық бидай масағы түптену фазасында және сабақ өсу шегі басына дейінгі кезеңде қалыптасады, масақтағы гүлдердің саны ылғалдың жеткілікті болуына байланысты. Масақта қалыптасатын дәннің сан мөлшері, түтіктен масаққа шығу фазасында болатын табиғи жағдайға байланысты. Осы кезде өсімдік ылғалды көп қажет етеді. Түптену фазасынан түтікке шығу фазасы 12-15 күнге созылады.Орташа мерзімде пісетін сорттарда түтікке шығу кезеңі Оралмаңында маусым айының екінші он күндігінің аяғы – үшінші онкүндік басында, ал кешпісетін сорттарда – маусым айының аяғынан – мамыр айының басында жүреді[53]. Масақтану фазасы жоғарғы жапырақ қынабынан гүл шоғырының шығуымен сипатталады. Яғни, жаздық бидайдың масақтануы тұқымды сепкеннен кейін 50-60 күннен кейін қалыптасады. Масақтың толық қалыптасуы өсімдік сортына және табиғи факторларға байланысты 1-4 күнге созылады. Масқтың және ондағы дәндердің қалыптасуына қолайлы температура 20-25°С. Сабақтану, түтіктену және масақтану фазасы өсімдіктің толық қалыптасу кезеңі, осы кезеңде жұмсалатын ылғал мөлшері 50-60% құрайды. Гүлдеу, масақтың ортасындағы гүлдерден басталады, сосын жоғардан төмен қарай жүреді. Жоғарғы және төменгі гүлдер соңынан гүлдейді. Яғни, ортасындағы дәндер ерте пісіп жетіледі. Масақтың гүлдеу үзақтығы 3-5 күнге созылады. Құрғақ ауа райы гүлдеуді жеделдетеді, ал ылғалды ауа райы жағдайында гүлдену үзаққа созылады. Жылы және құрғақ ауа райында масақ 2 күнде гүлдеп болады. Жақсы гүлдеу, тозаңдану және ұрықтану 11°С температурада басталады, және ауаның салыстырмалы ылғал мөлшерімен топырақтағы ылғал қоры жеткілікті болуы қажет. Қолайсыз жағдайларда, егер ылғалдылық төмендеп, ауа температуарасы жоғарыласа, барлық гүлдер ұрықтанбайды, бос масақтардың қалыптасуы өнімнің төмендеуіне алып келеді. Ұрықтанғаннан кейін масақта дән қалыптаса бастайды, ол 10-12 күнге созылады. Қуаңшылық жағдайларда 7-10 күн, ал төмен температурада 13-15 күн [53]. Астық дақылдарының бұл ауруы республикамыздың барлық егіс алқаптарында кездеседі. Бұл ауру әсіресе климаты қуаң келетін солтүстік пен орталық аймақтарда кеңінен таралған және өте зиянды, жыл сайын республика бойынша бірнеше миллиондаған гектар егіс алқаптарында байқалады. Бұл аурулардың салдарынан бидай өнімділігі 15-30, ал кейде 50%-ға дейін кемуі мүмкін. Өсімдіктің ауруға қатты шалдығуына агротехникалық шаралардың дер мезгілінде және дұрыс орындалмауы, ауыспалы дақыл жүйесі сақталмауы, топырақта ылғалдың жеткіліксіздігі және т.б. жағдайлар себеп болады. Ж.Т. Жиенбаевтың [54] мәліметі бойынша тамыр шірігі бидай сабағын төменгі буынаралығын жиі, ал тамыр жүйесін сирек зақымдайды. Ауру қоздырғышы өсімдік қалдықтарында сақталады, тек топырақтың беткі қабатында өнуге қабілетті және өсімдіктің жас ұлпаларына ене алады. Сонымен қатар, ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсу кезінде физиологиялық және биохимиялық құбылыстар баяулайды және дән сапасы төмендейді. Жаздық бидай дақылының тамыр шірігі Оңтүстік-Шығыс [55, 56 ], Солтүстік және Солтүстік-Батыс Қазақстанда [57, 58 ], сонымен қатар Батыс Сібірде [59, 60] зерттелген. Ол негізінен ауру қоздырғыш өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталады. Тыңайған жерлерде гельминтоспориозды тамыр шірігінің қоздырғышы кездеспейді. В.А. Чулкинаның мәліметтері бойынша Орал мен Батыс Сібірдің орманды далалы аймағындағы астық дақылдары егістерінде топырақтың саңырауқұлақпен залалдануы тың және тыңайған жерлерде қарағанда 4-17 есе жоғары [61]. Әртүрлі дақылдардың өсімдік қалдықтарының инфекция көзін сақтаудағы рөлі әртүрлі. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, H .sativum жаздық бидай мен арпаның қалдықтарында және топырақта сақталады, кейде тұқыммен беріледі дейді [62]. Зерттеушілердің пайымдауынша, Солтүстік Қазақстанда тамыр шірігінің негізгінен инфекциясы бидай мен арпаны жинаудан кейінгі қалған қалдықтар, сонымен қатар жабайы астық тұқымдастардың ішінде жатаған бидайық, жасыл мысыққұйрық, итқонақ және қара сұлы да кездесетінін жазады. Ресей, Украина, Белорусия және басқа елдердің көптеген ғалымдары агротехникалық шаралардың фитосанитарлық маңызына көп көңіл бөлген. Батыс Сібірде В.А. Чулкина мен оның шәкірттері астық дақылдарын гельминтоспориозды тамыр шірігімен қара күйеден қорғаудың кешенді жүйесін жасау жолында көпжылдық зерттеулер жүргізді. Олар бидай мен арпа егістерінің фитосанитарлық жағдайын реттеу және топырақтың белсенділігін арттыру үшін мына шараларды іске асыру қажет дейді: тұқымды себу тереңдігі мен егістің тығыздығын оңтайландыру, ылғал жинау шаралары мен топырақты эрозиядан қорғау, ықтырмалар егу, қар тоқтату, жабынды қабат, органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдалану[63,64,65,66,67,68,69,70,71,72,73]. Австралия ғалымының айтуынша, астық дақылдарын тамыр шірігінен қорғаудағы кешенді жүйесіне негізі агротехникалық шараларды орындау, оның ішінде себу мерзімі, тұқым мөлшері, топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу қажеттігін айтады [74]. Ізденушінің жазуынша, Краснодар өлкесінің орманды-дала аймағында тамыр шірігіне шалдыққан бидай мен сұлыдан, тары мен қара сұлыдан H. sativum саңырауқұлағының себіндісі бөліп алған. Жабайы астық тұқымдас өсімдіктерді микологиялық талдау барысында саңырауқұлақ инфекциясы бидайықтан, жима тарғақтан, үйбидайықтан бөлінетінін анықтаған [75]. Зерттеушілердің айтуынша, зертхана жағдайында жаздық бидай мен арпаға қарағанда сиыржоңышқа, асбұршақ, күнбағыс, рапс патогеннің сапрофитті дамуы үшін қолайлы даму субстрат екендігін анықтады [76]. Гельминтоспориозды тамыр шірігі астық дақылдарының түсімділігін елеулі төмендетеді. И.М. Поляков [77] тың және тыңайған жерлерде ол жаздық бидайдың негізгі ауруы және өнімді 8-20% төмендететінін көрсеткен. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары астық түсімділігіне бұл аурудан келетін шығын басқа аурулар жиынтығынан әлдеқайда жоғары болатынын көрсетеді [78]. Ізденушінің мәліметтері бойынша, Батыс Сібірде тамыр шірігінің эпифитотия дәрежесіне дейін дамуы 1947, 1955, 1965 жылдары байқалған. Одан бидай түсімділігіне келген шығын мөлшері орташа алғанда 14-15% болып, 40-50% мөлшерінде ауруға шалдыққан тұқымның сапасы да нашарлаған [79]. Кейбір ғалымдардың зерттеулері бойынша, тың жерлерді игерудің алғашқы жылында Ақмола облысында тамыр шірігі жаздық бидайда көп кездеспеген. Ақырындап оның инфекциясы топырақта қорланып, соның салдарынан аурудың дамуы жоғарылады. Тіпті, оған өсімдіктер төменгі дәрежеде шалдыққанының өзінде жаздық бидай дақылының өнімі 11,6%, ал қатты дамығанда – 42,5% төмендеген. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің даму қарқыны тежеліп, масақтанбауы мүмкін немесе масағы толық жетілмей, «ақ масақтар» кездеседі. Кей сорттарда, әсіресе қатты бидайда, сабақтың опырылып сынуы да байқалады [80]. Тамыр шірігінің зияндылығы өсімдіктердің ауруға шалдығу қарқынына, алғы дақылдар мен тұқым себу мерзімі және өсіп-өну кезеңіндегі ауа райы жағдайы секілді факторларға байланысты келеді [81, 82]. 70-ші жылдары Қостанай облысында ізденушібидай егісінде аурудың зияндылығы оның 10-15% аралығында даму дәрежесінен басталатынын және әртүрлі агрофонға байланысты ауытқитынын анықтады. Ол бидайды жүгеріден кейін сүрі жерге сепкенде жоғары, ал оны бір жерге 2-3 жыл қатарынан еккенде біраз төмендейді. Өсімдікті сабақ зиянкестері зақымдағанда тамыр шірігінің зияндылығы күрт жоғарлайды. Тамыр шірігі төменгі дәрежеде дамығанда жаздық бидай өнімі 11,6%, қатты дамығанда – 42,5%, ал өсімдіктер сабақ ішінде кездесетін зиянкестер мен зақымдалғанда 65,7%-ға жеткен.Бұл ауру әсіресе арпа дақылында өте зиянды келеді. Оған қатты шалдыққанда масақтағы дән саны 25,3-39,2%, оның салмағы – 10,6-18,6% төмендеген [83]. Ғалымның жүргізген зерттеулері [84, 85] Шығыс Қазақстан облысының шалғынды далалы аймағында тамыр шірігінің зияндылығы жаздық бидайдың ауруда шалдыққан органдарын да байланысты екендігін анықтады. Ол жер асты буынаралығында кездескендеСаратовская 29 12,5% сортында аурудың зияндылық коэффициенті, сабақ мойнында – 15,9%, ал екеуін де қоса шалдықса 23% құрады. Қатты бидайдың Харковьская 46 сортында аурудың зияндылық коэффициенті 61-69% құрайтыны анықтаған. Қостанай облысында жүргізген тәжірибелері тамыр шірігіне шалдыққан өсімдіктерден жиналған тұқымды сепкенде бидай өнімі 10-25% және одан да көп төмендейтінін көрсетті [86]. Қостанай, Қорған және Саратов облыстарында жүргізген зерттеушінің жазуынша, аурудың зияндылығына жаздық бидайдың өсу-қарқыны әсер ететінін көрсетті. Бойы аласа өсімдіктер ауруға 1 баллға залалданғанда масақтағы дән салмағы 24%, 2-3 баллда – 36-46% дейін төмендеген. Бойы орташа және биік келген өсімдіктерде бұл көрсеткіштің азаюы әлде-қайда төмен болған [87, 88]. Қарабалық АШТС-да ылғалдылығы қалыпты жылдары (ГТК= 1,18) тамыр шірігінен Безенчукская 98 сортының өнімінің төмендеуі 19% болса, ал құрғақшылық жылдары (ГТК 0,65) 44,2%-ға жеткен. М. Қойшыбаевтың мәліметтері бойынша Торғай облысы жағдайында бидайдың өсіп-өнуіне едәуір қолайлы болған 1981 және 1985 жылдары аурудың зияндылық коэффициенті құрғақшылық жайлаған 1982-1984 жж. салыстырғанда 1,5-2 есе төмен болды [89, 90]. 1991-1997 жж. зерттеушілер Қостанай облысы жағдайында арпа егісінде тамыр шірігі ауруының зияндылығын анықтады. Өсіп-өну жағдайына, алғы дақылға, себу мерзіміне байланысты оның түсімділігі 5,4 пен 25,2% аралығында төмендейтіні анықталды. Аса құрғақ болған 1991 жылы тарыдан кейін себілген бидай егісінде аурудың зияндылығы ылғалды болған 1993 жылға қарағанда 1,5 есе жоғары болды. Тамыр шірігінен арпада өнімінің көп мөлшерде азаюы ылғалдылығы қолайлы болған 1993 жылы байқалған [91]. Ізденушінің мәліметі бойынша жаздық бидай мен арпада тамыр шірігі ауруының зияндылық коэффициенті алғы дақылға, ауа-райы жағдайына және топырақты өңдеу технологиясына байланысты. Ауруға орташа және қатты деңгейде шалдыққан өсімдіктердің түптенуі коэффициент 13,7%, 1000 дәннің салмағы және масақта дән байлануы 5,6% төмендеген [92]. Үндістан, Қытай және Непалда [93, 94] жүргізілген зерттеулер астықты-күріш ауыспалы егісінде егілген бидайда гельминтоспориозды тамыр шірігінің зияндылығы 15 пен 34% аралығында ауытқитынын көрсетеді.
Бидай егістіктерінің фитосанитарлық күйін оңтайландыру факторларының бірі жапырақ-сабақтық инфекциялардың зыяндылығын тексеру: сары таттың, гельминтоспориоздың, жапырақтардың қоңыр дақтануын төмендету болып табылады. Бұл инфекцияларға тән ерекшеліктер маусым ішінде қоздырғыштардың ауа-тамшылық жолмен таралуы мен аурудың тез қозуы басты рөлді ойнайды. Аурулардың көптеген қоздырғыштары толығымен агротехника тәсілдері мен биологиялық әдістермен бақыланбайтындығын ескере отырып, сонымен қатар өсімдік шаруашылығының қарыштауы фитопатогендердің таралуы мен зиянданудың жоғары болуына қосымша себепші болуы егістіктерді фунгицидтермен өңдеу міндетті болады [95, 96, 97]. Қазіргі таңда жүйелі әрекет ететін препараттарды кең қолдануға байланысты дәл осы фунгицидтер жаздық арпаны аэрогендік инфекциялардан қорғауда жетекші рөл ойнайды.
Date: 2015-09-20; view: 2237; Нарушение авторских прав |