Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Арнайы бөлім 4 page





Бидайда S.nodorum Berk. саңырауқұлағы да кездеседі. Бұл қоздырғыш бидайда қабыршақ немесе жолақ септориоз түрлерін туғызады. Өскін жер бетіне шыққаннан кейін 2-4 апта аралығында аурудың алғашқы белгілері колеоптильді түгел қамтыған қоңыр сызықшалар түрінде білінеді. Көктемде залалданған жапырақ қынабының бөліктерінде қара-қоңыр және ашық түстер кезектесіп орналасады. Жапырақта пайда болған қоңыр дақтар жансызданып қурайды. Сабақтағы дақтар ұлғайып буынаралығының көпшілік бөлігін алады, ал жоғарғы буынаралықтары жасыл түсін сақтайды. Масақ өзегі негізінің қабыршақпен жабылмаған бөлігі қоңырланады. Дәндер бүрісіп, қоңырланып, шыны тәрізденіп, жырашығы тереңдейді. Пикнидалар өсімдік қалдықтарында және дәнде қыстайды.

Залалданған мүшелерде ашық-сары, ашық-қоңыр, қоңыр жиекті дақтар пайда болып, бетінде қара, майда пикнидалар түзіледі. Жапырақтар түссізденіп, бірте-бірте қурайды. Ауру өсімдіктердің өсуі саябырлап, қатты түптеніп, дән қауызы дақтанып, масақ түсі қоңырланып немесе ала- құла болады. Бұл масақта дән түзілмейді, егер түзілсе – жетілмейді.

Ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы – Erysiphe graminis DC саңырауқұлағы.

Қоздырғыш күздік пен жаздық бидай, арпа, қара бидай, сұлы және т.б. көптеген дәнді дақылдарды залалдайды. Оның жіпшумағы жақсы дамыған, көп клеткалы, субстрат үстіне орналасып, оған апрессорилер мен гаусториилер арқылы тіркеледі. Гаусториилер клетка ішіне еніп, саңырауқұлақты қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен тарайды. Конидиялары түссіз, бір клеткалы, цилиндр немесе бөшке тәрізді, көлемі 16-30 х 8-14 мкм, тізбектеліп түзіледі (сурет 5).

 

 

Сурет 5. Ақ ұнтақ.

 

Клейстотециилер шар тәрізді, диаметрі 135-280 мкм, топтасып жіпшумаққа батып орналасады. Қосымшалары көп, қысқа, ашақ-қоңыр түсті, қарапайым, кейде сәл бұтақталған. Жеміс дене ішінде жұмыртқа немесе эллипс тәрізді 8-10, кейде 30 дейін қалталары болады, оның ішінде 4-8 қалтаспоралар орналасады. Аскоспоралары (қалтаспора) эллипс тәрізді, көлемі 20-23 х 10-13 мкм.

Клейстотецийлер өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде аскоспоралар жетіліп, өсімдікті алғаш залалдайды да жаңа жіпшумақ түзіліп, бетінде конидиялар мен конидия тасушылар пайда болады. Кейбір аудандарда аскоспоралар күзде жетіліп, күздік бидайды залалдап, көктемде жаздық бидайға көшеді. Залалдану 3-30°С температура аралығында, 50-100% ылғалдылықта жүреді. Инкубациялық кезең 3-11 күн.

Бұл ауруға өсімдіктің сабағы, жапырағы, жапырақ қынабы, кейде масағы шалдығады. Жас өсімдіктердің мүшелерінде ақ түсті өңез түзіледі. Кесел жапырақтардан сабақты бойлап жоғарғы бөліктерге тарайды. Өңез үстінде саңырауқұлақтың конидия тасушысы мен конидиялары түзіледі. конидиялары бірнеше ұрпақ беріп, ауруды таратады. Өңез бірте-бірте киіздей тығыздалып, бетінде жеміс дене – клейстотециилер түзіледі. ауру қарқынды дамығанда өңез масағына да тарайды [100].

Сонымен қатар зиянкестердің де көптеген түрлері кездесті: кәдімгі астық бітесі, бақашық қандала, сүйір тұмсықты қандала, бидай трипсі, дәннің сұр көбелегі, астықтың сүлікше қоңызы, астықтың жолақ бүргесі, италиялықшегіртке.


Сүйір тұмсық қандалалар – Aelia F. Қалқаншалылар тұқымдасына жататын қандалалар. Ересек қандалалар ұзындығы 8-11 мм, денесі жұмыртқа пішінді сопақша, арқа жағы дөңестеу, басы сүйір үш бұрышты. Түсі ақшылдау сары, денесінің үстінде салалы сұр немесе қара жолақтар бар. Жұмыртқасы кішкене бөшке тәрізді, ақ сары немесе бозғыл түсті. Дернәсілдері ұзынша, сопақ денелі келеді.

Сүйір тұмсық қандалалар Қазақстанның солтүстік аймақтарында 1-2, ал оңтүстік-шығысында толық екі ұрпақ беріп өсіп-өнеді.

Қандалалар жазғы қоректенген жерлерінде, яғни егіс алқабында, көп жылдық жем-шөптік дақылдар егісінде, сонымен қатар астық тұқымдас өсімдіктер өсетін тың және тыңайған жерлерде әр түрлі паналардың астында қыстайды.

Сүйір тұмсық қандалалар жұмыртқаларын алты-алтыдан екі қатарлап немесе бір тізбек етіпастық тұқымдас өсімдіктердің жапырағына кейде өткен жылғы аңыз қалдықтарына немесе топырақ кесектерінің үстіне салады. Орташа өсімталдығы әр ұрғашы қандалаға 50 жұмыртқадан келеді.

Бақашық қандалалар сияқты сүйір тұмсық қандалалар да дәнді дақылдардың барлық түрлерін зақымдайды.

Бидай трипсі – Haplothrips tritici Kurd. Шашақ қанаттылар отрядының флеотрипиде тұқымдасына жатады. Ересек трипсінің ұзындығы 1,5-2 мм, түсі қара немесе қара-қоңыр. Мұртшалары 8 буыннан тұрады, құрсағының ең соңғы сегменті түтікше тәрізді ұзарған, қанаттары мөлдір, шеттерінен жіңішке шашақтар салбырап тұрады. Еркегі ұрғашысынан кішірек, өте сирек кездеседі. Жұмыртқасының түсі ақ, өте ұсақ, дернәсілі қызыл түсті.

Трипсі дернәсіл фазасында егіс даласындағы әр түрлі ірі сабақты

өсімдіктердің қалдықтарында және топырақ түйірлерінің арасында қыстайды.

Трипсілер масақша қауыздарының астына және масақ сағағына жұмыртқалайды. Бір ұрғашы трипсі өз өмірінде 20-22 жұмыртқа салады. Таралған жерлерінің барлығында жылына бір рет ұрпақ беріп өніп-өседі.


Ересек трипсілер масақша қауызының және ең жоғарғы жапырақ түтікшесінің керегесін жарақаттап шырынын сорады. Осының нәтижесінде масақ бұралып, пішінін өзгертеді және оның ұшындағы масақшалар қурап қалады. Дернәсілдер алғашқы кезде гүл және масақша қауыздарымен қоректенеді де, соңынан толысып келе жатқан бидайдың дәндерін сорып, салмағын кемітеді. Зақымдалған дәндер қатая келе семіп қалады.

Дәннің сұр көбелегі - Apamea anceps. Schiff.Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының қоңыр көбелектер, немесе түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасына жатады. Көбелектің ұзындығы 15-18 мм, қанаттарының өрісі 38 мм жетеді, алдыңғы қанаттарының түсі сұр немесе қоңырқай сұр, шеттері кемірленген, орта бөлімі ақшыл, дөңгелек және бүйрек тәрізді таңбалары қоңырқай сұр түсті болады. Ұрғашы көбелектің жұмыртқа салғыш қынабы қызыл қоңыр түсті, жақтаулары қысқаш болады.

Көбелектің жұмыртқасы өте ұсақ (диаметрі 0,5 мм), шар пішінді, көп қырлы болады. Жаңа салынған жұмыртқа мөлдір ақ түсті, кейінірек ұрықтың дамуы барысына қарай қызғылт, ал жұлдызқұрт шығар алдында қоңыр түске айналады. Бірінші және екінші жастағы жұлдызқұрттар өте ұсақ бозғылт, немесе жасылдау болады, басы мен көкірек аяқтары қара-қоңыр. Желкесі мен артқы қалқаншалары қара.

Ол жылына бір генерация беріп өседі. Ең соңғы, яғни VIII- жастағы, кейде VIII- жастағы жұлдызқұрттары 5-15 см тереңдікте топырақ арасында немесе жиналмай қалған десте мен сабанның астында қыстайды.

Көктемде, сәуір айының II-III онкүндіктерінде жұлдызқұрттар қысқы мекендерінен шығып, өнімді жинау кезінде жерге төгілген астық дәнімен, дақылдардың немесе жабайы өсетін астық тұқымдас өсімдіктердің көгімен қоректенеді. Солтүстік облыстарда олардың қуыршаққа айналуы мамырдың II- онкүндігінде басталып, бір айға созылады. Ал жаппай қуыршақтану мамырдың III- онкүндігі мен маусым айының I- онкүндігінде байқалады. Көбелектің қуыршақтан ұшып шығуы әдетте маусым айының орта кезінде басталады да, жаппай ұшуы осы айдың аяғы мен шілденің бірінші жартысында байқалады.


Көбелектің ұшу ұзақтығы 30 күн шамасында, ал соның ішінде жаппай ұшуы тек 10-12 күнге ғана созылады. Олар кешке және түнде ұшады.Әсіресе қауыр ұшуы түнгі сағат 11 мен 1 аралығында байқалады. Күндіз көбелектер әр түрлі өсімдіктердің төменгі жапырақтарының немесе топырақ астында жатады. Қоректік өсімдіктерді және жұмыртқалайтын қолайлы орындарды іздеп, көбелектер оншақты километр қашықтыққа дейін ұшып бара алады. Олар ашыған ашытқы иісіне жақсы ұшады. Сондықтан көбелектердің сан мөлшерін оларды ашыған сірнеден жасалған еліктіргіштің көмегімен ұстау арқылы анықтайды.

Көбелектің негізгі қорегі - бас тартып келе жатқан бидайдың масақ түтікшесіндегі шырын мен әр түрлі қос жарнақты өсімдіктердің гүл нектары. Дәннің сұр көбелегінің өсімталдығы оның имаго алдындағы фазаларының даму жағдайлары мен көбелектің қоректенуіне байланысы 100 жұмыртқадан 2500 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады.

Көбелектің жұмыртқаларын 12-15 топтап, масақтың гүл қауызына немесе жатынға салады. Эмбрионалдық даму ауа температурасына байланысты 5-15 күнге созылады. Жаңа ұрпақтың жұлдызқұрттары шілденің II-онкүндігінде жаппай шыға бастайды да, тамыздың басында түгел шығып болады. Жұлдызқұрттар VIII-жасқа дейін дамып 7 рет түлейді.

Дәннің сұр көбелегінің жұлдызқұрттары бидайдың, қара бидайдың, арпаның дәндерін сонымен қатар қылтықсыз арпабастың, еркекшөптің, борықсыз бидайдың тұқымдарын, кейде жүгерінің жапырағын, гүл шашағын және собығын кеміріп зақымдайды. Олар өскен сайын, әсіресе V-жастан бастап қомағай келеді. I- жастан VII- жасқа дейінгі даму кезінде әрбір жұлдызқұрт орта есеппен 500 мг астық дәнін жейді. VIII- жастағы жұлдызқұрт онан әрі аңызда қоректене отырып қысқы ұйқыға кеткенше, 1330 мг дән жейді. Сөйтіп әрбір жұлдызқұрт қысқы ұйқыға кеткенге дейінгі даму кезеңінде 2 грамға жуық астық дәнін жояды.

Дәннің сұр көбелегінің зияндылық дәрежесінің жоғары не төмен болуы жұлдызқұрттың сан мөлшеріне, олардың қоректену ұзақтығына, астық пісіп келе жатқан кездегі ауа райы жағдайына және тағы басқа факторларға байланысты.

Жұлдызқұрттың сан мөлшері кеш себілген егінмен салыстырғанда, ерте себілген егінге жоғары болады. астықтың пісуі жақындаған кезде ауа райы құрғақ болса, өнім шығыны зиянкестің сан мөлшеріне байланыссыз, ерте себілген егінде аз болады (кеш себілген егінмен салыстырғанда). Себебі ерте егілген егінде бидай дәні тез пісіп қатаяды да, жұлдызқұрттың қоректену жағдайы қиындайды. Олар ылғалдылығы 20% асатын дәндермен ғана қоректене алады. Жаздың екінші жартысы мен күз жауын-шашынды салқын болса, онда жұлдызқұрттың ұзағырақ қоректенуіне мүмкіндік туады да, өнімді олардан келетін шығыны арта түседі.

Дәннің сұр көбелегі оқтын-оқтын жаппай өсіп-өніп көбейіп тұрады. Оның табиғи жауларының ішінде Meniscus agnatus Grau, Rogas dimidiatus Spin деп аталатын шаншарлар мен Tachinae деп аталатын кірпі шыбынының маңызы өте зор. Зиянкесті құртуда вирус гранулезі деп аталатын ауруы да маңызды роль атқарады. Зиянкесті жаппай өсіп-өнуі көбеюінің соңғы кезеңінде жұлдызқұрттардың 85-90% жуығы осы аурудан қырылып қалады.

Астықтың сүлікше қоңызы – Lema melanopus L. Қатты қанаттылар отрядының жапырақ жемірлері тұқымдасына жатады.

Қоңыздардың ұзындығы 4-6 мм. Жалпы түсі жасылдау көк, алдыңғы арқасының алдыңғы бунағы мен аяқтары сарғылт қызыл. Жұмыртқасы сопақша, янтарь түстес, сары. Дернәсілі ақшыл сары, денесінің орта бөлігі дөңестеу, үстін тұтасыменқара-қоңыр шырыш жауып тұрады.

Сүлікше қоңыздың ұрпағы бір жылдық. Ересек қоңыз фазасында жер бетіне таяу топырақ арсында қыстап шығады. Жұмыртқаларын жапырақ бетіне 3-4 данадан тізіп немесе жекелеп салады.Олар көбінесе жұмсақ жас жапырақтарды кеміріп жейді. Зақымданған жапырақтардың бетінде сопақша тесіктер пайда болады. стықтың жолақ бүргесі – Phyllotreta vittula Redt. Қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядының жапырақ жемірлері (Chrusomelidae) тұқымдасына жатады. Қоңыздың ұзындағы 2 мм шамасындай, сопақша келген денесі дөңестеу, жалпы түсі қара, басы және арқасының алдыңғы жағы жасылдау немесе көгілдір реңді металдай жылтыр. Үстіңгі қанаттарында ұзын салалы сары жолақтар бар; сирақтарының түп бөлігі қызғылт-қоңыр, артқы сандары жуан, жақсы секіреді. Жұмыртқасы ақшыл-сары, ұзындығы 0,5 мм. Дернәсілінің түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, ұзындығы 3,5 мм-ге дейін. Қуыршағы дернәсіліне қарағанда күңгірттеу болады.

Бүрге қоңыздардың басқа түрлері сияқты мұның да ұрпағы бір жылдық. Қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Кейде жердің жарықтарына немесе 5 см тереңдікке дейінгі топырақ арасына кіріп жатады. Жаздың екінші жартысы жауын-шашынды болып, егіс далаларында өсетін астық тұқымдас өсімдіктер ұзақ уақыт бойы жасыл түсін жоймай тұрса, онда қоңыздар ешқайда кетпей, сол егін далаларында қыстап қалады. Керісінше құрғақ жылдары жаздың екінші жартысында қоңыздар орман алқаптарына, сай-жыраларға, көпжылдық астық тұқымдас өсімдіктердің егісіне ұшып барып, сонда жете қоректеніп қыстап шығады.

Өсімдіктерді негізінен қыстап шыққан қоңыздар зақымдайды. Олар жапырақтың үстіңгі бетінің паренхимасын кеміріп, сонымен қоректенеді. Осының нәтижесінде зақымданған жапырақ бетінде ұзыншалау ұсақ тесіктер пайда болады.

Бүргелер қатты зақымдаған егін сиреп қалады. Оның көктерінің өсуі кешеуілдейді және нашар түптенеді. өсімдіктердің көзге көрінердей болып әлсіреуі олардың жапырақ беттері 50 пайызға дейін зақымданғанда ғана байқалады.

Астықтың жолақ бүргесінің зақымдауы өсімдіктің көктеуінен бастап оның үшінші жапырағы шыққанға дейінгі кезеңде өте қауіпті. Сондықтан бүргелердің зияндылық дәрежесі астықты себу мерзімдеріне тікелей байланысты. Солтүстік облыстарда ерте себілген егіндер көбірек зақымдалады. Ал кешігіп себілген егіндерде олардың көктері шыққанша қоңыздар қоректенуінін тоқтатып, жұмыртқалауға кіріседі.

Италиялық шегіртке – Caliptamus italicus L. Тура қанаттылар (Orthoptera) отрядының нағыз шегірткелер (Acarididae) тұқымдасына жатады.

Артқы аяқтары секіріп жүруге бейімделген, алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда қалың, жарғақ терілі және еңсіз жіңішке, мұртшалары қысқа – денесінің ұзындығының жартысына жетпейді, табандары үш буынды, ұрғашы шегірткенің жұмыртқа салғыш қынабы 4 жармалы болады.

Шегірткенің түсі ашық-қоңырдан қара қоңырға дейін өзгереді. Алдыңғы кеуде сақинасындағы аяқтарының аралығында конус пішінді қосалқы болады. ұрғашылардың ұзындығы 24,5-40 мм, еркектері 14,5-23 мм болады.

Италиялық шегірткенің дернәсілдері мамыр айының екінші жартысында шығып, дамуы 40-45 күнге созылады. Осы мерзім ішінде дернәсілдері 5 рет түлейді. Ересек шегірткелер толық қанаттанғаннан кейін 10-15 күн өткен соң жұмыртқалай бастайды. Олар күбіршелерін өсімдігі селдір, топырағы тығыз тапталған учаскелерге, сонымен қатар құмдауыт, тіпті сусыма құмды жерлерге де сала береді.

Әр ұрғашы шегіртке өз өмірінде 2-3 күбірше салады. Әрбір күбіршеде 4 қатарға орналасқан 30-40 жұмыртқа салады.

Кәдімгі астық бітесі - Aphidoidea.Тең қанатты насекомдар отрядының бітелер отряд тармағына жатады. Қанатсыз «негіз салушы» ұрғашы бітенің ұзындығы 2,7-2,9 мм, түсі жасыл, мұртшалары 6 буынды, шырын түтікшесі құйрықшасынан ұзынырақ, жұмыртқасы сопақша, алғашында ақшыл жасыл

болады да 2-3 күн өткен соң қараяды.

Астық бітелері жұмыртқа күйінде көп жылдық астық тұқымдас өсімдіктердің немесе күздік бидайдың жапырағы мен сабағында қыстайды. Олар жаз бойы партеногенез (ұрықтанбай көбею) жолымен өсіп-өніп, күзге дейін солтүстікте 8, оңтүстікте 15 ұрпаққа дейін береді.

Кәдімгі астық бітесі өсімдіктің ең жоғарғы жапырағында (масақтанған кезде масақта) колония құрып (шоғырланып) тіршілік етеді.

 

3.2.2 Жаздық бидай ауруларының таралуы

 

Қазақстанның оңтүстік шығысында жаздық бидай көптеген ауруларға шалдығады. Оларгельминтоспориоз, тамыр шіріктері,сабақ таттары, ақ ұнтақ, септориоз аурулары кездеседі.

Ескелді ауданының шаруашылықтарында жаздық бидай егістігінде маршруттық тексеру, өсімдіктің әр түрлі даму фазалары бойынша вегетациялық кезеңде жүргізілді.

Егістіктің диоганал бойымен 10 жерден 10 өсімдікке есеп жүргізіліп, аурудың негізгі белгілері бойынша әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, оның залалдануы анықталды.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінің көрсеткіші бойынша жаздық бидайда келесі аурулардың түрлері таралды: гельминтоспориоз тамыр шірігі, сары таты, септориоз, ақ ұнтақ,. Аурулардың белгілерін суреттерден көруге болады.

Тамыр шірігі тәжірибелік танаптарда 18% таралды. Оның ішінде Helmіnthosporіum satіvum – саңырауқұлағы. Жаздық бидайдың тамыр жүйесі

залалданды.

Залалданған өскіндердің колеоптиль ұлпасында түсі сары немесе ашық-қоңыр сызықтар мен созылған дақтар пайда болады. Сонымен қатар өсімдік тамырлары мен жер асты буынаралықтары залалданады. Дақтар өсе келе сабақты орап, ұлпалары шіріп, залалданған бөліктен иіліп сынады.

Өсімдік түптене бастағанда жер асты буынаралықта бойлаған қоңыр

дақтар пайда болады. Саңырауқұлақ 20-27'C температура мен ылғалды ортада жақсы дамиды. Инфекция қоры – тұқым мен топырақ.

Тамыр шірігі Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтар да қоздырады. Бұл жағдайда жер асты буынаралықтары мен қосымша тамырлары алғаш қызарып, кейін қоңырланып, ыдырайды. Ылғалды ауа-райында саңырауқұлақ конидияларынан тұратын қызыл-сары көпшікшелер түзіледі. Саңырауқұлақ 20-22'C температура мен 40% топырақ ылғалдылығында жақсы дамиды.

Ескелді ауданының шаруашылықтарын тексеру барысында гельминтоспориоз ауруының таралуы бойынша Көкжазық 5% құрды, Қаратал – 6% болды, ал Ескелді шаруашылық қожалығының егісінде –18% жетті (6 сурет).

 

 

Сурет 6. Гельминтоспориоз ауруының шаруашылықтарда таралуы

 

Кесел белгісі тұқымның өну, өскін, түтіктену және гүлдеу кезеңдерінде білінеді. Қоздырғыш өсімдіктің негізгі және қосымша тамырларын, жер асты буынаралықтарын, сабақ негізін залалдайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің тамырлары мен сабақтарының төменгі бөліктері қоңырланады.

Кесел көбінесе теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктегі құрғақ, тығыз топырақта шоғырланып кездеседі. Залалданған өсімдіктер аса түптеніп, көптеген сабақ (5-50 дана) түзеді. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің биіктігі сауларынан 2-4 есе аласа болады. Залалданған масақтар тығыздау, сәл қысқалау, иректеліп орналасады.

Гельминтоспориоз ауруының таралуына бірнеше шаруашылықтар бойынша бірнеше аудандарда тексеру жүргізілді (сурет 6).

Ескелді би ауданында2014 жылы жаздық бидайдыңбірнеше ауруларыкездесті.Тексеру нәтижелері 4 кестедекөрсетілген.

Кестеде көрсетілгендей үстіміздегі жылы жаздық бидайда бірнеше аурулар кездесті. Оларды тексеру кезінде аурулардың сыртқы белгілері бойынша және фитопатологиялық талдау жасап, морфологиялық ерекшеліктерін зерттеп, түр құрамын анықтадық.

 

кесте4

Жаздық бидайда таралған аурулар (Ескелді би ауданы, 2014 ж.)

 

Ауру Қоздырғыш Залалданатын мүшесі Залал-дану, %
Тамыр шірігі Hetmіnthosporіum satіvum 1-2 қатардағы тамыр-лар, сабақтың төменгі бөлігі  
Сары тат Puccіrіa strіformіs Жапырақ, масақ қаптары 10,0
Ақ ұнтақ Erysіphe gramіnіs Жапырақ, сабақ, масақ қаптары 12,0
Септориоз Septorіa nodorum Жапырақ, сабақ, масақ қаптары 9,0

 

Бидайдың ауруларымен залалдануы 9-15% құрды. Аса көп таралғаны тамыр шірігі (15,0%), септориоз, сары тат, ақ ұнтақ - 9,0-12,0% сәйкес деп білеміз.Тәжірибелік танаптарда үстіміздегі жылдың жағдайында сары тат 10% таралды. Оның қоздырғышы Puccіnіa strіformіs West. саңырауқұлағы (сурет 7).

Бидайдың сабағы, жапырағы, жапырақ қынабы, масақ қабығы, қылтанағы, дәндері залалданып, сары бөртпелер ретпен қатарласып түзілді. Осы бөртпелерден урединиоспоралар жел, ауа ағыны арқылы таралып басқа бидай егістігін залалдайды.

 

 

 

Сурет 7.Puccіnіa strіformіs.

 

Вегетациялық кезеңде урединиоспоралардың бірнеше ұрпағы түзіледі. Урединиоспоралардың көлемі 18-32 х 14 х 25 мкм шар немесе сопақша пішінді, бірклеткалы. Қолайлы жылдары сары тат эпифитотии туғызады. Бұл ауру көбінесе тау бөктерінде орналасқан егісте кездеседі.Ғалымдардың зерттеулері бойынша сары тат жіпшумағы күздік бидай жапырағында немесе астық тұқымдас арамшөпте қыстайды.







Date: 2015-09-20; view: 3159; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.028 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию