Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Арнайы бөлім 3 page
Жаздық бидай егістіне егістік қалуен, шырмауық, жатаған бидайық т.б. атпа тамырлы, тамырсабақты көпжылдық арамшөптер, ал біржылдық түрлерінен қара сұлы, жасыл және көкшіл-сұр итқонақ, құс тарысы т.б. үлкен зиян келтіреді. Егістік арамшөптермен шамалы ластанғанда астық шығыны 5-7%, ал күшті ластанғанда - 20-30% дейін жетеді. Нақты шаруашылықтарда агротехникалық және химиялық қорғау шараларын ұйымдастырғанда танаптардың арамшөптермен ластану карталары жасалады, оларды дастану дәрежесі мен арамшөптердің түр құрамы анықталады. Ластанудың үш дәрежесі -әлсіз, орташа және күшті-ажыратылады. Егістіктің бір шаршы метр алаңында әлсіз ластанғанда тұқым саны (жыртылатын топырақ қабатында) 10 аспайды, 20 аз жылдық және 1 көпжылдық арамшөп өсімдігі болады, орташа ласстанғанда тиісінше - 10-50; 10-70 және 1-3, ал күшті ластанғанда - 50-70 және 3-тен артық. Еліміздің шаруашылықтарында жаздық бидай егістігінде танаптарды арамшөптерден тазарту жолында арнаулы шаралар жүйесі қолданылады және олар арамшөптердің жаңа тұқымдары мен вегетативтік ұрықтарының таралып кетпеуін де қарастырады. Арамшөптерді құртып басу негізінен химиялық қорғау шараларын қолдану жолымен іске асады. Әрбір шаршы метр егістік алаңында 2 және одан да көп қалуен, 15 қара сұлы, 75 итқонақ және 20-30 басқа азжылдық арамшөп өсімдіктері болғанда гербицидтер қолданылады. Көктегенге дейінгі тырмалау – арамшөп жіпшелеріне қарсы күрес және жауыннан кейін пайда болған топырақ қабыршағын қопсытуды көздейді. Арамшөптер тамырланбаған өскіндер кезеңінде, ал бидай өскіндері топырақ бетінен 3-4 см төмен жатуы қажет (себуден 4-5 тәуліктен соң). Тырмалау жеңіл немесе орташа тырмалармен жүргізіледі. Егін көгі кезеңіндегі тырмалауды тұқым терең сіңірілгенде егін көгі жиі болғанда, жақсы тамырланғанда, өсімдіктердің өсуі қарқынды жүргенде және топырақта ылғал болғанда жүргізеді. Тырмалауды түптену кезеңінде жүргізген дұрысырақ. Жаздық бидайдың егістігінде өсіп-даму кезеңдерінде арамшөптерді құртып басу негізінен химиялық қорғау шараларымен іске асырылады. Егістік қара сұлымен қатты ластанғанда, арамшөптердің 3-4 жапырақ кезеңінде егістік топик 080, к.э. (0,4-0,5л/га) гербицидімен бүркіледі, ал онымен орташа деңгейде және басқа біржылдық астық тұқымдас арамшөптер (құс тарысы, көкшіл, жасыл итқонақ) ластанғанда бидайдың түптену кезеңінде Пума супер 7,5% э.м.с. (0,8-1,2 кг/га) немесе Пума супер 100, 10% к.э. (0,6-0,9 л/га) гербицидімен бүрку жақсы нәтиже береді. Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптерді (ала бота, қалуен, шырмауық т.б.) диален супер 480, с.е. (0,5-0,7 л/га) немесе зенкор комби, 73,6 % с.п. (0,4л/га) құртады, ларен 60% с.п. (8-10 г/га) да тиімді гербицид. Аталған гербицидтермен бидайдың түптену кезеңінде кезкелген бүріккіштердің бірімен егістікті бүркуге болады. Ауруларға қарсы күрес. Қазақстанның көптеген аудандарында жаздық жұмсақ бидайдың кең тараған ауруларына тамыр шірігі, гельминтоспориоз, қара күйе, септориоз, тат т.б. жатады. Оларға қарсы күрес кешенді түрде егістіктің фитосанитарлық және химиялық шараларды қарастырады. Агротехникалық шаралар негізінен себуге дейін, ал химиялық-себуге дейін және себілгеннен кейін жүргізіледі. Жоғарыда себуге дейінгі шаралар қарастырылған. Жаздық бидай егістігінде химиялық қорғауды аурудың даму ерекшеліктерін ескере отырып жүргізеді. Ол үшін әрбір танапта 20орыннан кем дегенде 10 өсімдіктен алып талдайды. Егер түптену-түтіктенудің басы кезеңінде бір сабаққа 0,5 және одан да көп тот пустуласы, ал қоңыр тоттың жапырақта 1-2 пустуласы болса егістік бірден химиялық жолмен өңделеді. Екінші өңдеу жұмысы біріншіден кейін 6-10 күннен соң жүргізіледі. Септориозға қарсы химиялық өңдеудің қажеттігі зияндылық экономикалық шегімен анықталады, ал ол өсімдіктің кем дегенде 5% зақымданған бөлігін құрастырады. Қара күйе, тамыр шірігі аурулары тұқымды дәрілегенде жақсы басылады, ол жөнінде жазылған. Жаздық бидайдың гүлдену кезеңіне дейін қауіпті ауру түрлері байқалғанда мынадай фунгицидтерді қолдануға болады: қоңыр тат, септориозға қарсы Альто супер 330, к.э. (0,4-0,5 л/га); гельминтоспориозға қарсы Агат 25 к.т.п.с. (10,0 мл/га); ақұнтақ (мучнистая роса), қоңыр тат, гельминтоспориоздық теңбілдікке қарсы фалькон 46%, к.э. (0,4-0,6 л/га), фоликур ВТ, 22,5 %, к.э. (0,5-0,7 л/га), рекс, 12,5% к.с. (0,5-0,8 л/га) препараттарының бірімен өңделеді. Зиянкестерге қарсы күрес. Қазақстанның солтүстігінде жаздық жұмсақ бидай өсімдіктері мен өніміне жолақ астық бүргесі, сабақ бүргесі, бидай трипсі, сұр астық көбелегі, табынсыз крест шегірткесі т.б. көп таралған зиянкестер айтарлықтай зиян келтіреді. Аталған зиянкестерге қарсы тиімді күрес жолдарының бірі жаздық бидай егістігінде химиялық қорғау тәсілін қолдану болып табылады. Бұл тәсіл егістікте зиянкестер саны экономикалық зиянды шекке жеткенде тиімді: жолақты астық бүргесі- бір шаршы метрде қуаңшылықты жылдары 300-400 және ылғалды жылдары 500-600 дана болғанда; сабақ бүргесі көктеу мен түптену кезеңінде сачоктың 10 сермелуіне 20-30 дана; бидай бүргесі сачоктың 20 сермеуіне 600, немесе бидай сабағының өсуі мен жапырақ жалауының пайда болу кезеңінде бір сабаққа 8-10 данасы болғанда; сұр астық көбелегі – дәннің сүттене – балауызданып пісу кезеңдерінде 100 масаққа қалыпты жылдары 20 және ылғалды - 10 жұлдыз құрт болғанда; табынсыз крест шегірткесі балапан құрттары жаппай туғанда химиялық шаралар қолданылады. Бидай көгін жолақты астық бүргесінен, сабақ бүргесінен гессен шыбыны ж.б. сақтау үшін олардың саны экономикалық зиянды шекке жеткенде конфидор, 20% с.к. (0,06-0,1 л/га), Арриво, 25%к.э. (0,2 л/га) немесе биологиялық БИ-58, 40% к.э. (1,5 л/га) препараттарының бірімен өңдейді. Бидайдың түптену–түтікке шығу кезеңінде табынсыз крест шегірткелеріне қарсы егістікті сумитион, 50% к.э. (0,8-1,8 л/га) немесе конфидор 20% с.к. (0,07 л/га), ал бидай трипсі, цикадкалар ж.б. залалдану қаупі туындағанда каратэ 050, к.э. (0,2 л/га) ж.б. препараттармен өңделеді. Жаздық бидай дәнінің сүттене пісу-толысу кезеңінде сұр астық көбелегінің жұлдыз құрттарына (гусеницаларына) қарсы сумитион, 50% к.э. (0,6-1,0 л/га) немесе каратэ 050, к.э. (0,15 л/га) препараттарымен егістікті өңдеу қажет. Жаздық бидай егістігін арамшөптерден, аурулар мен зиянкестерден сақтауда химикаттармен өңдеу үшін кіші авиация, жер үсті бүріккіштері қолданылады. Көптеген жағдайларда егістікті авиациямен өңдегенде жұмысшы ерітіндінің шығыны 25-50 л/га, ал жер үсті бүріккіштерінде -100-300 л/га. Пестицидтермен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласында қолдануға рұқсат етілген арамшөптерге, аурулармен зиянкестерге қарсы пайдаланылатын химиялық құралдардың тізімінде бекітілген енгізу уақыты мен мөлшерін орындау шарт. Қоршаған ортаның экологиялық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатымен химиялық өңдеу жұмыстарын жел жылдамдығы 4 м/сек. аспайтын жағдайда жүргізілуі тиіс. Бір алаңды қайта өңдеу, жұмысшы ерітіндінің көрші егістікке, ағашты алқапқа шашырауына үзілді- кесілді тиым салынады. Орман жолақтары мен жоғары вольтты электр желілері өтетін егістікті жер үсті бүріккіш құралдарымен өңдеген дұрыс. Әдетте, егістікте химиялық өңдеу жұмыстарын таңертеңгі және кешкі сағаттарда жүргізеді, бұл уақыттарда ауа- райы айтарлықтай тымық және температура төмен болады да химикаттардың тиімділігі артады[98].
3. 2 Ғылыми зерттеу әдістемелері Тамыр жүйесінің тамыр шірігімен залалдану дәрежесін анықтауда халықаралық және ТМД елдерінің белгілі зерттеу әдістері мен шкалалары қолданылады. Фитопатология және микологияның белгілі әдістерін қолдана отырып, аурудың таралуы мен дамуы анықталды. Аурудың даму динамикасы солтүстік, шығыс, және оңтүстік шығыс Қазақстан облыстарының егістерінде өсімдіктің негізгі өсу кезеңдерінде, түптену және балауызданып пісу кезеңдерінде тексеріледі. Тамыр шірігін бидайдың түптену және дәнінің толық пісу кезеңінде 200-300 өсімдіктен 50 өсімдіктен 4-6 қайталанудан алып тексеріледі, ал жапырақ – сабақ ауруларында 50-100 өсімдіктен сүттеніп – пісу кезеңінде анықталады: 0 балл - сау өсімдік; 1 балл - сабақ негізінде және оның жер асты бөлігінде қоңырқай жіңішке жолақтар; 2 балл - сабақ негізінде және оның жер асты бөлігінде қоңыр жолақтар оның біраз бөлігін шарпыған; 3 балл - сабақ және жер асты буынаралықтардың көп бөлігі қара-қоңыр түске енген; 4 балл - ауру сабақ және жер асты буынаралықтарды толық жайлайды, өсімдік жойылады. Аурудың таралуы және залалдану пайызы мына формуламен есептеледі:
P= n x 100/N (1) Мұндағы P = аурудың таралуы (%); N – есепке алынған өсімдіктердің жалпы саны; n- ауруға шалдыққан өсімдік саны;
Аурудың дамуы және залалдану дәрежесі төмендегі формуламен анықталады:
R= ab x 100/A x K (2) Мұндағы: R – аурудың дамуы (%); A –залалдану белгілері бірдей өсімдік саны; b- сәйкес залалдану балы; A – есепке алынған өсімдік саны; K- ең жоғарғы балл. Тамыр шірігінің зияндылығын анықтау үшін алынған үлгілерді сау өсімдік, әлсіз орташа және қатты залалданған деп топтастырылады. Әр топқа биометриялық көрсеткіштері мен өнім бойынша талдау жасалады, түптенуі, масақтағы дән саны мен 1000 дәннің салмағы анықтаталады. 50 сау және ауруға шалдыққан өсімдіктен алынған өнімді салыстыру арқылы аурудың зияндылығын төмендегі формуламен есептеледі:
В = (A - a) x 100/A (3) Мұндағы; B – аурудың зияндылығы,%; А – сау өсімдіктің өнімі; А- ауру өсімдіктің өнімі;
Аурудың таралуы және зияндылық коэффициенті арқылы өнімнің түсімділігін шамамен мына формуламен анықталады:
П = a x K/100 (4) Мұндағы: П – өнім түсімділігі,%; а- ауру өсімдіктің пайызы; К –зияндылық коэффициенті.
Аурудың таралуы аз немесе аурудан сақтау мақсатында өсімдіктің гельминтоспориозды ауруға шалдығу зияндылығын, одан алынған өнім мен құрылымын бақылау нұсқасынан алынған көрсеткіштермен салыстыру нәтижесінде анықталады. Жаздық бидай тұқымын өңдейтін препараттардың тиімділігін өндірістік және танаптық тәжірибелер салу арқылы анықталады. Мөлдектің өлшемі 25- 50 м 2, төрт қайталаудан тұрады. Тұқымның себу мөлшері 3,0 -5,5 млн.дана /га. Тұқымды себу СН -1.6 сепкішімен зерттеу аймағын байланысты 3-4 см –ден 5-7 см тереңдікке дейін себіледі. Тұқымның зертханалық өнгіштігі мен зеңденуін Петри табақшасына 4 қайталауда 100 дәннен салу арқылы анықталады. Танаптық өнгіштікті немесе өскіннің жиілігін өсімдіктің санына сәйкес 0,25 – 0, м 2 алаңына 8 қайталауда анықталады. Танаптық тәжірибелер салу үшін жаздық бидайдың тұқымын полиэтиленді дорбашаларда 3 -5 минут сілку арқылы, ал өндірістік тәжірибеде «ПС – 10» құралымен дәріленеді, судың шығынн мөлшері 8-10 л/т құрайды. Тұқымның келесі көрсеткіштері анықталды: 1. Тұқымның зертханалық өнгіштігі мен зеңденуі, %; 2. Өскіннің жиілігі, дана/ м 2 3. Өсімдіктің түптену және толық пісу кезеңдерінде тамыр шірігімен залалдануы, %; 4. Мөлтектегі өнім, кг; 5. Биометриялық және құрылымдық талдау (түптену коэффициенті, сабақтың биіктігі, масақтағы дән саны); 6. 50 өсімдіктен алынған дәннің және 1000 дән салмағы, гр; Күздік және жаздық бидайың гельминтоспориозды инфекциялық ауруына қарсы фунгицидтердің тиімділігін бағалау үшін, танаптық тәжірибе салынады. Мөлтектің өлшемі 20 м 2, төрт қайталаудан тұрады. Егісті фунгицидпен баптауды дақылдың масақтану кезеңінде немесе аурудың алғашқы белгілері пайда бола бастаған кезінде ОП – 12 шашыратқышымен жүргізеді, судың шығымдылығы 200 -300 л/г мөлшерінде. Сонымен қатар, келесі бақылау мен зерттеулер жүргізіледі: 1. Өңдегенде дейінгі аурудың таралуы мен дамуы; 2. Өңдеуден 7, 10 және 30 тәуліктен кейін препараттың биологиялық тиімділігі; 3. Өнім жинау және құрылымдық талдау жүргізу (масақтың ұзындығы және дән саны мен 100 масақтағы және 1000 дәннің салмағы, дән ұрығының қараюы, %); Препараттардың биологиялық тиімділігі мына формуламен анықталады:
Б = (Р к – Р о) x 100 / Pк (5) Мұндағы, Б – биологиялық тиімділік, %; Р к – бақылау нұсқасындағы аурудың даму көрсеткіші; Р о – өңделген нұсқасындағы аурудың даму көрсеткіші; Препараттың шаруашылық тиімділігі (Хт) мына формуламен есептелінді.
Хт = (Уо - Ук) х 100 / Ук (6) Мұндағы, Ук – бақылаудағы бидай өнімі; Уо – өңделген нұсқадағы өнімі; Экономикалық тиімділікті (Эт) мына формуламен анықталды.
Эт = Сс.ө – Зх.з (7) Мұндағы, Сс.ө –сақталған өнімнің құны; Зх.з – өсімдік қорғаудың химиялық заттарының құны, егіс пен өнімді өңдеу: Өндірістік және танаптық тәжірибелер салуда және статистикалық өңдеуде Б.А. Доспехов әдісі қолданылды [99]. Зерттеу жұмыстары Алматы облысының таулы және тау етегінде орналасқан табиғи аймақтарда жүргізілді. Біріншісінің солтүстік-батыс бөлігін ұлан-байтақ шөлді-дала алып жатыр, ал оңтүстігі - Іле және Күнгей Алатаудың таулы жоталарымен шектелген. Облыс территориясының климаты мен топырағы вертикалды белдеулерге байланысты алуан түрлі келеді.
кесте 3 Гельминтоспориозды тамыр шірік ауруына қарсы тұқымды дәрілеудің тиімділігін бағалау үшін қойылған далалық тәжірибенің жобасы:
Тәжірибе нұсқаларында берілген тұқым дәрілеуіштер: 1. Бақылау (өңделмеген) 2. Витацит 1,5-2,0 с.к.- 10 л/т (эталон ретінде) 3. Винцит форте 1,0-1,2 с.к. – 10 л/т 4. Винцит эсктра0,5-0,75 с.к. – 10 л/т 5. Спектр 0,5л/т с.к. – 10 л/т
3.3 Зерттеу нәтижелері 3.3.1 Жаздық бидайдың зиянды организмдерінің түр құрамы
Ескелді би ауданы егістерін тексеру барысында аурулардың түр құрамы анықталды. Тамыр шірігі тәжірибелік танаптарда 18% таралды. Оның ішінде Helmіnthosporіum satіvum – саңырауқұлағы. Жаздық бидайдың тамыр жүйесі және собық негізі залалданды. Бұл аурумен бидай ерте залалданса, онда өскін 3-5% сирейді. Ондай өсімдіктің дамуы бір кезеңге кешігеді (сурет 1).
Сурет 1. Helmіnthosporіum satіvum. Бұл ауру қоздырғышы көптеген өсімдіктерді залалдайды, сонымен қатар үлкен зиян келтіреді. Тамыр шірігінің қоздырғыштары түрлі туыстарға жататын саңырауқұлақтар – Fusarium, Drechslera (син. Helminthosporium), Orhiobolus, Cercosporella және т.б. Қазақстанда тамыр шірігінің негізгі қоздырғышы Drechslera sorokiniana Sub. саңырауқұлағы (сурет 2).
Сурет 2. Зерттеу жүргізілген егіс алқабы.
Залалданған өскіндердің колеоптиль ұлпасында түсі сары немесе ашық-қоңыр сызықтар мен созылған дақтар пайда болады. Сонымен қатар өсімдік тамырлары мен жер асты буынаралықтары залалданады. Дақтар өсе келе сабақты орап, ұлпалары шіріп, залалданған бөліктен иіліп сынады. Өсімдік түптене бастағанда жер асты буынаралықта бойлаған қоңыр дақтар пайда болады. Саңырауқұлақ 20-27'C температура мен ылғалды ортада жақсы дамиды. Инфекция қоры – тұқым мен топырақ. Тамыр шірігі Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтар да қоздырады. Бұл жағдайда жер асты буынаралықтары мен қосымша тамырлары алғаш қызарып, кейін қоңырланып, ыдырайды. Ылғалды ауа-райында саңырауқұлақ конидияларынан тұратын қызыл-сары көпшікшелер түзіледі. Саңырауқұлақ 20-22'C температура мен 40% топырақ ылғалдылығында жақсы дамиды. Кесел белгісі тұқымның өну, өскін, түтіктену және гүлдеу кезеңдерінде білінеді. Қоздырғыш өсімдіктің негізгі және қосымша тамырларын, жер асты буынаралықтарын, сабақ негізін залалдайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің тамырлары мен сабақтарының төменгі бөліктері қоңырланады. Кесел көбінесе теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктегі құрғақ, тығыз топырақта шоғырланып кездеседі. Залалданған өсімдіктер аса түптеніп, көптеген сабақ (5-50 дана) түзеді. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің биіктігі сауларынан 2-4 есе аласа болады. Залалданған масақтар тығыздау, сәл қысқалау, иректеліп орналасады. Астықтың сызықты (сабақ) тат ауруының қоздырғышы – Puccinia graminis Pers.f.tritici Eriks. саңырауқұлағы. Паразит әр иелі, толық циклды дамиды. Аралық иесі – бөріқарақат және магония. Бөріқарақат жапырағының үстінде қоңыр дақ пайда болып, оның бетінде сары-қоңыр түсті спермагонийлер, ал дақтың астыңғы жағында түсі ақшыл-сары, диаметрі 2-5 мм цилиндр немесе кесе тәрізді эциилер түзіледі. Эциоспоралар шар тәрізді, қабығы түссіз, ұсақ сүйелді, жоғарғы бөлігі қалыңдау. Бұл споралар дәнді дақылдардың сабағын залалдайды (сурет 3). Паразит әр иелі, толық циклды дамиды. Аралық иесі – бөріқарақат және магония. Бөріқарақат жапырағының үстінде қоңыр дақ пайда болып, оның бетінде сары-қоңыр түсті спермагонийлер, ал дақтың астыңғы жағында түсі ақшыл-сары, диаметрі 2-5 мм цилиндр немесе кесе тәрізді эциилер түзіледі.
Сурет 3. Сызықты (сабақ) тат.
Эциоспоралар шар тәрізді, қабығы түссіз, ұсақ сүйелді, жоғарғы бөлігі қалыңдау. Бұл споралар дәнді дақылдардың сабағын залалдайды. Залалданған бөлікте жергілікті жіпшумақ дамып, оның үстінде урединий мен урединиоспоралары түзіледі. Урединийлер қоңыр-қызыл түсті, пішіні сопақша (кейде 10 мм) көбінесе буын аралығында қатарласқан сызықшалар түрінде орналасады. Урединиоспоралары сопақтау, түсі сары-қоңыр, көлемі 26-40 х 11-13мкм, қабығы қоңырлау, қалың (1-3 мкм), беті тікенекті. Ол су тамшысы мен 3-30'С температура аралығында (қолайлы 20'C) өнеді. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ урединиоспоралардың бірнеше ұрпағын береді. Алғашқы бір урединиоспорадан миллиондаған споралар түзілуі мүмкін.. Залалданған бөлікте жергілікті жіпшумақ дамып, оның үстінде урединий мен урединиоспоралары түзіледі. Урединийлер қоңыр-қызыл түсті, пішіні сопақша (кейде 10 мм) көбінесе буын аралығында қатарласқан сызықшалар түрінде орналасады. Урединиоспоралары сопақтау, түсі сары-қоңыр, көлемі 26-40 х 11-13мкм, қабығы қоңырлау, қалың (1-3 мкм), беті тікенекті. Ол су тамшысы мен 3-30'С температура аралығында (қолайлы 20'C) өнеді. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ урединиоспоралардың бірнеше ұрпағын береді. Алғашқы бір урединиоспорадан миллиондаған споралар түзілуі мүмкін. Вегетация соңында урединийлердің орнында телиоспоралары мен телий бөртпелер пайда болады. Телиоспоралары ұзын сабақты, екі клеткалы, ұзынша шоқпар тірізді, көлемі 25-78 х 10-24 мкм. Жоғарғы бөлігі сопақтау, кейде тегіс, жуандау, қабығы жылтыр, түсі сары-қоңыр немесе қоңыр. Телиоспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде жетіліп 9-29'C температурада (қолайлы 18-22'C) және 95-100% ылғалдылықта өнеді. Пісіп жетілген телиоспоралар ылғалды ортада 3-4 сағатта базидия мен базидиоспораларға айналады. Базидиоспоралар бөріқарақат пен магнонияны залалдайды. Олардың жапырағында спермагоний мен эцийлер түзіледі. Бұл саңырауқұлақ көп жылдық дәнді арам шөптердің тамырында урединий жіпшесі түрінде қыстап, көктемде урединиоспоралар беруі мүмкін. Өсімдіктің сабағында, жапырағында, оның қынабында, масақша қабыршағында, мұртшаларында сопақтау қоңыр татты бөртпелер пайда болады. Септориоз ауруының қоздырғышы – Septoria graminum Desm. саңырауқұлағы (сурет 4).
Сурет 4. Септориоз.
Клетка аралығымен таралған жіпшумақта пикнидалар эпидермис астында түзіледі. Олардың пішіні шар тәрізді, сәл басылған, көтеріңкі саңылауы бар. Пикноспоралар жіп тәрізді, тік немесе сәл иілген, 2-3 перделі. Олар жаңбыр тамшысымен немесе ауа толқынымен таралып, су тамшысы мен 9-28'C температурада өнеді. Жаңбыр жиі жауған кезде ауру жақсы дамиды. Инкубациялық кезеңі – 6-9 күн. Пикнидалар өсімдік қалдықтарында сақталады. Бидай мен қара бидайдың өскіндерінде S.tritici Rob. et Desm. саңырауқұлағы кездеседі. Өсімдік сабағында ұзынша, сары түсті көптеген пикнидалы дақтар пайда болады. Ауру қатты дамығанда өсімдік сабағы қисайып, сынады. Date: 2015-09-20; view: 2948; Нарушение авторских прав |