Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Арнайы бөлім 2 page
Қар тоқтату - СВУ-2,6 немесе СВШ-10 қар тоқтатқыш құралдармен іске асырылады. Ол қар қабаты 12-15 см (қараша – желтоқсан) жеткенде басталады да желдің басым бағытына көлденең жүргізіледі. Егер танаптар еңкіш болса, қар жалдары негізгі қыратқа көлденең жасалады. Жалдардың ара қашықтығы төбесінен есептегенде 4-5 м аспағаны жөн. Қар тоқтатуда еңбек өнімділігін арттыру үшін агрегаттар 2-3 СВУ-2,6 қар тоқтатқыштан құрастырылады. Гидрокөтергішті СВШ-10 қар тоқтатқыштар бірден ара қашықтығы 4м екі қар жалдарын қалыптастырады. Күзде топырақтың 1м қабатындағы тиімді ылғал қоры 70-80мм болғанда, қыста 38-40 см, ал ылғал 30-40 мм болғанда – қыста қар қабатын 50-55 см дейін жеткізеді. Қар аз жылдары ол екі рет тоқтатылады, екінші рет қар жалдары алғашқыларының арасынан жасалады. Ерте көктемгі топырақ өңдеукүзгі кесек топырақты сүдігерде, жазық тілгішті технологиямен дайындалған сүрі жерлерде жүргізіледі және оның физикалық пісу кезеңінде басталады. Негізгі мақсаты –екпе дақылдар тұқымдарын біркелкі сіңіру үшін топырақ бетін тегістеу және қара сұлы тұқымын сіңіру. Тәжірибеде алғашқы көктемгі топырақ өңдеуі «ылғал жабумен» теңдестіреді. Бұл жұмысты жүргізуге творчестволықпен қарау керек: барлық сортаңдау топырақтарда, жаз аяғында немесе күзде терең қопсытудың нәтижесінде ірі топырақ кесектері пайда болған танаптарда ерте көктемгі топырақ өңдеу – қажетті агротехникалық шара. Ол үшін тісті тырмалармен топырақ 4-5 см тереңдікке өңделеді. Ықтырмалы сүрі танабында тырмалау ықтырма бағытымен жүргізіледі, өйткені тырмалардың бітісіп қалмауы және көктемгі қатты желден топырақ бетінің қорғалуы көзделеді. Тым ірі кесекті топырақ бетін тығыздағыштармен (каток) тығыздайды. Карбонатты оңтүстік қара топырағында бетін тегістеу қажеттігі болмаса және 10-12 см өңделген сүдігер де, сонымен қатар күзде ине тісті тырмалармен өңделген алқаптарда ерте көктемде тырмалауды жүргізудің керегі жоқ. Аралық культивация қара сұлы мен қатты залалданған және триаллат, немесе авадекс енгізілмеген танаптарда жүргізіледі. Культивация қара сұлының жаппай көгі пайда болғанда (1м2 алаңда 50 өсімдік болғанда) жасалады. Аралық культивациядан қорқудың қажеті жоқ, өйткені қара сұлының жиі көгі топырақты қопсытқаннан кем ылғал жұмсамайды. Жалғыз-ақ бұл жағдайда топырақты қосымша тығыздау қажет. Аралық культивация табанды КПС-4 культиваторымен жүргізіледі, СЗС-2,1 сепкішін және дискілі сыдыра жыртқыштарды да пайдалануға болады (соңынан тырмаланып тығыздалады). Қара сұлымен жоғары дәрежеде ластанған танаптарға триаллат немесе авадекс қолдануға болады. Оларды себуге дейінгі кезеңнің кезкелген уақытында топыраққа 3-5 см тереңдікке сіңіреді. Ең дұрысы мұны бір агрегатпен іске асырған дұрыс: бүріккіш штангасы тісті тырма немесе сыдыра жыртқыш рамасына бекітіледі. Сонымен гербицид енгізу аралық немесе себу алдындағы культивациялаумен қабыстырып жүргізіледі. Бір есте ұстайтын жайт, қара сұлыға қарсы гербицид енгізілетін танаптарда алғашқы көктемгі өңдеу жұмысын сыдыра жыртқыштармен жүргізген жақсы, өйткені аңыз паясы мен сабан қалдықтары топыраққа сіңіріледі. Бұл енгізілетін гербицидтің тиімділігін айтарлықтай арттырады. Себу алдындағы культивация екі мақсатты көздейді: жаздық бидай тұқымы ылғалды қабат пен тығыз орынға орналастырылады және арамшөп көгі құртылады. Ластану дәрежесі және олардың тамырлануына қарай қара сұлыға қарсы дискілі сыдыра жыртқыштар қолданылады, қалуенді жазықтілгішпен кеседі, ал жатаған бидайықты ауыр культиваторлармен тарап құртады. Себу алдындағы топырақ өңдеуді гербицидті өңдеумен алмастыруға да болады, бұл шара арамшөптерден тазартып қана қоймай, топырақтағы ылғал қорын да сақтауға жағдай жасайды. Себу алдындағы гербицидтік өңдеуді (раундап 36% с.е., 1,8-2,0 л/га) бидайдың кеш себілетін танаптарында себуден 7-8 тәулік бұрын жүргізген тиімді. Тыңайтқышқолдану. Тыңайтқыштар-өсімдіктердің қоректендіруін оңтайландыруды, топырақ құнарлығын, дақылдың өнімі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ететін маңызды фактор. Жаздық бидай астығының бір тоннасын қалыптастыруға орта есеппен 35-45 кг азот (N), 8-12 кг фосфор (Р2О5) және 17-27 кг калий (К2О) қажет. Топырақтан қоректік заттарды жаздық бидай түптенуден дәннің сүттене пісу кезеңіне дейін барынша қарқынды сіңіреді. Алайда астық өніміне әсер ететін «қиын-қыстау» кезеңі – себу–түтікке шығу аралығы. Қазақстанның көпшілік аймақтарында, әсіресе орманды дала аймақтарында, жаздық бидай үшін тиімді тыңайтқыштардың бірі – фосфор тыңайтқышы. Негізгі астықты өңір Солтүстік Қазақстанда сүрі танабына енгізілген (Р2О5) әрбір киллограмы тура және соңғы әсерімен 10-12 кг-ға дейін қосымша жаздық жұмсақ бидай өнімін қамтамасыз етеді. Оның үстіне ол 5-6 тәулік ерте піседі, ал бұл дер кезінде егінді ысырапсыз жинап, жоғары сапалы астық алуға мүмкіндік береді. Сүрі танабы фосфор тыңайтқышын енгізетін ең жақсы орын болып есептеледі. Бұл оның жоғары ылғалдылығына, нитратты азотпен қамтамасыз етілуіне және арамшөптерден тазалығына байланысты. Фосфор тыңайтқышы енгізілгенде сүр танабының аталған артықшылықтары толық іске асады және жаздық бидайдың қосымша өнімі артады. Бұлар Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылыми мекемелерінің көп жылдар бойы жүргізген зерттеулерінде дәлелденген. Мәселен, Қостанай облысының оңтүстік қара топырақтарында жүргізілген біздің зерттеулеріміз фосфор тыңайтқышының жоғары тиімділігін көрсетті: сүрі танабына енгізілген 60кг Р2О5 бірінші жылдың өзінде жаздық жұмсақ бидайдан 3,4-3,6 ц/га қосымша астық өнімін берді (Қ.К.Әрінов, 1998); «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ–ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының ғалымдарының (Қ.М. Мұсынов, Б.К. Әрінов, 2008). Қарағанды облысының күңгірт қара-қоңыр топырақтарының сүрі танабында (2005-2007 жж.) жүргізген тәжірибелерінде орта есеппен үш жылда жаздық бидайдың тыңайтқыш енгізілген (Р60) танаптағы астық өнімі 18,7 ц/га, клейковина мөошері - 32,5%, натуралық массасы - 783 г/л, шынылығы - 70%-ға жетіп, тауарлық астықтың бірінші класс талаптарына сәйкес келсе, тыңайтқыш енгізілмеген (Р0) танапта бұл көрсеткіштер тиісінше - 14,2; 29,9; 774 және 61 ғана болды. Сүрі танабын дайындағанда әртүрлі себептермен (тыңайтқыш болмай қалғанда, кеш жеткізілгенде немесе қаржы қол байлау болғанда ж.б.) фосфор тыңайтқышы енгізілмегенде жаздық бидайды себерде қатарлап енгізілген Р20 да қосымша жоғары сапалы астық өнімін береді. Атап айтқанда, жоғарыда келтірілген жоғары оқу орнының Ақмола облысының «Исағали» ЖШС-де жүргізген зерттеулерінде (Қ.М.Мұсынов, Б.К.Әрінов, 2009) сүрі танабына Р20 мөлшерінде себумен қатар тыңайтқыш енгізілгенде Астана жаздық жұмсақ бидай сортының астық өнімі -15,9 ц/га, клейковинасы 37,0% болғанда, бақылау вариантында (Р0) астық өнімі 2,6 ц/га, ал дәндегі клейковина мөлшері 2,7%-ға төмен болды. Ғылыми деректерге қарағанда, таза сүр танабына енгізілген 60 кг/га Р2О5 қанша жиынтық қосымша өнім берсе, қатарынан үш жыл енгізілген 20кг/гаР2О5 сондай қосымша өнім береді. Сондықтан жаздық жұмсақ бидай өсірудің оңтайлы технологиясында тыңайтқыш енгізудің аталған екі тәсілі де бірдей деп қорытынды жасауға болады. Фосфор тыңайтқышын қатарлап енгізудің кемшіліктері де жоқ емес: қуаңшылық жылдары топыраққа енгізілген фосфор тыңайтқышы құрғақ қабатта қалып қояды да бидайдың жас өсімдіктері тиімді пайдалана алмайды, соның нәтижесінде астық өнімі төмендейді. Ауыспалы егіс көлеміне толық мөлшермен (60-80 кг/га ә.е.з.) негізгі тәсілмен енгізілген фосфор тыңайтқышының бірқатар артықшылықтары да бар: 4-5 жылда бір рет енгізіледі және соның нәтижесінде бірінші және одан кейінгі жылдары бидай өнімінің артуы қамтамасыз етіледі; қуаңшылықты жылдардың өзінде, тыңайтқыш топыраққа дұрыс сіңірілген болса, қосымша өнім алынады. Жаздық бидай өнімі мен сапасын арттыру жолында негізгі аймақтарда тыңайтқыш енгізудің мынадай шараларын орындаған дұрыс: 1га егістікке есептелген ауыспалы егістіктің бүкіл айналымына Р2О5 20-25 кг мөлшеріндесүрі танабына фосфор тыңайтқыштарын негізгі енгізу: - төмен және өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілгенде тыңайтқыштарды екі кезеңмен енгізген жөн- тыңайтқыштардың 2/3 бөлігін 14см және одан тереңірек сүр танабына, ал қалған бөлігін себу кезеңінде 10-12 кг ә.е.з. мөлшерінде, немесе барлық мөлшерін СЗС-2,1 сепкішімен (немесе оның модификацияларының бірімен) сүр танабына 10-12 см-ге сіңіру қажет; - орташа дәрежеде қамтамасыз етілгенде себу кезінде енгізу тиімсіз; барлық мөлшерін ГУН-4, КПП-2,2У құралдарының бірімен аралық немесе негізгі өңдеу кезінде сүр танабына 14 см енгізген дұрыс; - фосформен жақсы қамтамасыз етілген танаптарда фосфор тыңайтқышын өніммен шығындалатын мөлшерде енгізу керек; - топырақ фосформен жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенде —тыңайтқыш енгізудің қажеті жоқ. Фосфор тыңайтқыштарын енгізудің ең қолайлы мерзімі- жаздың соңы немесе сүрі танабын негізгі өңдеу алды, мұның өзі арамшөптердің тыңайтқышпен енгізілген қоректік заттарды босқа шығынға ұшыратпауға мүмкіндік береді. Барлық жағдайда төрт танапты ауыспалы егісте екінші дақылға азотты тыңайтқыш (30-45 кг/га ә.е.з.), бес танаптыда – үшінші дақылға азотты тыңайтқыштардың бірін (N30-60 кг/га мөлшерінде) себу алдында немесе себумен қатар енгізген абзал. Тыңайтқыштарды топырақ түріне, картограммаға сәйкес қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне, ауыспалы егістегі айналым ұзақтығына, ылғалмен қамтамасыз етілуіне, бағдарламаланған өнімге байланысты жоғарыда келтірілген талаптарға сай енгізіледі. Тұқымды себуге дайындау. Себуге өнімділік қасиеттері жоғары тұқымды пайдаланған жөн, әрі ондай тұқым сорттары мемлекеттік тізімнен себуге рұқсат етілген болуы тиіс. Тұқымды тазалау және себу кондициясына жеткізу күзде аяқталады. Көктемде себу алдында тұқымды құрғақ ауада қыздырады, дәрілейді және қажеттігіне қарай кейбір препараттармен өңдейді. Құрғақ ауада қыздыру тұқым сапасына оң әсерін тигізеді. Бұл өну энергиясы мен танаптық өнгіштікті арттырудың бір жолы. Құрғақ ауада қыздыруды күн көзінде 15-20оС-да жүргізген жақсы. Бұл жұмысты арнаулы белсенді желдеткіш құрылымдарында (15-20оС жылылықта) жүргізгенде ыңғайлы және тиімді. Тұқымды дәрілеу. Тұқымды саңырауқұлақ және бактериялық ауру қоздырғыштарынан залалсыздандыру үшін уақытында және сапалы дәрілеу (себуден 1-2 ай бұрын) қажет. Қазақстанда қара күйе, тамыр шірігі ж.б. ауруларға қарсы жүйелі әсері бар витавакс 200 фф 34%, ТМТД 80% (1,5-2,0 кг/т), витарос (2,0-2,5л/т), раксил 6% (0,4л/т), премис 2,5% (1,0-1,5л/т) ж.б. улы химикаттардың бірімен өңдеген тиімді. Дәрілеуді негізінен ылғалдандыру тәсілімен жүргізген дұрыс (10л су 1т тұқымға), бұл экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, әрі препарат тұқымға жақсы жабыстырылады. Дәрілеуді арнайы машиналарда (ПС-10ж.б.) және алаңдарда жүргізген абзал.Тозаңды қара күйеге қарсы термиялық залалсыздандыруды қолданады. Себу мерзімі. Жаздық бидайдың себу мерзімі аймақтың ерекшеліктерді ескере отырып анықталады, өйткені себу мерзімі алынатын астық өнімі мен сапасына айтарлықтай әсер ететін маңызды агротехникалық шаралардың бірі. Себу мерзімі, астық дақылдары дамуының физиологиялық ерекшеліктерімен және өнімділік мүшелерінің түзілу желісімен айқындалады. Климат, топырақ жағдайлары және дақылдың ауыспалы егістегі орнымен қатар себу мерзіміне нақты шаруашылықтың техникамен жарақтануына, оның өнімділігіне тікелей байланысты. Әдетте шаруашылықтарда оңтайлы себу мерзімін таңдап алу барлық факторлар арасындағы ымыра болып табылады. Қазақстанның өзіндік климат жағдайлары жаздық бидайдың оңтайлы себу мерзімін таңдауға ерекше амал талап етеді. Републиканың солтүстік аудандарында ерте көктемгі құрғақшылық қалыпты үрдіс, ол топырақтың беткі қабатын кептіріп жібереді, сирек егін көгін қалыптастырады, бидайдың тамырлану жағдайларын нашарлатады. Құрғақшылықтың бұл түрі түптенуді, түйін тамырлардың түзілуін және генеративті мүшелердің (органдардың) қалыптасуын тежейді. Аймақтың айтарлықтай ерекшелігіне жауын-шашынның әркелкі бөлінуі және барынша мол ылғал шілде мен тамыз айларына сәйкес келуі жатады. Бұл аймаққа тән жаздың екінші жартысындағы барынша жоғары мөлшердегі жауын-шашын өсірілетін дақылдардың сорттық құрамы мен өсіру технологиясына ерекше талап қояды. Сондықтан бұл аймақта жаздық бидайдың себу мерзімін анықтайтын басым белгілерге (критерий) мыналар жатады: - өсімдіктердің өсіп-дамуының қиын-қыстау кезеңдерінде қажетті ылғал мөлшерімен қамтамасыз ету; - дәннің толысуы мен пісу кезеңдерінде температура ережесін ескеру қажет. Орталық Қазақстанда жаз айларындағы аңызақтығымен қоса қатал атмосфераның және топырақ құрғақшылығы себепті мұнда жаздық бидайдың өсіп-дамуының алғашқы жартысында пәрменді тіршілік қызметін көрсететін сорттарын өсірген дұрыс, өйткені олар қысқы-көктемгі ылғал қорын жақсы пайдаланады. Бұл өңірде жаздық бидайдың себу мерзімін анықтайтын негізгі белгілерге жататындар: - танаптың ластану деңгейі; - өсіп-даму кезеңіндегі жауын-шашынның бөлінуі; - күзгі бозқыраумен жарақаттану қаупі; Ғылыми деректермен дәлелденгендей және озат шаруашылықтардың тәжірбиесі көрсеткендей, Солтүстік (Павлодар облысының 4-аймағынан басқа) және Орталық Қазақстанда жаздық бидайдың оңтайлы себу мерзімі 15-30 мамыр аралығы болып табылады. Оған дәлел, орта есеппен 25 жылда ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» АҚ-ның «А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің Ақмола облысында жүргізген тәжірибелерінде жаздық жұмсақ бидайдың астық өнімі себу мерзіміне байланысты мынадай болды: 5 мамырда - 13,3; 10 мамырда - 14,1; 15 мамырда - 15,2; 20 мамырда - 16,1; 25-мамырда – 15,7; 30 мамырда – 16,0 және 4 маусымда - 14,4 ц/га. Солтүстік Қазақстанның басқа облыстарында осындай заңдылық байқалды. Бір есте ұстайтын жәйт, орташа мерзімде пісетін сорттарды 19-20 мамырда себе бастаған дұрыс және 28 мамырға дейін аяқтаған жөн, ал ортадан кеш пісетін сорттарды 15-18 мамырда сеуіп бітіру керек. Қара сұлымен ластанған танаптарда жаздық бидай себуді 20 мамырдан кейін бастап, 25 мамырға дейін аяқтауды жоспарлаған дұрыс, бидайдың күзгі бозқыраумен зақымданбауы ескеріледі. Аймақта өсірілетін сорттардың пісу мерзіміне, көктемнің сипаты мен бір метр топырақ қабатындағы ылғал қоры, танаптың ластану деңгейіне, сонымен бірге шаруашылықтардың фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз етілуіне байланысты жаздық бидайдың төмендегідей себу мерзімі ұсынылады: - ерте құрғақшылықты көктемде орташа мерзімде пісетін сорттарды себуді 18 мамырдан ерте бастауға болмайды, ал көктем кеш әрі салқын болғанда тыңайтқыш енгізілген сүрі танабында құрғақ-далалы аймақта 23 мамырға дейін, құрғақшылықты аудандарда 21 мамырға дейін сеуіп бітіру қажет; тыңайтқыш енгізілмеген сүрі жерлерде бидай себуді 20 мамырға дейін аяқтайды. - ортадан кеш пісетін сорттарды орташа мерзімде пісетіндерге қарағанда 3-5 тәулік бұрын себе бастаған дұрыс; таза сүрі танабының ауданы шамалы болғанда, техникамен жақсы жарақтанғанда және жұмыс тыңғылықты ұйымдастырылғанда жаздық бидайдың мұндай сорттарының оңтайлы себу мерзімі – 20-22 мамыр; Орташа ылғалды жылдары жаздық жұмсақ бидайдың оңтайлы себу мерзімі: орташа мерзімді сорттар үшін – 15-25 мамыр, ортадан кеш пісетіндерге – 15-20 мамыр. Оңтайлы себу мерзімі шеңберінде ең әуелі ортадан кеш пісетін сорттарды ылғалы мол және арамшөптерден таза танаптарға, соңынан - орташа мерзімде пісетін сорттарды ылғал мөлшері төмен және арамшөптермен біршама ластанған танаптарға себеді. Павлодар облысының 4-аймағы үшін жаздық бидайдың оңтайлы себу мерзімі 10-20 мамыр аралығы. Батыс Қазақстанда және оңтүстік облыстарда жаздық бидайдың оңтайлы себу мерзімі 25 сәуір мен 10 мамыр аралығы. Бұл мерзімдер гүлдену және дәннің толысуы кезеңіндегі аңызақтардың теріс әсерін азайтады. Шығыс Қазақстан облысының таулы–далалы аймағында, көпжылдарғы зерттеулер көрсеткендей, жаздық бидайдың ең жақсы себу мерзімі- сәуір айының соңы (көктем ерте түскенде) және мамырдың бірінші онкүндігі (көктем кешігіп келгенде); облыстың құрғақ далалы аймағындағы оңтайлы себу мерзімі 15-25 мамыр; көктем ерте түскенде жаздық бидайды себуді 10 мамырдан, ал көктем кешіккенде 20 мамырдан бастауға болады. Себу тәсілі. Себу тәсілі астық өнімімен қатар өнімнің біркелкілігі мен оның сапасына да әсер етеді. Барынша жетілдірілген себу тәсіліне неғұрлым өсімдіктердің қоректену алаңы квадрат пішініне жақындау егістіктер жатады. Мұндай қоректену алаңы егістіктерде өсімдіктердің жарықты, қоректік заттарды, ылғалды пайдалануы жақсарады. Бұл талаптарға тарқатарлы, тоғыспалы және тоғыспалы-диагоналды тәсілдер сәйкес келеді. Алайда, Республикамыздың барлық аймақтарында жаппай қатардағы себу тәсілі қолданылады; аңыз паясы сақталған танаптарда СЗС-2,1 сепкіштері және оның модификацияларымен себу тәсілі кең тараған; паясыз алқаптарда СЗП-3,6 және СЗ-3,6 сепкіштерімен себілген егістік жақсы нәтиже береді. Барлық жағдайда да шетелдік осы заманғы кешенді тұқымсепкіштердің артықшылықтары бұл бағытта күдік тудырмайды. Себу мөлшері. Астық өнімінің мөлшері көп жағдайда бір өлшем егістіктегі өнімді масақтар санына байланысты өзгереді. Себу мөлшерін белгілегенде себілетін сорттың түптену деңгейі, танаптың ылғалмен қамтамасыз етілуі және арамшөптермен ластануы ескеріледі. Жаздық бидай арпа мен сұлыға қарағанда әлсіз түптенетіндіктен ол себу мөлшерін біршама арттыруды қажетсінеді. Құнарлы топырақтарда және жеткілікті ылғал қоры болғанда әрі арамшөптермен ластанған танаптарда себу мөлшерін арттырады, ал құрғақшылықты аудандарда - азайтады. Аймақтарға қарай жаздық бидайдың себу мөлшері 2,5-тен 4,5 млн/га өнгіш тұқым аралығында өзгереді: - кәдімгі қара топырақтарда - 3,5-4,5 млн/га өнгіш тұқым; - оңтүстік қара топырақтарда - 2,5-4,0 млн/га өнгіш тұқым; - қара қоңыр (каштановые) топырақтарда - 2,0-3,2 млн/га өнгіш тұқым. Себу тереңдігі. Жаппай егін көгін алуда және жаздық бидайдың біркелкі пісуіне тұқымның топыраққа сіңіру тереңдігі айтарлықтай рөл атқарады. Тұқымды тым терең немесе саяз сіңіруге болмайды. Бұл жағдайда егін нашар көктейді, жаздық жауын шашынның әсерінен қосымша егін көгі пайда болады, астық пісру дәрежесі әртүрлі дәндерден қалыптасады да сапасы төмен болады. Сондықтан тұқым ылғалды қабатқа сіңірілуге тиіс. Еліміздің көптеген аудандарында жаздық жұмсақ бидайдың қолайлы себу тереңдігі 5-8 см болып табылады. Тұқымның сіңіру тереңдігі оның сапасына, топырақ климат ерекшеліктеріне, нақты агротехникалық шараларға т.б. байланысты. Көктем салқын болғанда әрі жеңіл топырақтарда тұқымды саяз, ал құрғақ болғанда тереңірек сіңіреді. Сіңіру тереңдігі 8-10см жеткізілгенде егіннің көктеуі кешеуілдейді, далалық өнгіштік пен өнім төмендейді. Мұндай жағдайда себу мөлшері 10% арттырылады. Кезінде «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ–ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының күңгірт қара-қоңыр топырақтағы сүрі танабында жүргізген зерттеулерінде әртүрлі іріліктегі Саратовская 29 бидайы сіңіру тереңдіктерінен түрліше өзгерді. Ірі, орташа және ірі тұқымдарының орташамен қоспасы бірдей тереңдікке сіңірілгенде шамамен бір-біріне жақын өнім жиналды. Барынша жоғары далалық өнгіштікпен астық өнімі барлық тұқым фракцияларын 5 және 7,5 см сіңірілген алқаптан алынды. Көпжылдық тәжірибелермен өзіміздің экспериментальды деректерімізге сүйене отырып Қазақстанда нақты топырақ-климат жағдайына байланысты жаздық бидай тұқымының сіңіру терңдігі 5-6 см ден ылғалды жылдары 7-9 см дейін, қуаңшылықты жылдар өзгереді. Егістікті күтіп-баптау.Жаздық жұмсақ бидайды өсіру технологиясында егістікті күтіп-баптауға үлкен маңыз беріледі және оның негізгі буындарына арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары жатады. Арамшөптерге қарсы керес. Сүрі танабын тыңғылықты дайындағанда арамшөптерді құрту мәселесі ойдағыдай шешіледі де көптеген шаруашылықтарда жаздық бидай егістігі бұл бағытта қосымша шараларды қажетсінбейді. Бірақ та жылдар бойы қорланған арамшөп тұқымдары арнаулы күрес шараларын жүргізуге мәжбүр етеді. Date: 2015-09-20; view: 1180; Нарушение авторских прав |