Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дұрыс стратегиялық реттілік





6-1 суретінде көрсетілгендей, компанияларға өзінің көгілдір мұхит стратегиясын келесі реттілікте құру қажет: сатып алушы үшін пайдалылығы, баға, шығын және енгізу.

 

6-1 СУРЕТІ

Көгілдір мұхит стратегиясы: реттілігі

 

Сатып алушы үшін пайдалылығы  
Сіздің бизнес-идеяңыздың сатып алушы үшін айрықша пайдалылығы бар ма?  
Иә '    
     
Жоқ – тағы бір рет ойлану керек

 

Баға  
Сатып алушылардың негізгі бөлігіне сіздің ұсынған бағаңыз қажетінше қол жетімді ме?  
     
Иә  
     
Жоқ – тағы бір рет ойлану керек

 

Шығын  
Белгіленген стратегиялық бағамен пайда түсіру үшін, мақсатты шығынға қол жеткізе аласыз ба?  
Иә '  
1
Енгізу  
Сіздің бизнес-идеяларыңызды көкейкестілендіру барысында қандай кедергілер бөгет жасайды? Сіз оларды алдын-ала жоясыз ба?  
Иә  
 
     
Жоқ – тағы бір рет ойлану керек

Жоқ – тағы бір рет ойлану керек

 

Көгілдір мұхиттың коммерциялық тұрғыдан өмірге бейімді идеясы

Сатып алушы үшін барлығы пайдалылығынан басталады. Сіздің ұсынысыңызда айрықша пайдалылық бар ма? Адамдарда сіздің өніміңізді сатып алатындай сенімді себеп бар ма? Егер жоқ болса, бастауын содан алуға болатын көгілдір мұхит әлеуеті жоқ деген сөз. Мұндайда екі-ақ жол бар. Ойыңызды кейінге қалдырасыз, немесе осы сұрақтарға құптарлық жауап табылғанша, ойластыра бересіз.

Айрықша пайдалылық мәселесін шешіп алған соң, екінші кезеңге: дұрыс стратегиялық баға қоюға көшіңіз. Сұранысты қалыптастыру ісінде компания тек бағаға ғана үміт артпауы керектігін ұмытпаңыз. Басты сұрақ мынадай болады: сіздің ұсынып отырған өніміңіздің бағасы мақсатты сатып алушылардың көпшілігіне өніміңіз үшін ақша төлеудің тартымды мүмкіндігін беріп, оларды қызықтыра алады ма? Егер жоқ болса, олар оны сатып ала алмайды. Және нарықта көп шу көтермейді.

Осы алғашқы екі кезең компания бизнес-үлгісінің кіріс бөлімімен байланысты. Олардың көмегімен сіз клиенттер үшін таза құндылықтың күрт өсуін жүзеге асырасыз, мұндағы клиенттер үшін таза құндылық олардың төлеген бағасын шегеріп тастағанда қалатын сатып алушылар үшін пайдалылығына тең келеді.

Пайда мәселесін қарастыратын болсақ, бұл бізді үшінші құрамдас бөлікке – шығынға әкеледі. Сенімді пайда алумен қатар, шығынның мақсатты деңгейін сақтай отырып, ұсынысыңызды өндіре аласыз ба? Тауарды стратегиялық бағамен – мақсатты сатып алушылардың жаппай көпшілігіне қол жетімді бағамен сатсаңыз, пайда түсіре аласыз ба? Шығындарға бағаны билетпеңіз. Деңгейі жоғары шығын стратегиялық бағалардан пайда алуға мүмкіндік бермегендіктен, пайдалылықты да төмендетуге болмайды. Шығынның мақсатты деңгейін сақтау қолдан келмесе, идеядан бас тарту керек, өйткені ол көгілдір мұхит пайда әкелмейді немесе шығынның мақсатты деңгейінде қалу үшін бизнес-үлгіні өзгерту қажет. Компания бизнес-үлгісінің шығынмен байланысты тұсы компанияның өзі үшін пайда түріндегі құндылық секірісін жасауда сенімді болуға мүмкіндік береді, мұндағы пайда өндіру құны алынған ұсыныс бағасына тең келеді. Дәл осы айрықша пайдалылықтың, стратегиялық бағаның және шығынның мақсатты деңгейінің үйлесуі компанияға құндылық инновациясына – сатып алушылар үшін де, компания үшін де құндылық секірісіне қол жеткізуге жол ашады.


Соңғы қадам ендірумен байланысты кедергілерден өтуде жатыр. Идеяңызды іс жүзінде қолдануға қандай кедергілер бөгет жасайды? Сіз оларды тікелей жеңуге тырысып көрдіңіз бе? Идеяңыз сәттілікпен жүзеге асатынына көз жеткізу үшін ендіруге байланысты мәселені ең басында шеше алсаңыз көгілдір мұхит стратегиясының жасалуын аяқталды деп санауға болады.

Ендіруге байланысты мәселелерге, мысалы, бөлшекті саудагерлер немесе серіктестер тарапынан идеяға қарсыластық болады, көгілдір мұхит стратегиялары көгілдір мұхиттан біршама алыстауды білдіретіндіктен, ендіруге қатысты мәселелерді ертерек шешу өте маңызды.

Сіздің көгілдір мұхитқа қатысты стратегияңыз осы реттілікпен белгілі бір кезеңді сәтті өткеріп жатқанын қалай түсінуге болады? Және идеяны барлық кезеңдерді өтетіндей етіп қалай пысықтауға болады? Олардың әрқайсысын пайдалылықтан бастап қарастырып шығайық.

 







Date: 2015-08-15; view: 519; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию