Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Тақырып:Жапония және Қытай -аймақтық және әлемдік державалар
Тақырып: Жапония және Қытай -аймақтық және әлемдік державалар Дәрістің мазмұны: Жапония. Қытай. Олардың субаймақтық және әлемдік саясаттағы ролі. Біртұтас Қытай принципі мен Тайвань мәселесі. Ресей – қытай қатынастары бірнеше кезендерден өтті. 1960 – 80жж конфронтациядан кейін төмендеп кеткен қатынастар тығыз, жан – жақты одақтастық нәтижесінде жоғарғы деңгейге көтерілді. Бұл жетістіктер КСРО ның өмір сүруінің соңғы кезеңдерінде қол жеткізілді. 1989ж мамырда президент Горбачевтың Пекинге сапар барысында екі жақты қатынастар тұрақталды, екі жылдан кейін Москвада Қытай Республикасының төрағасы Цзян Цзэминь шекараның негізгі бөлігін белгілеп, келісімгеқол қойылды. Осы екі кездесу барысында әрі қарайғы қатынастар шеңбері анықталды. Москвадағы сәтсіз путч салдарынан және жаңа Ресейлік жетекшіліктің алғашқы сыртқы саяси қадамдарына “сақтықпен” қараған екі ел арасындағы сәл үзілістен кейін қатынастар тұрақты дами бастады. 1992ж желтоқсанда Ельцин Қытайға арнайы сапармен барып, онда өзара қатынастардың негізі туралы біріккен шаралар қабылданды. Осы кезден бастап екі елдің белсенді әскери – техникалық қоғамдастығы басталды. Жауап сапары ретінде 1994ж қыркүйекте Ресейге келген Цзян Цзэминь екі жақты байланысты “констуктивті одақтастық”, деп атады. Алайда маңызды секіріс кейінірек 1996ж басталады. Пекиндегі кезекті саммит кезінде екі жақ ХХIғ терең қатынастарға бағытталған және теңдікп пен сенімге негізделген “стратегиялық одақтастықты” құру туралы ұмтылысы жариялады. Оның басты нәтижесі ұзақ уақыт екі жақты қатынастарға кедергі болып келген аралдар мен құрғақ жолдарға иелік ету мәселесі шешімін тапты. Шекараны анықтау туралы екі жақты келісім негізінде 1998ж ені 4200км шамасында оның шығыс секторы және 54км ұзындығы бар батыс секторы анықтаған келісімдер жасалды. Тек Амур мен Аргунь өзендеріндегі 3 аралдың тағдыры ғана шешусіз қалды. Әлемдік саясат мәселелеріне байланысты екі жақ қол қойған келісімдер зор маңызға ие болды. Ресей мен Қытай барлық халықаралық мәселелерде жақын қатынастар орнатты. 2001ж шілдеде Цзян Цзэминь Москваға ірі нәтижемен келді. Екі жақ 20 жылға белгіленген “өзара көршілестік, достық және қоғамдастық” туралы кең көлемді келісімге қол қойды. Олар әлі шешілмеген аралдар мәселесін талқылауға келісті. 2002жылдың соңында Қытайға ресми түрде келген Ресей мен Қытай басшылары үлкен жетістіктерге қол жеткізді. әсіресе сауда, экономика және әскери – техникалық салада жетістіктер болды. Өзара сауда алғашқы кезде тұрақсыз болды. Сауда айналымы 1999ж дейін 6 – 8млрд доллардан асқан жоқ, тек кейінгі жылдары бішама көтерілді. 2001ж сауда көлемі 11млрд долларға жетті, ал 2002ж бұдан да жоғарғы деңгейге жетті. Ресей эксорты Қытайдан тұрақты түрде жоғары дамыды және ол 1992 – 2001жж 26млрд долларды құрады. 2003ж Ресей мен Қытай арасындағы сауда айналымы 15,7млрд долл.құрады, соңының 3,7млрд долл. Ресейдікін құрады. Ресей Қытайға ядерлік энергетика саласында – Цзянсу провинциясында атом электростанциясын жабдықтау және уран қорларын өңдеу, электроэнергетика саласында көмегін ұсынды. Әскери – техникалық саладағы қоғамдастық та жақсы даму үстінде. Қытай Ресей қаруларын сатып алушы бірден – бір мемлекет болып отыр. Ресей экономикасы үшін ауыр кезенде (1992 - 1997) Пекин 6млрд долл. шамасында қару жарақ сатып алды. Одан басқа 1996ж Қытай қаласы Шеньянда 200 СУ – 27 қаруын өндіру туралы келісімге қол қойылды. 1999ж бастап әскери әуе – техникаларын сатып алудың жаңа кезені басталады. 2002ж Қытайға эсминдердің 2 – ші партиясын әкелу туралы келісімге қол қойылды. Олардың жалпы құны 3млрд долл. құрайды. Ресей – Қытай қатынастары бұл кезеңде тұрақты даму сипатына ие болды. 2002ж жазда Шанхайда жыл сайынғы екі ел басшыларының кезекті кездесуі өтті. Қоғамдастықтың барлық салаларында үкіметаралық, аймақаралық комиссиялар жұмыс істейді. Шекаралас Ресей –Қытай қоғамдастығы туралы айта кетсек. Қытай мен Монғолиямен шекаралас Ресей аймақтары үшін шекаралық қоғамдастықтың Қытайлық және Азиаттық типі тән. Құрғақ жол шекарасының 34,8% осы елдерге тән. РФ – ның 8 аймағы осы елдермен шектеседі. 90жж. соңында өзара қатынастардың дамуына ыңғайлы саяси жағдай қалыптасты. Соған қарамастан кейбір Амур аралдарындағы шекаралар анықталмай отыр. Екі ел арасындағы шекаралық қоғамдыстыққа мынадай ерекшелер тән: - Қытай мен Ресей арасындағы шекаралық сауда мен тауар айналымының жоғарғы деңгейі; - Ресей мен Қытай шекаралас аймақтарының демографиялық асимметриясы; - Шекаралас аймақтардың әртүрлі мәдени - өркениеттік жүйеге енуі т.б. 1990ж I жартысында Ресей мен Қытайдың шекаралас аймақтарында шекаралық сауда өте жоғары дамыды. Бұған өндіріс және тұтыныс тауарлары бағасындағы үлкен өзгешелік пен визасыз режим де әсер етті. 1993ж визалық режим енгізілгеннен кейін сауда көлемі азайды. Екі ел арасындағы шекалық қоғамдастықта 1994ж “Ресей – Қытай шекараларының режимі” туралы өзара декларацияның мәні зор. 1997ж қарашада “Қоғамдастық принциптері туралы” келісімге қол қойылды. 1998ж қаңтарда осы келісім негізінде Ресей – Қытай шекаралық және аймақаралық сауда – экономикалық қоғамдастығының кеңесі құрылды. Қытай Ресеймен өзінің ең дамыған аймақтары арқылы шектеседі. Қытай Ресейдің шекаралық аймақтарын киім, тұрмыстық электроника, азық – түлік эксорты ретінде пайдаланады. 1993ж кейін визасыз негізде бір күндік шекаралық туризм белсенді дамыды. Нәтижесінде шекаралық қалаларда сауданың өсуіне алып келді. Инфрақұрылым белсенді дамыды, жолдар салынды т.б. Ресеймен Қытайдың 4 аймағы шектеседі десек, солардың ішінде Хейлунцзян провинциясы Ресеймен ішкі экономикалық жағынан тығыз байланысты. 1990ж бастап бұл провинция Ресейдегі сыртқы сауда үлесі бойынша Қытайда 1 – ші орын алып келеді. Соңғы жылдары біріңғай шекаралық тарифтың енгізілуі мен және шекаралық сауда үшін 50% жеңілдіктің жойылуына байланысты Қытайдағы шекаралық сауда белсенділігі біраз төмендеді. Осыған байланысты Қытай қоғамдастықтың жаңа бағыттары мен құралдарын іздеуге ұмтылыс білдіріп отыр. Мұндай бағыттардың бірі финанстық инфрақұрылым құру болып табылады. Ресей мен Қытайдың ірі банктеріндегі келісімдерге сәйкес өсіп отырған шекаралық бизнеске қызмет ету үшін Қиыр Шығыстық банктермен тікелей есептесулер жүргізу қолға алынуда. Сонымен қатар Қытай шекаралық аймақтарда сауда, қонақ үй, мейрамхана т.б. сияқты салаларда кәсіпорындар салуға қызығушылық білдіріп отыр. Әсіресе Қытай капиталының қатысуымен көптеген кәсіпорындар Хабаров аймағында (2000ж 334 кәсіпорын), Приморьеде (196) және Амур облысында (129) тіркелген. Синьцзян – Орталық Азия және Батыс Сібірмен шектесетін ұйғыр автономиялық ауданы. Бұл геоэкономикалық потенциялдың қолданылуы Шанхай қоғамдастық ұйымының бедседі іс - әрекетімен байланысты. 2003ж қыркүйекте 2020ж бағытталған Шанхай елдерінің жан – жақты сауда – экономикалық қоғамдастығының бағдарламасы жасалды. Оның қорытындысы бойынша сауда, қызмет, капитал, технология еркін араласа алатын еркін сауда зонасы құрылу керек. Ал, Ресей жағында депрессия жағдайында тұрған Сібір және Қиыр Шығыс аймақтарының дамуына бағытталған ешқандай жаңа идеялар болмай отыр. Date: 2015-07-27; view: 969; Нарушение авторских прав |