Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ылыми ақиқаттың белгілері мен көптурлері
Қолданылған әдебиеттер: 1. Поппер К. Предположения и опровержения. Рост научного знания // Логика и рост научного знания. М., 1983. С. 380-392. 2. Поппер К. «Факты, нормы и истина: дальнейшая критика релятивиз- ма». М., 1961. 3. Золотухина-Аболина Е.В. Страна философии. Ростов-на-Дону: Феникс, 1995. С. 47-67. 4. Современная философия: словарь и хрестоматия. // Под ред. Кохановского В.П. // Ростов-на-Дону: Феникс, 1996. Ақиқат мәселесі – білімнің объективтік реалдылыққа сәйкестігі туралы мәселе /яғни, объективтілік мәселесі, білімнің нақтылығы/. Негізгі сұрақ: біз адамзаттан, әлде нақты индивидуалды адамнан тәуелсіз өз біліміміздің мазмұның шығара аламыз ба, солай болса, қалай біз оның мазмұның объективтік реалдылыққа сәйкес мөлшерін шығарамыз? Бүкіл гносеологиялық мәселелер: ақиқатқа жету жолдарын алсақ ба, әдістері ма, әлде оның болу түрлері ма, түбінде ақиқат мәселесіне жиналып келеді, сөйтіп, олар осы мәселені нақтылыққа әкеліп толықтырады. Ақиқат [грек aletheia, «жасырылмаған»] – 1) классикалық түсінігінде – өзінің пәндігіне сәйкес білім; 2) қазіргі түсінігі – мәдениеттің субъект-объектілік реттік универсалиясы, мазмұны білімнің құңдылық қасиеті болып табылады, бір жағынан, пәндік аймағымен салыстырғанда, ал, екінші жағынан, ойлаудың процесуалдық аймағымен салыстырғанда. Ақиқат концепциясы – философия дәстүрінде «ақиқат» ұғымының, оның мүмкіндігінің, жету жолдарының, білімнің ақиқат белгілерінің альтернативтік түсініктері. Корреспонденция концепциясы – ақиқаттың классикалық концепциясы бойынша – объект туралы білімнің мазмұны объекттің өзіне сәйкес. Корреспонденция концепциясының қолдаушылары: Аристотель, Ф. Бэкон, Спиноза, Дидро, Гельвеций, Гольбах, Фейербах, Ленин т.б. Негізгі сұрақ: біз өзіміздің білімімізден индивидуалды адамнан ба /объективті ақиқат/, әлде адамзаттан ба тәуелсіз мазмұнды шығыры аламыз ба, олай болса, қалай, яғни, сол мазмұнның реалдылыққа сәйкес мөлшерін қалай анықтауға болады/. Объективті ақиқат – біздің білімімізбен елестеріміз: а) адамнан, адамзаттан тәуелсіз; б) объективті реалдылыққа сәйкес. Абсолютті ақиқат – объект туралы шекті, нақты, толық, жетілген білім, «соңғы ақиқат». Корреспонденция концепцияны қолдайтын мектептердің өкілдерінің пікірінше, абсолютті ақиқатқа жету мүмкін емес, себебі, объективті өмір өзінің өзгеруіне тоқтатпайды және сарқылмас. Абсолютті ақиқат – танымның мақсаты, бағыты. Ықтимал /салыстырмалы/ ақиқат – объективті, әлі жетілмеген білім, келесіде толықтырылынады, анықталады. Когеренция концепциясы [лат. cohaerentia – байланыс, жалғасу] – бұл концепция бойынша, ақиқат – ол идеалды аймақтың ішкі қасиеттеріне сәйкес білім: Абсолюттің мазмұнына /Платон, Гегель т.б./, туа біткен когнитивтік құрылыстарға /Августин, Декарт, кембридж платонниктары/, рационалдылық интуицияға анық /Теофраст/, субъектің сезіміне сәйкес /Юм/, ойлаудың априорлы түрлеріне сәйкес /Кант/ т.б. Прагматикалық концепциясы [грек pragma – іс-әрекет, тәжірибе] –объективті ақиқатты тану мүмкіндігі мен қажеттілігін жоққа келтіретін және оның ақиқаттық белгісін мақсаттық ұстанымға мен операционалдық пайдасына сәйкестікпен анықтайтын субъективті-идеалистік концепция (Джеймс, Дьюи). Конвенцианалды ақиқат туралы концепция /лат. conventio – келісім, шарт, жағдай] – білімнің ақиқаты интерсубъективті конвенцияларға сәйкестік деп қабылдайтын пікір /Пуанкаре/. Ақиқаттың конвенцианалдық түсінігі Ежелгі Грецияда софистерге тәрізді /Протагор/.Ақиқат дегеніміз – субъекті мен объектінің арасындағы өзара байланыс, негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Объективті ақиқат дегеніміз қоғамдық адам түсінігіндегі, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмүнды айтады. Егер объективті ақиқат болса, онда оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы /ықтимал/ түрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы /ықтимал/ ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз. Философиялық ақиқатқа келсек /танымдық тұрғыдан/ ол өзінің жүйелілігімен, құралдар мен бағыттарымен ғылыми түріне жақын; философия эксперименталды ғылым емес, ол жалпылыққа, универсалдылыққа жақын: «...философия бізді өмірде білімсіздік түнғиықтың бетінен өткізетін заттар туралы дүние». Философиялық тұжырымдар нақты ғылыми сұрақтарды шешуге емес, парадигма деңгейінде, ғылыми танымның жалпы методология шеңберінде таным процесінің құңдылықтарын дәлелдеуге арналған. Қорыта айтқанда, ақиқат, ақиқаттылық – ол адамның объективті дүние туралы ғылыми әдістер арқылы зерттеуде және өмірдің басқа аймағының шеңберінде, реалдылықтың рухани меңгеру түрінде, танымдық және практикалық іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған айқын белгі, яғни: · дүниеде өзінің болмысын және қоршаған ортаны экзистенциалды түрде уайымдау; · өзінің адамгершілік бейнесін дамыту, өмірдің әр жағдайында адамгершілікті таңдау;· трансцендентік туралы – сенімде әлде атеизімде - өзіне жол ашу; · эстетикалық құңдылықтар мен идеалдарды құрастыру процесінде;· өмірдің мәні мен адам өмірінде өзінің арнауын анықтауда.Адаммен байланысты жағдайлар, оқиғалар, адамның қасиеттері, өмірі мен өлімі т.б.- философиялық объектілер, ал олардың адекватті түсінігі – шексіз Дүние туралы ақиқаттың жартсы.Бақылау сұрақтар: 1. Ақиқаттың философия тарыхында қалыптасқан түрлері? 2. Ақиқаттың классификациясының негізінде қандай белгілер жатыр? 3. Қазіргі философияда ақиқат туралы қандай негізгі үш концепция қалыптасты? 4. Адамға қатысты ақиқаттың жаңа түсінігі?
Date: 2015-07-27; view: 2908; Нарушение авторских прав |