Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ылыми қоғамдардың тарихи типтері: ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар
Қолданылған әдебиеттер: 1. Бернар Дж. Наука в истории общества. М., 1956. С. 18. 2. Холтон Дж. Что такое антинаука//Вопросы философии. 1992. №2. 3. Агацци Э. Моральное измерение науки и техники. М., 1998. С. 12. 4. Cтeпин B.C., Горохов В.Г., Розов М.А. Философия науки и техники. М., 1999.С. 16. Дәйексөз көрсеткіші (Science Citation Index, - SCI) – Филадельфия институтімен қабылданған ғылым бағдарламасының жүйесі, оның негізінде тікелей, керісінше және көлдене дәйексөз бойынша жасалған құжаттар жатыр. Еуропалық ғылымда алғашқы зерттеу шығармаларға сілтеме жасау дәстүрі 19 ғ. ортасында қалыптасқан, ол ғылыми білімнің структуралық интеграциясының және ғылыми қызметтің кәсіптік дәрежесінің көрсеткіші. SCI қазіргі ғылымның бүкіл аймақтары бойынша үзілмей жинақталатын бағдарлама база жүйесі 1960 ж. Ю. Гарфилдтің жетекшілігімен қалыптасқан, қатарлас электронды және «қағаз» түрінде жасалады. Дәйексөз көрсеткішінің бағдарлама негізін әр-түрлі пәндік топтардың құрылымын және олардың құрастыру өзгешелігін көрсететін үш массив құрайды: табиғаттану ғылымдарының дәйексөз көрсеткіші /Science Citation Index - SCI/, әлеуметтану ғылымдардың дәйексөз көрсеткіші /Social Science Citation Index - SSCI/, гуманитарлық ғылымдар, әдебиет және өнердің дәйексөз көрсеткіші /Arts and Humanities Citation Index - A&HCI/. Оған қосымша өзгеше мамандықтар бойынша конференция, симпозиумдар мен жалпы шығармалар кіреді. Дәйексөз көрсеткішінің құрылымы бір-неше функцияларды атқарады: · Индивидуалды мен ғылыми ұжымдардың зерттеулері бойынша күтуші бағдарлама іздеу; · Білім аймақтарының құрылымын шығару, бақылау, болжау және даму үшін шығармалар арасында байланыстарды іздеу; · Ғылыми қоғаммен шығармалардың сапасы мен авторларды бағалау. Пәнаралық зерттеулер – әр-түрлі пәндердің байланысын ескеретін зерттеу іс-әрекеттің меңгеруі. Пәнаралық зерттеулерге назар аудару мен оларды өзгеше зерттеу іс-әрекетке шығару 20 ғ. екінше жартысына қарайды, пәнаралық байланысты дәстүрлі түрде ғылым, тарихшылар мен ғылым философтары зерттейді. Қазіргі жағдайда зерттеудің практикалық мәселесі деп қаралады, оны жалпы және нақты түрде қояды. Пәнаралық мәселелерді шешу үш мәселенің шешімін біріктіреді: методологиялық /зерттеу пәннің объектін қалыптау және оны бүкіл пәндердің қаруларымен оның алғашқы бейнесін жетілдіру/; меңгеру /коммуникация торы мен зерттеулердің байланысын негіздеу, олар арасында профессионалды түрде пікірталас өткізу және әр мамандықтың өкілін қатыстыру/; бағдарлама /қолданбалы пәнаралық зерттеулердің нәтижелерін мәселе шешу практикасында қолдану және технологиялық түрге айналдыру және ғылыми зерттеу нәтижелерін пәндік білімнің экспертизасында қолдану/. Ғылымның жақандау шартында үлкен пәнаралық зерттеу проектілердің нәтижелерін жеткізу мәселесі маңызда болып саналады. Ғылыми пән / лат. Disciplina – ілім/– профессионалды ғылымды меңгерудің негізгі түрі, пәндік-мазмұндық тұрғыдан ғылыми білімнің өндірісін, өндеуін және жеткізуін жасайтын ұжымдарды біріктіреді және ғылым аймағын профессия түрінде даму механизмі және қайта өндіруі. Ғылыми пән зерттеу бірлік ретінде ғылым әлеуметтануында, ғылымтану, тарихта, философияда, экономикада және ғылыми-техникалық прогресте қолданылады. Осы пәндік принцип бойынша білім құрылымы және әр салада мамандарды даярлау жүйесі реттелген /мысалы, медицина, инженерлік іс, өнер/. Яғни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ортамен негізделеді, осы жағдайда пәндік принцип инвариантты. Нақты оқиғалар мен уақыттық пен кеңістік айырмашалақтарға қарамай әр-түрлі әлеуметтік және меңгеру ортада ғылыми пәнғе тұрақтылық пен инварианттылық тәрізді. Ғылыми пәнді сақтау үшін әр-түрлі ғылыми және меңгеру іспен айналысатын ұжымдар ықпал етеді. Ғылыми коммуникация – ғылыми ұжымда профессионалдық қатынас түрлерінің жиынтығы, ғылымның даму механизімінің негізгі түрі, зерттеушілерді байланыстыру тәсілі және жиналған нәтижелерге экспертиза жасау түрі. 50-шы ж. аяғында-60-шы ж. басында ғылыми коммуникацияны зерттеу себептері зерттеу іс-әрекетті интенсификацияландыруға арналған, яғни, жиналған «бағдарлама жарылысын» реттеу және меңгеру. Коммуникациялық сараптау мен түсіндіруден пәндік басылымдардан бастап ғалымдар арасындағы өзгеше тұлғалық қатынастар өтті. Ғылымдағы коммуникация методологиялық тұрғыдан зерттелген, себебі, бүкіл жиналған бағдарламаларды эпистемологиялық, әлеуметік, бағдарлама, әлеуметтік-психологиялық зерттеу тұрғысынан мүмкіндігі болмағансон. Осының нәтижесінде әлемде жедел түрде әр салада экспертиза жасайтын топ өкілдері анықталған, екі деңгейлік құрылымдар кішкентай топтан тұрады, олардың арасында үзілмейтін қызмет байланысы бар, аспиранттары мен қызметкерлерінің арасындада тығыз байланыс байқалады. Осы нәтижесінде SCI, SSCI пайда болды. Ғылыми ұжым - ғалым-профессионалдардың жиыны, олардың меңгеру түрі ғылыми кәсіптің өзгешелігінің көрсеткіші. Ғылыми ұжым туралы ұғым ғылым социологиясының пәнің білім социологиясынан ажырату үшін негізделген. Ғылыми ұжым ғылымға кәсіп түрінде толық болуына және оның эффективті болуына жауапкершілік атқарады. Институттардың іс-әрекеті мен ғылыми ұжыммен ғылым мақсатын атқаруға – дәлелденген білім массивін толтыруға – осы кәсіптің келесі қасиеттері ықпал етеді: - ғылыми ұжым өзгеше білімді алу, сақтау, жеткізу және нығайтуға жауапты; - жаңа өкілдерді еңгізу, даярлау және бақылау түрінде кәсіпте салыстырмалы автономды; - сол кәсіптіктің және оның институттарымен өкілдерінің қалыптасу және келешегіне ықпал жасайтын әлеуметтік қоршаған орта; сол кәсіптіктің ішінде сыйлық беру түрлері; - ғылыми білім жүйесінің дамуының жоғары деңгейін негіздейтін профессионалдардың байланысының режиміне гарантия жасайтын инфрақұрылымды қолдау. «Көрінбейтін колледж» - институциаландыралмаған зерттеу тобының жалпы мәселені шешуінде бірігуі. Ғылымитануға бұл терминді еңгізген Д. Бернал, ал Д. Прайс оны «көрінбейтін колледж» атты, тұрақты, функциялары мен көлемі бар, нақты құрылымына ие коммуникативтік ұжым туралы болжау түрінде дамытқан. 60-70 жж. бұл болжау қатал эмпириялық зерттеуден өткізілді. Сол тұрғыдан жаңа зерттеу бағыттармен мамандықтарды қалыптастыруына ықпал жасайтын топтар пайда болды. Ғылыми пән өзінің қалыптасуында төрт фазадан өтеді: · Нормалы фаза. Бұл әлі қосылмаған зерттеушілерден тұратын топ, олар бәріне ортақ проект әлде мәселе бойынша жұмыс жасайды; араларында ресми қатынастар үстемді /мысалы, жетекші мен аспирант/. · Тордың қалыптасу және даму фазасы интеллектуалды меңгеру өзгерістермен сипатталады, зерттеушілер бірлік коммуникация жүйесіне қосылады. Олар тұрақты коммуникация торын қалыптастырады. · Интенсивті даму фазасы сол біріккен топтың жаңа бағдарламасының пайда болуын белгілейді; олар бәріне ортақ бір-неше бағытта актуалды мәселелерді анықтайды, бәріне жеткізеді және әр қайсысы соларды шешуге өз зерттеулерін бағыттайды. · Жаңа мамандықтың институциаландыру фазасы. Ғылыми топ жеткен нәтижелер осы жаңа подходқа қоғамдық қадірлеу әкеледі, солардың бағдарламасына негізделген жаңа зерттеу бағыты пайда болады, Бірақ бұл бірауызды топ ыдырайды, оның өкілдері өзгеше топтарды жаратады. Осы «көрінбейтін колледж» дамуында оның өкілдерінің өзіндік санасы келесі өзгерістен өтеді: романтикалық кезең /уақыт тұрғысынан пәндердің нормалы фазасымен келіседі/; догматикалық кезең /коммуникативті тордың және біріккен топтың коммуникативті фазасымен келіседі/; академиялық /пәндік фазасы/. Ғылым социологиясы – ғылымды әлеуметтік институт ретінде зерттейтің социологиялық зерттеулердің аймағы. Ғылым социологиясының пәні – ғылымның болуын және дамуына ықпал ететін ішкі қатынастарды және оның сыртқы институттармен ара қатынасы. Және ғылым социологиясы ғалымдар арасындағы қатынастарды, қалай ғалым болады, ғылыми қоғамда қабылданған әдет нормаларын ұстануға негіздер туралы сұрақтарға жауаптарды қарастырады. Ғылым социологиясы жалпы социологияның бұтағы болғансон жалпы социология білімінің дамуына ықпал жасайды, өзінің категориялық базасын және зерттеу әдістерін қалыптастырады. Іргелі және қолданбалы зерттеулер – әлеуметтік-мәдени, құрастыру түрі және білім трансляциясы, зерттеушілердің бірігуі бойынша өзгеше зерттеу типтері. Бірақ айырмашылық тек қоршаған ортаға қатысты, ал зерттеу процесс абсолюттік түрде екі типтерде ұқсас. Іргелі және қолданбалы зерттеулердің әлеуметтік функциялары келесі түрмен анықталады. Іргелі зерттеулер қоғамның /мемлекет, аймақ т.б./ жаңа білім арқылы жалпы білімді дамыту үшін, бүкіл мамандық бойынша кәсіптерді дайындауға бағытталған, сөйтіп, қоғамның интеллектуалдық потенциалын күшейтеді. Қолданбалы зерттеулер қазіргі өркениеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретінде инновациялық процестердің интеллектуалды жағынан қамсыздандыруға бағытталған. Қолданбалы зерттеулерде алынған білімдер іс-әрекеттің басқа аймақтарында қолдануға арналған /технологияда, экономикада. әлеуметтік меңгеруде т.б./. Пән – ғылымның өзгеше аймағы. Универсализм (маңызды норма) – ақиқаты, ғылыми білімнің нақтылығы оны ашқан ғалымның тұлғасынан тыс – ұлтынан, ғылыми иерархиядағы жағдайынан, жасынан т.б. Ақиқаттын алдында бәрі тең – академик және аспирант. Бәріне ортақ дәлелдеудің универсалдық белгілері, білімді бағалау ережелері т.б. қолданылады. Универсализм императиві ғылыми білімнің тұлғадан тыс сипаттаудан басталады. Жаңа білімге сенімдік тұлғадан тыс белгілермен анықталады: бақылауға және әуелі дәлелденген білімге сәйкес. Универсализм бәр ғылыммен айналысу және әр ұлттын және әр әлеуметтік топтын өкілі ғылыми карьера жасауға тең құқығы барын жариялайды. Ол ғылымның ұлтаралық және демократиялық сипатын негіздейді. Коллектившілдік /Мертон оны communism деп атаған/. Бұл императив бойынша ғалым жедел түрде өз еңбегенің нәтижесін ортақ пайдалануға береді, сөйтіп, тексеріс өткенсон, еркін басқа ғалымдарға өз жаңалығын жариялайды. Ғылыми жаңалықтар әлеуметтік қатынастын нәтижесі болғансон бүкіл ғылыми ұжымға және жалпы қоғамға қатысты. Жалпы қоғамнаң жетістігі болғансон «индивидуалдық» бөлігі шектеледі. Жаңалық ашушы ғалымның сол жаңалықты тек сол қолдануда ешқандай құқығы мен артықшылығы жоқ. Ғалымның интеллектуалдық «меншікті» қолдану қажеттілігі сол жаңалықтын авторы ретінде қадірлеу және құрметтеу. Ғылыми приоритетке осы жағдаймен жоғары назар аударылады. Адалдық /дүниеқұмарсыздық/. Ғалымдардың приоритетке /үстемді болуға/ талпынысы конкуренция /бәсеке/ тудырады. Осындай жағдай өзгеше іс-әрекетке түртпе береді, олар зерттеудің дұрыс жолына және нәтижелеріне әсер етеді. Осы қайшылықты шешуге ғалымнан адалдық және дүниегеқұмарсыздық қажеттігі сұранады. Осы норма бойынша ғалым тек ақиқатты жалғыз және басты мақсат деп қабылдайды. Мертон дұниегеқұмарлықтан сақтану үшін ғылымның ішінде профессионалдық орынға жету үшін мінез-құлықта тек дұрыс принциптер үстемді болуға шақырды. Және бұл норма өз дәулетін көтеруге әлде профессионалдық ортада жоғары орын алуға бағытталған ғалымдардың ісіне айыптаушылық білдіру. Жалпы дүниегеқұмарсыздық императиві ғалым профессионалдық іс-әрекетінде өзіне пайда іздеуге тиым салынады. Ұйымдасқан скептицизм. Бұл норма әр білімге қатысты нақты және объективтік талдауды сұраныс етеді және сынаудан өткізбей қабылдамайды. Ғылым үшін сыншыл талдаудан тыс «қасиетті» деп саналатын ештеңе жоқ. Ғалымдар үшін ұйымдастырылған скептицизм директивтік талаптар. Әр ғалымның еңбегі алғашқы зерттеулердің нәтижесімен құрастырылса қастықпен әлде қастықсыз жағдайда ақиқаттан бет бұру ғылымның дамуына зиян әкеледі. Осыдан, білімге аманат толық және жанжақты тексеріссіз болмайды. Скептицизм нормасы ғалымнан күмәндануды сұраныс жасайды, «жағымсыз фактілерді» мойындауға үйрену қажет, өз және басқа ғалымның жұмысына ашық сынаумен қарау керек. «Ғалым өз көршісіне міншіл көңіл бөледі». Ұйымдастырылған скептицизм императивы жауапкершілік атмосферасын, ғалымдардың профессионалдық шыңдығын институционалды түрде анықтайды. Мертонның пікірінше, осы нормалардың шеңберінен шықса және оларды бұзу «білім сапасының» төмендеуіне алып және «псевдонаука» «жалған ғылымға»/ әкеледі. Мертон 1942 ж. идеологияға сатылған «арийлық ғылымды» қатал түрде сыңға алған. Мертонның этосына қосымша нормалар кіреді: оригиналдылық, эмоционалдық бейтараптылық, тәуелсіздік, интеллектуалдық қарапайымдылық т.б. Басқа жағынан, осы концепцияның сынау пікір-таласында, эмпириялық тексерісте анық қорытындыға ие болдық – ғалымдардың мінез-құлығы соңғы уақытта «амбивалеттікке» айналған, яғни, норма мен контрнорма компромисі үстемді, партикуляризм, құмарлаңған баға қою, нәтижелерді тығу, оларды қолдану құқығын қорғау, ұйымдастырылған догматизм т.б. Бірақ, жалпы ғылымда «девианттік», нормадан тыс істер сирек кездеседі, ғылым этосы ғылыми іс-әрекеттің тұрақты сипаттамасы болып табылады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың өзгешелігі. · Білім бағасының нақтысыз және қаталсыз түрлері /мысалы, эксперимент/; · Табиғаттануға қарағанда норма мен бағаны жариялайтын ғылыми элита мен мектептер, яғни, олардың қызметінің этикалық аспектілері қатал бағаланады; · Идеологиялық және ғылымнан тыс әлеуметтік әсерлердің ролі үстемді. Ғылым этикасын бұзғанда «білім сапасының» төмендеуі: -мукулатура білімі (имитация); -идеологияға бағынғын ғылымдар; -бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғалымдар /«көзге түскен ғалымдар»/. Ғылымда тұлға мәселесі. Тұлға, кісі, жетілген, кәмелетке жеткен адам (личность). Жас нәресте де, бала да – адам. Олардың нақты ерекшеліктері бар. Бірақ олар кісі болған жоқ, кәмелетке жетпеген. Кісі деп ер жеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын адамды айтады. Ондай адамның дүниеге көзқарасы бар. Адам әр түрлі: азамат, тәрбиелі, зиялы адам, маскүнем, қылмысқер, ел басшысы да болады. Әр кісінің тарихта алар орны әрқилы. Қоршаған әлеуметтік орта – бұл адамның мекен ету әлемі, бұл тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер ететін дүниетанымдық, кәсиби, адамгершілік құндылықтар. Ата ананың жеке абыройы, олардың бала тәрбиесіне қатысы, қоғамға және өзі сияқтыларға қатынасы – баланың тұлға болып қалыптасуындағы маңызды фактор болып табылады. Тұлға бос кеңістікте емес, ұжымда, қоғамда әрекет ететіндіктен, ол белгілі дәрежеде оларға тәуелді. «Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады» (А.Н. Леонтьев). Әлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан, тұлға – бұл әрқашан да үдеріс, бұл үнемі қалыптасу. Тұлғаның деградациялануы индивидтің өзге ерікке толығымен бағынып және оның әрекеті алдын – бағдарланып қойылған жағдайда, яғни әрекет пен таңдау еркіндігіне орын қалмаған жағдайда да кездеседі. Қазіргі кезде тұлғаның мәні жайында екі негізгі концепциялық көзқарас бар: 1) тұлғаның адамның функциялық (атқаратын роліне қарай) сипаттамасы; және 2) тұлғаның әлеуметтік мәніне қарай сипаттамасы. Сонымен тұлға дегеніміз адамның ішкі адамдық қасиеттерінің тұтастығының көрсеткіші – ішкі тұтастықсыз тұлға жоқ. Ғылымда басты тұлға - ғалым, зерттеуші. Бақылау сұрақтар: 1. Ғылыми пәнңің ерекшелігіне және қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді? 2. Қандай жаңа ғылыми салаларда ғылым әлеуметтік институт ретінде қарастырылады? 3. Кім «ғылыми ұжым» атты ұғымды еңгізген? 4. Р. Мертонның ғылым этосы атты концепциясының негізгі ұғымдары?
Date: 2015-07-27; view: 1915; Нарушение авторских прав |