Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТТЕГІ ҒЫЛЫМ
Дәріс мақсаты: Ғылым мәдениеттің феномені ретінде қалыптасуына тоқтау. Ғылыми танымның өзгешелігін анықтау. Ғылым және философия, ғылым және өнер, ғылым және қарапайым таным салыстырмалы түрде ерекшеліктеріне тоқтау. Өркениеттік дамудың дәстүрлік және техногендік типтері және олардың негізгі құндылықтарың анықтау. Ғылымдық рационалдықтың құндылығың көрсету. 3.1 Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен ретінде. 3.2 Ғылым дәстүрлі мен техногендік қоғамдарда. Қолданылған әдебиеттер: 1. Холтон Дж. Что такое антинаука//Вопросы философии. 1992. №2. 2. Швырев В.С. Научное познание как деятельность. М., 1984. 3. Әлемдік философиялық мұра. XX ғасырдағы тарих философиясы. Жиырма томдық. 16 – том. Алматы: Жазушы, 2007. – 544 б. 4. Әлемдік философиялық мұра. XX ғасырдағы мәдениет философиясы. Жиырма томдық. 17 – том. Алматы: Жазушы, 2007. – 512 б. Ғылым – әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады. Мәдениет – құндылық, процесуалдық, пәнділік пен нәтиже түрінде анықталған адамзаттың (әлеуметтік) іс-әрекеті; өндіріс қарулары мен құралдарынан, ғимараттар, әлеуметтік институттар мен саяси мекемелерден бастап тіл, өнер, дін жүйелері мен ғылыми шығармалары, адамгершілік және құқық нормаларына дейін адамның бүкіл материалдық және рухани мақсатты қызметін қамтиды. Өркениет – қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория; өркениеттің бастауында қоғамды өзіндік негізі және ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын деңгейі жатыр. «Өркениеттілікті» біз қоғамның «жасамды» технологиялар арқылы қызметі мен дамуы деп түсінсек, сондай да рационалды жоспарлауға, қоғамдандыруға, қызметтерінің нәтижелерін өзі анықтауға негіздейтін «өркениеттіліктің» мақсаттылығы мен кооперациялығы және еркіндік сәттері дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ыктимал түрінде автономды және рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда. Өркениет пен мәдениеттің бағыттырын ажырата білу қажет. Өркениет – құралды болса /нан, күш/, мәдениет – гуманды /адамгершілік пен ақылдың биіктігі/. Өркениетті - былжырақтық, ал мәдениетті – дүниеқорлық бұзады. Мәдениет – даңққа, өркениет – батырлыққа шақырады. Мәдениет талап етеді, ал өркениет борышын атқарады. Мәдениет рухани маңыздылығымен ұстемді, ал өркениет – материалдылығымен бағындырады. Мәдениет тұтқасы – рухтың мұқияты болса, өркениеттің тұтқасы – ұйымдастыру болады. Дәстүрлі қоғам /индустриалды қоғамға дейін, примитивті /қарапайым/ қоғам/ - өзінің мағынасында дәстүрлі әлеуметтану мен мәдениеттануда адамзаттың индустриалды даму кезенге дейін даму сатысын мағыналық тұрғыда қамтитын ұғым. Бәріне ортақ дәстүрлі қоғам туралы теория жоқ. Ол туралы түсінік негізінде қазіргі әлеуметтік-мәдени модельге ассиметриялы түсінік болады; яғни, оны индустриалды өндіріспен айналыспайтын халықтардың өмірінің реалдық фактілерін генерализациялау деген түсінік. Д.қ. экономикасына жаратынды өндіріс тәрізді. Заттық қатынас мүлдем жоқ, әлде азғантай әлеуметтік элитаның жіктік қажеттілігін қанағаттандыруға арналған. Әлеуметтік қатынастын құрылысының негізгі принципі қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады, сондай ақ, ол эндогамдық касталардан тұрады. Негізгі әлеуметтік қатынастарды құрастыратын түрі - жабық, бәрінен ақшақталған әлде жабық қауым. Осы жағдаймен мінез-қылықтың дәстүрлі нормаларын қатал түрде ұстану түбінде тұлғаның индивидуалды белсенділігі мен құндылығын жояды. Осының салдары: әлеуметтік жинақтың мүмкіндігін жоққа шығарады; саяси билік бір каста, клан әлде жан ұяның қолында жұмылады; жазбаша өнердің жоқтығы, әлде ол нақты жоғары шинеуніктер мен абыздардын артықшылығы. Сонымен қатар, жазу көбінесе қарапайым тілдермен емес, ерекше жоғары тілдермен дамиды /орта ғасыр Еуропада - латын тілі, Тайяу Шығыста - араб тілі, Арғы Шығыста – қытай тілі/. Сөйтіп мәдениетті ұрпақтарға трансляциялау /жеткізу/ вербальды, фольклор түрінде болған; негізгі әлеуметтік институт – жан ұя. Ұлт туралы қазіргі теорияларда д.қ. деген ұғым кездеспейді, оның орнына «аграрлы» әлде «аграрлы жазбаша қоғам» деген ұғымдар кең қолданылады /Э. Гелнер, Б. Андерсон, К. Дойч/. Техногендік қоғам /батыс өркениеті/- XV-XVII ғғ. Еуропа аймағында пайда болған техногендік қоғамдар. Оның даму жылдамдығы өте жоғары. Негізгі қабылданған ережелерді жаңа түрде құрастыру мен жаңаландыру қабілеті жоғары және осы бәрі оның дамуының ішкі негізі болады. Негізгі құндылықтарға инновация мен жаналық жатады. Техногендік қоғамның бейнесі – Гиннес рекордтары туралы кітап. Техногендік қоғамның мәдениет матрицасы үш кезеңен өтеді: индустриалдыға дейін, индустриалды, постиндустриалды. Негізгі қасиеті – техника мен технологияның дамуы. Техногедік қоғамның өмілік уақыты – 300 жыл. Өзінің ішкі мәнінде ол агрессивті және мәдениеттің сакраменталды дәстүрін жояды. Дамудың техногендік типі – табиғи қоршаған ортаның тез өзгеруі және адамдардың қоғамдық қатысының трансформациясы. Сыртқы әлем адамның қызмет аренасына айналады. Адам – орталық, активті іс-әрекетті жан, ол өзінің іс-әрекетің сыртқа бағыттайды. Жалпы мәдени қатынастар «күш» категориясы арқылы анықталынады - өндірістік күш, білім күші, интеллектуалды күш. Техника – адамға қажетті фунциялар мен операцияларды атқаратын жүйелердің элементтерінің аралығындағы қатынастарды түсіндіретін заңдар мен қасиеттер туралы ғылыми білімдермен негізделген көп-түрлі материалды объектілер мен жүйелер. Техниканы басқаша ғылымның «темір» түрде іске асуы дейді. Технология – адаммен келесіде пайдалынатын қажетті және пайдалы қасиеттері бар, өнімдерді жарататын материалдық процестер мен операциялардың дәйектілігі. Рух туралы ғылымдар – универсалды құндылықтар, оның табиғаты мен адам өмірінде көрінісі мен функцияларын, адамдардың индивидуалды және коллективті мінез-құлықтарын зерттейтің гуманитарлық пәндер жуйесі. Рух туралы ғылымдарға қатысты: құндылық теориясы, мәдениет тарихы мен теориясы, жалпы тарих, дін тарихы, философия тарихы, өнер тарихы, саяси және әлеуметтік тарихы, ғылым тарихы, психология, мінез-құлық туралы ғылым. Мәдениет туралы ғылымдар – адамзат іс-әрекетін негізгі аспектілерінде: пәндік, мақсаттық, процесуалдық және нәтижелік түрде зерттейтің көп-түрлі ғылыми пәндер. Мәдениетті адамның іс-әректінің өнімі бойынша материалды мен рухани деп бөледі; пәндік іс-әрекеті тұрғысында – ол өндіріс, әлеумет, бағдарлама т.б. қамтиды; процесс қасиетіне қарағанда – шығармашылық, репродкутивті, өзгеріс, даму; мақсат тұрғысында – жоғарғы және төмен т.б. болады. Өзінің өзгеше аспкетілерінің біртұтастығында мәдениет адамзат өркениетінің құрылысының негізгі жаратушысы /ежелгі мысыр мәдениеті, Ежелгі Үнді мен Ежелгі Қытай мәдениеті мен өркениеті, орта ғасыр еуропа мәдениеті мен өркениеті т.б./. Мәдениет туралы ғылымдар: археология, мәдениеттану, антропология, тарих. Ғылым әлеуметтік институт және қоғамдық сананың түрі ретінде ғылыми-техникалық білімді өндіреді және ғылыми ұжымдар мен ғылыми қоғамдар, жүйе нормалар мен құндылықтар арасындағы байланысты қамтиды. Тек 20 ғ. шіркеу мен заңгер кәсібіне тең ғалым кәсібіде дамиды. Дж. Бернал ғылым туралы ғылымның салушысы ғылымға анықтама беру үшін келесі жақтарға назар аударуға болады дейді: 1) институт ретінде; 2) әдіс; 3) білім дәстүрінің жинағы; 4) өндірістің даму факторы; 5) адамның дүниеге қатысы және сенім тудырудын негізгі факторы. Қазіргі кезде ғылым әлеуметтік-мәдени феномен. Яғни, қоғамдағы көптүрлі күштердің әсерімен компромисстік т.б. позицияларға жақындайды. Сөйтіп, екі ұшстасты позиция айқын: адамзаттың қажеттілігімен пайда болған ғылым өзі қоғамдық өмірдің басқа сфераларына әсер етті, «мәдениет» деңгейіне шықты; екінші жағынан, ғылым мәдениеттің ең тұрақты, нағыз негізі, өзінің бірінші – қызметтік және технологиялық түсінігінде. Қоғамдық қатынастар адам және заттар туралы қатынастарға қатысты. Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен ретінде адамзат қытынастарының бүкіл сфераларына қатысты. Қазіргі технократтық ғылымдардың максимасы: «Бәрі ғылымды болмау керек, тек ғылыммен тексеріліп, дәлелдену керек». Сөйтіп, ғылым мәдениетте қалыптасқан дәстүрлер, құндылықтар мен нормаларға бағынады. Танымдық қызмет мәдениет болмысына кіреді. Осыдан, ғылымның мәдени-технологиялық функциясы анық, адам материалын өндеу. Сөйтіп, батыс мәдениетінің ғылымының дамуы қоғамдақ сананың келесі типтерінің бір-бірін ауыстыруы, кезеңдерге бөлінеді: магиялық, этникалық, полистік, діндік, ғылыми, қалыптаса кележатқан, постғылыми. Жаһандау мәселелерге қарамастан техногендік мәдениеттің болашағы ғылыми-техникалық жаналықтармен байланысты. Шығыс мәдениетінің дамуы – ол үнді-буддалық /б.д.д. 7-6 ғғ./, арабо-исламдық /7 ғ. б.д./, қытай-конфуцийшылдық /6 ғ. б.д.д./ дүниегекөзқарастар. Келесіде осы мәдениеттерге тәрізді қоғамдар дәстүрлі қоғамдар деп аталады. Сөйтіп, шығыс ойлауында дәстүр мен нақты қалыптасқан үлгілерге мән беріп, жана білімге ешқандай құңдылық бермейді. Шығыс ғылымы нақтылықтан абстракциялануға тырыспайды, құбылыс пен, фактілермен жалпы заңдылық арасында шекара жасамайды. Батыс ғылымында ақиқатты тану ол жалпылықты білу, ал Шығыста нақты мен жалпының арасындағы тендік пен үлесімділікті қажет етеді. Солай, танымның субъектісі мен объектісін қарама-қарсы қою жоқ. Практикалық ғылым қалыптасқан Шығыста әлеммен бір болмысты болуды қалайды. Шығыс пен Батыс мәдениеттері өздерінің айырмашылықтарына қарамай бір-бірімен сұхбатқа тырысады. Осы жағдай ғылымға да қатысты. Осыған дәлел ғарыш, табиғи, әлуметтік процестер туралы түсініктерінің нәтижелері. Шығыста ойлаудын ерекшелігі бірізгіліксіздік, ол жетілгендік пен сұхбаттылықтын көрсеткіші және шығармашылық хаостын аланынын себебі деген ой. Осы тұжырымға қазіргі ғылым өзінің классикалық емес және постнеклассикалық кезеңдерінде жетті. Мысалы, үнді философиясындағы адам организімінің түпкі мүмкіндіктері туралы білімдер қазіргі медицина мен биологияда жаңа түрде қарастырылып жатыр. Осы батыс рационализімі мен шығыс данышпандығының интеграциясы. 20 ғ. шығыс психомәдениеттерінің /даосизм, буддизм, дзен-буддизм/ медиативтік тәжірибелерін батыс ғылымы пайдаланады /интуитивтік әдісті құбылысты тануда қолданады/. Сөйтіп, үнді физик Б. Бозе, пакистан физигі А. Салам деген жаңа аттар туылды. Қорыта айтқанда, 20 ғ. сонында – 21 ғ. басында адамзат өмірді сақтау стратегиясын тандауында шығыстың дәстүрлі нәтижелерімен, техногендік өркениеттің төнірегінде пайда болған құндылықпен, көзқарас мағыналарымен келісім түріне жетті. Батыс пен Шығыс арасындағы сұхбат конструктивті және шексіз, солай, адамзат жаһандау мәселерінде шеше алу мүмкін дейміз. Бақылау сұрақтар: 1. Ғылым әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қандай функция атқарады? 2. Ғылымның дәстүрлі қоғамда қалыптасуының ерекшелігі? 3. Ғылымның техногендік қоғамда қалыптасуының позитивті және негативті жақтары? 4. Неге батыс мәдениетін техногендік қоғаммен теңдейді? 5. Date: 2015-07-27; view: 5714; Нарушение авторских прав |