Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
XX ғ. ғылым философиясының дамуы (постпозитивистік пен классикалық емес кезеңдері)
Қолданылған әдебиеттер: 1. Рорти Р. Философия и зеркало природы. Новосибирск, 1991. 2. Никифоров А.Л. Философия науки: история и методология. М., 1998. 3. Современная западная философия. Словарь. М., 1991. Антика ғылымы – бұл фундаменталдық, имперсоналдық, жетілмеген эмпиризімге бағынатын концептуалдық модельдеуге икемделген ғылыми интенциялардың жиынтығы. Біріншісінің апологиясы – Пифагор, стоиктер мен элеаттардың, Платонның болмыс-логостың бейнесін дамытқан шығармашылықтарында айқын. Платон тек ой арқылы заттарды тану керек деген; сезім-түйсіктер, яғни, адам өзінің көзі, құлағы, жалпы тәнінен алыстап, болмыстың өзін, таза түрде түсінеді. Екіншілердің апологиясы – Аристотельдің шығармаларында көрсетілген; ол білімнің тәжірибелік табиғатына назар аударды; тәжірибесіз алынған, дерексіз, жалпылықты нақтылықсыз тану түбінде қателікке әкеледі, себебі, тек нақтылыққа бет бұрады. Архаика – рецептурлық-эмпириялық, утилитарлық-технологиялық білім, индуктивтік генерализация мен қолданбалы әдеттер түрінде қызмет етеді. Бұл танымдық формаларды ғылыми деп айтуға болмайды, себебі, жүйесіз, теориялық-номологиялық болған емес. Ғылым фундаменталды жүйелік заңдық дискурсымен өзі оңайланады. Ғылым - ол қарапайым түрінде илеалдандыру кеңістігінде шығарылған заң деп тұжырымдасақ, онда, архаикалық мәдениеттер /майя, Мысыр, Қытай, Үнді, Таяу Шығыс/ ғылымды білмеген деуге болады. Ежелгі әлемнің архаикалық білімі – ғылымның қарсаны. Нағыз заңдарды білдірмеседе ол ғылымның қалыптасуында маңызды каузалдық байланысты шығаруға бағытталған. Индуктивтік генерализациялар, түбінде, заңдардан алыстататын импликативтік қатынастарға /«ендеше»/ әкеледі. Нормативтік-инструктивтік статусқа ие болған техникалық қабілеттер /субъект пен объектің қызметін үйымдастырады, осында ғылым-технологиясы білім-бейнелеуден ерекше/ реалдылықтың нағыз қатынастарына сүйенгенде эффективті болуы мүмкін. Жалпы осы әлемнің заңдылық қасиеттерін жаңғыртуға бағытталған ғылыми ұстанымның прогресіне себепші болады. Тарихи уақытта осы гносеологиялық процесс ежелгі шығыс мәдениетінің өркендеуімен сәйкес. Ежелгі Шығыс білімі – бұл Ежелгі Шығыста практикалық тәжірибені индуктивтік жалпылау арқылы және қоғамда профессионалдық түрде ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берген білім. Білімнің дамуы стихиялық түрде өткен; таным нәтижелеріне ешқандай сынау-рефлексиялық қызмет өткізілмей, оны сынаудан айналдырмай, дәлелсіз догматикалық негізбен қабылдаған; білім дайын түрде жарияланған қызмет рецепті түрінде қалыптасқан, оған практикалық-технологиялық, утилитарлық қасиеттері себеп. Ежелгі Шығыста қалыптасқан таным іс-әрекетінің тарихи типі интеллектің ғылымға дейін кезеңіне сай және әлі де ғылыми деп аталмайды. Классикалық ғылым - өзі Галилей мен Пуанкареге дейін қалыптасқан тарихи-мәдени ареалдағы үстемді ой өріс түрінде жарияланған ғылыми интеллектің өзгеше жағдайы. Ғылым дамуының классикалық кезеңінде теорияландырудың /мәселені қою тәсілдері, зерттеу тәсілдері, пәндік аймақтарын сипаттау, нәтижелерді дәлелдеу түрлері, нәтижелерді ұсыну, мазмұндау, бекіту түрлері/ типикалық ерекшеліктерінің эвристикалық бастамасы болғандар: фундаментализм, финализм, имперсоналдылық, абсолютизм, қияли реализм, субстанционалдылық, динамизм, сумматизм, эссенциализм, аналитизм, механицизм, кумулятивизм. Неклассикалық /классикалық емес/ ғылым – классикалық емес кезеңнін идеялық негіздері – 20 ғ. архетиптеріндегі көп мағыналы идиомалар: жаңашылдық, ревизия, дәстүрмен кездесу, экспериментаторлық, стандарттан ерекшелік, шарттылық, визуалдылықтан бет қайтару, концептуализм, символдылық, бейнелеудің өзгертілген стратегиясы. Осы, өмір мағыналы ортада канонға сәйкес емес белгілірге толы дәстүрлі емес интеллектуалды перспектива қалыптасты. Соның ішінде: полифундаментализм, интегратизм, бірізгіліксізділік, когеренттік, көрнекіліктен айырылу, интертеориялылық. Неонеклассикалық ғылым – әлемнің мағыналы қасиеттерін көрсеткен және класикалық пен классикалық емес ғылымдарды қалыптастырған білім-бейнеге қарағанда, «біз басында» тұрған неонеклассика білім инструмент ретінде қызмет етеді. Алғашқы кезеңдерде танымның мақсаты болмыс туралы білім болса, қазіргі кезден бастап осындай мақсат ретінде біздің қажеттілігімізге сай болмыстың жарату перспективасын тану өзекті. Сөйтіп, неонеклассикада субстанционализімнен креативизімге, онтологиядан телеологияға жылжуды байқаймыз, бұл білімге жаңа тенденциялардың еңгізілу белгісі. Соның ішінде: синкретизм – айқын білімді алуға негізделген фундаменталдық ғылымның интенциясы мен қоғамда жұмыс атқаратын қолданбалы ғылымның интенциясының бірігуі; телеономия - әлемнің антропоморфтық анықтамасын, әлемді өкпек, рызық мақсаттық-мағыналық бастамасын ашу; жаңа рационалдылық – қатаюдың оптималдық жолы арқылы қабылдалынатын құндылық-мақсаттылық түрде іске-асырудың болмыс-ұйытындысы. Классикалықпен қабылданған өзіндік әр бөліктерінде анық, жоққа келтірілмейтін, қажетті, өзінің ішкі жағында анық гносеологиялық утопия түбінде шекке жетті. Білімнің классикалық идеалдарының құлдырауына әкелген бәріне ортақ өзгерістер: ғылымның пәндік аймағында /неэвклид геометрияны құрастыру, небульдік алгебра, кванттік-релятивистік құрылыстар т.б./, оның бүкіл методологиялары /Гедель, Тарский, Коэн, Левенгейм, Сколем, Бринджмен, Бор, Гейзенберг т.б. ғалымдардың шектелген нәтижелері/. Орта ғасыр ғылымы – орта ғасыр ойлаудың өзгеше сипаттары: схоластикалық теорияландыру, герметизм, символизм, иерархизм, авторитаризм, консерватизм, традиционализм, ретроспективтілік, дидактизм, талмудизм, телеологизм, универсализм, маңыраю, квалитатизм, мистицизм, эссенциализм, фундаментализм - түбінде білімнің жоғары гносеологиялық құндылығына мүмкіндік бермейді. Кондорсе айытқандай, Орта ғасырда «бір принциптің мәнін зерттеу емес, соны негіздейтін мәтіндерді талдау, пайымдау, жоққа шығару әлде растау. Ереже айқын ақиқат болған сон қабылданылмайды, бір кітапта әлде бір елде бір ғасырда қабылданған сон. Сөйтіп, адам авторитеті ақыл авторитетінен үстемді болды. Табиғатқа қарағанда кітаптар зерттелген, ежелгі данышпандардың ақылы Ғарыш құбылыстарымен салылыстырғанда үстемді болған». 1 версия. Кейбір ғалымдар антика ғылым феноменіне назар аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты деген пікір /мысалы, Евклид геометриясы/. Алғашқы натурфилософтар /Стагириттің анықтамасы бойынша «фисиологтар»/ көбінесе философтар емес, ғалымдар болған. Бәрімізге мәлім, антика әлемі математиканы қолданып, теориялық деңгейіне дейін әкелді. Антикада ақиқатты тануға, жаңдандыруға, яғни, логика мен диалектикаға назар аударған. 2 версияда, антика ғылымынан ежелгі түрі – мысыр өркениеті туралы айтылады. 4 мың жылдықта б.д.д. Ежелгі Мысыр өркениеті математика, медицина, география, химия, астрономия салаларында терен біліммен меңгерген. Ежелгі Мысырдан шыққан құпия, мистикалық ілімдері түбінде Үнді, Парсы, Халдей, Қытай мен Жапон; Ежелгі Греция мен Римнің біліміне әсері айқын. Айтылған барлық салалар бойынша Мысыр ең ежелгі түрдің иесі. 3 версия соңғы ортағасыр мәдениетінде ғылымның пайда болуы туралы. Кейбір мәліметтерде ғылымның шығуын Батыс Еуропада /12-14 ғғ./ соңғы орта ғасыр мәдениетінің өркендеуінде деп санаған. Ағылшын епископ Роберт Гроссетест /1175-1253 жж./ пен ағылшын францискан монах Роджер Бэконның /1214-1292 жж./ қызметінде тәжірибелік білімнің ролі басқаша қарастырылған. 4 версияны ең дәстүрлі деп санайды. Бұл версия бойынша Жаңа заман ғылымының бастамасы - жалпы еуропалық тұрғыда /16-17 ғғ. басы /, Коперниктің талпарысы, Галилей мен Ньютонға негізделген классикалық механиканың заңдары, дүниенің ғылыми бейнесі. Жаңа заманның ең жоғарғы жетістігі – ойлаудың ғылыми тәсілінің қалыптасуы, эксперимент ғылыми әдіс түрінде математикалық әдіспен бірігіп және теориялық табиғаттану - оны негіздейді 5 версияда ғылымның тарихи жасын анықтау мәселені талдауда классификацияны қолданып екі сатыға бөледі: ғылымға дейін және ғылымның өзі деген. Қалыптасқан ғылым көбісінде практикалық тәжірибеге, бақылауға, қарапайым білімге т.б. арқа сүйейді. Реалды заттармен шұғылдану танымның идеалды бағдарламасына, идеалды объектілермен іс-әрекет жасауға негіз болды. 20 ғ. үштен екі жартысы – ғылым философиясының дамуында эпистемологиялық мәселелердің өзектілігінің белгісі. Ғасырдың басында ұсынылған ғылыми білімнің унификациясы оның әлеуметтік-мәдени қалыптасу себептерімен жоққа келтірілген, верификация мен фальсификация принциптері бір-бірімен қайшылықта, түбінде логикалық ойлау актуалдығын жоғалтты. Осы ғылым философияның үшінші кезеңінен тіл туралы танымның нейтралдық қаруы деген ұстаным пайда болды; сөйлемдер мен терминдер экспериметтің нәтижелеріне адекватты деп қабылданды. Бақылау сұрақтары: 1. Ғылымның қалыптасуында ежелгі Грек кезеңінде қандай мәселелер көтерілген? 2. Орта ғасырда ғылымның негізгі мәселелері? 3. Жаңа заман ғылымының қойылған мәселелері?
Date: 2015-07-27; view: 2880; Нарушение авторских прав |