Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ылым және философия
Қолданылған әдебиеттер: 1. ХолтонДж. Что такое антинаука // Вопросы философии. 1992. № 2. 2. Полани М. Личностное знание. М., 1985. 3. Рассел Б. История западной философии: В 2 т. Новосибирск, 1994. Т. 1. 4. Франк Ф. Философия науки. М., 1960. 5. Лешкевич Г.Г. Философия. Вводный курс. М., 1998. 6. Рорти Р. Философия и зеркало природы. Новосибирск, 1991. Философия – қөзқарастың тарихи түрі, адамзат мәдениетінде басқа көзқарас түрлерімен бірге дамиды /қарапайым, дін, аңыз, өнер және жартылай ғылым/. Көзқарастың негізгі мәселесі – адамның қоршаған ортаға қатынасы болып табылады /табиғатқа, қоғамға, басқа адамдар мен өзіне/. Осы қатынастардың негізінде жеке адам мен әлеуметтік қоғамда қалыптасқан құндылық жүйесі жатыр /игілік пен зұлымдылық, ақиқат пен жалған, үйлесімдік пен үйлесімсіздік /гармония мен дисгармония/, борыш пен іс-шексіздігі, махаббат пен кек алу, үміт пен үмітсіздік, пайда мен зияндылық, белсенділік пен қабілетсіздік т.б. Осы дүниегекөзқарастардың барлық түрлері /қарапайым түрінен басқа/ өзгеше қасиеттерге ие, яғни мәселелерді шешуде өзге тіл мен әдістерді қолданады. Философияға келсек оның теориялық қасиетін айтып кетуге болады. Әр-түрлі дүниегекөзқарас мәселелердің шешімінде /онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, эстетикалық, экзистенциалдық, праксеологиялық т.б./ ол ақылға, анықтамалық ойлауға, дәлелге арқа сүйейді. Осы оның басымдылығы да кемшілігі де деп айтуға болады. Себебі, әр-түрлі құндылыққа қатысты мәселелердің шешімі логика заңдылығына бағымбайды. Философия өзінің жалпылыққа жақын табиғатымен бүкіл эмпириялық материалдардың жәй жиынтығы емес, керісінше соларды рационалдық тұрғыдан схемамен көрсетеді, талдау, салыстыру арқылы жүйелендіреді. Және өзінің табиғатының ерекшелігімен ол плюралсыз да болалмайды. Бірақ осы қасиетінің жақсы ұтымды жағы бар: 1. адамзат ұжымы көптүрлі және қайшылығы мол болған сон, оларға ортақ рационалды түсінік мүмкін емес; 2. реалды тарихқа қарағанда философияның плюралдылығы адамзатты болашақта күтіп тұрған әр-түрлі мәселелердің шешімін схема әлде басқа рационалды түрмен көрсете алады. Ғылым – әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады. Философия мен ғылымның қатынасы туралы трансценденталдық концепция – тарихи тұрғыдан алғашқы, антика кезеңінен бастап біздің ғасырға дейін ұзақ эволюциядан өткен, 19 ғ. бірінші жартысына дейін мәдиниетте үстемді орын алған, философияның /метафизика, натурфилософия/ нақты ғылымдарға қарағанда гносеологиялық пен әлеуметтік-гуманитарлық үстемділігін дәлелдеп тұжырымдаған концепция. Осы концепцияның мағынасы келесі формула түрлерімен көрсетіледі: «Философия – ғылымның ғылымы» әлде «Философия – ғылымдардың патшасы». Тәжірибе тұрғысында нақты ғылымдарға болмыс пен танымды философиялық схемалар арқылы түсіндіру, түбінде 19 ғ. ортасында ғылымның дамуын тоқтатуға әкелді. Осы концепцияны ұсынғандар: Аристотель, Фома Аквинский, Спиноза, Гегель, Шеллинг, диалектикалық материализімнің ортодоксалдық өкілдері т.б. Қазіргі кезеңде де осы концепцияның ұстанушылары философиялық білімнің жоғары деңгейі мен жалпы мәдени қажеттілігін қолдайды /Тейяр де Шарден т.б./ Философия мен ғылымның қатынасы туралы позитивистік концепция – 19 ғ. 30-шы ж. /О.Конт, Г. Спенсер, Дж.Ст. Милль/ шыққан, келесі де философия мен ғалымдар ортасында кең таралған концепция. Ол нақты-ғылыми танымды дәстүрлі философияға қарағанда үстемділігін жариялайды. Философия позитивистері айтуынша өтірік білім, спекулятивті, оймен тану теорияландыру, қазіргі ғылым үшін пайдасы жоқ, себебі, ол тек өтірік білім вирусымен «жұқтырады». Табиғат, қоғам мен танымды ғылыми әдістермен зерттеу үшін философияға ғылыми әдістерді қолдану қажет /бақылауды, жалпылау мен заңдылықтардың математикалық дәлелдемесін/. «Ғылым өзі үшін философия» /О.Конт/, «Физика метафизикадан байқа!» /И. Ньютон/ - позитивистік концепцияның формулалары. Бірақ, позитивистердің ғылыми философияны құрастыру мақсаты – дүниенің ғылыми бейнесі /Г. Спенсер/, ғылым методологиясы /Дж. Ст. Милль/, ғылыми қызметтің психологиясы /Э. Мах/, ғылыми тілдің логикалық-математикалық талдауы – М. Шлик, Б. Рассел, Р. Карнап, ғылыми білім даму туралы теория – К. Поппер және ғылымның лингистикалық талдауы сәтсіздікке әкелді. Ғылым принципиалды түрде метафизикалық философиялық ережелерден бос емес, себебі, адамның санасының қызметінің тұтастығымен және оның барлық когнитивтік құрылыстырының ішкі байланысымен негізделеді. Философия мен ғылымның қатынасы туралы диалектикалық концепция – философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы ілім, сапалық белгілер бойынша олар өзгеше, бірақ ішкі мәнінде бір-бірімен байланысты және де дамуларында бір-бірінің когнитивтік ресурстарын қолданады. Оның дәлелі – олардың дамуы мен байланысы. Нақты түрде дәлелдеріне жатады: фундаменталды ғылыми теориялардың философиялық негіздерінің бар екендігі; нақты ғылыми білімдердің философиялық аргументтері мен құрылыстарды қолдануы. Олардың арасындағы шекара тарихи тайыз және ықтималды. Философия нақты ғылымдарға қатысты интерпретативтік, бағалау, жалпы мәдени роль атқарады. Себебі, ғылым мәдениеттің органикалық бөлігі, философия арқылы мәдениет өзін тұтас және өзінің негізін рефлексияландырады. Тағы бір байланысты дәлелдейтің «кентавр» сияқты білім аймағы – «ғылым философиясы». Осы концепцияның дамуына үлес қосқандар: Платон, Аристотель, Декарт, Спиноза, Лейбниц, Гегель, Кант, Рассел, Пуанкаре, Гильберт, Бор, Гейзенберг, Пригожин, Моисеев т.б. Антиинтеракционизм – философия мен ғылым өзара қатынасы туралы концепция бойынша, философия мен ғылым мақсаттары, пәндері, әдістер тұрғысында сонша өзгеше және бір-біріне ұқсамайды, сөйтіп олар арасында ешқандай ішкі байланыс мүмкін емес /экзистенциализм, мәдениет философиясы, құндылық философиясы, өмір философиясының өкілдері т.б/. Осы білім түрлерінің әр қайсысы өзінің ішкі логикасы бойынша дамиды, философияның ғылымға әсері керісінше ғылымның философияға тек сырттай, иррелевантты түрмен болады. Антиинтеракционизмнің кредосы - «Философия ғылымды емес те, ғылым философиялы емес те». Метафизика – екі мағыналы философиялық категория: 1. жалпы, синтетикалық априорлы білім /философия рационалды әлде метафизикалық деген синонимдарға тең/; 2. философия жалпы мен қажетті және бүкіл құбылыс пен процестердің /материалды және рухани/ дамуы деген идеядан дүниеге көзқарастың теориялық модельдерінен абстракциялау. Екінші мағынада Гегель өзінің философиялық ойларында қолданған және келесі де маркс-лениндік және басқа бағыттар /неогегельяндар/. Метафизика ұғымынын, оның бірінші мағынасында бинарлық оппозициясы «априорлы білім» әлде «нақты-ғылыми білім» болады. Метафизика ұғымынын екінші мағынасында бинарлық оппозициясы - жалпы даму теория, Гегель мен марксистер оны жалғыз ақиқатты философия және ойлаудын жалпы әдісі деп түсінген «диалектика» термині болып табылады. Ғылыми көзқарас - өзінің құрылымында нақты ғылымдарға негізделетін, әсіресе олардың мазмұны философиялық онтология шеңберінде жалпылау мен интерпретация жасауға кең қолдаланылады. Ғылым өзі қазіргі түсінігі бойынша, яғни әр-түрлі объектер мен реалды құбылыстарды тәжірибелік /эксперимент/ және теориялық /математикалық/ тұрғыдан зерттеу; оның бүгінгіі жағдайда көзқарасқа қатысы жоқ: 1. ғылым адамның дүниеге қатынасын емес объективтік реалдылықты зерттейді; 2. әр дүниегекөзқарастын түрі сананың құндылық түрі болып табылады, ал ғылымға келсек, ол – оның когнитивтік сферасын іске асырады, яғни өзгеше объектілер туралы нақты білім шығару. Ғылыми көзқарас үшін тарихи, әлеуметтік және мінез-құлық зерттейітін ғылымдардын білімдердін нәтижесін қолдану маңыздылылау, себебі бүкіл сферадағы адамның дүниеге қатынасының реалды түрлері мен механизімдері соларда аккумуляцияландырылады /жиналады/. Ғылымның философиялық негіздері – ғылымда когнитивтік реалды, адамзат қызметі, өзгеше әлеуметтік институт ретінде әлде ғылыми теорияларды, ғылыми бағдарламалар мен ғылыми бағыттарды дәлелдеу үшін ғалымдармен қолданылынатын философияның көп түрлі онтологиялық, гносеологиялық, методологиялық, логикалық, аксиологиялық ұғымдары мен ережелері. Ғылымның философиялық мәселелері – философиялық және тұтас, нақты ғылымдар мен ғылыми теориялардын негіздеріне қатысты мәселе; логикалық-математикалық, табиғаттану, инженерлік-техникалық, әлеуметтік пен гуманитарлық ғылыми пәндердің фундаменталды теорияларының мағынасына философиялық талдау беру мәселелері. Ғылымның философиялық мәселелерінің мысалдары: 1. Математикалық білімнің табиғаты қандай? 2. Ықтималды және кванттық механиканың теорияларының философиялық негіздері мен мәні неде? 3. Ықтималды, детерменизм және индетерминизм дегеніміз не? 4. Жалпы жүйелердің эволюциясында, сонымен қатар биологиялық жүйелердің дамуында кездейсоқтықтың ролі қанша? 5. Гуманитарлық танымның өзгешелігі неде? Ғылым мәселелерінің философиялық өзгешелігі олардың комплекстілігінде /кешені/, яғни өзінің құрамында әр-түрлі когнитивтік элементтерді – философиялық және нақты-ғылыми категорияларды органикалық тұтастықта қамтиды. Ғ.ф.м. шешу үшін ғалым философия мен тарихтын білімін менгеру қажет, профессионалды түрде философиялық тіл мен философиялық ойлауды дамыту қажет. Ғ.ф.м. жалпы философияны және нақты ғылымдардын дамуына ықпал етеді. Ғ.ф.м. әйгілі ғалымдар-теоретиктер, жаңа ғылыми концепциялар мен бағыттардың қалаушыларын /Г.Галилей, И. Ньютон, В.И. Вернадский, Д. Гильберт, А. Эйнштейн, В. Гейзенберг, Н. Бор, Н. Винер, П. Капица т.б./ қамтиды. Ғылым көп қырлы, көп астарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. «Ғылым» түсінігінің мағнасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады. Ғылым мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым қатынаста дамиды және де философия ілімін зерттеу дін ілімімен тікелей байланысты. Жалпы философиялық мектептер негізінде адам баласының рухани байлығының, сенімдерінің қатысы мол байқалады. Дін - қөзқарастың тарихи түрі, адамзат мәдениетінде басқа көзқарас түрлерімен бірге дамиды /философия, қарапайым білім, аңыз, өнер және жартылай ғылым/. Діндік көзқарастың негізінде адамның құдайға деген сенімі. Онтологиялық мәселе дін шеңберінде абсолюттың жаратушылық /шығармашылық/ қабілетімен байланысты. Құдай дүниені өзінің бейнесіне ұқсас қылып және өзінің ерік күшімен жаратқан. Философия тарихында дін философиясы және діндік көзқарасы орта ғасырда үстемді түрде дамыған. Адамзат тарихында монотеистік дін бағыттарына христиан, ислам және буддизм жатады. Дүние туралы білім және заңдылықтар, өмір сүрі ережелері қасиетті кітаптарда концентрацияланған, оның ішінде Інжіл, Тора, Құран, Авеста, Трипитака т.б. Білім және сенім – дін қоғамдық сананың ерекше бір түрі болады. Гносеологиялық тұрғысында сенім және білім мәселесі өзгеше орын алады. Орта ғасыр батыс және араб-мұсылман философиясында таным процесінде сенім мен ақыл бір-біріне көмескі деп түсінген /Тертуллиан «Сенемен, абсурд болсада!»; Августин «Түсіну үшін сенемін!»; Фома Аквинский ақылды –танымның табиғи ңұры деп, ал діндік сенімді - құдайдың ңұры деген/; түбінде приоритет /үстемділік/ діндік сенімге берілген. Білім, сенім және күмән жалпы адам санасының өзгешелігінің көрсеткіші, сол себепте күрделі мәселелердің бірі болады. Мысалы, таным процесінде сенім ролі жоққа шығарылмайды, бірақта сенімнің гносеологиялық, логикалық-методологиялық статусы, әлеуметтік-мәдени және коммуникативтік негіздері мен бастамалары қазіргі гуманитарлық білім үшін актуалды. Бақылау сұрақтары: 1. Философия мен ғылымның қатынасы туралы трансценденталдық концепцияның мағынасы. 2. Философия мен ғылымның қатынасы туралы позитивистік концепцияның мағынасы. 3. Философия мен ғылымның қатынасы туралы диалектикалық концепцияның мағынасы. 4. Антиинтеракционизм концепциясының мағынасы. 5. Ғылымның философиялық негіздері қандай? 6. Білім мен сенімнің қатынасы туралы қандай пікірлер қалыптасты?
Date: 2015-07-27; view: 1995; Нарушение авторских прав |