Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ылымның анықтамасы. Ғылым туралы түсініктер





1.2 Ғылым тарихы мен философиясы: статусы мен пәні.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Степин С., Горохов В.Г., Розов М.А. Философия науки и техники. М., 1996.

2. Поппер К. Реализм и цель науки // Современная философия науки. Знание, рациональность, ценности в трудах мыслителей Запада: Хрестоматия. М., 1996.

3. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 10 – том. Ғылым мен техниканың батыстық философиясы. – Алматы: Жазушы, 2006. – 560 б.

4. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 13 – том. Классикалық емес батыс философиясы. – Алматы: Жазушы, 2006. – 528 б.

Ғылым – әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.

Ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім және объективті шындық.

Ғылым дегенімізқоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің жоғарғы саласы.

Ғылым философиясы – философияның бір аймағы, пәндік тұрғыдан ғылыми білім жүйесін, ғылымның жалпы құрылысын, қызметтері мен даму заңдылықтарын зерттейді; когнитивтік қызметін қарастырады; ғылым әлеуметтік институт ретінде және қазіргі қоғамның инновациялық жүйесінің негізі ретінде қабылданады. Ғылым философиясының мақсаттары: философия мен ғылым арасындағы қатынастардың механизімін іздеу; әр-түрлі ғылымдар мен ғылыми теориялардың философиялық мәселелері мен философиялық негіздерін зерттеу; ғылым, мәдениет пен қоғамның өзара қарымқатынасын анықтау. Қазіргі ғылым философиясының негізгі салалары: ғылым онтологиясы, ғылым гносеологиясы, ғылым методологиясы мен логикасы, ғылым аксиологиясы, жалпы ғылым әлеуметтануы, ғылыми қызметтердің экономикалық және құқықтық реттеуінің жалпы сұрақтары, ғылыми-техникалық саясат пен ғылым меңгеруі.

Білім дегеніміз - материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі.

Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Әрі ол таным процесінің күрделі нәтижесі болып табылады.

Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылымы мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейтің философия шеңберінде қалыптасқан өзгеше сала, пән.


Экстернализм бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына сыртқы әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді және әскери істің қажеттіліктері себеп болады. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни ғылымға әсер ететін – қоғамның сұранысы /заказ/.

Интернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б. Өзінің қорытыңдыларына қарамай, интерналистер ғылымның нәтижелері нақты ғалымның іс-әрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады деп тұжырымдайды.

Ғылыми білімнің ерекшеліктері:

1. идеалдылығы; 2. ұғымдар мен анықтамаларға бейімдеуі; 3. жүйелілігі; 4. шынайы нақтылығы; 5. жаңалылығы; 6. экспериментке неізделуі.

Ғылыми білімнің құрылысы /структурасы/ ғылым класификациясымен байланысты. Классификацияның қажетті өлшемдері: 1. классификация нәтижесінде ғылыми білімнің еш түрі бөлінбей қалмау керек; 2. олар бір-бірін жоққа шығару қажет; 3. бөлу негізі бәріне ортақ болу керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Ғылым мен білімнің айырмашылығы неде?

2. Ғылыми білімнің өзгешелігі?

3. Философия тарихында және ғылым философиясында ғылымның классификациялары?

4. Экстернализм дегеніміз не?

5. Интернализм дегеніміз не?

6. Сциентистік және антисциентистік бағыттардың өзгешелігі мен айырмашылықтары?

 







Date: 2015-07-27; view: 3212; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию