Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АЛҒЫ СӨЗ





АЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

О. Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбиелеу институты

Оғамдық пәндер» кафедрасы

 

«ғылым тарихы мен философиясы»

ПӘНІНІҢ МАГИСТРАНТҚА АРНАЛҒАН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

Алматы, 2010 ж.


Автор: Ібжарова Шолпан Айдаралы қызы, «Қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті, философия ғылымының кандидаты

 

 

Сарапшы: Зәурбекова Лазира Расылхан қызы, «Қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті, философия ғылымының кандидаты

 

 

«Қоғамдық пәндер» кафедрасының отырысында қаралды. №1 хаттама, «26» тамыз 2009 ж.

 

О. Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбиелеу институтының ОӘК мақұлданды. №1 хаттама, «28» тамыз 2009 ж.

 


МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе ………………………………………………………………..........4-5

Силлабус …………………………………………………………………..5-9

Рейтинг сұрақтары ………………………………………………………..9-10

Аралық бақылау сұрақтары …………………………………...................10-13

I Дәріс кешені …………………………………………………..................14-53

II Практикалық сабақтар ……………………………………….................53-

III Магистранттың ұстазбен өзіндік жұмысы (МОӨЖ)..........................62

IV Магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ)………………………........62-69

 

АЛҒЫ СӨЗ

Қазахстанның білім беру жүйесіне модернизацияға бағытталған өзгерістер соңғы уақытта белсенді түрде еңгізіліп жатыр. Әрине, оның қажетті жағы бар, бірақ, түбінде білім жүйесі өзінің құралдары мен методикалық ерекшеліктерін нағыз білім беруге бағындыру қажет.

Магистратуратура жоғары білім беру жүйесінде бакалавриат пен аспирантураның ортасында болып болашақ мамандардың, ғалымдар мен оқутышылардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық іс-әрекетіне жеткізетін тереңдетілген ғылыми, философиялық-методологиялық, дүниегекөзқарастық және пәндік теоретикалық негізін талап етеді. Жалпы магистранттарды дайындау жүйесінде ғылымның философиясы және тарихы курсы ең маңызды дуниегекөзқарастық, ғылыми-методологиялық орын алады, ғылымның тарихы, философиясы және методологиясы оның негізгі ұйытқысы болып саналады.

Ғылым тарихымагистрлердің магистерлік диссертациясын дайындау және ғылыми-жұмысының жоғары деңгейіне жеткізетін білімнің маңызды компоненті болып саналады. Тарихи білім болашақ мамандарға ғылымның толық бейнесін қалыптастырады, ғылымның зерттеу контекстіне және әр-түрлі аспектілеріне сезімді қарауға мүмкіндік береді.

Ғылым философиясы ғылым аралаларындағы байланыс пен философия білімінің әр-түрлі бөлімдірінің дамуының қажетті негізі болып есептелінеді, нақты арнаулы ғылыми пәндердің философиялық мәселелерің кеңейтеді және тереңдетеді. Философия білімі тек ғылымның дамуының себепшісі емес сонымен бірге ғылыми білімнің ажырағысыз бөлігі болып ғылымға бір мүшесі болып кіреді. Ғылым философиясы ғылымның өзіндік санасының әлеумет-мәдени тұрғысындағы көрінісі, ғылым қоғамның рухани дамуының контекстінде ұғынылады, ғылыми білімнің даму құндылық мақсаттары мен ғылыми-зерттеу кәсіптік практикасы қалыптасады. Ғылым философиясы ғылымды әлеуметтік институт ретінде яғни мықты өндіріс кұш, ғылыми білімнің жүйесі, қоғамдық сананы қалыптастырушы ретінде негізін ашуға мүмкүндік береді. Осы білімдер болашақ маманның ғылыми, педагогикалық іс-әрекетінің кеңістігін қалыптастырады.

Ғылым методологиясымагистрантқа кәзіргі ғылым мәселелері мен методологиялық негіздерін түсінуге мүмкіндік береді, әдіс теориясымен яғни принциптермен, подходтармен, тәсілдермен, ғылыми іс-әрекетін әдістерімен қаруландырады. Ол ғылым методологиясы мен логикасын ұғынуға, ғылыми-зерттеу жұмыстың методологиялық мәдениетін көтеруге мүмкіндіктер береді.

Магистранттарды дайындауда қойылған мақсаттарың, олардың оқытуында ғылыми-зерттеу өзгешеліктерді ескеріп, ғылым философиясы және тарихы курсты беруде жаңа интерактивтік нұсқауларды қолданады. Біріншіден, магистратурада оқыту жүйесінде дәрістік-семинарлық тәсіл өзінің репродуктивтік қасиетімен магистранттың өзіндік белсенділік жұмысына жауапты емес. Екіншіден, магистранттың бакалавриаттағы философия пәні бойынша дайындалған нақты білімі бар. Үшішіден, магистратурадағы дайындық таңдалған мамандық бойынша магистрлік диссертацияны дайындау және ғылыми жұмысқа бағытталады.

Сөйтіп, оқыту процесінде салмақ күшін магистранттардың өзіндік жұмыс жасау деген принципті және тұлғалық-өзіндік-бағыт подходты қолданады. Білім беру тұрғысында жан-жақты әдістер қолданылады: мәселе тудыру; сократ сұхбаты; топтастыру (бірлестіру); топтастыру және сұхбаттастыру, пікірталас және диспут.

 

Date: 2015-07-27; view: 963; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию