Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Руақтың қарызымды төлеңдер деп жалбарынуы





Қарызынан құтылмай дүниеден өткен адам, сол қарыз үзілмейінше көрінде кісендеулі қалады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Адам бұл өмірде қарыздар болса келесі өмірде оның жаны тыныштық таппайды. Бұл туралы Шәкәрім мынандай әңгіме келтіреді.

«Мұнан отыз жылдай бұрын Үндіқытай теңізіндегі Францияның пароходындағылар спиритизм туралы сынау үшін, жан шақырып сөйлесіп отырғанда, бұрын өлген жолдастарының жаны келіп, мен өлмей тұрып кеме бастығы капитаннан бес франк жиырма бес цент ақша қарыз алып, соны төлеп болмай өліп едім. Сол маған қиын болып жүр. Сіздер мархабат қылып капитанға сол ақшаны төлеңіздер деген. Капитаннан сұраса – ұмытып қалыппын депті. Аналар жалынып сол жылғы книгасын қараса, дәл болып шыққан».

Бұрынғылардың айтуы бойынша өмірде үш нәрседен ең әуелі құтылу керек. Олар: ауру, өрт және қарыз. Әрқайсысының өз себебі бар. Егер аурудан ертерек құтылмаса, ол асқынып кетуі мүмкін. Өртті кезінде өшірмесе – ол өршіп, дүниеңді түгел құртуы мүмкін. Ал қарыздан тезірек құтылмасаң – өлім келіп, қарызыңды өтей алмай қалуың мүмкін.

Өлім сұрап келмейді, оның қашан келерін ешқандай пенде білмейді. Өтелмеген қарызды өтеу керек. Бұл табиғаттың әділет заңдылығы. Сондықтан қарызды кезінде өтемеген жан әуелі о дүниеде зардап шегеді, сонан соң бұл өмірге қайта келіп, қарызын өтеуге мәжбүр болады. Не болмаса, оның қарызын өтейтін артында қалған баласы болу керек. Бұл қағида исламда бекітілген.

Бұл әңгімеде қарыз мәселесі айтылады. Өтелмеген қарыз аяққа байланған тас тәрізді, ол келесі өмірде рухани жылжу жолында үлкен кедергі жасайды. Шәкәрімнің бұл әңгімесінен осыны көріп отырмыз. Амалы қалмаған әруақ өзіне қиын болып жүргенін айтып, жолдастарынан көмек сұрайды. Осындай жағдайға қалмау үшін бұл әлемде ешкімнің алдында да қарыздар болып қалмауға ұмтылу керек. Бұл өте маңызды тұжырым. Себебі, «қарыз» деген сөз ақшаны ғана емес, отбасы, ата-аналық, баланың, халықтың, отанның, әруақтардың, сонымен бірге ең әуелі Жаратушының алдындағы қарызды білдіреді. Табиғаттың бұл нәзік заңдылығы халқымыздың әдет-ғұрпында үлкен орын алған. Бұрынғы кездерде адамдар ешкімнің алдында қарыздар болмауға тырысқан, әсіресе аманатты үлкен міндет деп білген. Аманатты орындау кімнің болса да қасиетті парызы. Ислам дінінде жетім-жесірге жәбір көрсетпеу, олардың мал-мүлкін кезінде қайтарып беру үкен міндет етіп қойылған. Себебі ислам тарихында дін жолында көп соғыс болып, онда өлген адамдардың баласы жетім, әйелі жесір қалған кездері жиі болып тұрды. Мұсылмандар үшін соғыста шейіт болған адамның артында қалған мал-мүлкін, бала-шағасын аман сақтау қарыз болып есептелген. Сондықтан бұл қарызды қалай өтеу керек екені жөнінде Құран, қадистерде айтылып, нақты бекітілген.

Егер адам бес франк жиырма бес цент ақша қарыз болғаны үшін осынша қиналып жүрсе, онда одан да үлкен отан, Жаратушы алдындағы қарыздарды өтемегені үшін адам қандай жаза алуы керек екен? Фәни әлемдегі болып жатқан бейберекет әрекеттер мен қасіретті құбылыстардың себебін осының өзінен түсінуге болады ғой! Бірақ заттық көзқарастың ықпалымен, рухани білімнің тапшылығынан мұны әркім сезіп-біле бермейді. Сана-сезімінің деңгейіне, алған тәрбиесіне, мәдениетіне байланысты өзінің қоғамдық және табиғи міндеттерін, яғни қарызын әркім әртүрлі орындайды. Ал мақсат – ешкімнің алдында қарыздар болмау. Ешкімнің алдында қарыздар болмауға өзінің табиғи міндеттерін толық орындаған кезде ғана жетуге болады. Бұл – имандылықтың алғашқы шарттарының бірі.







Date: 2015-07-22; view: 626; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию