Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тәнді не үшін қолданады?
Мақтан үшін жан қалса ескерусіз, Дұрыс-ақ қой дейсіз бе осынымыз? Іздегенін таба алмай кетсе зарлап, Жанның орны не болды, байқадыңыз. Шәкәрім
Жан өзінің еркін Ғазиз Жанға емес, өзіне қарай бағыттағанда өзінің ниетін қанағаттандыру үшін ол заттық (материалдық) әлемге жіберіледі. Сонымен, жанның әуелгі таза рухы жалған «өзіммен» былғанып, өзгереді. Осы өзгерген рухымен жан материалдық әлемге келеді. Материалдық әлем нәзік және тұрпайы заттық болып екіге бөлінеді. Нәзік әлемде жан рухымен және материалдық нәзік денесімен болады. Оның бұл қалпын «әруақ» дейміз. Ал ол заттық әлемге келгенде заттық тән алады. Жанның бұл қалпын «адам» дейміз. Осылай адам болмысы рухани, нәзік және тұрпайы материалдық бөліктерден құралады. Осыдан адам қалпы жан үшін ең жақсы кез емес екенін, керісінше, оның Алла тағаламен қатынасында ең ауыр кезінің бірі екенін көреміз. Бірақ осы ең ауыр кез жанға ең үлкен сабақ береді. Ол бұл әлемде өзінің тәнін қолдану арқылы жаман ниет-қалауларынан арылуға мүмкіндік алады. Бұл әлем оған күнәсінен арылатын, тазарып рухани жолға түсетін, Алла тағаламен байланысын орнатуға мүмкіндік алатын орын болып табылады. Өмірде дұрыс жол табу үшін бұл әлемдерді бір-бірінен айыра біліп, олар туралы арнайы түсінік болу керек. Рухани әлемді тек қана рухани жолмен танып, білуге болады. Нәзік әлемдерді тылсым (эзотерикалық) ғылымдар, парапсихология зерттейді. Ал заттық әлемді зерттеу – материалдық ғылымдардың үлесі. Жоғарылар төменгіні жақсы көріп, жақсы түсіне біледі. Сондықтан олар төменгілердің кемшіліктерін түсіне біліп, оларды сынға алмайды. Ал төмендегілер керісінше. Олар жоғарғыларды дұрыс көріп, дұрыс түсіне алмайды. Сондықтан төмендегілер жоғарыдағыларды жиі сынға алып, оларды қабылдамауға тырысады. Бірақ заттық әлемнің қиын сырлы көріністерін ашқан кейбір ойлы ғалымдар өздерінің қателіктерін көріп, жоғары мақсатқа заттық ғылым жеткізе алмайтынын мойындайды. Date: 2015-07-22; view: 819; Нарушение авторских прав |