Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аталар батасы арқылы дүниеге келген сәби – Алпамыс





Сәуле Ризақызы Мұқашбекова телефоны: 8 701 901 87 44;

Серік Темірханұлы Табанов телефоны: 8 701 333 70 51;

19 – Мәрям сүресі, 35 аят.

Алланың баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т.) одан мүлде пәк. Ол, бір істің болуын қаласа, тек қана оған «бол» дейді. Сонда ол, бола қалады.

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 307 бет..

Байбөрі байдың бәйбіше –

Жарының аты Аналық,

Жылай берді зарланып:

«Көрмедік, – деп, – самалық,

Жасымыз болса кеп қалды,

Енді қандай қылалық?

Мақұл десең, алғаным,

Алаша төсек салғаным,

Әзіреті сұлтанға

Екеуміз де баралық.

Әулие қылса керемет,

Болар ма екен жаңалық?

Бермесе Құдай, шара не,

Далада өліп қалалық!»

Сол уақыттар болғанда,

Көк есегі астында,

Ақ сәлдесі басында,

Сырлы асасы қолында,

Өзі ақтың жолында,

Бір диуана келді де,

Асамен түртіп оятты.

Көкірегін оятып,

Бетіне бетін қаратып,

Есектен түспей тіл қатты:

«Ей, бишара мүгедек,

Жаныңызға не керек?

Дейсің ғой: «Маған ұл керек!»

Әулиені қыдырдың,

Жердің жүзін сыдырдың,

Маңдайыңа төбелеп.

Әрқайсысының әртүрлі

Мәртебесі бір бөлек.

Сен үшін бәрі қиналды,

Бір жерге тегіс жиналды.

«Бір ұл бер, – деп, – осыған»

Бір жаратқан Құдайдың

Дәрегейіне жылады.

Мен де тұрдым ішінде,

Әулиенің күші де.

Жаратушы жалғыз-ақ,

Дәрегейіне ұнады.

Ұнағанын сонан біл:

Бір қыз қосып силады,

Сексен сегіз серулер,

Тоқсан тоғыз мың машайық –

Бәрінің көңілін қимады.

Менің атым Шашты Әзіз,

Қыламын десең ықылас,

Жарылқады Жаратқан,

Ей, бишара, көзіңді аш!

Ұлыңның аты Алпамыс,

Қызыңның аты Қарлығаш,

Атса, мылтық өтпейді,

Шапса қылыш кеспейді,

Қалмақтармен болар қас.

Түрегел де қолың жай,

Болады өзі өмір жас!»

 

Батырлар жыры. Алпамыс батыр хикаясынан үзінді ХIYғ.

 

Сәуле Ризақызы Мұқашбекованың жар дегендегі жалғыз қызы – Әсел 2005жылы, Серік Темірханұлы Табанов деген азаматпен тұрмыс құрады, бірақ балалары болмайды. Тіпті болмағаннан соң екеуі дәрігерге барады. Әселге дәрігерлер өмірі бала көтермейсің деген сараптама қортындысын қолына ұстатады. Серік пен Әсел іштей күйзелсе де, үміттерін үзбейді.

Бұл жайт аналары Сәуленің жүрегін ауыртып, жанын жай таптырмай, күн демей-түн демей, іштей бір Жаратушыға жалбарынып, тығырықтан шығатын жол іздей бастайды.

Кімде жетіспеушілік пайда болса, оны адамдардан тілесе онда ол ешқашан мұқтаждықтан арылмайды. Ал егер Алла тағаладан сұраса онда Алла тағала оны мұқтаждықтан құтқарады, не ақырет берумен, не тез дүние берумен. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Бір Алланың жәрдемімен және киелі аталардың әруақтарының жетелеуімен, Сәуле Мұқашбекова 2006 жылдан бастап «Жанқожа ата» ордасына, «аққу» Нұржиян Тілегенқызы Әйтекешоваға келіп, аталардың батасымен өзінің қаралығынан арылып, өмірі күрт түзеле бастайды. Батамен жолы ашылып, үй сатып алады.

Осыдан кейін, тұрмысы түзеліп етек жеңін, есін жиған Сәуле Ризақызы, балаларына үнемі «ата жолы» туралы адам айтса сенгісіз оқиғаларды айтып келетін, бірақта Серік пен Әсел бұған онша мән бермей: «Осы біздің шешеміз қайдағы жоқ аңыз ертегіні айта береді екен-ау!», – деп, көп пенденің бірі сияқты жүрдім-бардым тыңдайтын.


Сәуле бір күні балаларына: «Сендер ата жолында жүрген «аққу» Нұржиянға барыңдар. Алланың құдіретімен, киелі аталардың әруақтарының демеуімен балалы боласыңдар», – дейді. Алғашында Әсел мен Серік түсінбейді, таңырқап қарайды. Іштей: «О заманда, бұ заманда әруақ бала беруші ме еді? Дәрігерлердің қолынан келмегенді, бейнесіз, денесіз әруақ қалай береді? Біздің шешеміз уайымнан, ойдан алжыйын деп жүрген шығар», – деп өзара күбірлесіп, күрсініп, шешелеріне жандары ашып, көздерінің жасын сығымдап алып мұңдасатын. Біраз уақыт өткеннен кейін, тығырықтан шығатын басқа жол жоқ болғандықтан «тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің» деп, Әселдің өзі Нұржиянға телефон шалып, қабылдауын өтінеді. Сол күні кешке «аққу» Нұржиянның қабылдауында болады.

Нұржиян оларға: «Екеуіңе қоятын бір шартым бар. Алдымен сендер бес атаның басына барып, іле-шала Түркістанға баратын болсаңдар ғана дем саламын». Бұлар осы шартпен келіседі. Нұржиян Тілегенқызы – Серік пен Әселді 7 ай емдеп, дем салады. Осы аралықта Әсел күйеуі екеуі бес атаға барады. Іле-шала Ақбура атаның керуенімен Түркістанға сапар шегеді. Барып келгеннен кейін Нұржиянның (Жанқожа ата) ордасынан бата алады, Жанқожа ата Серік пен Әселге батада: «Райымбек атаңның басына барып ақтығыңды жауып өтерсің», – дейді. Нұржиян түсіндіріп айтады: «Райымбек атаның басына барып, ақтық жауып қайтыңдар, сонан кейін ұрпақ келеді». Бұлар – аналары Сәуле Ризақызы үшеуі Райымбек атаның басына барып ақтық жабады. Райымбек ата әруағы батасында Әселге: «Балам қорықпа, жатырыңа тұяқ болып түсер, сонда тұяғыңның атын, нәресте қозғалғанда өзім қойып беремін», – дейді.

Бірер ай өткеннен кейін Сәуле артынып-тартынып Нұржиянның үйіне келеді. Нұржиян ойлайды: «Үйіне алған дүниесін біздің үйге түсіріп жатқаны несі? Менің үйім онсыз да тар, осынша азық-түлікті қайда сақтаймын?».

– Нұржиян сүйінші! Не болғанын атадан сұрашы.

Нұржиян өзі ашылған Түктібай атадан сұрайды: «Әй, қарағым, ұрпақ келер жәйі бар балам, сол ұрпақтың қуанышы ғой», – дейді Түктібай ата. Содан мәз болған Сәуле, ағыл-тегіл дастархан жайып, жарық дүниеге келе жатқан Алпамыстың бірінші қазанын көтереді.


Төрт ай өтіп бала қозғалғаннан кейін, Райымбек ата батасында Серікке: «Баланың атын Алпамыс деп қоярсыңдар», – дейді. Осы арада Сәуле: «Маған Алпамыс деген байырғы ескі ат ұнамайды», – деп пендешілік танытады. Сонда Нұржиян: «Әй, Сәуле! Қайғыдан қан жұтып, «ішкенің ірің, жегенің желім» болып, кеше ғана осы күнге де зар болдың емес пе?! Пендешілігіңді қой. Сен өйтіп күпіршілік қылма. Алпамысқа жеткен де бар, жетпегенде бар. Алпамыс батырдай ел қорғайтын бала туса Әсел, онда биікке жетесің!». Өзінің қателігін түсініп, зәресі зәр түбіне кеткен Сәуле көзінің жасын көл қылып: Алладан, киелі аталардың әруақтарынан кешірім сұрап, тәубәсіне түседі.

2008 жылы 1 сәуірде, кешкі 7-де Жаратушының құдіретімен, аталардың демеуінің және батасының арқасында Алпамыс атты қолақпандай ұл дүниеге келді. Тәп сол күні Қазақ жеріне – Қытайда Бежін қаласында болатын олимпиаданың алау оты Алматыға келді.

Алпамыс қырқынан шыққан кезде, жылай береді, жылай береді. Дәрігерге апарса шүмешегі ауырады екен. Дәрігерлер сүндетке отырғызу керек деп, сүндетке отырғызады. Бұл да аталардың ісі. Сүндетке де аталардың өзі отырғызды. Осындай тылсым дүниені, ғажайыпты өз көзіңмен көріп, қолыңмен ұстағаннан кейін, қалайша әруақтарға, халықаралық «ата жолы» қозғалысына күмән келтіре аласың!







Date: 2015-07-22; view: 1085; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию