Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Иманым» Шәкәрім (Шаһкарим) Құдайбердіұлының толғауы
Пайғамбар Мұса жолықса, Сөйлесіп көңілім орнықса: «Адасты жебірей, – дер едім, – Тауратты қайта толықта!» Дәуітті көрсем, ән салып, Қуанар едім қарсы алып: «Ақында қалды иманың, Тағы үйрет, – дер ем, – бір барып». Зардуштке айтсам кезі кеп: «Үйреттің ақыл нұр ғой деп. Ұға алмай отқа шоқынып, Бұзылды елің боғын жеп». Будданың ұстап білегін, Айырылмай бірге жүремін: «Жәдігөй, бақсы, ламаға, Шоқынды елің білемін». Айсаны көрсем егер мен: «Ен, – дер едім, – қайта сен. Сені Құдай деді де, Айрылды халқың дінінен». Мұхаметті көре алсам, Сөз айтып, жауап бере алсам: «Адасты молда, – дер едім, – Құраныңды үйрет, келе алсаң». Бұл күнде дұрыс иман жоқ, Шатақ дін нәпсі тиған жоқ. Ақылы саудың ойына, Алдамшы діндер сиған жоқ. Анықты ешкім тапқан жоқ, Іздемей қарап жатқан жоқ. Өлімді залым қылатын, Шатақ діндей қақпан жоқ. Ақыл да безді олардан, Із қарап жүр сонардан. Байқамай көбі адасты, Көңілге бірақ сол арман. Көрмеді сынап дүние ісін, Білмеді құдірет киесін. Денеге жанды жегізіп, Таба алмай қойды Иесін. Затшылдық көзін байлады, Адастырып айдады. Жан билемей тән билеп, Ақылдың соры қайнады. Ғылым деп уды жегізді, Денесіз зат жоқ дегізді. Дәлелсіз пәнмен перделеп, Тапқызбай қойды негізді.
ЗОРОАСТР (б.э. дейін YI ғ.) Персияның мистигі және зороастризмнің негізін қалаушы. Қанжардан өлген.
СОКРАТ (470? – 399 б.э. дейін) Гректің философы, жастардың санасын, ақылын алжастырды деп айыпталған. У ішу арқылы өлім жазасына кесілген.
ГАУТАМА СИДДХАРАТА, БУДДА (563? – 483? б.э. дейін) Іліммен ең бір нұрланған және төкпе шешен рухани ұстаз. Фундаменталист-индустар оның өміріне талай мәрте қастандық жасаған. Қалыптасқан болжам бойынша ол іш өтуден (дизентерия) өлмеген, тамаққа қосылған біртіндеп әсер ететін удан өлген.
ЙЕШУА БАР АББАС (кейіннен Исус Христос немесе Иса пайғамбар) (0 – 33) Ерекше емші, «Құдай деген Махаббат-Сүйіспеншілік» деп насихаттаған. Иерусалимнің діндарлары крестке керіп өлтірген.
Пайғамбарымыз МҰХАММЕД (с.ғ.с.) (570 – 632) Исламның негізін қалаушы. Улау арқылы жасалған қастандықтың салдарынан асқазан ауруына ұшыраған, өмірінің соңында жан шыдатпас азапты ауруға ерекше төзімділікпен шыдаған.
АЛ-ХАДЖ МАНСУР (сопы Х ғ.) «Мен – ақиқатпын» деген сөзі үшін өлтірілген. Оны өлтірудің әдісі өте жантүршігерлік болған: Оны өлтіргенде біртіндеп кескілеп-кескілеп тураған, бірақта ол осы азапта қасқайып күліп тұра берген. Date: 2015-07-22; view: 1133; Нарушение авторских прав |