Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Фәни өмiрге әркiм өзiнiң қалауы бойынша келді
Сендерге бір Хадисті айтайын, оны әрдайым естеріңде сақтаңдар. Дүние мынадай төрт топтағы адамдар үшін жаралған: Әркімге Алла байлық пен ғылым силаса, ол сол байлықты тек өзі ғана пайдаланбай, туыс – туғандарына да қарасып тұрса, ғылым – білімі арқылы ақысын да ада етіп отырса, мәртебеліліктің ең абзалы осы. Әлдекімге тек ғылым беріліп, дәулет силанбаған болса: «Егер менде дәулет болса, өзгелер сияқты игілікті істер істер едім» - деп адал ниетімен айтса, ол сол ниеті үшін жомарт байдың сауабындай сауапқа ие болады. Егер кімде – кімге мол дүние бітіп, ғылым силанбаған болса, туған – туыстарына қарайласпаса, Алла ақысын ада етпесе, мәртебесіздік, инабатсыздық сол болып табылады. Кімде – кім ғылым мен мол дүниесі болмаса да: «Малым, ғылымым болғанда ғой, өзгелер сияқты жақсы іс істеп, қайырым жасар едім» - деп шын ниетімен айтса сауапқа батады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Бұл фәни өмiрге әркiм өздерiнiң қалауы бойынша ләззат алу үшiн жiберiлдi. Бiрақ фәни (материалдық) әлем – рухани әлем емес. Рухани әлемде барлығы мәңгiлiктi, бiлiмге және ләззатқа толы болса, фәни әлемде барлығы, керiсiнше, уақытша, бiлместiкке және қайғы-қасiретке толы. Бұл өмiрдегi қызықтың барлығы да жалықтыратын, уақытша және шындығы жоқ жалған. Сондықтан әркiм тiршiлiк барысында осыны түсiнуi керек. Сонда өмiрдiң басты мақсатын орындауға – кейiн қарай, Алла тағалаға қайтуға мүмкiндiк туады. Бұл мақсатқа жету үшiн әуелi бiлiм алу арқылы бiлместiктен арылу керек. Сонан соң Алла тағалаға таза құлшылық жасаумен жүрек көзiн ашып, Абай сөзiмен айтқанда «сен де сүй Ол Алланы жаннан тәттi». Ол үшiн «адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп». Сонда ғана кiм болса да өзiнiң фәни әлемге келген мақсатына жете алады. Бұл фәни әлемде әркiмнiң ләззаттанып, өмiрдiң рақатын көруiне барлық жағдай бар. Ол жағдайды толық пайдалану үшiн, әлем заңдылықтарымен үйлесiмдi өмiр сүру керек. Бiрақ адамдар өздерiнiң бiлместiгiнен ол заңдылықтарға сенімін жоғалтып, толық орындамайды. Сөйтiп, қоршаған ортаның бейберекетiн шығарып, өздерiне керектi өмiр қажеттiлiктерiнен айрылып қалады. Соның салдарынан өмір шырғалаңдарына түсіп, қайғы-қасірет көріп, түрлi ауруларға шалдығып денсаулықтарынан айырылады, тез қартайып, өмiрлерiн қысқартады. Бұл жағдай өрiс алып, шектен шығып бара жатқандықтан: кейiнгi жылдары біздің елде Құдайдың құдіретімен, киелі ата-бабалар әруақтары өздерінің баталарымен – салауатты өмiрге ерекше көңіл бөліп, адамдарды, адамзатты имандылық жолға салып, денсаулықтары мен тұрмыстарын түзеп, бір Жаратушының ақиқат екенін тыпыр еткізбей дәлелдеп, бұрын сенбей жүрген пенделердің көзін жеткізіп, жүректеріне Алланы ұялатып, саналарына сіңдіріп беруде бүкіл әлемдік бетбұрыс жасауда. Осыны халықаралық «Ата жолы» қозғалысы іс жүзіне асыруда. Date: 2015-07-22; view: 697; Нарушение авторских прав |