Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ислам дінін аш көзділіктен басқа еш нәрсе бұза алмаған
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Тәңіріні іздеп бір мұңғыл Тас суретке шоқынса, ¤лсе де, болып соған құл, Иманын бұзбай отырса. Атақ, пайда іздемей, Ойында мақтан жоқ болса, Қиянатты көздемей, Қанағатқа тоқ болса. Молдеке, оған таңданба, Сол кіреді бейіске, Екі жүзді сандалма Сен қаласың кейісте. Құдайың мен дүниеге Кезекпе – кезек шоқынсаң, Инедей пайда тие ме Мешітте мың жыл отырсаң? Кімде болса шын мінез, Болмас онда екі сөз, ¤лтірсе де көзбе-көз, Иманын сатып, алмас бөз. Иман да сол, дін де сол – Адаспайтын айқын жол, Күнде, мейлің ыза бол, Бейіске анық кіреді ол. Мысал емес ындыным, Әлгі мұңғыл – әулие, Иманын сатқан жындының Іздегені – дүние. Шәкәрім
Ең жақсы дін – қайрымдылық пен адамның жан дүниесін түсіне білу.Біздің төккен шуағымыздың деңгейін, келесі адамның жанарындағы пайда болған нұрдан байқауға болады. Осыны құлдың ақылымен қабылдап, сәбидің жүрегімен ләззаттанайық. Дінмұхаммед Қонаев. Әруақты ардақтай білейік, ағайын! Патша – Алланың жердегі көлеңкесі. Кім оны құрметтемесе, Алланы құрметтемегені. Кім оны қорласа, Тәңіріні қорлағандық болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Руаққа табынып, оны басына көтеріп, сол арқылы күн көріп байып отырған елдер бар. Ал біздің мұсылман елінің бірі Саудовская Арабия бір адамның туған жері мен өлген жерін ардақтап, табыс көзіне айналдырып отыр. Арыстанбабтың да сондай ертелі-кеш киелі орынға айналмауына кім кепіл? Осы уақытқа дейін еліміздің баяу дамуына әруаққа қырын қарау сияқты біреу байқап, біреу байқамайтын құпия сырдың жатуы мүмкін. Әруақты ардақтай білейік, ағайын! Басқа елдердің әруағы тірілерге дүние тауып беріп жатыр. Біздің әруақтар құлыптаулы тұр немесе қора-қопсыға айналып кеткен. Әруаққа деген көзқарасты айырма, міне, осындай. Мен өткен қыста Қырымда болып қайттым. Онда Тегерандағы діни қоғам мүшелерімен өткен әңгіменің бас жағында Отырғандардың біреуі орнынан тұрып бізден алдымен, «егер рұқсат болса, бір нәрсені Сізден сұрағымыз бар», – деді. – Сұраңыздар, рұқсат, – дедім мен. – Олай болса, Сіздің раббыңыз кім, дініңіз қандай, пайғамбарыңыз кім, қыблаң қайда, кімнің ұрпағысыз, миллетің кім», – деді. Мен өзінің ретімен «Алла тағала, Ислам, Мұхаммед, Адаш ата, Ибраһим» деп жауап бердім. Олар өз тілдерінде «шын мұсылман, шын мұсылман» деп бір-біріне айтып жатты. – Сіздің елде осы Мұхаммед пайғамбарға саһаба әрі ақылгөй болған, әлдеқайда жасы үлкен бір ұлы әруақ жатыр деп есітеміз, бір адам басын сұқпайтын көрінеді. Тастанды боп айдалада жатса керек. Осы сөз рас па, одан хабарыңыз бар ма? – Иә, хабарым бар. Арыстанбаб деген кісі біздің елде жатқаны рас дедім. Сонда залда отырған барлық адам орындарынан тұрып, ауыздарын күбірлетіп, беттерін сипап, орындарына қайтып отырды. – Осыған байланысты менде тағы бір сұрақ бар Сізге, – деді екінші сәлде оранған кісі. – Сұраңыз, құлағым сізде, дедім мен. – Ол кісі Сіздерде қалың елдің ортасында жатыр ма? – Қалың елдің ортасында емес, шеткерірек, оңаша жатыр дегенімде кейбіреулері бастарын шайқады. – Біз қалың елдің ортасына әкеп қойып, тірілерді тәрбиелейтін ардақты да құрметті әруақ тұлғаға айналдырсақ, бізге сүйегін бересіздер ме? – Бұрынғы өткен атақты адамдардың барлығы да дәл өлген жерлеріне қойылған деген дерек бар. Қозғамаған дұрыс шығар. Біздің бір үлкен оқымысты ғұлама бауырымыз Шам шаһарының орталық зиратында жатқан Әл-Фарабидің сүйегін сұрағанымызда Сирияның басшылары осындай жауап берген бір кезде. Пайғамбарлар мен сол сияқты әлемге танымал адамдар өлген жерлеріне қойылған деген әңгімені Мұхаммед пайғамбардың өзінің аузынан Әбубәкір Сыдық естіген. Басқалар әруақты осылай құрметтепті. Бұл бізге де сабақ болу керек. Аман болсақ оған да жетерміз, – деді Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Заман кейде көзді ашып-жұмғанша өзгереді екен. Сонымен бір тарихқа деген көзқарас та өзгеріп жатады. Д. А. Қонаевтың басқа елдер сияқты әруақты ардақтауға аман болсақ жетерміз дегені көрегендік болып шықты. Арыстанбабтың аузындағы қара құлып алынып, есігі айқара ашылды. Оған жан кірді. Мұсылман халқы ғана емес, әлемдегі бар халық: ұлтына, дініне байланыссыз ағылып келе бастады. Қазір ол құмырсқаның илеуіне айналды. «Кемеңгер Қонаев» кітабынан – Алматы, 2003 жыл. 317 бет Date: 2015-07-22; view: 761; Нарушение авторских прав |