Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Халықаралық «Ата жолы» қозғалысының ән тұмары
Өмірде құны ескірмес, Бағасы құнды асыл сөз. Сүйінбай Аронұлы Әні де, сөзі де: Әділбек Төлегенұлы Нысанбайдікі Қазақ елі назарында Алланың, Ата жолы – Ардың жолын таңдағын. Бізге жеткен аян болып тылсымнан, Аманаты ол, Арыстанбаб бабаның. Қайырмасы: Адал жандар, тебіренсін толғансын, Өз антыңа адал болу ол да сын. Біз таңдаған Ата жолды, Ақ жолды, Ғайып ерен, Қырық Шілтен, Қыдыр баба қолдасын! Ата жолдан аттап кеткен оңбайды, Әруақтар тазалықты қолдайды. Аластайық әзәзілді мәзірден, Аз ғұмырда, адасуға болмайды. Қайырмасы: Адал жандар тебіренсін толғансын, Өз атыңа адам болу ол да сын. Біз таңдаған Ата жолды, Ақ жолды, Ғайып ерен, Қырық Шілтен, Қыдыр баба қолдасын! Ата жолда сертімізде тұрамыз, Неге біздер сынақтарда сынамыз. Берік ұстап ата-дәстүр салтымды, Жамандықты жер бетінен сызамыз. Қайырмасы: Адал жандар тебіренсін толғансын, Өз атыңа адам болу ол да сын. Біз таңдаған Ата жолды, Ақ жолды, Ғайып ерен, Қырық Шілтен, Қыдыр баба қолдасын! Артта қалды, қиын кезең ақтаңдақ, Ата жолы болашаққа баспалдақ. Қазақ елі, Қазақстан жерінен, Адамзатқа алтын ғасыр басталмақ. Қайырмасы: Адал жандар тебіренсін толғансын, Өз атыңа адам болу ол да сын. Біз таңдаған Ата жолды, Ақ жолды, Ғайып ерен, Қырық Шілтен, Қыдыр баба қолдасын!
Бүгінгі қазақ даласында әруақтарды көре алатын, сан ғасырлық уақытты көктей өтіп, тылсымнан сыр шертіп, аталар үнін жеткізетін, Алланың ақ жолында халықты соңынан ертіп жүрген, Жоғары нәзік әлемнен киелі ата-бабалар әруақтары жіберген өкіл «Ақ ұл», – Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаевтың жетекшілігімен халықаралық «Ата жолы» қозғалысының кең етек жайғаны соншалық, Алланың ақиқатын іздеген пенделер тек қана қазақтар ғана емес, осы елімізде, алыс-жақын шет елдерде тұратын барлық ұлт өкілдері бүгінгі таңда осы қозғалысты мүлтіксіз мойындап, әруақтардың бар екенінің ақиқаттығына көздері де, көңілдері де жетіп, жүректерінің кірі аршылып, имандылыққа бет бұрып, бір Аллаға мойын ұсынып, қанағат пен ләззат алуда. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық облыстарында және кейбір аудандарында бата беретін: өз ата-бабаларының киелі «бес ата» әруақтары бар. Алғашқы рет «Ата жолы» қозғалысына баталарын берген Алматы облысының Жамбыл ауданының жерінде сүйектері жатқан, киелі бес ата – Түктібай ата, Сүйінбай ата, Сарбай ата, Жамбыл ата, Қайназар ата. Осы қозғалыс Қайназар атаның тікелей үшінші ұрпағы Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаев арқылы елімізге, алыс-жақын шетелдерге және бүкіл әлемге тарады. Осының өзінде ислам дінімен халықаралық «Ата жолы» қозғалысының ұқсастығында бір тылсымдық мән бар тәрізді. Бұған дәлел:
106 – Құрайш сүресі Меккеде түскен. Төрт аят. Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. 1. Құрайштардың тізе қосып бірігуі үшін. 2. Олардың қысы-жазы алысқа көшкендегі одақтастығы үшін – 3. Сондықтан олар осы үйдің (Қағбаның) Иесіне құлшылық қылсын. 4. Кім оларға тамақ беріп, аштықтан құтқарып, қорқыныш пен үрейден азат етті.
КОРАН перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой. – 8-е изд. – М. РИПОЛ классик, 2005. – 800 с. Сура 106. стр 635. (аударған Әсет Мұқашбеков) Түсінген адамға Құрандағы Құрайш сүресінде айтылған: «Құрайштардың тізе қосып бірігуі үшін. Олардың қысы-жазы алысқа көшкендегі одақтастығы үшін. Сондықтан олар осы үйдің (Қағбаның) Иесіне құлшылық қылсын» деген құран сүресінің аяттарының бізге – қазақтарға тікелей қатысы бар. Себебі, жүз-жүзге, ру-руға бөлініп жүрген ұлтымыз халықаралық «Ата жолы» қозғалысының маңына топтасып-одақтасып, осы қозғалыстың арқасында Нострадамустың болжамы іске асып: жаһандану дәуіріндебірЖаратушыны танудың мемлекеттік және адамзаттық деңгейдегі ортақ жаңа дүниетанымы немесе идеологиясы қалыптасуы мүмкін. Халықаралық «Ата жолы» қозғалысы бізді қорқыныш пен үрейден азат етеді және имандылық жолға түсіріп, бір Алланы мойындатады. Осы жолға ең бірінші болып біздің ұлттың түсуі де тегін емес, себебі Алланың қалауы осы болып тұр. Басымыз бірігіп «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» адамзатқа үлгі болу, жарқын болашаққа жол сілтеу, осыны іс жүзіне асыру, біздің Алла алдындағы, адамзат алдындағы қасиетті міндетіміз, борышымыз.
Менен кейінгі пенделеріме кешке жағатын шам шырағы сияқты жанып тұратын шырақтар пайда болады. Міне сол дәуірлерде кісі күндіз момын, кешке кәпірге айланады. Кейбір қоғамдар өз діндерін дүниеге сататын болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Түсіндірмелер: Кешке жағатын шам сияқты шырағы сияқты шырақтар дегеніміз – электр шамдары, кешке кәпірге айланады деу – адамдардың қолы жеткендері кешке саунаға, ресторандарға, кафелерге барып көңілдерін көтеріп, ішімдік ішіп, «қызойнақ» жасайды, ал қарапайым адамдар теледидардан не бейне таспалардан неше түрлі атыс-шабыс, анайы фильмдерді көріп ләзаттанады. Жаратушыны мүлдем естерінен шығарады.
Нострадамустың болжамы бойынша, қазіргі Суқұйғыш (водолей) дәуірі (эпоха) – ғаламшарды игеруде жаңа жетістіктерге қол жеткізіп, адамзат ойын аспанға шарықтататын: ауа табиғатының бөгеттерді бұзатын белгісі (стихия). Осы белгінің үкімімен адам, адамзат түбегейлі өзгеруі мүмкін. Нәтижесінде өзіміздің ғаламшарға басқаша көзқараспен қарап, Нострадамустың болжамы іске асып: жаһандану (глобализация) дәуірінде – бүкіләлемдік бір үкіметтік басқару жүйесі құрылып, ортақ дүниетаным (идеология) пайда болып – адамның, кім де, кімнің болмасын жеке басының ардақталатын, бағаланатын, қасиетін қадірлейтін заман тууы мүмкін. Жоғары нәзік әлемнен киелі ата-бабалардың әруақтары жіберген өкіл «Ақ ұл», – Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаевтың жетекшілігімен болып жатқан халықаралық «Ата жолы» қозғалысы да, осы Суқұйғыш (Водолей) дәуірінде адамзатта болатын түбегейлікті өзгерістерінің бастауы, себебі қандай болмасын төңкеріс пен өзгеріс ең алдымен адамның ақыл-ойының, санасының, ойлау жүйесінің түбегейлі өзгерісінен басталмай ма? Ткен Балық (Рыба) дәуірінің бастауы христиан дінінің пайда болуынан басталды емес пе? Ендеше жаһандану (глобализация) дәуірінде бір Жаратушыны танудың ортақ дүниетанымының (идеологиясы) тіреуіші, негізі, алтын діңгегі, қайнар бұлағы – Нострадамустың болжамына сәйкес, халықаралық «Ата жолы» қозғалысы болуы ықтимал. Халықаралық «Ата жолы» қозғалысының ең бір ерекшелігі мен қасиеті пендені қай дінді ұстайсың, ұлтың кім деп бөліп жатпайды. Қазақ даласында жатқан киелі ата-бабаларымыздың, аналарымыздың әруақтары – Алланың құдіретімен пенде баласының бәріне бірдей батасын беріп, өткен кемшіліктерін көзіне көрсетіп, дұрыс жүрмесе болатын қауіп-қатерлерді көзіне шұқып айтып береді, денсаулығы мен тұрмысын түзейді. Пендені имандылық жолына түсіреді, оған Жаратушының бар екенін мойындатады. Date: 2015-07-22; view: 815; Нарушение авторских прав |