Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Патогенділік факторын қамтамасыз ететін бактериялық ферменттердің түрлері және олардың әсер ету механизмдерін сипаттаңыз
Көптеген микроорганизмдер адамда, жануарда, өсімдіктерде қауіпті ауруларды қоздырғыштары болып есептеледі. Тағамдық азықтарды, түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін бүлдіріп, халық шаруашылығына зор зиян тигізеді. Осы микроорганизмдерді патогенді (грек тілінен pathos - ауру) деп атайды. Патогенді микроорганизмдер түрлері 3000 астам, олардың ішінде 1000 - вирустар. Кей сапрофитты микроорганизмдер қолайсыз жағдайларда ауру тудыра алады, осы кезде оларды шартты-патогенді (жағдайлы-патогенді) деп атайды. Патогенді микроорганизмдер тудырған аса қауіпті ауруларда өлген адамдар саны барлық ұлы отан соғыста қаза болған адамдар санынан көп есе асады. Бір ғана оба ауруынан 50 млн адам қырылды, 17-18 ғасырда табиғи шешек ауруынан жылсайын 10 млн қайтыс болып отырды, осы соңғы ғасырдың ортасында грипп ауруынан (испанка) 10 млн адам қаза тапты. Ал қазір АИВ/СПИД ауруынан қанша жасөспірімдер өлуде. Микроорганизмдер жердің барлық геологиялық сфераларында – литосферада, гидросферада, атмосферада табылады. Бұлардың екеуі микроорганизмдер сақталатын және тіршілік ететін орталар, ал үшіншісі – уақытша мекендеу және таралу ортасы ПАТОГЕНДІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ: Адгезия және колонизация;Пенетрация:Инвазивтілік;Антифагоцитарлық белсенділікті және агрессивтілікті қамтамасыз ететін патогенділік факторлары;Токсигенділік;Организмде созылмалы персистелуге қабілеттілік. Адгезия алғашқы инфекциялық ошақта бактериялардың көбеюі, яғни бактериялардың клетка бетіне бекінуі. Адгезия кез-келген инфекциялық процесстің алғашқы сатысы болып табылады. Адгезия процесін адгезиндер немесе колонизация факторлары қамтамасыз етеді. Адгезия процесі-микроорганизмдер клеткасының эпителия бетіне бекіне процесі. ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН МЕХАНИЗМДЕР: ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ; ӨЗІНДІК;КОЛОНИЗАЦИЯЛАНУДЫҢ БАСҚА МЕХАНИЗМДЕРІ. ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМ-электростатикалық тартылыс күштер арқылы адгезияланады (заряд, гидрофобтық).ӨЗІНДІК БАЙЛАНЫСТЫЛЫҚ-лиганд-рецепторлық қатынастар. Микроорганизмдер клеткасының бекінуін адгезиндер немесе лигандтар қамтамасыз етеді. Эукариоттық клетканың бекіну құрылымы рецептор. АДГЕЗИНДЕР:Фимбрия;Жгутик;Пилиялар;Антигендер. Гр+ бактерияларының адгезиндері: тейхой, липотейхой қышқылы, капсула, беттік белоктар.Гр- бактериялардың адгезиндері:ворсинкалар, фимбрийлер немесе бірінші типтік пилиялар жатады. Капсулалы бактерияларда адгезиндер: капсула полисахариді мен полипептидтер. КОЛОНИЗАЦИЯ-адгезия процесінің орнында микроорганизмдердің көбею және шоғырлану процесі. ШОҒЫРЛАНУ ПРОЦЕСІ-адгезия мен колонизациялануды қамтамасыз ететін факторлар инфекциялық процесстің бастапқы сатыларында үлкен роль атқарады. ПЕНЕТРАЦИЯ-микроорганизмдердің қорғаныштық барьерді бұзып, макроорганизмдердің ішкі ортасына енуі. Бастапқы сатысы-бактериялардың клетка мембранасының белоктарымен байланысып, клеткааралық қуыстарға енуімен басталады. Ферменттер; КОЛЛАГЕНАЗА-бұлшықет талшықтарының коллагендерін ыдыратып, тұрақтылығын төмендетеді. ФИБРИНОЛИЗИН-қабыну процесстерінің нәтижесінде түзілетін фибрин түзінділерін ыдыратады. ПЛАЗМОКОАГУЛАЗА-плазманың коагуляциялану процесі жүреді, нәтижесінде микроорганизмдерді қоршаған капсула түзіледі. Бұл капсула фагоцитоз және комплемент әсерінен қорғайды.ГЕМОЛИЗИНДЕР-эритроциттердің гемолизін тудырады. Date: 2015-07-01; view: 1676; Нарушение авторских прав |