Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Риккетсиялар. Морфологиясы мен физиологиясы. Потогенділігі және патогенезі. Емдеу мен профилактикасы туралы түсінік беріңіз





Риккетсиялардың морфологиялық сипаттамасы.Риккетсиялар— микроорганизмдер көлемі 0,2-н 30 мкм-ге дейін.Олардың жасуша қабырғасы екі қабатты қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтан тұрады. Риккетсиялар пішіндері бойынша таяқшалы,жіпшелі және конус тәрізді болады. Барлық риккетсиялар жасуша ішілк паразитер, сондықтан олар тек тірі ағзада ғана көбейе алады. Олар бөртпелі сүзек және әртүрлі қызбалық инфекциялық ауруларды тудырады.Тасымалдаушылары болып: кенелер, биттер, бүргелер табылады.Осылардың ағзаларында риккетсиялар көбейеді. Эпидемиология. Таулы жердегі дақты қызба трансмиссивті табиғи ошақты зооноз. Инфекция көзі жабайы кеміргіштер және бірқатар ірі сүтқоректілер (ит, ірі қара малдар). Жылықанды жануарлар қоздырғыштардың уақытша тасымалдаушысы. Тұрақты резервуар мен арнайы тасымалдаушы иксодты кенелер: Dermacentor andersoni (орманды кене), D. Variabilis. Адамдар орманды жерлерде және жайылымдарда зақымдалған кенелер шаққан соң жарақатталады. Ауру риккетсиоздар инфекциясына жатады. Инкубациялық кезең 2 күннен 14 күнге дейін. Аурудың продромальды кезеңі: әлсіздік, бас ауруы, терлеу, тәбеттің төмендеуі. Ал кей жағдайда кенеттен дене қызуы көтеріледі, қатты бас ауру, бұлшық ет пен буындардың ауруы, жүрек айнуы, мұрыннан қан кету. Қызбаның ұзақтығы 2-3 апта, дене қызуы 39-410 С, таңғы ремиссия дене қызуының 0,5-1,50 С. Аурудың 3-4 күнінде шынтақ терісінде, алақанда, тізебуынында ұсақ папулезді бөртпелер пайда болады. Бөртпе орнында пигментация мен қабыршақтар жиналады. Ауру жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Науқастарды қатты бас ауруы, ұйқысыздық, ал ауыр жағдайда психикалық бұзылыстар, қалшылдау, бас сүйегінің салдануы, параплегия, гемиплегия кейде өлім жағдайымен болатын күйреумен аяқталады. Емдеуі. Антибиотиктер колдануға болады: тетрациклин және левомецитин 2 гр. тәулігіне ішке береді. Емдеуді дене қызуы төмендегенше және соңғы 2-3 күн жүргізеді. Әдетте дене қызуы антибиотикотерапиядан соң 48-72 сағат қалыпқа келеді.

Вирустардың құрлысы және көбеюі. Вирустық инфекциялардың қоздырғыштары. Вирустық инфекцияның механизмін сипаттаңыз.

Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан –кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: жасушаға ену; жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны «іштей жеген» вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді.Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.
1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай вирустарға "вирус — клетка кешені" деген синоним қолданылады.
2. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі. Бұл жағдайда "вирион" деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді.
Вирустардың тек клеткада ғана өсетін себебі не?
Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады.
Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін істету үшін байланыс органдарын қолына алып өз үкімін жүргізеді.
Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұмыс істетеді. Ол "нұсқауды" вирустың нуклеин қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады. Ортамиксовирустар(Orthomyхoviridae)-жанұясына кіреді,РНҚ түзуші күрделі құрылымды вирустар. Грек тілінен аударғанда orthos –тікелей, myха-кілегей деген мағынаны береді.Парамиксовирустар (Paramyхoviridae) – жанұясына кіреді РНК түзуші вирустар. Жанұя құрамына респираторлы – синтициальді вирустар, қызылша, паратит, парагрипп кіреді. Олар аэрогенді жолмен жұғады.Грипп қоздырғышын бірінші рет 1933 ж. У. Смит, С. Эндрюс, Лейдлоу тапқан, қоздырғыш РНҚ түзуші миксовирустарға жатады. Антигендік биологиялық қасиеті бойынша вирус А,В,С, түрге бөлінеді. Аурудың қоздырғышы РНҚ –ды парамиксовирус. Вирионның гемагглютинациялаушы, гемолиздеуші және симпласт түзуші белсенділігі бар. Вирус штаммаларының ішінде антигендік әртүрлілік жоқ. Вирус +58 С температурада жойылады. Қоршаған ортада 30 минуттан артық сақталмайды. Төменгі температураға (-70 С) төзімді, -15-20 С температурада жақсы сақталады.Инфекция көзі тек ауру адам. Ауру адам бөртпе пайда болғанға дейін 4 күн бұрын және бөртпе пайда болғаннан кейінгі 4 күн бойына айналасы үшін қауіпті. Инкубациялық кезең 8-17 күн, әдетте 9-10 күн. Гаммаглобулин енгізілгендерде 28 күнге дейін созылуы мүмкін. Қоздырғыштың берілу механизмі – ауа тамшы. Ауа – шаң жолымен берілуі мүмкін емес.Организмге вирус тыныс жолы арқылы еніп, одан аймақтық лимфа түйіндеріне өтіп, лимфа түйіндерінде көбейеді. Залалданудың 7-8 күндері вирусемия шарықтап, сосын қайта бәсеңдейді. Қызылшаның инфекциялық процесіне тән ерекшелік – бұл лимфатикалық ақпараттың және аралық тіннің дегенеративтік зақымдануы. Яғни зақымдану өкпеде,мида,ас қорыту жүйесінде т.б. мүшелер мен тіндерде болады.



Жел шешек- антропонозды жедел респираторлы вирусты қоздырғышы ауа-тамшы механизмімен берілетін, бүкіл дененің ноқатты түйінді бөрітпесімен көрінетін жұқпалы ауру. Жел шешектің қоздырғышы ДНҚ-лы адам герпесінің 3-ші типіне жататын вирус. Қоршаған ортада тез өледі, әсіресе жоғарғы температураға төзімсіз, 50-52 С температурада 30 минуттың ішінде жойылады. Төменгі температураға төзімді. Инфекция көзі тек қана ауру адам. Эпидемиялық паратит- антропонозды жедел респираторлы вирусты, қоздырғышы аспирациялық механизммен берілетін,жалпы интоксикациямен сілекей бездерінің, кейде басқа аралас бездердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.Қоздырғышы РНҚ-ды вирус. S-VI- антигендері бар. А,В,С, және Е генотиптері анықталған, гемолиздеуші гемагглютинациялаушы және нейроаминидаза белсенділігі бар. Вирус төменгі температурада 25—75 С жылдар бойы сақталады. 55-60 С 22 минуттың ішінде өліп болады. Вирус тауық эмбрионында көбейеді. Вирус организмге мұрын- көмекей кілегей қабаты арқылы енеді. Сол жерде вирус көбейіп, қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Негізгі зақымданатын құлақ маңының сілекей бездері. Вирус енгеннен кейін, сол жерге тұрақтамай бірден қабырға өзегі арқылы құлақ маңының сілекей безіне өтіп, сол жерде көбеюі мүмкін.Вирус сілекей бездерімен қатар ұйқы безі, қалқанша без, жыныс бездерін, ми және басқа органдарға еніп қабынуды туғызады./ орхит, панкреатит, менингит, бартолинит.


Патогенді қарапайымдылар.Трипансомдар.Лейшмания.Лямблялар және трихомонадалар.Патогенді токсоплазмалар.Амебиоз қоздырғышы туралы түсінік беріңіз

ТРИПАНОСОМАЛАР (Trypanosoma) – қарапайымдардың талшықтылар классы, кинетопластидалар отрядының бір туысы. Трипаносомалардың 10-нан астам түрі белгілі. Дене мөлшері 1,4–2,4x1,5–40 мкм. Пішіні ұршық тәрізді, бір ядролы. Көлденең бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Трипаносомалар адамдар мен омыртқалы жануарлардың қанында, жұлынында және тіндерінде тіршілік етеді. Олар осмостық түрде қоректенуіне байланысты, кейбір түрлері эритроциттерді (қанның қызыл түйіршіктері) бұзатын улы заттар бөліп шығарады. Мұндай түрлері адамдарды, жабайы және үй жануарларын трипаносомоз ауруына шалдықтырады. Сонымен қатар Трипаносомалар адамдарда – “ұйқы”, тақтұяқтыларда – “қарақаптал”, түйе, жылқы, есектер мен иттерде – “су ауруы”, ірі қара малда – “наган” ауруларын тудырады. Ауру қоздырғышы жәндіктер (цеце шыбыны, қандала, сона, т.б.) арқылы жұғады. Сырқатқа шалдыққандардың бұлшық еттері мен буындары ауырып, қаны азаяды, ісініп қалшылдайды, лимфа жолдары ұлғайып, аяқ-қолдары жансызданып, салданып қалады. Қорғану жолдары: трипаносом қоздырғыштарын жою; гельминттерге қарсы қолданылатын дәрілермен емдеу

Лейшмания — қарапайымдардың талшықтылар класының кинетопластидалар отрядының бір туысы. Дене тұрқы 2 — 4 мкм. Адам жасушаларының ішінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты олардың талшықтары жойылған. Ал қолдан жасаған қоректік ортада және Лейшманияларды тасымалдаушы жәндіктердің ішегінде олар өздерінің ұзын талшықтарын қайтадан шығарады. Лейшмания ауруларын жұқтырушы флеботомус (Phlebotomus) туысына жататын ұсақ жәндіктер — москиттер. Лейшманиоз аурулары Кавказда және Орта Азияда көп тараған. Адамды осы ауруға шалдықтыратын негізгі өкілдері: L. tropіca және L. donovanі. Біріншісі адамның тері ауруын немесе пендинканы туғызады. Бұл ауруға шалдыққан адамның терісінде терең ойық жаралар пайда болады, олар баяу жазылып, орнында кетпейтін тыртық қалады. Екіншісі адамның ішкі лейшманиоз немесе висцеральдік лейшманиоз деген ауруын қоздырушы. Оған ұшыраған адамның бауыры мен көкбауыры ісінеді және терісі қанталайды. Лейшманиоз ауруларымен иттер және құмды шөлейттердегі әр түрлі кемірушілер ауырады. Олардың да ауруларын тасымалдаушы — москиттер.

 

Лямблия.Өлшемдері 10-18 мкм.Денесі алмұрт тәріздес,оң және сол бөліктерге бөлінген.Барлық органоидтары мен ядролары жұпты.Ядроларының арасында екі тіректі жіпшелер жатады.Денесінің ортасында жарты ай пішінді парабазалды ядросы бар.Вентралды деп аталатын жағында сорғыш дискісі бар,онымен иесінің шырышты қабатына жабысады.Төрт жұп талшықтары бар.Қореқтенуі осмостық.Лямблиялар циста түзе алады,олар нәжіспен сыртқа шығып,қоршаған ортаға тарайды

Трихомонада талшықтары болады,сол арқылы мүшеге бекиді.Денесі 14-30мкм алмұрт тәрізді блады.Созылыңқы ядросы алдыңғы жағына ығыстырылған.Алдыңғы жағында төрт талшығы болады,ундирланған мембранасы дененің ортаңғы бөлігіне ғана жетеді.Барлық денесінің ортасынан жіпше өткізілген.Жыныстық қатынас жолымен таралады.жыныс мүшелерін зақымдайды. Ауыздың шырышты қабығының қатпарларында, тістің кариозды қуыстарында, созылмалы тонзилиттің миндалиналардың (көмекей безі) критілерінде, асқазан сөлінің төмен қышқылдығында мекендейді.

Эпидемиологиясы(жұғу жолдары).Адамнан адамға берілу екі түрінің де сүйіскенде, жалпы ыдыстармен және тіс шөткелері мен және түшкіргенде немесе жөтелгенде қақырықпен беріледі.Эпизоотологиясы(таралуы)).Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең таралған.

Токсоплазма- Toxoplazma gondi- адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, кең таралған паразит. Токсоплазма адам ағзасының әртүрлі мүшелерінде- бас миында, скелет және жүрек бұлшықеттерінде, көз ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі. Токсоплазма барлық жерлерде таралған. Оның клиникалық белгілері түрліше болып келеді. Әдетте нерв, жыныс, лимфа жүйелері, көру мүшелері зақымдалады. Түпкілікті қожайыны болып мысық, аралық қожайыны құстар, сүтқоректілер және адамдар саналады.

Амебиаз – қоздырғышы саркодалылар класына жататын, нәжіс-ауызды механизммен берілетін антропоноздық ауру, қоздырғыштар әр түрлі болып ішекте паразиттік тіршілік етеді, тоқ ішектің зақымдалуымен, әр түрлі ағзаларда абсцестің дамуымен (іріңденіп қалталану), созылмалы қайталамалы өтуімен сипатталады. Этиологиясы.Қоздырғышы – Entamoeba histolytica. Оны бірінші рет Петербургта көп уақыт қанды іш өтуімен ауырған адамның нәжісінен Ф.А.Леш (1875) тапты. Р.Кох (1883) Египетте дизентериядан өлген адамдарды патологоанатомиялық зерттеу кезінде ішек тінінің гистологиялық кесіндісінен, бауыр абсцесінен, дизентериямен ауырғандардың нәжісінен амебаны тапты. Бұл ауруды Каунсильмен және Леффлер 1891ж. «амебалық дизентерия» деп жеке нозологиялық түрге бөлді. Қазіргі уақытта мұндай атау ішектің амебамен жарақаттанғанын белгілеу үшін сақталған, ал «амебиаз» деп кез келген ағзаның амебалармен зақымдануын айтады. E.histolytica деген атты 1903 ж. Ф.Шаудин берді. E.histolytica дамуының екі сатысы белгілі: вегетативтік (трофозоит) және цисталық. Организмде мекендеу жағдайына байланысты олар бір-біріне ауыса алады. Вегетативтік даму циклінде амебаның 4 түрі байқалады: тіндік, вегетативтік (үлкен және кіші), ішекішілік және цистаалдылық. Осы түрлердің әрқайсысы өздерінің морфологиялық ерекшеліктерімен сипатталып ажыратылады. Дизентериялық амебаның тыныштық кезеңінде әр түрлі жетілу сатысындағы цисталар тіршілік етеді.

Адам ағзасындағы тіршілік

Амебиазда бір өршіп, бір басылып, ұзаққа созылатын жаралы колит болады. Ауру қоздырғышының ішектің басқа мүшелерге қан арқылы таралуымен туындайтын, амебиаздың ішектен тыс түрі сирек кездеседі.

Инфекциялық аурулардың химиятерапиясының негіздері. Химиятерапиялық препараттардың негізгі топтары және олардың антимикробтық әсерінің механизмдерін сипаттаңыз.

Химиятерапия (химия және терапия) — дәрілік заттар көмегімен жұқпалы, паразитті аурулардың қоздырғыштарын жою және ісік клеткаларын емдеу. 20 ғасырдың басында неміс ғалымы П.Эрлих (1854 — 1915) күшәланың бірқатар қосылыстарын синтездеп, Химиотерапияның негізін салды. Ол 1909 жылы сальварсан препаратын алып, онымен мерез ауруын емдеген бірінші дәрігер болды.

Иммунобиологиялық препараттар – иммундық жүйеге әсер ету мақсатында қолданылатын барлық препараттарды атайды. Оларға табиғаты мен шығу тегі әртүрлі заттар жатады.

Иммунопрафилактикалық препараттардың түрлері:

1. Шығу тегі микробтық емдік және профилактикалық препараттар (вакциналар, бактериофагтар, эубиотиктер, анатоксиндер).

2. Емдік иммундық препараттар: иммуноглобулиндер, цитокининдер.

3. Диагностикалық иммундық препараттар (антисывороткалар) және диагностикалық бактериофагтар және аллергендер.

4. Иммуномодуляторлар – шығу тегі табиғи биостимуляторлар және синтетикалық препараттар.

Химиятерапевтікпрапараттар:Антибиотиктер. Пробиотиктер. Вакциндер. Сарысулар.

Антибиотиктер (гp. Auti — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюінтежейтіннемесетоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатынорганикалықзат; микроорганизмдермен жоғарыөсімдіктерменжәнежануарларменмикроорганизмдердіжәнеісік жасушаларының дамуынбасатынжәнежоятынзаттар.Антибиотиктертөменгімолекуларлықосылысоныңқұрамынакөміртегі-оттегіжәнесутегіненбасқа азот (1 немесе 2 амминтобытүрінде) және 1 немесе 2 карбоксильдітоптаренеді.

Пробиотиктер — тағайындалуы адам ағзасына жеткілікті мөлшерде оң әсер беретін тірі микроорганизмдер.

Пробиотиктер салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде, антибиотиктер курсынан кейін маңызды болып саналатын, ішектегі бактериялардың пайдалы түрлерінің құрамын арттыра алады Бірақ өзге текті микроорганизмдер біздің ағзамызда тез өлетіндіктен, бұл әсер ұзақ уақыт сақталмайды.

Вакцина (лат. vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) — микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.)

Иммунды сарысу емдік, аурудың алдын алу және диагноздық сарысулар болып белінеді. Диагноздық сарысулар әртүрлі иммунологиялық реакциялар қойып, ауру қоздырғыштарының немесе антигендердің түрін анықтау үшін қолданылады.

27. Инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасының принциптері. Қазіргі заманауй диагностикалық әдістер туралы түсінік беріңіз.

Полимераздық тізбектік реакция (ПТР). ПТР зерттеу затынан (су, азық-түлік, науқастан алынған зерттеу заты, т.б.) таза дақыл бөліп алмай, ондағы микроб ДНҚ-лын табу арқылы микробты анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл реакцияны жүргізу үшін зерттеу затынан берілген микроб геніне спецификалы болып келетін ДНҚ-лын бөліп алады. Генді табу оны жинақтау арқылы іске асырылады. Ол үшін бастапқы геннің ДНҚ-ның 3- ұшына комплементарлы праймерлер болуы қажет. Геннің жинақталуы (амплификациясы) келесі жолмен жүргізіледі. Зерттеу затынан бөлініп алынған ДНҚ –н жылытады. Жылыту барысында ДНҚ 2 жіпшеге ажырайды. Праймерлерді қосады. ДНҚ мен праймерлер қоспасын суытады. Осы кезде іздеп отырған ген ДНҚ –лы қоспада бар болса праймерлер оның комплементарлы бөлімдерімен байланысады. Содан соң ДНҚ мен праймер қоспасына ДНҚ-полимераза мен нуклеотидтерді қосады. ДНҚ-полимеразаның іске қосылуына оптимальды температура қажет. Міне осындай жағдайларда ДНҚ генімен праймерлер комплементарлы болса, нуклеотидтер праймердің 3-ұшына қосылып, нәтижесінде геннің 2 көшірмесі синтезделеді. Бұдан кейін цикл қайталанады, осы кезде геннің ДНҚ-ның саны әр жолы екі есеге көбейіп отырад. Реакция арнайы құрал – амплификаторларда жүргізіледі. ПТР-ны вирустық және бактериальдық инфекцияларды диагноз қоюда қолданады.

28. Инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасының принциптері. Қазіргі заманауй диагностикалық әдістердің инфекциялармен күресудегі рөлі туралы түсінік беріңіз.

Полимераздық тізбектік реакция (ПТР). ПТР зерттеу затынан (су, азық-түлік, науқастан алынған зерттеу заты, т.б.) таза дақыл бөліп алмай, ондағы микроб ДНҚ-лын табу арқылы микробты анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл реакцияны жүргізу үшін зерттеу затынан берілген микроб геніне спецификалы болып келетін ДНҚ-лын бөліп алады. Генді табу оны жинақтау арқылы іске асырылады. Ол үшін бастапқы геннің ДНҚ-ның 3- ұшына комплементарлы праймерлер болуы қажет. Геннің жинақталуы (амплификациясы) келесі жолмен жүргізіледі. Зерттеу затынан бөлініп алынған ДНҚ –н жылытады. Жылыту барысында ДНҚ 2 жіпшеге ажырайды. Праймерлерді қосады. ДНҚ мен праймерлер қоспасын суытады. Осы кезде іздеп отырған ген ДНҚ –лы қоспада бар болса праймерлер оның комплементарлы бөлімдерімен байланысады. Содан соң ДНҚ мен праймер қоспасына ДНҚ-полимераза мен нуклеотидтерді қосады. ДНҚ-полимеразаның іске қосылуына оптимальды температура қажет. Міне осындай жағдайларда ДНҚ генімен праймерлер комплементарлы болса, нуклеотидтер праймердің 3-ұшына қосылып, нәтижесінде геннің 2 көшірмесі синтезделеді. Бұдан кейін цикл қайталанады, осы кезде геннің ДНҚ-ның саны әр жолы екі есеге көбейіп отырад. Реакция арнайы құрал – амплификаторларда жүргізіледі. ПТР-ны вирустық және бактериальдық инфекцияларды диагноз қоюда қолданады.

 







Date: 2015-07-01; view: 6283; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.024 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию