Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Инфекциялық аурулардың имунотерапиясы және иммунопрофилактикасы. Вакциналар. Имундық сарысулар туралы түсінік беріңіз





Иммунобиологиялық препараттар деп-иммундық жүйеге әсер ететін және әсері иммундық реакцияларға негізделеген препараттарды атайды. Осы қасиеттеріне байланысты оларды инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы, диагностикасы және емдеуі үшін қолданады.

Иммунобиологиялық препараттарты табиғаты, шығу тегі, және қолдану жолдарына байланысты топтастыруға болады, оларға жатады:

1. вакциналар;

2. тірі микроорганизмдерден немесе микроб өнімдерінен дайындалған препараттар (фагтар, эубиотиктер);

3. иммундық сарысулық препараттар;

4. иммуномодуляторлар;

5. диагностикалық препараттар, сонымен қатар аллергендер, иммунобиологиялық препаратгар иммундық жүйе әрекетін белсендіру немесе қалыпқа келтіру үшін қолданады.

Иммунобиологиялық препараттар иммундық жүйеге белсенді (активті)

белсенсіз (пассивті) жөне арнайы, арнайы емес әсер көрсетеді. Белсенді

өсер деп препараттың иммундық жүйені тікелей белсендіруі (мысалы: вакцинация);

Белсенсіз әсер деп — препараттық иммундық жүйе әрекетіне әсерін атайды (иммуноглобулин, иммуномодуляторларды енгізу).Егер белгілі әсер деп -аталады (мысалы көкжөтел, тұмауга қарсы вакцинация: сіреспеге қарсы иммундық сарысу). Ал иммундық жүйенің қорғаныш функциясын жоғалтатын әсерді-арнайы емес деп атайды (мысалы фагоцитозды белсендіретін - иммуномодуляторлар).

Иммундық жүйені қалыпқа келтіру жөне белсендіру үшін иммунологиялық препараттарды, бірінші реттік және екінші реттік иммунодефицитте, инфекциялық ауруларға қарсы тұрушылықты арттыру үшін, ісік жасушаларының өсуін тежеу үшін, аллергиялық аутоиммундық ауруларды емдеу үшін қолданады. Иммунологиялық препараттардың иммундық жүйе әрекетін төмендету қасиетін мүшелер мен ұлпалар трансплантациясында, кейде аутоиммундық, аллергиялық ауруларды емдеуте қолданады. Иммундық жүйе организмге сырттан түскен немесе функциональдық өзгерістер нәтижесінде түзілген патогендік агент әсеріне арнайы және арнайы емес жауап береді. Вакциналар табиғатына, физикалық күйіне, алыну жолына қарай тірі және өлі немесе инактивтелінген болып бөлінеді. Вакциналарды топтастыру.

Тірі вакциналар:

• аттенуирленген;

• дивергентті;

• векторлық рекомбинантты

• тірі емес вакциналар;

молекулярлы:

• биосинтез жолымен алынған;

• химиялық жолмен алынған;

• гендік инженерия өдісімен алынған

корпускулярлы:

• тұтас жасушалық (жасушаға көзделген немесе бағытталған);

• тұтас вириондық (вирионга көзделген);

• субжасушалы субвирионды;

• синтетикалық жартылай синтетикалық, ассоциирленген.

Тірі вакциналар

Тірі аттенуирленген вақциналар вируленттігін жоғалтып, антигендік қасиеттерін сақтаған, микроорганизмдердің әлсіреген штамдарынан алынады. Ондай металлдарды селекция немесе генді инженерия әдістерімен алады. Кейде антигені бойынша адамға патогенді емес микроорганизмдерге ұқсас штаммдарды қолданып, дивергентті вакциналар алынады. Мысалы, шешек ауруына қарсы сиыр шешегінен алынған. Мысалы шешек ауруына қарсы сиыр шешегін тудыратын вирусын қолданады. Тірі вакциналар организмге енгізілген соң көбейіп, вакциналық процессті, патогенді микроорганизмге қарсы арнайы иммунитетті тудырады. Тірі вакциналарды аттенуиленген штаммдарды оптимальды жағдай жасап, қоректік ортаға өсіру жолымен алады. Бактериальды штамдарды суық немесе қатты қоректік ортада; вирусты штамдарды тауық эмбрионында, бірінші трипсинделінген орталарда өсіреді. Процесс асептикалық жағдайда жүргізіледі. Аттенуирленген штаммның биомассасын концентрлеп, құрғатып, микроорганизм саны бойынша стандарттап, ампула мен флакондарға құйып, жабады. Тірі вакцинаға консервант қоспайды. Негізінде вакцинаның бір реттік дозасында микроорганизмдер саны — ЮМО6. Сақталу мерзімі 1-2 жыл және оларды төменгі температурада сақтап, тасымалдау керек. (+4 тен 8° С-қа дейін).


Тірі вакциналарды негізінен бір мәрте ғана қолданады және оларды теріге, тері астына немес бұлшықетке, ал кейбір вакциналарды пероральды (полиомиелит) ингаляция жолымен қолданады.Тірі вакциналар практикада қолданылатын вакциналардың жартысын кұрайды.

Биологиялық терроризмнің тарихы және қазіргі кездегі мәселелері.Биологиялық терроризмге қарсы тұру мәселелерінің қазіргі жағдайын түсіндіріңіз

Биологиялық қару(терроризм), бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.

Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау құралы ретінде қолдану идеясы өте ертеде, яғни одан туындаған жаппай жұқпалы аурулар (індеттер) адамға. өлшеусіз шығыг әкелуі нәтижесінде туған. Әсіресе олар әр түрлі стихиялық апаттар мен соғыс салдарынан туындайды. Кейбір шайқастар мен бүтіндей науқан жағдайын ескердегі сәтсіздіктер емес, індеттің шешкен жағдайлары аз болмаған. Осылайша, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 ж. көтерілісті басу үшін Гаити аралына Наполеон жіберген генерал Деклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Өткен соғыстар тарихында осыған ұқсас мысалдар баршылық. XIX ғасырдың аяғына дейін соғыс барысындағы шығындардан індет салдарынан болған шығындар көп болды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 млн-дай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн. адам шейіт болса, 6,5 млн. адам жұқпалы аурулардан өлген. Тіпті біздің уақытта да емдеу мен аурудың алдын алу шараларындағы қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, жұқпалы аурулар ұрыс әрекеттері барысында елеулі із қалдырды. Вьетнамдағы соғыс кезінде американдық әскерлердің жұқпалы аурулардан өлуі шейіт болғандар мен жараланғандардан 3 есе көп болды.Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотия) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951 жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100 мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді-дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ-тың өзінде ғана жылына 20 млн. адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады.


1-дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаны Нюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстандағы Ақмола облысы Степногорск қаласысында биологиялық қару шығаратын “Биокомбинат” жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі Возрождение аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы орналастырылды. Қазақстанның дербес мемлекетке айналуына байланысты 1992 ж. комбинат пен полигон жұмысы тоқтатылды.

 

31)Инфекциялық процестің эпидемиологиясы.Қоздырғыштың берілу механизмдері. Эпидемиологиялық процеске жалпы түсінік беріңіз.

Эпидемияның қозғалушы күші, және берілу мехаризмі, инфекция көзі туралы түсінікті,жалпы эпидемиялогия теориясын алғаш өңдеп жасған Л.В. Громашевский эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаушысы. Л.В. Громашевский анықтамасы бойынша, қоздырғыштың иесі организмінде болуы және оның сыртқы ортаға шығуымен алмасып отыруы эпидемиялық процестің үздіксіз ұласып отыруына жағдай жасайды. Осы тұрғыдан, эпидемиялық процесс үш элементтен тұрады:


● Инфекция көзі болып табылатын инфицирленген адам және жануар ағзасы;

● Қоздырғыш тасмалдауын немесе жұққыштық бастамасының берілу факторларын қамтамасыз ететін сыртқы ортаның әртүрлі элементтері;

● Өз кезегінде қоздырғыш айналымының келесі циклінде инфекция көзі болып табылатын қабылдағыш адам ағзасы;

Бұл элементтер бір бірімен тығыз байланыста болады және эпидемиялық процестің ағымының үздіксіздігін қамтамсыз етеді Осы факторлардың біреуін жойған кезде инфекциялық процестің таралуы тоқталады

Эпидемиялық ошақ – жұқпалық бастама одан қоршаған тұлғаларға (адамдарға﴿ берілуге қабілетті, яғни эпидемиялық процестің дамуы мүмкін, инфекция көзі болған(табылған) орын, оны қоршаған аумақ. Эпидемиялық процесс үш айнымас элементтердің тек өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болады және бір деңгейде тұрақтанады – инфекция көзі → қоздырғыштың берілу механизмі→ осы қоздырғышқа тұрғындардың қабылдағыштығы.

Инфекция көзі – бұл, осыдан адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің жұқтырылуы жүретін, қоздырғыштың өмір сүруіне шынайы орта ретінде қызмет ететін объект- жұқтырылған адамның (антропоноздарда) немесе жануарлардың(зооноздарда) ағзасы (организмі).

Антропоноздарда инфекция көзінің эпидемиялық қауіптілігі, ағзадан бөлінетін қоздырғыштың мөлшеріне, оның вируленттілігіне, адам ағзасының туа пайда болған және жүре пайда болған төзімділігіне, ал жұқпаның сипаты мен мерзімі- әр бір назологиялық түрдің патогенезінің ерекшелігіне тәуелді.Инфекциялық процесс ағымының кез-келген формасында(түрінде) инфекция көзінен патогенді микроорганизмдердің бөлінуі жүріп отырады: айқын көріністегі ауруда, оның көрнексіз(стертый) және созылмалы ағымында, сонымен қатар тасымалдаушылықтың әртүрлі формаларында (симптомсыз инфекциялар). Симптомсыз инфекция немесе көрнексіз (стертый) түріне қарағанда, кейде барынша ұзаққа созылған кезең уақыты ағымында, әсіресе, инфекциялық процестің типтік ағымында инфекция көзі микроорганизмдердің едәуір мөлшерін бөліп отырады. Инфекциялық процестің атиптік көрнексіз түрінде(формасында) инфекция көзі үлкен эпидемиялық қауіптілікке көрсеткіш болуы мүмкін. Ұзаққа созылған уақыт ағымында олар анықталмай қалып отыруы және маңындағыларды еш ккедергісіз жұқтыруы мүмкін. Эпидемиологиялық көз-қарас тұрғысында аурудың созылмалы формасын ұзақ уақыт болатын инфекция көзі ретінде сипаттауға болады.

Инфекцияның ерекше варианты - патогенді микроорганизмдерді тасмалдаушылық. Тасмалдаушылық дегенде, аурудың қандай да бір клиникалық көріністерімен жүрмейтін, бірақ, сыртқы ортаға инфекциялық ауру қоздырғыштарын бөліп отыратын ағзаның(организмнің) жағдайы жөнінде(ретінде) қарауға болады.

Тасмалдаушыларды басым көпшілік екі негізгі топқа бөледі:

● Ағзаның қоздырғыштан толық босауынан бұрын оның клиникалық сауығуы жүретін, қандай да бір аурумен ауырған адамдар. Мысалы: тырысқақта, іш сүзегі және паратифте, бактериальді дизентерияда, күл, менингококкты инфекция, полиомиелит және т.б. Инфекциядан кейінгі тасмалдаушылық 2-3 айға ұласса жедел деп, ал 3-айдан ұзақ болса созылмалы деп атаймыз.

● «Қабылдамайтын организмнің денісау тасмалдаушылығы». Менингококкты және стрептококкты инфекцияларда денсаулық жағдайының бұзылысы байқалмайды, бірақ мұрынжұтқыншақ шырышты қабатында қоздырғыш анықталады. Осыдан бөлек,ертеректе басынан өткізген ауру нәтижесінде иммундалған, қысқа уақытты(өтпелі) тасмалдаушылықты бөліп қараймыз(немесе эффективті иммунизация нәтижесінде).

Берілу механизмі – эпидемиялық процестің пайда болуы және оның ұсталып тұруы үшін екінші қажетті құрылым.

Берілу механизмі- оның биологиялық түрінің сақталуын қамтамасыз ететін, бір иесінен екінші иесіне қоздырғыштың ауысып отыратын эволюциялық шыңдалаған (жүзеге асырылған) әдіс.

Қоздырғыштың берілу механизмі үш саты арқылы жүзеге асады:

● жұқтырылған организмнен бөліну сатысы;

● қоршаған ортада айналымы(циркуляции) сатысы;

● келесі организмге ену сатысы;

Берілу жолдары- қоздырғыштардың бір организмнен басқасына өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы орта элементтерінің жиынтығы. Л.В. Громашевский иесі организмінде қоздырғыштардың орналасуы және берілу механизміне байланысты инфекциялық ауруларды 4 топқа бөлді. Аэрозольді (ауа-тамшылы) берілу механизмі. Қоздырғырғыштардың аэрозоль құрамында болып табылатын, тыныс алу жолдарының шырышты қабатында орналасуында шығарылған ауамен (сонымен қатар- жөтел және түшкіргенде) қоса бөлінеді. Науқас адам маңындағы, шамамен 2.5м –ге дейінгі арақашықтық аумағы барынша жұқпалы болып табылады. Тамшының әрі қарай тағдыры оның көлеміне тәуелді: барынша ірілері шөгеді, ал ұсақтары ұзақ ілінген(взвешенном) болуы мүмкін, олар бөлме ішінде конвекционды толқынмен ауысады және одан сыртқы коридор және вентиляцилық жолдар арқылы сыртқа өтеді. Қабылдағыш организмнің жұқтырылуы қоздырғыштардың тыныс алу жолдарына орналасуына әкелетін, инфицирленген ауамен дем алғанда жүзеге асады. Сондықтан да, осындай тыныс алу жолдары инфекциялары қоздырғыштарының берілу механизмі аэрозольді(ауа-тамшылы) деп аталады. Ауа-тамшылы жолмен тұмау, қызылша, желшешек вирустары, стрептококктар, көкжөтел таяқшасы т.б. таралады.Фекальді-оральді берілу механизмі. Қоздырғыштардың арнайы орналасуы ішекте болғандықтан, жұқтырылған ағзадан нәжіс арқылы шығарылады. Келесі уақытта қоздырғыш қабылдағыш организмге залалданған су немесе тағам арқылы еніп, содан кейін микроорганизм асқазан-ішек жолында жиналады. Осындай қоздырғыштардың ену қақпасы ауыз болғандықтан, осындай қодырғыштың берілу механизмі фекальді – оральді деп аталады. Фекальді – оральді берілу механизмі жүзеге асырылуы нақты берілу жолдары (су, тағамдық, тұрмыстық-қатнас) арқылы жүреді. Трансмиссивті берілу механизмі. Организмде көбеюі немесе белгілі бір даму циклінен өтуші, науқас қанайналымында жүрген қоздырғыштардың берілуі буынаяқты қансорғыштардың көмегімен жүзеге асады. Трансмиссивті инфекцияға антропоноздар ретінде рикетциялармен (бөртпе сүзегі), спирохеталармен (қайталамалы сүзек), және қарапайымдармен шақырылатын және сол сияқты зооноздар (кенелік энцефалит,Денге қызбасы,қырымдық геморрагиялық қызба) жатады. Трансмиссивті инфекция қоздырғыштарының берілуі үш фазаны құрайды:

● қоздырғыштың тасмалдаушымен алынуы;

● қоздырғыштың тасмалдаушымен тасмалы;

● қоздырғыштың реципиентке тасмалдаушы арқылы ендірілуі; Жанаспалы (контактілі) берілу механизмі. Қоздырғыштары тері жамылғыларында және шырышты қабаттарда паразиттеуші(өмір сүруші) инфекциялық аурулар тікелей немесе тікелей емес жанасу(контакт) арқылы беріледі. Вертикальді берілу жолы - бүкіл пренатальді (антенатальді, шарана ішілік) кезең, даму кезеңімен қоса, ұрықтанудан дүниеге келуге дейінгі уақытта қоздырғыштың берілуі. Артифициальді берілу жолы- медициналық,инвазивті, емдік және диагностикалық шаралармен байланысты (парентеральді, трансфузионды).







Date: 2015-07-01; view: 3094; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.014 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию