Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Инфекциялық аурулардың иммунотерапиясы және иммунопрафилактикасы. Вакциналар және олардың түрлеріне түсінік беріңіз





Иммунобиологиялық препараттар – иммундық жүйеге әсер ету мақсатында қолданылатын барлық препараттарды атайды. Оларға табиғаты мен шығу тегі әртүрлі заттар жатады.

Иммунопрафилактикалық препараттардың түрлері:

1. Шығу тегі микробтық емдік және профилактикалық препараттар (вакциналар, бактериофагтар, эубиотиктер, анатоксиндер).

2. Емдік иммундық препараттар: иммуноглобулиндер, цитокининдер.

3. Диагностикалық иммундық препараттар (антисывороткалар) және диагностикалық бактериофагтар және аллергендер.

4. Иммуномодуляторлар – шығу тегі табиғи биостимуляторлар және синтетикалық препараттар.

Иммунопрафилактикалық препараттар 4 түрлі әсер көрсетеді:

1. Белсенді әсер – препараттар иммундық реакцияны индуцирлейді. Мұндай әсерді өлі, әлсіретілген және тірі микроорганизмдер және олардың метаболиттері негізінде алынған вакциналар көрсетеді.

2.Пассивті әсер – иммунокомпонентті клеткалардың эффекторлық өнімдері көрсетеді. Lg, цитокининдер және т.б. иммунобиологиялық препараттар.

Вакцина (лат. vacca — сиыр vaccіnus — сиырдікі) — микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам менжануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.

Классификация

Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды.

Өлтірілген Вакцина — микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады.

Химиялық вакцина — микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді.

 

Биологиялық терроризмде қолданылатын инфекциялық аурулардың негізгі қоздырғыштарының түрлері және сипаттамасы.Биологиялық қару жасауда микроорганизмдердің таңдап алуына негіз болатын қасиеттерін атаңыз.

Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық кұралдар (БҚ) құрайды—ұрыста қолдану үшін арнайы реттелген биологиялык агенттер, олар адамдар немесе жануарлар (өсімдіктер) организміне еніп кеткен жағдайда ауыр жұқпалы ауруларды (улануды) шақыруға қабілетті. Оларға жататындар: ауру қылатын микробтар мен вирустардың жеке түрлері—мейлінше қауіпті жұқпалы ауруларды қоздырушылар, сондай-ақ олардың тіршілік әрекетінің уытты өнімдері; генетикалық материал—микробтардан (вирустардан) шығарылып алынған жұқпалы нуклеидті қышқылдар молекуласы. Дәнді, техникалык жөне басқа ауыл шаруашылық дақылдар егісін кұрту үшін мәдени өсімдіктер ауруларын қоздырушы-микробтарды ғана пайдаланбай, басқа да мейлінше ауылшаруашылық дақылдарға зиянды құрт-құмырсқаларды жоюға қолданылуы мүмкін. БҚ тобына жататын жоспарланған агент түрлерімен адамдарды зақымдау үшін келесі ауыр жұқпалы аурулардың қолайлы қоздырушы болып есептеледі: Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.

Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды.

БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен оларды4 улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұза0 уақыт ұрысқа жарамсыз етеді.БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2—5 күнге созылады (1 күн не одан аз уақытқа созылуы өте сирек кездеседі). Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды, тіпті кей жағдайда залалданғанын байқамай да қалады. Залалдану нәтижесінде туған, аурулардың көбі контагиозды (оба, шешек және т.б.) деп аталады, ол кейін залалданған адамдардан айналасындағы сау адамдарға ауа, қан сорғыш насекомдар арқылы және басқа жолдармен берілуі мүмкін. Контагиозды емес деп аталатын аурулар (күйдіргі, туляремия және т.б.) сау адамдарға жұқпайды. БҚ-дың адамға тигізетін күшті психологиялық әсерін ерекше атап өту керек.Қарсыластардың БҚ-ды кенеттен қолдануы қаупінің болуы, әскер мен тұрғындар арасындағы ірі жұқпалы қауіпті аурулар індеті мен оның ошағының пайда болуы барлык жерде үрей туғызып, әскердің ұрыс қабілетін төмендетеді, тыл жұмысына кері әсерін тигізеді. Патогенді микробтарды зақымдау құралы ретінде қолдану идеясы өте ертеде, яғни одан туындаған жаппай жұқпалы аурулар (індеттер) адамға. өлшеусіз шығыг әкелуі нәтижесінде туған. Әсіресе олар әр түрлі стихиялық апаттар мен соғыс салдарынан туындайды. Кейбір шайқастар мен бүтіндей науқан жағдайын ескердегі сәтсіздіктер емес, індеттің шешкен жағдайлары аз болмаған.

Ет және ет өнімдерінің санитарлы микробиологиялық зерттеу әдістері.ЖМС және СКМ анықтау әдістері.Ет қандай патогенді бактериялармен ластануымен мүмкін?Етте сақталатын СКМ түрлер Еттің сапасыздығының негізгі белгілері;бетінің түсі қара- қызыл,майдың түсі сары, басқанда иілген аймақ қайта орнына келеді;бетінің түсі қара қызыл,майдың түсі жасылдау,желденген кепкен қабық,басқанда иілген аймақ қайта қалпына келмейді:еттің түсі қызғылт түсті, майдың түсі ақ,басқанда иілген орын қайта қалпына келеді.

Ет — малдың бүтін ұшасы немесе ұшаның жеке мүшелері; құнды тағамдық өнім. Былшық ет, май, сіңір және сүйейтіндерінен тұрады. Қоректілігі жағынан ең құнды әрі жұмсақ бұлшық ететіндері омыртқа, арқа, белдеме, жамбас тұстарында болады. Былшық ет тіндерінде орта есеппен 73-77% су, 18-21% белок, 1-3% май, 1,7—2% экстракты азотты заттар, 0,9—1,2% экстракты азотсыз заттар, 0,8—1,0% минералдық тұздар, сонымен бірге Вр В2 В6 РР және т.б витаминдер болады.' Былшық ет тінінің белогында адам организміне қажетті амин қышқылдары түгелдей кездеседі. Ет тағамдарын сақтағанда биохимиялық процестер айтарлықтай орын алады. Сойылған малдың етінде бірсыпыра уақытқа дейін әртүрлі физикалық, химиялық және биохимиялық өзгерістер жүріп отырады. Алғашында бұл өгерістер негізінен ет құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Бұл кезде ет ылғалды ортаны өзіне тартып, кейін оны сыртқа бөліп шығарыды да, жұмсарып, жіби бастайды. Әдетте, еттегі протеолитикалық ферменттер активті әреке етеді. Сөйтіп, амин қышқылдарының мөлшері бастапқы мөлшерінен едәуір артады. Бұл процесс сақтау температурасына байланысты белгілі бір жылдамдықпен жүреді. Ол нөл және одан сәл жоғары температурада бірнеше күннің ішінде аяқталады. Дамуына қажетті қолайлы температура кезінде микроорганизмде әртүрлі микробиологиялық процестер басталады. Бұл процестің ішінде тұрмыста көп кездесетіні – шіру. Шіру кезінде еттің құрам бөлігі өзгеріп, иісі нашарлайды, яғни белоктар, көмірсулар да бір мезгілде ыдырайды. Белок ыдыраған кезде ортада белгілі мөлшерде аммиак пайда болады. Еттің түсі қоңыр тартып, сілтілік реакциясы арта түседі. Ауа бар жерде етті бүлдіретін микроорганизмдердің ең бастылары Proteus bulgaricus және Escherichia coli. Ал анаэробты жағдайда Bacillus туысының түрлері қатысада. Мұнда әдетте «дене уы» деп аталатын заттар бөлінеді. Ет және ет өнімдеріне санитарлы- бактериологиялық зерттеу;1. Органолептикалық қасиетін анықтау.1. Сыртқы көрінісі мен түсін анықтау; 2. Еттің түсі мен беттік және терең бұлшықеттерде анықтау; 3. Еттің ылғалдылығы; 4. Концестенциясын анықтау; 5. Еттің иісі;6) Ет майының қасиеті; 7) Ет сорпасының тұндылығы мен иісі. 2.Ет үлгілерін бактериологиялық зерттеу.3. Бактериологиялық зерттеу. 1) ЖМС 2) СКМ1) iTTБ

Тағам өнімдері әртүрлі микроорганизмдермен ластануы мүмкін. Жануар текті өнімдерде біріншілік ластану (өмір сүру барысында – жануардың өзінің микрофлорасымен) және екіншілік ластану ( малды сою, сиыр сауу, балық аулау, өнімдерді сақтау мен өңдеу) кезінде микроорганизмдер түсу нәтижесінде дамиды.Тірі кезінде жануардың органдары мен тіндерінің өзінің микрофлорасымен және патогенді микроорганизмдермен ластануы-сол жануардың жарақат алуы, ауырған немесе қолайсыз жағдайда ұстау организмнің қорғаныс күштерін бұзуға және микроорганизмдердің стерильді тіндер мен органдарға транслокациялануына (тасымалдануына) әкеледі. Нәтижесінде жаңа сойылған мал ұшасында стафилококтар, энтерококтар, ішек таяқшалары, протей, клостридиялар, сальмонеллалар және т.б. табылады. Осылай еттің сальмонеллалар және клостридиялармен т.б. бактериялармен ластануы болады, мастит кезінде сүтке стафилококтар мен стрептококтар түседі.Тағам өнімдерінде микроорганизмдердің екіншілік таралу жағдайында ластану көзі болып қоршаған орта обьектілері (топырақ, су, транспорт және т.б.), науқас адамдар, бактерия тасымалдаушылар болады. Ет және ет өнімдерін төменгі температурада сақтағанның өзінде, тіптен мұздатылған етте де психрофильді жағдайда көбеюге қабілетті микробтар (псевдомонада, протей, аспергиллалар, пенициллалар және т.б.) кездеседі. Етте мекендейтін микробтар еттің шырыштануын (протей және т.б.), саңырауқұлақ, клостридии, протей, псевдомонадалар етте шіру, ашу процестерінің дамуына себепкер болады.Микроорганизмдермен ластанған тағам өнімдері әртүрлі тағамдық токсикоинфекциялар және уланулар, сонымен қатар жұқпалы аурулар (күйдіргі, сарып, туберкулез және т.б.) туғызады.Сальмонелла, шигелла, энтеропатогенді ішек таяқшасы, протей, стафилококтың энтеротоксигенді штамдары, энтерококтар, Cl.рerfringens және Bac.cereus сияқты микробтардың көбеюіне байланысты ет тағамдары (ет фаршынан дайындалған тағам, салаттар, сілікпелер) ауру себебі болуы мүмкін.

49.Бактериологиялық лабораторияға алып келінген зерттеу материалынан жұғынды дайындап,

Date: 2015-07-01; view: 1915; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию