Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Грам оң бактериялар.Коринебактериялар. Микобактериялар. Морфологиясы мен физиологиясы.Потогенділігі және патогенезі. Емдеу және профилактикасын талдаңыз





Грам оңға (стафилококктар, стрептококктар)жатады. Стафилококктар. Ең алғашқы рет стафилококктарды іріңнен 1878 жылы Кох, 1830 жылы Пастер тапқан. 1881 жылы Огюстон оларды стафилококк деп атауды ұсынды (стафилос- грекше 7 “жүзім” деген). Таза дақылдарын бөліп алып,оны жан-жақты зерттеген Розенбах (1874). Терісі іріңдеп қабынған (тілме) науқастан (1874 Бильрот),іріңді аурумен сепсис болғанда (1879, Пастер) стрептококктарды табады. Таза дақылын Фелейзен (1883) және Розенбах (1884) бөліп алады,қасиеттерін толық зерттейді Пневмониялық стрептококкты (пневмококкты) бірнеше зерттеушілер әр кезде ашып,оның белгілерін анықтаған (Кох – 1871,Клебс – 1875,Пастер-Шамберлан,Ру- 1881).Таза дақылын 1885 жылы Френкель боліп алады.1886 жылы Вексельбаум жан- жақты зерттейді. Стафилококктар – морфология: жузім тәріздес, Грам +. Дақылдандыру: факультативті анаэробтар,аэробтар,элективті орталар – сарыуызды- тұзды агар, тұзды және қан қосылған орта. ЕПА-да домалақ,мөлдірсіз,жылтыр,шеттері тегіс,доңес колониялар. Пигментт –алтынды,лимонді,сары,ақ.Сорпада – тегіс лайлану береді және түбінде тұнбаға туседі. Стрептококктар:полиморфті,ұсақ кокктар,шар тәріздес,сопақша,жаңа бөленген дақылдарда кейде капсула тұзеді. Дақылдандыру: факультативті анаэробтар.Ұсақ,сопақ, сүр тұсті,гемолиз +,минус.Көмірсу,қан,сарысу қосыл-ған орталарда өседі.Коринебактерия морфологиясы. - тік немесе имектелген қозғалмайтын таяқшалар, ұзындығы 1.0-8.0 мкм және көлемі 0.3-0.8 мкм., спора, капсуласы жоқ, кей штаммдарында микрокапсула бар. Таяқша бір немесе екі шетінде бұршіктері бар, волютин дәндерінен тұрады, олар метилен көкпен бояғанда көгілдір-пурпур түс береді. Нейссер әдісімен бояғанда таяқша сары түсте, ал волютин дәндері - қоныр-қара түсте боялады. Коринебактериялар грам оңды таяқшалар, бірақ полиморфты - тұрып қалған дақылда және антибиотиктер әсерінен грам теріске ауысуы мүмкін. Бір дақылда әр түрлі көлемді таяқшалар рим әріптері V, X немесе түйіршек секілді орналасады. Ал патогенді емес коринебактериялар - дифтероидтар және жалған дифтериялық таяқшалар - бір-біріне жабысқан күйінде, волютин дәндері тек бір жағында орналасады немесе мүлдем болмайды. Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі. Коринебактерия (Corіnebacterіum dіphtherіae) төменгі температураға тұрақты, бірақ жоғары температурада тез жойылады: 600С - 15-20 мин, қайнатқанда - 2-3 мин жойылады. Барлық дезинфектанттар (лизол, фенол, хлорамин, т.б.) 5-10 мин. жояды. Сонымен қатар, қоздырғыш құрғап қалсада ұзақ уақыт тіршілік ете алады, әсіресе кеуіп қалған кілегейде, сілекейде, топырақ шаңында. Аэрозолда дифтерия таяқшасы 24-48 сағат тіршілік етеді, балалар ойыншықтарында 15 тәулік сақталады, ал суда - 6-20 тәулік. Патогенді факторлары. 1. Адгезия, колонизация және инвазия факторлары Дифтерия таяқшасы клеткаға жабысуы (адгезия) қоздырғыштың клетка қабырғасы компоненттері көмегімен атқарады. Қоздырғышты” инвазивтік қасиеті гиалуронидаза, нейраминидаза және протеаза патогенді ферменттері түзілуімен байланысты. 2. Қоздырғышты” клетка қабырғасындағы улы гликолипид. Оны” химиялық құрылысы - 6-6,-диэфир трегалоза, құрамында корине-микол қышқылы және коринемиколин қышқылы бар. Улы гликолипид қоздырғыш е”ген жеріндегі ұлпа клеткаларын зақымдайды. 3. Экзотоксин, қоздырғышты” патогенділігін күшейтеді және ауруды” патогенезін сипаттайды. Экзотоксині жоқ штаммдар дифтерия ауруын тудырмайды. Экзотоксин активті емес түрде түзіледі. Оны” белсенуі бактерияны” протеазасымен байланысты. Экзотоксин түзетін коринебактериялар хромосомасында ортанғы конвертациялық профаг гені болу керек, сондықтан оларды” активтенуіне лизогенизация процесі қажет. Емі. Дифтерияның арнайы емі - дифтерияға қарсы антитоксикалық сары су (1 мл -2000 МЕ). Сары суды бұлшық ет ішіне 10000-40000МЕ дозада енгізеді, дозасы ауру ауырлығына байланысты. Эффективті емі ретінде антибиотиктерді (ПЕН, ТЕТ, ЭРИ) және сульфаниламидті препараттарды қолдану. Микобактериялар Mycobacterium тұқымдастығының Mycobacteriaceae туысына жатады. Морфологиясы жағынан микобактериялар тік немесе аздап қайырылған таяқша тәрізді ұзындығы 1-10мкм және ені 0,2-0,6мкм. Кейде бұтақталған түрлері және жіп тәрізді формалары кездеседі, яғни саңырауқұлаққа ұқсас, сол себепті «микобактерия» деп атаған. Қышқыл- сілтіге тұрақты, грам оң. Бұл туыстықтың көп өкілдері қоректік орталарда баяу өседі. Барлық микобактериялар адамға және жануарға патогенді, шартты 38 патогенді және сапрофитті болып бөлінеді. Патогенді түрлеріне жатқызамыз: M. tuberculosis, M. bovis, M. leprae, M. Africanum, M. Paratuberculosis, M. Microti, M. Lepraemurium. Шартты-патогенді микобактериялар, микобактериоз тудырушылар, және сапрофиттер Е. Раньон зерттеуі бойынша атипті микроорганизмдерге жатады, сол себептері пигменттүзу, өсу жылдамдығы, культуралдық және биохимиялық қасиеттеріне байланысты 4 топқа жіктелінеді: 1. Фотохромогендік микобактериялар, жарық әсерінен пигмент тудырады, баяу өседі. Осы топ өкілі M. kansasii адам өкпесінің аурулары кезінде көрінеді. 2. Скотохромогендік микобактериялар, қараңғыда сары, жарықта қызыл немесе қызғыш пигмент, баяу өседі. M. scrofulaceum балаларда лимфаденит тудырады. 3. Хромогендік емес микобактериялар, пигмент түзбейді, баяу өседі. Бұл топ өкілі M. аvium құстарда туберкулез ауруын тудырады, кейде адамда да болуы мүмкін 4. Тез өсуші микобактериялар, (1-2 күннен 14 күнге дейін). Бұл топ өкілі M. Smegmatis адамда ауру туғызады.








Date: 2015-07-01; view: 3184; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию