Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хламидиялар.Морфологиясы мен физиологиясы.Патогенділігі және патогенезі.Емдеу мен профилактикасы туралы түсінік беріңіз





Хламидиялар (грек. chlamyda — мантия) — адам, жануар және құстарда әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар. Хламидиялар жасуша ішінде өніп-өсіп, паразиттік тіршілік етеді. Зақымданған жасушаларда олар мантия (сырттан киетін ұзын шапан) сияқты қабықша түзетіндіктен, аты осыған байланысты аталған. Хламидияның бірнеше түрі бар:

C. trachomatіs, C. psіttacі — адамдарда;

C. pecorum, C. abortus, C. felіs — жануарларда ауру қоздырады.

Ұсақ, пішіні шар тәрізді. Хламидия адамдарда көз ауруларын (басыр, конъюнктивит, т.б.), несеп-жыныс жолдарының (уретрит, простатит, эндометрит, сальпингит, т.б.), шап бездерінің вирусты ауру (шап лимфогранулематозы) және өкпенің қабынуы (бронхит, пневмония, орнитоз, т.б.) ауруларды қоздыруға себепкер болады. Қоздыратын ауру түріне байланысты жұғу жолдары да әртүрлі болып келеді. Көбінесе тұрмыстық қатынас арқылы (тікелей жанасу немесе тұрмыстық заттар арқылы), жыныстық жолмен және тыныс алу жолдары арқылы жұғады. Хламидия қоздыратын ауруларды жалпы атпен хламидиоздар деп атайды. Хламидиозбен ауырып тұрған адамда иммунитет ұзаққа созылмайды, сондықтан қайталап ауруы мүмкін. Ауруға диагнозды:

зақымданған жерден жағынды алып, бактерия морфологиясын;

серол. реакцияның көмегімен науқастың қан сарысуындағы арнайы антиденелердің деңгейін анықтайды;

ұрықтанған тауық жұмыртқасына немесе жасуша дақылдарына жұқтыру арқылы науқастан алынған заттан Хламидияның таза дақылын бөліп алып зерттейді.

Емі: антибиотиктер, иммунды-стимулдеуші препараттар, т.б. беріледі. Жеке бастың гигиенасын, құс өсіретін кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасын сақтау. Хламидияға қарсы егу әдісі қолданылмайды.

Спора түзетін грамм оң бактериялар. Clotridium perfingens. Clotridium botulinum.Морфологиясы мен физиологиясы. Патогені және патогенезі. Емдеу және профилактикасын айқындаңыз.

Грам оң бактериялар бір қабатты жасуша мембранасынан тұрады.Патогенді микроорганизмдердің көп бөлігі Грам оң бактеиялармен байланыты.Грам оң бактериялардың 6 түрі адамның типті патогендері болып табылады.Стрептокок пен стафилакок коктар деп аталады.Қалғандары таяқша тәрізділер спора түзуіне қарай бөлінеді.Спора түзетіндер:Бацилла,Клостридия. Бацилла-бактериялар класы.Көбісі таяқша пішінді.Бацилдер класының бактерияларына ғана қолданылмай (мыс.Escherichia coli) басқа да бактерияларға қолданылады. Клостридиялар Грам оң бактериялардың түрлері.Эндоспора түзуге қабілетті түрі.Клостридиялар асқазан-ішек жолдарының және әел адамның жыныс жолдарының нормофлор құрылысына кіреді.Кейде олар ауыз қуысы мен теріде байқалады.Клостридия бактериялармен күшті уландырылған-ботулотоксин,тетанотоксин,е.токсин өндіреді.

 

Стафилококктар мен стрептококтар инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ретінде. Бактериологиялық диагнозы. Патогенділік факторларына сипаттама беріңіз.

Стрептококк (лат. Streptococcus)- Грам оң хемоорганотропты факультативты анаэробты аспороген туысының бактериялары. Терісі іріңдеп қабынған (тілме) науқастан (1874 Бильрот),іріңді аурумен сепсис болғанда (1879, Пастер) стрептококктарды табады. Таза дақылын Фелейзен (1883) және Розенбах (1884) бөліп алады,қасиеттерін толық зерттейді Пневмониялық стрептококкты (пневмококкты) бірнеше зерттеушілер әр кезде ашып,оның белгілерін анықтаған (Кох – 1871,Клебс – 1875,Пастер-Шамберлан,Ру- 1881).Таза дақылын 1885 жылы Френкель боліп алады.1886 жылы Вексельбаум жан- жақты зерттейді. Стрептококктар:полиморфті,ұсақ кокктар,шар тәріздес,сопақша,жаңа бөленген дақылдарда кейде капсула тұзеді. Дақылдандыру: факультативті анаэробтар.Көмірсу,қан,сарысу қосыл-ған орталарда өседі. Жануарлар мен адамдардың паразиттері болып табылады. Көбінесе, ас қорыту және тыныс жолдарында, көп жағдайда ауыз және мұрын қуысында көптеп кездеседі. Патогенді стрептококтар инфекция тудыруға қабілетті. Көптеген аурулар туғызады. Мысалы: тілме, қызамық, жәй мұрын қуысының қабынуларын, сонымен қатар, пневмония, септикопиемия, сепсис сияқты ауыр ауруларды да тудыруға қабілетті.

Стафилококктар- Micrococcaceae тұқымдасының өкілі. Ең алғашқы рет стафилококктарды іріңнен 1878 жылы Кох, 1830 жылы Пастер тапқан. 1881 жылы Огюстон оларды стафилококк деп атауды ұсынды (стафилос- грекше 7 “жүзім” деген). Таза дақылдарын бөліп алып,оны жан-жақты зерттеген Розенбах (1874).Стафилококктар морфологиясы: пішіні жузім тәріздес,келтка диаметрі 0,6-1,2мкм болатын Грам + бактериялар. Факультативті анаэробтар болғанымен капсула, спора түзбейді. Дақылдандыру:элективті орталар – сарыуызды- тұзды агар, тұзды және қан қосылған орта. ЕПА-да домалақ,мөлдірсіз,жылтыр,шеттері тегіс,доңес колониялар түзеді. Сорпада – тегіс лайлану береді және түбінде тұнбаға туседі. Ауада, топырақта кеңінен таралған. Патогенді және шартты патогенді түрлері болады. Олардың ферменттері көбіне дәнекер ұлпасын және тері асты клечатканы зақымдайды. Сонымен қатар олар бірқатар қауіпті аурулар туғызуға қабілетті:сепсис, токсикалық шок, жүйке жүйесін зақымдалуы, пневмония, терінің іріңдеуі, жалпы организмнің интоксикациясы.

Бактеремия,вирсемия,фунгемия және паразитемия түсініктеріне сипаттама беріңіз.Бактериямия процесінің асқынуларының түрлеріне атаңыз және оларға сипаттама беріңіз

Бактериемия - айналымды қанда бактериялар кездесуі — макроорганизмнін табиғи барьерлер арқылы және қансорғыш бунақ аяқтылар шағуы арқылы қоздырғыш қанға түседі. Қансорғыш бунақ аяқтылар тарататын ауруларда (сыпной тиф, қайталамалы тиф, оба, туляремия, риккетсиоздар т.б.), бактериемия — ауру патогенезінің негізгі сатысы. Қоздырғышты бір қожайын-нан келесіге беріп, қоздырғыш түрін сақтайды. Бактериемия себептері хирургиялық операциялар, травмалар, сәулелі ауру, қатерлі ісіктер, шартты­патогенді микроорганизмдер тудырғаң- аурудардың ауыр түрі т.б. Сепсис, септикопиемияға қарағанда бактериемия кезінде бактериялар қанда тек тарала-ды, бірақ көбеймейді. Сондықтан, бактериемия — аурудың симптомы және оның бір кезеңі. Бактериемия диагнозы қоздырғышты гемокультурада анықтау немесе лабораторлы жануарлар қанында тапқанда дәлелденеді (қойылады).Бактермияның асқынулары;Сепсис, шіріген қан — ауыр геперализацияланған жедел немесе созылмалы адамның қызба ауруы, іріңді ошақтан тұрақты немесе арнайы мезгілде қанға қоздырғыш түсуі. Сепсис кезінде жалпы көріністері жергілікті өзгерістерге сәйкес келмейді және жаңадан іріңді қабыну ошақтар түрлі мүше мен тіңдерде кездеседі.Бактериемияға қарағанда, сепсисте қанның бактерицидтік қызметі тежелген соң бактериялар қан және лимфа жүйелерінде көбееді.

Сепсис жиі іріңді ошақтар локализациясы генерализацияланғанда байқалады. Сепсистің этиологиясы түрлі болуы мүмкін. Жиі кездесетін қоздырғыштары — стафилококкалар, стрептококкалар, Еntегоbасtегіасеае және Рsеudоmопаdасеае тұқымдастығына жататын теріс грамды бактериялар, менингококкалар, басқа шартты-патогенді және патогенділігі әлсіз бактериялар және кей саңырауқұлақтар. Бірінші іріңді ошағы және қоздырғыштың енген жері бойынша белгілі пуэрпералді (туғаннан соң әйелде), отогенді, одонтогенді, аборттан соң, перитонеалді, жаралы, қүйіктен соң, ауыз куысты (стоматогенді), кіндіктік, уросепсис т.б. Нәресте сепсисі (пеонаталді сепсис) кездеседі, нәресте туу кезінде немесе жатырдың ішінде ұрықтың инфицирленуі. Сепсистің криптогенді түрі анықталған, бірақ бірінші іріңді ошағы белгісіз.

Септикопиемия - сепсистің бір түрі, организмнің жалпы интоксикация-сынан басқа іріңді метастазды ошақтар түрлі тіңдер мен мүшелерде кездеседі. қоздырғыш бір жағынан қанда және лимфа жүйелерінде көбейіп таралуда.

Септицемия - сепсистің бір түрі, метастазды ірінді ошақтар болмайды, ал. қоздырғыштың көбею жері тек қан мен лимфа жүйесі.

Вирусемия - вирустар қанда кездескенде айтады.

Фунгемия Candida туысына жататын саңырауқұлақтардың қанда болуын айтамыз. Паразитемия қанда паразиттердің болуын айтамыз.

 

 

Date: 2015-07-01; view: 3601; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию