Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оздырғыштардың берілу механизмдеріне байланысты инфекциялық аурулардың жіктелуі.Әр топтың инфекциялық ауруларын қарастырыңыз





Инфекция көзі – бұл, осыдан адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің жұқтырылуы жүретін, қоздырғыштың өмір сүруіне шынайы орта ретінде қызмет ететін объект- жұқтырылған адамның (антропоноздарда) немесе жануарлардың(зооноздарда) ағзасы (организмі). Антропоноздарда инфекция көзінің эпидемиялық қауіптілігі, ағзадан бөлінетін қоздырғыштың мөлшеріне, оның вируленттілігіне, адам ағзасының туа пайда болған және жүре пайда болған төзімділігіне, ал жұқпаның сипаты мен мерзімі- әр бір назологиялық түрдің патогенезінің ерекшелігіне тәуелді.Инфекциялық процесс ағымының кез-келген формасында(түрінде) инфекция көзінен патогенді микроорганизмдердің бөлінуі жүріп отырады: айқын көріністегі ауруда, оның көрнексіз(стертый) және созылмалы ағымында, сонымен қатар тасымалдаушылықтың әртүрлі формаларында (симптомсыз инфекциялар). Симптомсыз инфекция немесе көрнексіз (стертый) түріне қарағанда, кейде барынша ұзаққа созылған кезең уақыты ағымында, әсіресе, инфекциялық процестің типтік ағымында инфекция көзі микроорганизмдердің едәуір мөлшерін бөліп отырады. Инфекциялық процестің атиптік көрнексіз түрінде(формасында) инфекция көзі үлкен эпидемиялық қауіптілікке көрсеткіш болуы мүмкін. Ұзаққа созылған уақыт ағымында олар анықталмай қалып отыруы және маңындағыларды еш ккедергісіз жұқтыруы мүмкін. Эпидемиологиялық көз-қарас тұрғысында аурудың созылмалы формасын ұзақ уақыт болатын инфекция көзі ретінде сипаттауға болады. Инфекцияның ерекше варианты - патогенді микроорганизмдерді тасмалдаушылық. Тасмалдаушылық дегенде, аурудың қандай да бір клиникалық көріністерімен жүрмейтін, бірақ, сыртқы ортаға инфекциялық ауру қоздырғыштарын бөліп отыратын ағзаның(организмнің) жағдайы жөнінде(ретінде) қарауға болады.Тасмалдаушыларды басым көпшілік екі негізгі топқа бөледі: ● Ағзаның қоздырғыштан толық босауынан бұрын оның клиникалық сауығуы жүретін, қандай да бір аурумен ауырған адамдар. Мысалы: тырысқақта, іш сүзегі және паратифте, бактериальді дизентерияда, күл, менингококкты инфекция, полиомиелит және т.б. Инфекциядан кейінгі тасмалдаушылық 2-3 айға ұласса жедел деп, ал 3-айдан ұзақ болса созылмалы деп атаймыз. ● «Қабылдамайтын организмнің денісау тасмалдаушылығы». Менингококкты және стрептококкты инфекцияларда денсаулық жағдайының бұзылысы байқалмайды, бірақ мұрынжұтқыншақ шырышты қабатында қоздырғыш анықталады. Осыдан бөлек,ертеректе басынан өткізген ауру нәтижесінде иммундалған, қысқа уақытты(өтпелі) тасмалдаушылықты бөліп қараймыз(немесе эффективті иммунизация нәтижесінде). Берілу механизмі- оның биологиялық түрінің сақталуын қамтамасыз ететін, бір иесінен екінші иесіне қоздырғыштың ауысып отыратын эволюциялық шыңдалаған (жүзеге асырылған) әдіс. Қоздырғыштың берілу механизмі үш саты арқылы жүзеге асады: ● жұқтырылған организмнен бөліну сатысы;● қоршаған ортада айналымы(циркуляции) сатысы;● келесі организмге ену сатысы. Берілу факторлары- қоздырғыштардың бір организмнен басқа организмге өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы орта элементтері. Сыртқы ортаның алты біріктірілген элементін бөледі:● ауа;● су;● тағам;● топырақ;● тұрмыстық және өндірістік жағдайдағы заттар;● тірі тасмалдағыштар; Берілу жолдары- қоздырғыштардың бір организмнен басқасына өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы орта элементтерінің жиынтығы.Л.В. Громашевский иесі организмінде қоздырғыштардың орналасуы және берілу механизміне байланысты инфекциялық ауруларды 4 топқа бөлді. Аэрозольді (ауа-тамшылы) берілу механизмі. Қоздырғырғыштардың аэрозоль құрамында болып табылатын, тыныс алу жолдарының шырышты қабатында орналасуында шығарылған ауамен (сонымен қатар- жөтел және түшкіргенде) қоса бөлінеді. Науқас адам маңындағы, шамамен 2.5м –ге дейінгі арақашықтық аумағы барынша жұқпалы болып табылады. Тамшының әрі қарай тағдыры оның көлеміне тәуелді: барынша ірілері шөгеді, ал ұсақтары ұзақ ілінген(взвешенном) болуы мүмкін, олар бөлме ішінде конвекционды толқынмен ауысады және одан сыртқы коридор және вентиляцилық жолдар арқылы сыртқа өтеді. Қабылдағыш организмнің жұқтырылуы қоздырғыштардың тыныс алу жолдарына орналасуына әкелетін, инфицирленген ауамен дем алғанда жүзеге асады. Сондықтан да, осындай тыныс алу жолдары инфекциялары қоздырғыштарының берілу механизмі аэрозольді(ауа-тамшылы) деп аталады. Ауа-тамшылы жолмен тұмау, қызылша, желшешек вирустары, стрептококктар, көкжөтел таяқшасы т.б. таралады. Фекальді-оральді берілу механизмі. Қоздырғыштардың арнайы орналасуы ішекте болғандықтан, жұқтырылған ағзадан нәжіс арқылы шығарылады. Келесі уақытта қоздырғыш қабылдағыш организмге залалданған су немесе тағам арқылы еніп, содан кейін микроорганизм асқазан-ішек жолында жиналады. Осындай қоздырғыштардың ену қақпасы ауыз болғандықтан, осындай қодырғыштың берілу механизмі фекальді – оральді деп аталады. Фекальді – оральді берілу механизмі жүзеге асырылуы нақты берілу жолдары (су, тағамдық, тұрмыстық-қатнас) арқылы жүреді. Трансмиссивті берілу механизмі. Организмде көбеюі немесе белгілі бір даму циклінен өтуші, науқас қанайналымында жүрген қоздырғыштардың берілуі буынаяқты қансорғыштардың көмегімен жүзеге асады. Трансмиссивті инфекцияға антропоноздар ретінде рикетциялармен (бөртпе сүзегі), спирохеталармен (қайталамалы сүзек), және қарапайымдармен шақырылатын және сол сияқты зооноздар (кенелік энцефалит,Денге қызбасы,қырымдық геморрагиялық қызба) жатады. Трансмиссивті инфекция қоздырғыштарының берілуі үш фазаны құрайды: ● қоздырғыштың тасмалдаушымен алынуы;● қоздырғыштың тасмалдаушымен тасмалы;● қоздырғыштың реципиентке тасмалдаушы арқылы ендірілуі; Жанаспалы (контактілі) берілу механизмі. Қоздырғыштары тері жамылғыларында және шырышты қабаттарда паразиттеуші(өмір сүруші) инфекциялық аурулар тікелей немесе тікелей емес жанасу(контакт) арқылы беріледі. Вертикальді берілу жолы -бүкіл пренатальді (антенатальді, шарана ішілік) кезең, даму кезеңімен қоса, ұрықтанудан дүниеге келуге дейінгі уақытта қоздырғыштың берілуі. Қабылдағыш тұрғындар – эпидемиялық процестің пайда болуы мен ұсталып тұруының (тұрақтануының) үшінші аралығы. Қабылдағыштық- организмнің енген қоздырғышқаарнайы патологиялық реакциямен жауап беру қабілеті. Инфекциялық ауруларға қабылдағыштық ең алдымен, әртүрлі инфекциялық агенттердің енуіне әр адам организмінің біркелкі емес сезімталдығы болуын анықтайды. Ол адам организмінің жағдайына, жасына,қоздырғыштың сапалық сипатына, оның мөлшері және эпидемиялық процестің даму уақыты мен нақты қолайлы орнына тәуелді.

Date: 2015-07-01; view: 3682; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию