Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сипаттама. Желдеткіш суды қарқынды салқындату қажет болған кезде радиаторды үрлеуге арналған
Желдеткіш суды қарқынды салқындату қажет болған кезде радиаторды үрлеуге арналған. DASH 9/ АС4400 тепловоздарында радиаторға бір желдеткіш орнатылады. Оның жұмысын басқару үшін желдеткіштің айналу жылдамдығын (желдеткіш ағытылған, ¼ номиналды жылдамдықта, ½ номиналды жылдамдықта, номиналды жылдамдық) бақылайтын қатты денелі реттегіш қолданылады. Басқару жүйесі қозғалтқыштағы су температурасы бергішінің (EWTS) белгілері бойынша қажетті айналу жылдамдығын анықтайды. Егер желдеткіш 30 минут ішінде іске қосылмайтын болса, басқару жүйесі автоматты түрде Бриннель бойынша мойынтіректер металының беріктігін төмендетіп алмау мақсатында желдеткіштің 10 с номиналды жылдамдықта іске қосылуына бұйрық береді. Орналасуы Желдеткіш радиатор бөлігіндегі радиатордың астында орналастырылады.
Ағымды техникалық қызмет көрсету 1. Техникалық қызмет көрсету кестесі. Желдеткіштің жоғарғы және төменгі мойынтіректеріне жылына бір рет қою май жағылады. Май сауыттар желдеткіштің астында орналасқан. Жоғары мойынтірек (подшипник) үшін -1,3 унция(37г) қою май қажет.
Сурет. 11-сурет. Екі жылда бір рет қанатшаларды тазалап отыру керек. Және қалақшаларға сызаттардың түспеуін мұқият қадағалау керек. Сызат пайда болған жағдайда желдеткішті ауыстыру керек. Радиатор желдеткішіне күрделі жөндеу жүргізу он жылда бір рет орындалады. 2. Радиатор желдеткішінің жұмысын тексеру. Қауіпті! Егер қозғалтқыш жұмыс істеп тұрса, радиатор желдеткіш автоматты түрде іске қосылуы мүмкін. Автоматты түрде іске қосылу мүмкін айналатын жабдыққа жақын тұруға болмайды. Техника қауіпсіздігінің барлық федералдық ережелері, сондай-ақ нақты т.ж. қолданылатын ережелерді сақтау керек. Желдеткішті қоректену сымдарын әрбір ағытып және кейін қосқан сайын, желдеткіштің қай бағытқа айналып тұрғанын тексеріп отыру керек. Желдеткіш АЛҒА айналған кезде ауа ағынын радиатор бөлігіне бүйіріндегі тор экранда арқылы бағыттайды. Бұл ағын радиатор арқылы өтеді және радиатордың үстіндегі торлы экран арқылы бөлікті тастайды. АРТҚА айналған кезде қанатшалардың қалақшаларының жалпақ бөліктері жетекші қызмет атқарады. Айналу бағытын тепловоз қозғалтқышының БОС ЖҮРІС кезінде ӨЗІН ӨЗІ ТЕКСЕРУ режимін жандандыра отырып, тексеруге болады. Егер желдеткіш кері бағытта айналатын болса, онда қоректендіргіш сымдардың дұрыс жалғанбағаны. Қозғалтқышты тоқтатып, қосылған блокты тексеріп, жалғанғандағы болған қателіктерді түзеу керек.
3. Радиатор желдеткішін бөлшектеу. Құрылымдық шешім радиатор желдеткішін радиатор мен қосу жалғастырғыштарына тиіспей, тепловоздың бүйір қабырғасы арқылы бөлшектеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жинақтағы желдеткішті егер осының алдында радиатор секцияларының екі блогы мен қосқыш жалғастырғышты алынған болса, тепловоздың жоғары жағынан бөлшектеуге болады. (1)Радитатор бөлігінің сол жағындағы үлкен тор экранының сегіз бекіту бұранын ағытып ашу керек. Экранды алып қою керек. Бекіту бөлшектерін сақтап қою керек. (2)Радиатор бөлігінің сол жағындағы кіші тор экранының төрт бекіту бұранын ағытып алу керек. Экранды алып қою керек. Бекіту бөлшектерін сақтап қою керек. (3)Радиатор бөлігінің қанқасына бекітілген алынбалы тіректің төрт бұранын бұрап алып, тіректі босатып алу керек. (4)Желдеткіштің жетекті қозғалтқышының астына орналасқан қосқыш блоктың қыспақтарынан үш фазалық сымды кейін қайта жалғау үшін ұқыппен сымға және қыспақтарға тиісті белгі қойып, ағыту керек. (5)Желдеткіштің фибергласты қаптамасының екі бөлігін қосатын екі бұранды, қаптаманың алды-артынан бір-бірден ағытып алу керек. Бөлшектенгелі тұрған желдеткіш пен оның жетекті қозғалтқышы жақындағы бүйір қабырғасына бекітілген жарты қаптама мен металл табандығының (поддон) сегіз бұранын бұрап алу керек. Қаптаманың ағытылған бөлігі мен металл табандығын (поддон) бөлек алып қою керек. Бекіту бөлшектерін сақтау керек. (6)Желдеткіш қалақшыларының екі ұзын бұранын (сол жағындағы), сондай- ақ жетекті қозғалтқыш пен радиатор бөлігінің қанқасына бекітілген желдеткіш тіреулерін ағытып алу керек. Бекіту бөлшектерін сақтау керек. (7)Аша көтергішті (подьемник) немесе көтергіш құралдың қармауын радиатор бөлігі қанқасының бүйір қабырғасындағы тор экрандар мен желдеткіш қаптамасының бөлігі алынған ойыққа енгізу керек. Тиегіштің қармауын желдеткіштің жетекті қозғалтқышының негізіндегі екі қуыстар қорапша кескінге енгізу керек. (8)Көтергіш құралды немесе көтергішті пайдаланғанда көтергіштің ілмегін жұмыс жағдайына ауыстыру керек. Желдеткішті өзінің жетекші қозғалтқышымен бірге бүйіріндегі ойық арқылы радиатор секциясына шығару керек. Желдеткішті қозғалтқышымен ағаш блокга орналастыру керек. Қозғалтқыштың және астында жалғастырғыш қорапша мен төменгі мойынтірек қақпағының зақымдануына қажет жеткілікті жарықтың бар екеніне көз жеткізу керек. 1. Радиатор желдеткішін орнату (1)Радиатор бөлігі қанқасының бүйір қабырғасындағы тор экрандар мен желдеткіш қаптамасының бөлігі алынған ойыққа енгізіп, желдеткішті қозғалтқышымен көтеру керек. Желдеткішті қозғалтқышымен тіреуге қойып, желдеткіш пен қозғалтқыштың тесіктерін желдеткіш тіреуіндегі бөлшектеу бұрандарының астындағы тесіктерге сәйкестендіру керек. (2) Егер көтергіш немесе көтеру құралы қолданылған болса, көтергіштің ілмегін жұмыс күйінен күту күйіне ауыстыру керек. Тиегіш қолданылған жағдайда желдеткіш пен қозғалтқышты орнату күйінен қозғап алмауға тырысып, қозғалтқыш негізіндегі қорапша кескіндерден қармауды шығару керек. (3) Төрт ұзын бөлшектеу бұранын әрқайсысының басындағы контргайкамен қорапша кескіндер арқылы желдеткіш тіреуіне енгізе отырып, орнату керек. Бұл бұрандарды 440-495 фунт.к (597-671 Н.м) моментіне дейін тарту керек. (4) Қаптаманың бір бөлігін желдеткіш пен оның жетекті қозғалтқышы орналастырылған бөлік жағына орнатып, оны қақпаққа тығырықты 8 қарсы- тегірмен бекіту керек. Шайба мен контргайкані қаптаманың жалғастырғыш тақтасының (желдеткіш фибергласты қаптамасының екі бөлігін қосатын) алдынғы және артқы бұрандарына келтіру керек. Барлық он бұранды тарту керек. (5) Үш фазалық сымды сымдар мен қапақтардың дұрыс үйлесуін қамтамасыз ете отырып, желдеткіштің жетекті қозғалтқышының астындағы жалғастырғыш қорапшаның қыспақтарына жалғау керек. Қыспақтардың бұрамасұққыштарындағы гайкаларды тарту керек. (6)Алынбалы тіректі орнату керек. Бөлшектеу бұрандарын тарту керек. (7) Радиатор бөлігінің сол жағындағы кіші тор экранды орнату керек. Орнатқан соң, экранның төрт бұранын (екеуі жоғарыда және екеуі төменде) тарту керек. (8) Радиатор бөлігінің сол жағындағы үлкен тор экранды орнату керек. Орнатқан соң, экранның алты бұранын (үшеуі жоғарыда және үшеуі төменде), сондай-ақ үлкен және кіші экранның екі бұранын бірге тарту керек.
Date: 2015-07-01; view: 889; Нарушение авторских прав |