Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сипаттама. Жану ауасын беру жүйесіндегі құралдар дизельді қозғалтқышты қорғау үшін қолданылатын





Жану ауасын беру жүйесіндегі құралдар дизельді қозғалтқышты қорғау үшін қолданылатын ақпаратты жеткізеді.

Ескерту: Жүйенің БӨҚ (Бақылау Өлшеу Құралдары) үшін ерекше техникалық қызмет көресту қарастырылмайды. Егер датчик немесе реле жұмысының дұрыстығына күмән туатындай жағдай болса, олардың көрсеткіштерін есептелген көрсеткіштердің дұрыстығына көз жеткізу үшін түгендеу құралымен тағы бір рет тексеру керек. Егер көрсеткіштердің қате екені дәлелденсе, ақаулы бөлшекті ауыстыру керек.

Жану ауасының берілу жүйесінде үш датчиктің дабылдары қолданылады. Бұл дабылдар дизельді қозғалтқыш пен жану ауасының берілу жүйесін басқаратын компьютерлерге келіп түседі. Сондай-ақ машинист кабинасындағы дисплейлерді қолдана отырып, поезд бригадасы мен техникалық қызмет көрсету бөлімшесінің техниктері берілген дабылдарды қадағалай алады.

Төмендегі құралдар:

1. Бүрку жүйесімен түйіндескен ауа жинағышындағы температура датчик (FIMAT) – бұл датчик енгізу ауа жинағышындағы ауа темпера- турасын өлшейді.

 

· Датчиктер ақпараты ауа тығыздығын есептеу үшін,

· Сондай – ақ жүктеме қарқындылығын есептеу үшін қолданылады.

2. Бүрку жүйесімен түйіндескен ауа жинағышындағы қысым датчигі (FIMAT) – бұл датчик электронды басқару бүрку жүйесіне енгізу жинағышындағы қысым жөнінде ақпарат береді. Қысым енгізу ауа жинағышының «соңында» өлшенеді. Турбокомпрессор сорылған ауаны сығады және қозғалтқыштың бос жүрісті жұмысы кезінде 0 фунт/кв.дюйм және контроллерді «4» және «8» позициясына орнатқан кезде тисінше 5 фунт/кв.дюймнан 40 фунт/кв.дюймға дейінгі артық қысымды қамтамасыз етеді.

3. Қозғалтқыштың ауа сүзгісі қысым релесі (EFPS) – қозғалтқышты жану ауасының жеткілікті мөлшерімен кепілді қамтамасыз ету мақсатында сорылған ауа қонтурының сүзгі блогындагы қысымның төмендеуі 14 дюйм ам вод. ст. тең болғанда, ауа сүзгілерінің қысым релесі ажыратылды, бұл ауа сүзгісінің ластанғанының белгісі болып табылады.

Модуль

Сумен бөлек салқындату жүйесі

Кіріспе

«Сумен бөлек салқындату жүйесі» модулін үйренуді бастаймыз. Бұл жүйе кейде қысқартылып сумен салқындату жүйесі деп те аталады. Бұл модульде Сіз тепловозды пайдалану жағдайларындағы сумен бөлек салқындату жүйесі түйіндерінің қалай жөнделетінін, қалай тексеру қажеттілігін, техникалық қызмет көрсетудің қалай орындалатынын үйрене аласыз.

Бөлімдер

1 Бөлім: Сумен бөлек салқындату жалпы сипаттамасы

2 Бөлім: Негізгі түйіндер мен агрегаттар

3 Бөлім: Радиатор

4 Бөлім: Радиатордың желдеткіші

5 Бөлім: Су ыдысы (Водяной бак)

6 Бөлім: Су сорабы.

7 Бөлім: Май салқындатқыш

8 Бөлім: Үрлемелі ауа салқындатқыштары

9 Бөлім: Ағынды реттегіштер

10 Бөлім:Жанармай жылытқыш

11 Бөлім: Автоматты су жіберу клапаны

12 Бөлім: Жүйе құбырлары

13 Бөлім: Сумен салқындату жүйесіне арналған БӨҚ

Мақсаттары

Осы модульді зерттей отырып, Сіз:

● Сумен салқындату жүйесінің функцияларын түсінуге;

● Әр түрлі жұмыс тәртібінің жүйесінде судың қалай қозғалатынын түсінуге;

● Сумен салқындату жүйесінің құрамына кіретін негізгі түйіндер мен агрегат- тардың орналасуын білуге және оларды сәйкестендіре алуға;

● Сумен салқындату жүйесіне жатқызылатын тексерулер мен ағымдағы техни- калық қызмет көрсету операцияларының қалай орындалатынын білуге;

● Жүйенің негізгі түйіндері мен агрегаттарын қалай бөлшектелетінін және орна-

ластырылатынын білуге тиіссіз.

Сумен бөлек салқындату жүйесінің жалпы сипаттамасы

Кіріспе

Сумен бөлек салқындату жүйесі қозғалтқыш жүктемелерінің барлық диапазонында, тіпті ауаның ауытқулары мен бақылаушының орны ауысқан жағдайдың өзінде іс жүзінде тұрақты деңгейдегі температураны ұстауға бағытталған.

 







Date: 2015-07-01; view: 845; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию