Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кесте №2





Май жағы Су жағы
Таза сүзгі элементтері кезіндегі ΔР-10 фунт/кв.дюйм(69кПа)   2 фунт/кв.дюйм (14кПа)
Ластанған сүзгі элементтері кезіндегі ΔР-22 фунт/кв.дюйм (152 кПа)   10 фунт/кв.дюйм (69 кПа)
Егер май салқындатқыштың кез келген қарамындағы қысымның төмендеуі өте жоғары болса, салқындатқышты тазарту керек немесе ауыстыру керек.

Ескерту: Қысымның төмендеуін қозғалтқыштың қалыпты жұмыс температурасында және «8» позициясында тұрған кезде өлшеу керек.

2. Май салқындатқышты бөлшектеу.

Май салқындатқышты бөлшектеу алдында ең алдымен май сүзгісі салқындатқыштың өзіндегі майды төгу керек. Бұл жағдайда қозғалтқыштың бос жағындағы қаптаманың немесе картердің майын құйып алу міндетті емес. Май салқындатқышты төмендегідей тәртіпте бөлшектеу қажет:

(1)Дизельді қозғалтқышты сөндіру керек. Одан соң май сүзгісінің кері ағызу клапанының клапанды ашу үшін қозғалтқыштың оң жағындағы сүзгі қаңқасының астында орналасқан тұтқаны жоғары күйге ауыстыру керек. Майдың ағуын тездету үшін сүзгінің жіберу май құбырындағы май сынамаларын іріктеуге арналған клапанды ашу керек. Қаңқадағы май сүзгіден картерге ағып кетеді. Ыстық майды ағызып алу үшін 15 минут қажет. Егер май салқын болса, оны ағызу сәл ұзаққа созылады.

(2)Тепловоздың жақтауы астындағы май салқындатқштың ағызу клапанының жібергіш май құбырының тығынын орнына қондыру керек.

(3)Май салқындатқыштың ағызу клапанын ашу керек.

(4)Май салқындатқыштан ағуын доғарған кезде, ағызу клапанын жауып, жібергіш май құбырының тығының орнына қондыру керек.

(5)Май сүзгісі қаңқасының жанындағы май сынамаларын іріктеуге арналған клапан мен сүзгі қаңқасындағы ағызу клапанын жабу керек.

(6)Май салқындатқыштың тұғырындағы клапанды ашып,ондағы суды ағызу керек. Ағызу операциясы аяқталғаннан кейін төмендегі іс-әрекеттер орындалады:

(7)Май салқындатқыштың дәл астында орналасқан жиналмалы табаншаны ағыту керек, бекіту бөлшектерін сақтау керек.

(8)Май салқындатқышты бөлшектеуге мүмкіндік болу үшін, тікелей өткел сатысының алдында орналасқан дизельді бөлік жақтауының ажырамалы бөлігін ағытып алу керек. Барлық бекіту бөлшектерін сақтау керек.

(9)Қажет болған жағдайда сақтандыру поручені ағыту керек.

(10)Май температурасының бергішін бергіштің электрөткізгіші мен май құбырларын, сондай – ақ қысым бергішті ағытып алу керек.

(11)Иілгіш түтікті ағытып, суды төгіге арналған құбырды ажырату керек. клапан кейінірек жаңа май салқындатқышқа орнатылатын болады.

(12)Су сорғысының құбырындағы Victaulic модельді үш 6- дюймдық жалғастырғыштың екеуін ағыту керек. Ағытылған екі жалғастырғыш май салқындатқышқа жақынырақ болып табылады.

(13)Диаметрі 3-1/2 дюйм екі майқұбырын ағытып алу керек, ол үшін ең алдымен жалғастырғыштарын ағыту керек, одан кейін май салқындатқыштағы май құбырларын ажырату керек.

(14)Су ысырамасына әкелетін құбырға жалғанатын салқындатқыш арқылы май салқындатқыштың артқы қабырғасындағы ернемектің бұрандарын ағытып алу керек.


(15)Май салқындатқыштың артқы қабырғасынан ағызу май құбырын ағытып алу керек.

(16)Ең алдымен май салқындатқыштың еденге көтергіш арқылы бекітілген тіреу бұрандарының сенімділігіне көз жеткізіп алып, май салқындатқыштың жоғарғы ернемегіндегі бұрандарды босатып алу керек.

(17)Май салқындатқыштың тіреулеріндегі бұрандарды көтере отырып бұрап, оны жоғарғы толық босайтын деңгейге дейін түсіру керек.

(18)Май салқындатқышты сіздерде бар жабдықтың болуына қарай, шығыранмен немесе аша тиегішпен бөлшектеуге болатындай етіп орналастыру керек. Май салқындатқыштың массасы 700 фунтқа (318 кг) жақын.

 

3. Май салқындатқышты орнату

(1) Басқа жабдықтарға жалғастырылатын түтікшелердің барлық қаптарын, экрандары мен тығындарын ағытып, жаңа май салқандатқышты дайындау керек. Алынған қаптар мен басқа да құрағыштарды бөлшектенген май салқындатқышқа қолдануға болады.

(2) Жоғарыда сипатталған бірізділікті керісінше қайталай отырып, май салқындатқышты орнату керек. Нығыздалған барлық беттің, әсіресе, су ыдысының төменгі бөлігіндегі бетінің қалыпты жағдайда екеніне көз жеткізу керек. Барлық төсемдер мен тығыздауыш сақиналарды ауыстыру керек. Бірнеше қосымша пайдалы кеңесті айта кеткен жөн:

а) Victaulic жалғастырғышының тығыздығын дұрыс орнату үшін аталған модульдің жүйе құбырларына арналған бөлімін қарап шығу керек.

б) Бұдан басқа май құбырларындағы Victaulic жалғастырғыштарының түйіспелер герметичность бұзылған жағдайда сақтандыру шаралары ретінде ағытып алынған барлық тығыздықтарды ауыстыруға тура келуі мүмкін.

с) Жоғары ернемекті қосылыстың бұрандарын тартар алдында ең алдымен барлық құбырлар осінің сәйкестігін қаматамсыз ету керек.

д) Салқындатқышты орнатар алдында тығыздықты айқындаудың дұрыстығына көз жеткізу үшін, салқындатқыштың құбыр тақтасының жоғарғы ернемегі мен сыртқы қаптамасының жауап беретін бөлігінің арасындағы тығыздықты тексеру керек.

(3) Жаңа май салқындатқышты орнына қондырып, барлық құбырларды жалғастырғаннан кейін май мен суды ағызу клапандарының жабықтығына көз жеткізу керек. Одан кейін алдын ала дайындалған суды белгіленген тәртіпке сумен бөлек салқындату жүйесіне толтырып құю керек және қажет болса, картерге май құю керек.

(4) Қозғалтқышты іске қосып, майлау жүйесі мен сумен салқындату жүйесінің ысырабын мұқият тексеру керек.

(5) Май жұмыс температурасына дейін қызғаннан соң, жүйелердегі май мен судың деңгейін тексеру керек, қажет болған жағдайда үстемелеп құйған жөн.

Үрлемелі ауа салқындатқыштар







Date: 2015-07-01; view: 561; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию