Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тексеру. Радиатордағы ысырыптар мен радиаторлардың секцияларына құбырлардың қосылған жерлерін көзбе-көз тексеру





Радиатордағы ысырыптар мен радиаторлардың секцияларына құбырлардың қосылған жерлерін көзбе-көз тексеру керек. Қажет болған жағдайда жүйе құбыр- ларындағы ысыраптарды жою керек. Радиатордың кез келген секциясында ысы- рапқа жол берілген кезде тиісті блок ауыстырылады.

Радиатордың секцияларын тексеріп, олардың қоқыстармен және ластаушы матер- иалдармен толып қалмағанына көз жеткізген жөн. Қажет болған жағдайда лас- талған жерлерді тазарту керек.

Радиатордың қызуына жыл сайын тексеру жүргізіледі (АҒЫМДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ қараңыз).

Аттестациялық тексерулер радиаторға 10 жылда бір рет жүргізіледі.

Ескерту: Аталған тепловоздың майлау және сумен салқындату жүйелеріне Victaulic жалғастырғыштары қолданылған. Бұл жалғастырғыштарды орнату және бөлшектеу рәсімдерінің сипаттамасы. «Жүйе құбырлары» бөліміне қараңыздар.

1.Радиатор блогын бөлшектеу.

Егер радиатордың төрт секциясының біреуін жөндеу қажет болса, тиісті секция орналасқан сол блокты (оң және сол) толық бөлшектеу керек. Радиатордың блогын төмендегі бірізділікпен бөлшектеу керек.

Қауіпті! Радиатордан құлау қауіпті.

Радиатордың жоғары бөлігінде жұмысты бастамас бұрын шынақты т.ж. қауіпсіздігі техникасының қолданыстағы ережелерімен танысу керек. Радиатор торының бір адамды ғана көтере алатыны есте сақтау керек. Радиатордың үстінде қызметкер адамның орналасуына арналып қойылған көпіршелерді пайдалану керек.

(1) Бөлшектеу рәсімін (процедура) бастар алдында, радиатордың ішіндегі судың толық төгілгеніне, ал радиатордың өзі адам жақындайтын температураға дейін суығанына көз жеткізу керек.

(2) 12 алты қырлы бұранды шайбалармен және контргайкаларды бірге бұрап алып (және сақтай отырып), көпіршелерді ағыту керек. Қаттылық төсемдерін сақталатындай орын алып қою керек.

 

 

5-сурет.

Ескерту: Көпіршілерді бекіту бұрандары радиатор торларының шеттерінде оның секцияларына қоса бекітеді.

(3) Орталық V- тәрізді бөлшектеу арнасынан 8 алты қырлы бекіту бұрандарын шайбаларын және төсемдерін ағытып алып сақтап қою керек.

(4) Қозғалтқыш қаптамасының қысқартылған жағындағы блогын желдеткіш құбырларын ағыту керек.

(5) 17 алты қырлы бұранды (әр қақпақтағы) шайбалармен және контргайкалармен бірге бұрап алып және сақтай отырып, шеткі қақпақ- тарды ашу керек. Оларды зақымдалмайтындай жерге орналастыру керек.

 

 

Сурет.

(6) Бөлшектелген блок жағындағы радиатор бөлігінің сыртынан радиаторға жету үшін шеткі қақпақтың үш бұрышындағы бектіу бөлшектерін алып тастау керек және бұл қақпақты төртінші бұрышындағы бекіту бөлшегінде ілініп тұратындай етіп қалдыру керек. Радиаторға жету үшін басқа ойықтардағы қақпақтарға да осы операцияны пайдалану керек.

Сурет.

 

(7) Радиатор секцияларын бөлік жақтауларына бекіту үшін алты қырлы 8 бұранды, шайбалары мен төсемдерін ағытып алып, сақтап қою керек.

 

Сурет.

(8) Victaulic жалғастырғыштарын, сондай-ақ радиатор секциялары бөлшек- тенген блогының енгізу және шығару жинағыштарынан құбырларды ағытып алу керек.


Сақтаныңыз! Радиатор секциялары блогының массасы 2800 фунт (1271кг.) шамасында болу керек. Соған сай келетін көтеру тетігіннің пайдаланылуын қамтамасыз ету.

(8) Көтеру құрылғысын үш көтеру жапсырмасына бекіту керек. Секциялар блогын еппен радиатор бөлігінен шығарып алу керек.

 

 

 

Сурет.

 

 

Радиатор секцияларының блогын орнату.

(1) Көтеру құрылғысынан үш көтеру қапсырмасына бекіту керек. Секциялар блогын еппен көтеріп, радиатор бөлігіне орнату керек.

(2) Victaulic жалғастырғыштарын, сондай-ақ радиатор секцияларының бөлшектенген блогының енгізу және шығару жинағыштарынан құбырларын орнатып, бұрау керек.

(3) Ойықтардың шеткі қақпақтарын радиатор бөлігіне орнату керек және оларды сақталған бұрандармен, шайбалармен және контргайкалармен бөлік жақтауларына бекіту керек.

(4) Қозғалтқыш қаптамасының қысқартылған жағындағы желдеткіш құбырларын жалғау керек.

(5) Секциялар блогын сақталған алты қырлы бекіту бұрандарымен, және төсемдерімен орталық V- тәрізді бөлшектеу арнасына бекіту керек. Бұрандары 55-60 фунт. к (75-81 Н.м) моментімен тарту керек.

(6) Радиатордың жоғарғы жағына көпіршелерді орнатып, оларды сақтап қойылған алты қырлы бұрандармен шайбалармен және контргайкалармен бірге бекіту керек.

ЕСКЕРТУ: Көпіршелердің бекіту элементтері радиатор торының шеттерін оның секцияларына бекітеді.

(7) Радиатор бөлігінің сыртқы шет қақпақтарын орнатып, оларды алты қырлы бұрандармен тиісті шайбалары мен төсемдерін қолдана отырып, бекіту керек. Бұрандарды 55-60 фунт.к (75-81 Н.м) моментімен тарту керек.

(8) Радиатор бөлігіне қол жеткізуге арналған ойықтардың қақпақтарын ор- нату керек.

(9) Сумен салқындату жүйесін толтыру керек.

 

Радиатор желдеткіші







Date: 2015-07-01; view: 675; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию