Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сипаттама. Майлау жүйесіне арналған БӨҚ қозғалтқышты қорғауға арналған қажетті ақпаратты
Майлау жүйесіне арналған БӨҚ қозғалтқышты қорғауға арналған қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Майлау жүйесіне арналған БӨҚ ерекше ағымдық қызмет көрсету қарастырылмайды. Егер датчиктің немесе сезімтал элементтің жұмыстарының дұрыс еместігі байқалса, оны көрсеткіштердің дұрыстығын анықтайтын эталондық құралмен тексеру керек. Егер көрсеткіштер шын мәнінде дәл болмаса, ақаулы бөлшекті ауыстыру керек. Құралдар дизельді қозғалтқыштың және оның көмекші жүйелерінің жұмысын басқаратын компьютерге белгілер беріп отырады. Машинистер мен техниктер тепловоз кабинасындағы диплейді қолдана отырып, түскен белгілерді қадағалай алады. Майлау жүйесінде төмендегідей БӨҚ қолданылады: · Май температурасының датчигі (LOTS) · Бүрку жүйесімен түйіндескен май қысымының датчигі (FIOP1) · Картердегі жоғары қысымды датчигі (СОР) Бақылау өлшеу құралдары (БӨҚ) 1. Май температурасының датчигі (LOTS) LOTS датчигі қозғалтқыштан шығатын май температурасына сәйкес белгілерді жібереді. Басқару жүйесі қозғалтқыштың қызып кетуден сақталуын қамтамасыз ету үшін бұл датчиктің белгілерін бақылап отырады. Сондай-ақ басқару жүйесі бұл белгілерді қызбаған қозғалтқыштың ең үлкен мүмкін айналымдарын шектеу үшін де пайдаланады. Қозғалтқыш жылдамдығы май температурасы белгіленген ең кіші мүмкін деңгейге жеткенше шектеледі. Егер май температурасы өте жоғары болса, басқару жүйесі қозғалтқыштың шығатын қуатын қозғалтқыштың бос жүріс кезіндегі жұмысына деңгейге дейін төмендетеді. LOTS датчигі қозғалтқышпен май салқындатқыш арасындағы май құбырында орналастырылады.
2. Бүрку жүйесімен түйіндескен май қысымының датчигі (FIOP1) FIOP1 датчигі қозғалтқыштағы (№8 сол жақ үлестіргіш біліктің жанындағы) майдың қысымына сәйкес белгілерді жібереді. Жанармайды бүркудің электрондық басқару жүйесінің компьютері қозғалтқыштың төменгі қысымы кезіндегі қайталама зақымдалулардың алдын алу үшін FIOP1 қысым датчигінің белгілерін бақылап отырады. Егер майдың қысымы қозғалтқыштың толық қуатты жұмысына қауіпті деңгейге дейін (контроллердің «8» позициясы күйінде ең кемі 55 фунт/кв.дюйм) төмендесе, жанармайды бүркудің электронды бақылау жүйесінің компьютері қозғалтқыш жұмысына қалыпқа келтіруші өзгерістер енгізеді (қозғалтқыштың жылдамдығы мен қуаттылығын азайтады). Егер қозғалтқыштағы май қысымы төмендеуін тоқтатпай, ең аз деңгейге (БОС ЖҮРІСТЕ 5 фунт/кв.дюйм) жететін болса, басқару жүйесі қозғалтқыш жұмысын тоқтатады. FIOP1 датчигі дизельді қозғалтқыштың датчиктер блогында орнатылады. Бұл блок тепловоздың «А» жағында тікелей сол жақтағы №8 цилиндрдің артында орналасқан. Қозғалтқыштан датчикге тартылған түтік датчик қызметінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл датчиктің қалыпты көрсеткіші контроллер «8» позициясына қойылғанда, 80 фунт/кв.дюйм (552 кПа) шамасындағы қысымға сәйкес келеді.
3. Картердегі жоғары қысымды датчик (СОР) СОР датчигі қозғалтқыш картеріндегі қысымға сәйкес белгілері көрсетеді. Басқару жүйесі картердегі жоғары қысымды анықтау үшін және қозғалтқышты қорғау шараларын қабылдау үшін осы белгілерді қабылдайды. Картердегі жоғары қысым, картерде газдардың пайда болғанын көрсетеді. Бұл газдар ерекше қозғалғыш және жарылысқа себепкер болуы да мүмкін. Картердегі жоғары қысым тіркеледі және егер көрсеткіштер бойынша қысым 10 с ішінде 2 дюйм вод. ст. асатын болса немесе қысымның кенеттен кө- терілуі 10 дюйм вод. ст. құрайтын болса қозғалтқыш сөндіріледі. СОР датчигі дизельді қозғалтқыштың датчиктер блогында орналасқан. Бұл блок тепловоздың «А» жағында тікелей сол жақтағы №8 цилиндрдің артында орналасқан. Қозғалтқыштан датчикге тартылған түтік картердегі жоғары қысымды өлшеудің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Модуль Жану ауасының берілу жүйесі Кіріспе «Жану ауасының берілу жүйесі» модулін үйренем деп ықылас білдірушілерге ризашылығымызды білдіреміз. Аталған модульден біздер тепловозды пайдалану кезінде жану ауасының берілу жүйесінің жай – күйін қалай тексеру қажеттігін, техникалық қызмет көрсетудің қалай орындалатынын біле аласыздар. Бөлімдері 1 Бөлім: Жану ауасының берілу жүйесіне жалпы сипаттама 2 Бөлім: Негізгі түйіндер мен агрегаттар 3 Бөлім: V –тәрізі тор сүзгілер 4 Бөлім: Алдын ала тазарту үшін пластмассадан жасалған бүленді сүзгі 5 Бөлім: Тұтқыш сүзгілер 6 Бөлім: Сору желдеткіші 7 Бөлім: Турбокомпрессор 8 Бөлім: Үрлемелі ауа салқындатқыштары 9 Бөлім: Коалесциялаушы сүзгі 10 Бөлім: Жүйелерге арналған БӨҚ Мақсаты Аталған модульді оқып үйренгеннен кейін сіздер: · Жану ауасының берілу жүйесінің қызметтерін білуге; · Жүйедегі ауа қозғалысын түсінуге; · Жүйенің негізгі түйіндері мен агрегаттарының қайда орналасқанын және олардың қалай сәйкестендірілетін білуге; · Ағымдық техникалық қызмет көрсетудің және жану ауасының берілу жүйесінің жабдықтарының жай – күйінің қалай тексерілетін білуге; · Жүйенің әртүрлі негізгі түйіндері мен агрегаттарының қалай бөлшектелетінін және орнататылатынын білуге тиіссіздер.
Жану ауасының берілу жүйесіне жалпы сипаттама Date: 2015-07-01; view: 993; Нарушение авторских прав |