Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Орналасуы. Victaulic жалғастырғыштары майлау жүйесінің барлық құбырларында орнатылады
Victaulic жалғастырғыштары майлау жүйесінің барлық құбырларында орнатылады. Ағымды техникалық қызмет көрсету Құбырлар жүйесі үшін ағымдық техникалық қызмет көрсету қарасты- рылмайды. Алайда кез келген уақытта жүйенің түйіндері мен агрегаттарын ағытуда, олай болса жалғастырғыштарды бөлшектеу кезінде қызмет көрсету қажеттілігі туындауы мүмкін. Ескерту: Қосылған жерлердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін Victaulic жалғастырғышы дұрыс орнатылу керек. 1. Жалғастырғышты ағыту Жүйедегі майды ағызғаннан кейін немесе нақты құбырдың бос екені анықталғаннан кейін, төмендегідей әрекеттер жасау керек: (1) Жалғастырғыштың жартықаңқасын біріктіруші бұрандарын бұрап алу керек және жалғастырғышты ағыту керек. (2) Бір қолмен құбырды демей отырып, ажырама құбырлардағы тығыз- дықтарды (әр құбырдың ұшынан бір-бірден) ағыту керек. Тығыздықтар мен жалғастырғыш қаңқасын алғаннан кейін құбырды бөлшектеуге болады. (3) Бөлшектенген құбырлардан тығыздықтарды алу керек. (4) Бөлшектеп болғаннан кейін құбырлардың ұштарын жабу керек. 2. Жалғастырғышты орнату Ескерту: Майлау жүйесінде қолданылатын жалғастырғыштарға витоннан жасалған тығыздауыштар орнатылады. Витонды тығыздауыштар ішкі жағынан көк белгімен таңбаланады. (1) Тығыздауыштарда жыртық, тесік немесе қандай да бір бөгде материал дардың бар-жоғын тексеру керек. (2) Құбырдың тығыздалған беттерін тексеру керек. Бұдырланған немесе машина өңдеуінен өтпеген беттер ақау құбырлардың белгісі болып табылмайды. Сонымен бірге тығыздалған беттерде 50%-дан артық сызаттар немесе жырашықтардың болуына рұқсат етілмейді. Сызаттар мен жырашықтар болған жағдайда оларды наждакты қағазбен немесе барқыт егеумен тегістеу керек. Егер ақауларды ажарлап тегістеу мүмкін болмаса, құбырды ауыстырған жөн. (3) Құбырдың ішінде қоқыстың жоқтығына көз жеткізу үшін, оны тексеру керек. Ескерту: Майлау жүйесі мен сумен салқындату жүйесіндегі жалғастырғышты орнатар алдында, олардың тығыздауыштарын Viclube (GE, каталог бойынша нөмірі 41В548215DP1) қою майымен мұқият өңдеу керек. Бұл оларды орнатар кезінде тығыздауыштарды сыдырылулардан немесе жыртылудан сақтайды. (4) Тығыздауышты құбырдың бекітілген шетіне ол құбырдың ұшымен бетпе – бет келетіндей етіп кигізу керек. (5) Екінші құбырға тығыздауышты екі адам болып кигізу керек, олардың біреуі құбырды қажет күйде ұстап тұрады да, екіншісі еппен оған тығыздауышты кигізеді. Тығыздауыш дұрыс қондырылған жағдайда екі жағыннан да тығыздалған беттің бөлігі көрініп тұруға тиіс. Ескерту: Қосылған құбырлар аралығында шеттердің орын ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін көлемі 0,125 дюйм (3,18 мм) шамасында саңылау қалдыру керек. Майлау жүйесіндегі құбырлар арасындағы саңылауды құбырдың бір жа- ғындағы ернемекті қосылыстың төрт дюймдық бұранын босатып, құбырды қажет бағытқа ауыстыра отырып, реттеуге болады. Одан кейін түйіспенің нығыздалуы үшін бұрандарды тартып тастау керек. (6) Жарты жалғастырғыштарды орнату керек. Бұрандарды әр бұранның басының төменгі сопақша беті жарты жалғастырғыштағы сопақша тесікке дәл орнығатындай етіп орнату керек. (7) Бұрандарды металл – жалғастырғыштар арасындағы металл типіндегі түйісу пайда болғанша тарту керек. (8) Жүйедегі ысыраптардың бар – жоғын тексеру керек. Ескерту: Қозғалтқыш пен құбырлар қызған кезде Viclube қою майы құбыр түйіспелер бойында ысыраптар белгісі көрінбесе, бұл көрініске қобалжуға болмайды. Майлау жүйесіне арналған БӨҚ Date: 2015-07-01; view: 741; Нарушение авторских прав |